Сабақтың тақырыбы: Дін және мәдениет. Исламның таралуы Сабақтың мақсаты Білімділік: Орта ғасырлар кезінде елімізде кеңінен



Дата03.07.2016
өлшемі45.02 Kb.
#174549
түріСабақ
Есенбекова Кулимкоз Шернебаевна,

№90 жом тарих пәнінің мұғалімі

ОҚО, Шымкент қаласы

Сабақтың тақырыбы: Дін және мәдениет. Исламның

таралуы
Сабақтың мақсаты

1.Білімділік: Орта ғасырлар кезінде елімізде кеңінен

таралған діндердің түрлеріне, діни нанымдарға және

ислам дінінің басымдылығын нақты деректер арқылы

сипаттама беру.

2.Дамытушылық: Қоғамдағы діни ағымдарының дұрыс

бағыттарын таңдай білудегі дүниетанымын кеңейту,

ойлау мен есте сақтау қабілетін дамыту.

3. Тәрбиелік: Балаларды имандылыққа,адамгершілікке, ұлттжандылыққа, елін, жерін қорғай білетін отаншылдық рухқа тәрбиелеу

Сабақтың ресурстары:графопроектор,бейнежазба‹‹Шәкәрім дін туралы»,карта, суреттер,тірек-сызбалар,стикер,маркерлер.


Сабақ түрі: Аралас

Сабақтың типі:Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдіс- тәсілі: Жигсо әдісі, сын тұрғысынан ойлауға үйрету, диалогтық оқыту, Венн диаграммасы, топтық тергеу, оқыту үшін бағалау.
Пәнаралық байланыс: Дінтану, әдебиет.

Күтілетін нәтиже:Ислам дініне дейінгі діни нанымдар туралы түсінік қалыптасады, Ислам дінінің мәдениеттің дамуына тигізген әсері туралы түсінеді, қоғамдағы діни ағымдардың дұрыс бағыттарын таңдай біледі, әлемдік діндерге құрметпен қарап үйренеді

Қолданылатын модульдер:АКТ-ны қолдану; Сыни тұрғыдан ойлау; Оқытуды басқару және көшбасшылық; Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Сабақтың барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу, сабаққа әзірліктерін тексеру

Түстер бойынша топтарға бөлу

1.Тарихшылар

2.Теологтар

3.Саясатшылар

4.Архелогтар

Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру

Бейнежазба «Бәрі өз қолыңда»

Миға шабуыл Бейнежазба «Шәкәрім дін туралы»

Оқушылнар бейнежазбаны көре отырып, қойылған сұрақтарға жауап беріп, тақырыптың мәнін ашады
II.Жаңа білімді игеруге дайындау

Дін туралы жалпы түсінік. Дін адам мен мінсіз болмыстың табиғи байланысы туралы сана екендігін түсіндіру. Әлемдік діндерге шолу жасап будда, христиан, ислам діндері туралы түсінік беру.



III.Жаңа сабақты меңгерту

1.Ислам дініне дейінгі діни нанымдар

2.Ислам дінінің мәдениеттің дамуына тигізген әсері

3. Жазба және археологиялық қазба деректері
«Топтық тергеу» әдісі бойынша әр топ тақырып ішінен топ атауларына байланысты мәселелерді қарастырады. Тақырып ішіндегі тарихи оқиғалардың мәнін ашады

«Тарихшылар» тобы

Ислам дінінің Орта Азия мен Қазақстанға енуі арабтардың жаулап алуымен байланыстылығын түсіндіреді:

633 ж «дін үшін соғыс»

709 ж Кутейба ибн Муслим Бухараны,

714 ж Шаш, Испиджабқа жорығы

737-7 48 ж Насыр ибн Сеияр жорығы

Пайдаланатын әдіс сәйкестендіру тесті:

«Теологтар» тобы зооастралық фарн, тотемизм, будда діні, христиан діні туралы түсіндіреді

Пайдаланатын әдіс венн диаграммасы:

«Саясатшылар» тобы әлемдік діндер және қазіргі қоғамдағы дәстүрлі діндердің ара жігін ажыратып түсіндіреді.

Пайдаланатын әдіс пелманизм әдісі:




«Археологтар» тобы археологиялық қазба жұмыстар арқылы табылған деректер туралы мәлімет береді. Құйрықтөбе, Баласағұн, Тараз,Отырар қалаларындағы мешіт орындарының ашылуы.

Пайдаланатын әдіс ассосация әдісі


Топтар жигсо әдісі бойынша тақырыпты оқып шығып, өздеріне берілген әдістер бойынша тапсырманы орындап, презентация жасайды.Өзге топтар презентация жасаған топтарға сұрақтар беріп, талқылау жасайды.

IV. Жаңа білімді бекіту. «Айналмалы бекеттер» әдісі

Топтар өз тақырыптары бойынша төрт сұрақтан әзірлеп, конвертке салып келесі топтарға береді

«Тарихшылар » тобының сұрақтары:

1.Арабтар «дін үшін соғыс» ұранымен көрші елдерді жаулап ала бастауы қай жылдан басталды?

2.Кутейба Ибн Муслим 709 жылы Бұқараны қалай

жаулап алды?

3.Кутейба Ибн Муслим қай жылы Шашты басып алды?


4.Насыр Ибн Сейяр 737-748 жылдары қай жерлерге басып кіреді?

«Теологтар» тобының сұрақтары:



  1. Зооастралық фарн дегеніміз не?

  2. Тотемизм қандай мағына береді?

  3. Ұлы Жібек жолы арқылы қандай діндер таралды?

  4. Манихейлік ілімді таратуда кімдер жетекші роль атқарды?

«Саясатшылар» тобының сұрақтары:

  1. Қандай әлемдік діндерді білесің?

  2. Будда дінінің негізін салған кім?

  3. Қазіргі Қазақстанда қандай діндер бейбіт қатар өмір сүруде?

  4. Қандай діни экстремистік ұйымдарды білесің?

«Археологтар» тобының сұрақтары:

1.Жетісу қалаларында жүргізілген археологиялық

зерттеулер нені көрсетеді?

2.Археологиялық деректер X ғасырда Жетісудың қандай

қалаларынан мешіт орындарын тапты?

3.Құйрықтөбе қала жұртындағы археологиялық зерттеу

жұмыстары нені анықтады?

4.Ақбешім қала жұртынан ненің қалдығы табылды?

V.Бағалау.

Топтардың бағалау парақшаларына сүйене отырып,қалыптастырушы бағалау.

VI.Үйге тапсырма:

1.§ 20 Дін және мәдениет. Исламның таралуы

тақырыбын оқып келу.

2. «Ислам дінінің әдет-ғұрыптары» эссе жазу

Рефлексия

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі



Топтар бір-бірлерінің жетістіктерін айтып, кемшіліктерін көрсетіп, тілек білдіреді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет