Сабақтың тақырыбы: Экзистенциализм философиясы. Философиялық антропология. СӨЖ тақырыптары



бет2/2
Дата03.01.2022
өлшемі27.53 Kb.
#450895
түріСабақ
1   2
Экзистенциализм философиясы. Философиялық антропология.

Экзистенциализм – антропологиялық бағыттағы мектептердің ең беделдісі. ХХ ғ. 20 жылдарынан бастап, дәлірек айтсақ бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін қалыптасқан ағым. Экзистенциализм (лат. еxixtenia - тіршілік) философиясының қалыптасуына С.Кьеркегордың философиясы, Ф.Ницшенің волюнтаризмі және Э.Гуссерлдің феноменологиясының ықпалы күшті болды деп саналады. Сонымен бірге экзистенциалистер көркем әдибиетке сүйенеді. Әсіресе, Ф.Достоевский, Ф.Кафка мен Р.Рилькенің шығармаларындағы мәселелерді олар философиялық әдістерді пайдалану арқылы шешуге талпынды. Ж.П.Сартр, А.Камю өздерінің идеясын көркем шығармалар жазумен жеткізді.

Экзистенциалистердің негізгі тақырыбы – адам болмысы, оның өмірінің мәні, күнделікті тіршілігі, адамның тұлғалық қасиетінің бірегейлігі, оның ішкі сезімімен қоршаған өмір арасындағы қайшылық. Дәстүр бойынша осы философиялық бағытқа М.Хайдеггер, К.Ясперс, Г.Марсель, Ж.П.Сартр, А.Камюді жатқызады. Экзистенциализмнің діни бұтағын К.Ясперс, Г.Марсельді, ал атеистік деп М.Хайдеггер, Ж.П.Сартр А.Камюді атайды.

Экзистенциализмнің негізгі ұғымы – экзистенция. Экзистенция – тұлғаның ішкі рухани тіршілігі, оның терең негізі. Бірақ, адамдар күнделікті күйбің тіршілікпен алданып оған мән бермейді. Тұлғаның жасырын қасиеттері қиын – қыстау жағдайда, өмір мен өлім қыспағында қалғанда ашылады. Экзистенциалистер адам болмысын түсіну және ғылыми ұғымдар тілімен жеткізу мүмкен емес дейді. Ғылым болмыстың өзін танымайды, тек оның жеке фрагменттерін таниды. Ғылымның өмірге бағыт беретін көмегі жоқ, адам мәселесін шешуге дәрменсіз. Адам өмірі қайталанбайды. Сыртқы дүние адамды билемейді. Адам өзі - өзіне себеп. Адам еркін ал еркіндік деп экзистенцияны айтамыз. Еркіндік адамның басына түскен ауыртпалық. Одан қашып құтыла алмайсың. Әрине, адам өзінің еркіндігінен өз еркімен босануы мүмкін. Бірақ, онда ол тұлға емес, біреуге (қоғамға) тәуелді. Онда, ол ешқандай жауапкершілікті сезінбейді. Ондай адам, өзінің қасіретке толы өмірі үшін өзін кінәламайды, қоғамды, мемлекетті кінәлайды.

Адамның еріктілігі – таңдай білуде, жауапкершілікте. Таңдау деп күнделікті өмірде, не киінем, не жеймін дейтін таңдау емес, адамның болашақ тағдырына байланысты таңдау. Ондай шешімді Сартр экзистенциалды таңдау дейді. Тек оның жеке басының шешімі ақиқат шешім болады да, тек сонда ғана ол «экзистенцияны» жүзеге асыра алады. Осыған байланысты мынадай бір мысал келтіруге болады.

Францияны Гитлерік Германия оккупациялаған кезде фашистер бір жас француздың шешесің атып тастайды. Шешесінен айырылған жас француз Ж.П.Сартрға келіп, мен енді не істеймің, дейді. Сартр, өзің қандай шешімге келдіңіз деп сұрайды. Менің шешімім, қарсыласу қатарында қалып немістерден кек алу, дейді жігіт. Олай болса сөйтініз, дейді Сартр. Бірақ, дейді жігіт, немістер өш алу үшін ағаларымды атып тастауы мүмкін, сондықтан Англияға өтіп кетемін бе деген тағы бар шешімім бар. Жақсы, онда Англияға өтіңіз дейді Сартр. Дегенмен, дейді онан әрі жаңағы жас жігіт, Ламанштан өтіп бара жатқанда немістер мен жүзіп бара жатқан кемені батырып жібере ме деп те қорқамын. Ендеше сізге Францияда қалу керек дейді Сартр. Адам өзінің тағдырын өзі шешеді өзін жасайды деген принцип экзистенциализмнің негізгі принциптерінің бірі.

