Сабақтың тақырыбы: Электр тогының жұмысы мен қуаты. Токтың жылулық әрекеті Джоуль-Ленц заңы


Электр тогының жұмысы – ток күші, кернеу және жұмысты істеуге кеткен уақыттың көбейтіндісіне тең



бет2/4
Дата06.03.2024
өлшемі0.55 Mb.
#494603
түріСабақ
1   2   3   4
Ашық сабақ ҚМЖ. Нұрбек

Электр тогының жұмысы – ток күші, кернеу және жұмысты істеуге кеткен уақыттың көбейтіндісіне тең.
SI жүйесінде джоульмен (Дж) өлшенеді. 1Дж=1A·1B·1c
II. Уақыт бірлігіндегі өндірілген токтың жұмысы электр тогының қуаты болып табылады. Электр қуаты P әрпімен белгіленеді. Олай болса қуат мынаған тең: P = А/t= I U
Токтың қуатын табу үшін өткізгіштегі ток күші және кернеуді өлшеп, олардың көбейтіндісін табу керек.
Сонымен қатар токтың қуаты үшін мына өрнектер дұрыс:
P=U2/R және P = I2R
Халықаралық бірліктер жүйесінде қуат бірлігіне ватт алынған: 1Вт
1 Ватт онша көп қуат емес. Тәжірибеде ваттқа еселік болып келетін бірліктерді қолданады:
1 гектоватт 1гВт=102 Вт;
1 киловатт 1кВт=103 Вт;
1 мегаватт 1МВт=106 Вт.
Токтың қуатын – өлшеуге арналған аспапты ваттметр деп атайды. Токтың жұмысын өлшеуге арналған құрал электр санауыш деп аталады. Орыс ғалымы және ағылшын физигі Джоуль бір мезгілде және бір-бірінен тәуелсіз электр тогы өткізгіш арқылы өткенде, өткізгіште бөлінетін жылу мөлшері ток квадратына, өткізгіш кедергісіне және токтың өткізгіштен өту мерзіміне тура пропорционал болатындығын анықтады. Бұл ереже  Джоуль- Ленц заңы деп аталады. Егер ток әрекеті жасалған жылу мөлшерін Q әрпімен, өткізгіштен өтетін ток күшін I әрпімен, өткізгіш кедергісін R әрпімен және, токтың өткізгіштен ағып өту уақытын t әрпімен белгілесек, онда Джоуль- Ленц заңының өрнегін былай жазуға болады: Q=I2Rt
Демонстрациялық әдіс- өте тиімді әдіс. Барлық бала
қызығушылығымен сабаққа қатысады.Тіпті белсенділігі төмен оқушы да тәжірибе жасап, қолымен ұстап, көзімен көріп сабаққа қатысып отырады.


Тапсырма №1.
«Кім шапшаң?» әдісі Оқушы жинақталып, тез шапшаң ойлауға тырысады. Сондай-ақ оқушылардың оқу деңгейін де анықтауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет