Сабақтың тақырыбы: Драгунов мергендік винтовкасыныңы материалдық бөлігі



жүктеу 45.4 Kb.
Дата02.07.2016
өлшемі45.4 Kb.
«Бекітемін» ______________

Мектеп директоры




  1. Сабақтың тақырыбы: Драгунов мергендік винтовкасыныңы материалдық бөлігі

  2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Драгунов мергендік винтовкасының маиериалдық бөлігімен таныстыру

  3. Уақыты: 45 мин.

  4. Өткізілетін орны: 11 сынып, АӘД бөлмесі.

  5. Өткізілетін күні:

  6. Көрнекілік құралдар: Плакаттар ,АӘД кітабы

  7. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.


ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі –10 мин.

  • Жарылмайтын бөгеттер дегеніміз не ?

  • Жарылмайтын бөгеттердің түрлерін ата?

  • Жарылмайтын бөгеттер қолданылуына қарай неше топқа бөлінеді?

  • Танкіге қарсы бөгеттер ненің көмегімен орнатылады?

  • Стационарлы бөгеттерге нелер жатады?

  • Тасымалы бөгеттерге нелер жатады?


б) Негізгі бөлім – 25 мин.

Мергендік винтовканың ұрыстық ерекшеліктері мен қолданылуы

7,62 мм ДМВ мергеннің қаруы болып табылады. Мергендік виньовкадан ату 800 м дейінгі қашықтықта ату тиімді болады.Атыстың көздеу қашықтығы оптикалық көздеуіштен – 1300 м, ашық көздеуіштен – 1200 м. Кеуделік фигураға – 640 м.Ұрыстық ату жылдамдығы 1 мин 30 оқ.Сүңгі пышақсыз,,оптикалық көздеуішті мергендік винтьовканың салмағы жабдықталмаған оқжатар мен дүм жағын қоспағанда 4,3 кг болады.

Мерегнедік винтовкадан атыс жүргізу үшін жай , жарқырағыш, ,сауыт бұзғыш өртегіш оқтар мен винтовкаға арналған оқтар қолданылады.Оқжатар сиымдылығы 10 оқ.

Мергендік винтовканың механизмдері мен негізгі бөлшектері

1. ашық көздеуіш пен дүмнен, қорапшасы бар ұғыдан;

2. қайтармалы механизмнен;

3.бекітпе жақтауынан ;

4.реттеуіші бар газ түтігінен,газ поршенінен және серіппелі итергіштен;

5.ұңғы жабуынан;

6.соққыш-ағытқыш механизмнен;

7.тежегіштен;

8.оқжатардан;

9.дүм жағынан;

10. оптикалық көздеуіштен;

11. сүңгі пышақтан тұрады.



Винтовканың механизмдері мен бөлшектерінің құрылысы ,қолданылуы

Ұңғы оқтың ұшуын бағыттауға арналған құрал.Ұңғы арнасының калибрі 7,62 мм.Ұңғының сырт жағында қарауыл негізі, газ камерасы,бауға арналған тартпа, ұңғы жабуының жоғарғы және төменгі тіреу сақиналары болады.

Газ кмерасы ұңғыдан газ поршеніне дәрілі газдарды бағыттауға арналған.

Газ поршені газ түтігінде орналасқан және дәрілі газ қысымын итергішке жіберу үшін арналған.

Серіппелі итергіш атыс кезінде бекітпе жақтауын артқа қайтаруға арналған.Онда серіппені тіреуге және итергіштің артқа қозғалысын шектеуге арналған тетік бар.

Ұңғы қорапшасы винтовканың механизмдері мен бөліктерін біріктіруге, ұңғы арнасын жабуды қамтамасыз етеді.Ұңғы қорапшасында соққыш-ағытқыш механизм, бекітпесі бар бекітпе жақтауы орналасады.

Ұңғы қорапшасының қақпағы ұңғы қорапшасында орналасқан бөліктер мен механизмдерді ластанудан сақтайды.