Экзистенциализм философиясының кейбір өкілдеріне қысқаша тоқталайық:

К.Ясперс (1833-1969) – неміс ғалымы және философы. Экзистенциализмнің діни бағытын ұстанған. Ясперс философиясының өзегі – «шекаралық жағдай» (пограничная ситуация) – ауру, өлім, қасірет және басқадай адамның басына төнген ауыртпашылықтар. Оның пікірінше адам табиғат және қоғамның объективті заңдылықтарын игеруге дәрменсіз, тым әлсіз. Өмір ағын, алмасып, өзгеріп отырады. Адам өмірінің шегі бар. Күнделікті күйбің тіршілікпен алданып, адам өзінің өткінші екенің және келешекте өлім күтіп тұрғаның есінен шығарып алады. Тек «шекаралық жағдайдың» қыспағында қалғанда. Өліммен өмірдің не екені туралы ойланғанда адам өзінің тұлғалығын сезеді. Осындай ситуациядан шығудың жолы трансцендентальды – жоғарғы болмыспен яғни құдаймен бірігу. Құдаймен бірігу арқылы адамның жасырын мүмкіншіліктері сыртқа шығып өмірдің құрсауынан құтылады.

М.Хайдеггер (1889 - 1976) – неміс философы. Философтың қойған негізгі сауалы – болмыстың мәні адамның іс - әрекеті арқылы ашылады. Егер адамның өмірінде өлімге бағытталған болашақ басым болса, онда адамның болмысы нағыз тіршілік. Егер адам бүгінгі күнмен (қазір, осында) өмір сүрсе, онда оның болмысы нағыз болмыс емес, өйткені ол «заттар дүниесінең немесе әлеуметтік ортадан шыға алмай өзінің бет – бейнесінен, тұлғалық қасиетінен айырылады. Жалған болмыстың адамы көпшіліктің арасынан суырылып шығуға талпынбайды, өйткені өзінің қимыл – қылығы үшін жауап беруі керек. Жалған болмыстың адамы өзінің келешегін көрмейді, «тобырдың» психологиясынан айырылғысы келмейді».

Нағыз болмыстың адамы - өзінің тарихын, еркіндігін сезетін адам. Ондай сезіну ерекше дацындықты қажет етеді. Өлім алдындағы адам нағыз болмысты іздемейді және соған жетуге талпынады. Өлім адамның қасында. Сондықтан адам өзінің өмірінің соңы - өлім екенің біле отырып болмыстың мәнін аша алады. Ол үшін дейді М.Хайдеггер – адам болмысты тыңдай білу керек. Болмысты тыңдау – тіл арқылы жүрмек. Тіл – болмыстың үйі. М.Хайдеггердің негізгі шығармасы – «Болмыс және уақыт».

Ж.П.Сартр (1905 - 1980) – француз философы, жазушы. Өзінің шығармаларында тіршілік және мән, еркіндік, таңдау, жауапкершілік және олардың ара қатынастары туралы мәселелерді көтереді. «Экзистенциализм – бұл гуманизм» трактатында осы аталған категориялардың мағынасын былай түсіндіреді: айталық, кәсіпші пышақ жасамақ ойы бар екен. Ол не жасайтын алдын ала біледі де жасайды. Мұнда заттың мәні оның өмірінің алдында. Адаммен олай емес. Жас сәби туады, яғни оның өмірі бар, бірақ оған әлі адам болуы керек, өзінің мәніне жетуі керек. Тіршілігі бола тұра, ол кейіннен адам болады. Сондықтан дейді Сартр адамға анықтама бере алмайсың, өйткені алғашқы кезеңде ол ештене емес. Ол кейіннен адам болады, тіпті оның адам болуы өзіне байланысты. Өзін қалай жасаса, солай болмақ. Осыдан еркіндік мәселесі шығады. Еркіндік адамның маңдайына жазылып қойылған, оның тұрақты серігі. Адам өзінің болмысын еркін таңдайды. Осы таңдауы үшін ол жауапкершілікті сезінуі керек. Бірақ өзінің өткінші жан екендігін білген адам жауапкершілігін толық сезіне алмайды. Жауапкершілік – қоғам, отан ата – ананың алдындағы жауапкершілік емес, экзистенциалды жауапкершілік.

А.Камю (1913 - 1960) – француз философы, жазушы. Камю философиясының негізгі тақырыбы - өмірдің мәнсіздігі, мағынасыздығы (абсурд). Дүние үйлесімді, заңды ұйымдасқан деп түсіну, біздің семіміздің адасқандығының нәтижесі. Адам шым – шытырық (хаос) дүниеде өмір сүруде. Осындай кездейсоқтық үстемдік еткен өмірдің мәні жоқ. Мәнсіздік, мағынасыздық, Камю философиясының негізгі принципі. Осындай өмірден құтылудың екі жолы бар. Біріншісі - өзін өзі өлтіру. Бірақ Камю, ол жолды қаламайды. Екінші жол – наразылық, бүліншілік. Біздер, дейді Камю, әлеуметтік ортаны өзгертуге, талпынамыз. Наразылық арқылы басқа адамдармен бірігеміз. Бүліншіліктің шегі бар. Оның логикасы қирату емес, яғни бүліншілікті революция деп түсінбеу керек. Бүліншілік (бунт) – адамның болмысының, өмір сүруінің амалы.

А.Камюдің идеялары «Сизиф туралы аңыз», «Оба», «Бөтен», т.б. шығармаларында көрініс табады.



Экзистенциализм – рухани өмірдің өте күрделі және қайшылығы мол қубылысы. Оған бір нақты баға беруге болмайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет