Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру
Сабақтың басы
10 минут
Өткен білімді еске түсіру
Жаңа білім
10 минут
Бекіту
15 минут
Кері байланыс
Сабақтың соңы.
10 минут
Бағалау
Үй тапсырмасы
|
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
W) Өткен тақырыпты қайталау.
(W) Білімдерді негіздеу.
Электр тізбегі деген не?
Электр тізбегі – электр тогы өту үшін арналған элементтердің, құрылғылардың жиыны.
Электр тогы ағып өтетін электр тізбегі тұйықталған деп аталады.
Электр тізбегіне енетін және онда анықталған қызметті атқаратын жеке құрығыны электр тізбегінің элементі деп атайды.
Электр тізбектерінің сызбасы– электр тізбегінің графикалық кескіні.
Электр тізбегінің негізгі бөліктері:
Ток көзі
Ток тұтынушылары
Жалғағыш сымдар
Кілт
Электр тізбегінің қандай элементтерін білесіз? Олардың кейбіреулерін атаңыз.
Ойланыңыз және сызбаларды салыңыз:
а) Сізде гальвани элементі, шам, екі кілт және жалғағыш сымдар бар. Екі кілт те қосулы тұрғанда электр тізбегіндегі шам жанатындай сызба салыңыз.
б) төбеден аспашамдың орнататын жерден үш сым шығып тұр, аспашамды қосқаннан кейін олардан электр тогы өтеді. Егер аспашамды дұрыс қоссақ, екі сөндіргіш келесідей жұмыс жасайды: олардың біріншісі бір шамды ғана қосып-сөндіреді, ал екіншісі екінші шамды ғана қосып-сөндіреді. Аспашамдағы шамдардың, сөндіргіш пен ток көзінің жалғану сызбасын салыңыз.
Екі сызбаның айырмашылығы неде?
Мұғалімнің демонстрациясы(D).
Тізбектей жалғаудың заңдылықтарын шығару
Құралдар: ток көзі, кілт, жалғағыш сымдар, екірезистор 47 және 100 Ом, 2 вольтметр, 1 амперметр.
Суретте көрсетілгендей сызбаны құрастырыңыз.
Әр резисторлардағы кернеуді, жалпы кернеуді өлшеңіз.
Әр резисторлардағы ток күші, жалпы ток күшін өлшеңіз.
Өлшеулердің нәтижелерін кестеге жазыңыз:
Болжап қорытынды жасаңыз.
Мұғалімнің демонстрациясы(D).
Параллель жалғаудың заңдылықтарын шығару
Құралдар:
Суретте көрсетілгендей сызбаны құрастырыңыз.
Әр резисторлардағы кернеуді, жалпы кернеуді өлшеңіз.
Әр резисторлардағы ток күші, жалпы ток күшін өлшеңіз.
Өлшеулердің нәтижелерін кестеге жазыңыз:
Болжап қорытынды жасаңыз.
(W) Жұмыс нәтижелерін талдау және өткізгіштерді параллель және тізбектей заңдылықтарын жазу.
Достарыңызбен бөлісу: |