Механиакалық көздеуіш оптикалық көздеуіш бұзылған жағдайда қолданылады.Ол көздеуіш және қарауылдан тұрады.

Қайтармалы механизм бекітпені жақтауымен қоса бұрынғы қалпына келтіруге арналған.

Бекітпе жақтау бекітпе мен соққы-ағытқыш механизмді қозғалысқа келтіруге арналған

Бекітпе патронды оқтыққұа жіберуге ,ұңғы арнасын жабуға, капсюльді бөлектеуге және оқсауытты оқтыққа шығаруға арналған.

Соққы-ағытқыш механизм шүріппенің автоағытқыш шаппасын түсіругежекелей атыс жүргізуді қамтамасыз етуге, атысты тоқтатуға, бекітпе жабылмаған кезде атысты болдырмау және винтовканы тежегішке қоюға арналған.

Тежегіш құрықшаны , ағытқыш ілмекті жабуға және бекітпе жақтауының артқа қозғалысын бір уақытта шектеуге арналған,бұл кездейсоқ атуға жол бермейді,сондай ақ ұңғы қорапшасына соққы-ағытқыш механизмін бекітуге арналған

Дүм жағы винтовка жұмысын ыңғайлауға арналаған.

Дүмде оң қолдың бас бармағы сыятындай ойық және дүм жағы құлыбының ілгегі үшін ойық ,бау үшін тартпа мен терезе ;металл ілме; ұңғы қорапшасының қақпағын тұйықтайтын бұрандалы шеге фиксатор болады.Дүм ұңғы қорапшасымен біріктіріледі.Дүм жағы тек оптикалық көздеуіштен атыс жүргізу кезінде қолданылады.

Оқжатар патрондарды орналастыруға және оларды ұңғы қорапшасына беріп тұруға арналған.Сүңгі пышақ шабуыл алдында мергендік винтовкаға біріктіріліп,қарсыласты қоян –қолтық ұрыста жоюға арналған.



Мергендік винтовканы бөлшектеу мен жинастыру.

Мергендік винтовканы бөлшектеу толымсыз және толымды болуы мүмкін. Толымсыз бөлшектеу- винтовканы тазалау мен майлау және тексеру үшін; толық бөлшектеу- винтовка өте қатты ластанған кезде, қар немесе жаңбыр астында қалғанда жүргізіледі. Винтовканы жиі бөлшектеуге тиым салынады өйткені ол бөлшектерінің тез тозуына алып келуі мүмкін.

Винтовканы бөлшектеу мен жинастыру таза мата немесе стол үстінде жүргізіледі. Бөліктер мен механизмдер ретімен қойылады және бір бірінің үстіне қоюға болмайды.Винтовканы жинастыруда оның бөлшектеріндегі номерлер салыстырылады.

Мергендік винтовканы толымсыз бөлшектеу реті: Оқжатарды бөлектеу,оптикалық көздеуішті бөлектеу,дүм жағын бөлектеу,Қайтармалы механизмі бар ұңғы қорапшасының қақпағын бөлектеу,бекітпе жақтауын бекітпемен бірге бөлектеу,бекітпені бекітпе жақтауынан бөлектеу,соққы –ағытқыш механизмді бөлектеу,ұңғы жабуын бөлектеу,серіппелі итергіш пен газ поршенін бөлектеу.

Мергендік винтовканы жинастыруда дәл осындай кезектілікпен керісінше орындалады.




в) Қорытынды бөлім – 7 мин.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • ДМВ кімнің қаруы болып табылады ?

  • Оптикалық көздеуішпен көздеу қашықтығы?

  • Ашық көздеуішпен көздеу қашықтығы?

  • ДМВ бөліктері мен механизмдерін ата?

  • ДМВ бөлектеудің қанша түрі бар?

  • ДМВ бөлектеу ретін ата?


Бастапқы әскери даярлық пәнінің ұйымдастырушы оқытушысы: _____________ ______________


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет