Сабақтың тақырыбы: «Еліміздің солтүстік өңіріндегі картоп өсіру технологиясы»



жүктеу 82.66 Kb.
Дата29.06.2016
өлшемі82.66 Kb.
Султанов Жанбатыр Сабырович

Көкшетау қаласы Красный Яр селосы

КММ «№3 Агротехникалық колледжі»

арнаулы пәндер оқытушысы

Сабақтың тақырыбы:

«Еліміздің солтүстік өңіріндегі картоп өсіру технологиясы»


Сабақтың мақсаты: Картоп егу технологиясымен, картоп егу тәсілдерімен, картоп жинайтын машиналармен таныстыру.

Дамытушылық: студенттердің еңбекке деген қызығушылығын және шағын бизнес туралы түсініктерін дамыту.

Тәрбиелік: еңбекке, іскерлікке, студенттерді өз бетінше жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, картоп өнімдері, дәрілер, плакаттар, суреттер.

Пәнаралық байланыс: биология , химия , машинатану, математика.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі:1) сәлемдесу;

2) студенттерді түгендеу;

3) тазалықты тексеру;

ІІ.Қауіпсіздік ережесін еске түсіру және сақтау.

ІІІ.Ұй тапсырмасын тексеру. Себеттің ішінде қатырма қағаздан жасалған картоп түйнектері салынған, әр түйнектердің артында сұрақтар жазылған.Таңдап алған түйнектер арқылы сұрақтарға жауап береді.

1.Эктенсивті егіншілік жүйесі дегеніміз не?

2. Интенсивті егіншілік жүйесі дегеніміз не?

3. Жүгері егілген соң, жер бетіне көктеп шығуы үшін қандай температура қажет?

4. Жүгері қандай топырақта жақсы өседі ?

5.Жүгерінің өнімділігі тұқым себу нормасына байланысты ма?



ІV. Жаңа сабақ. Интерактивтік тақта арқылы түсіндіру.

Картоп алқа тұқымдас қосжарнақтылар класына жатады,шөптекті, көпжылдық,жылу сүйгіш өсімдік. Оның отаны –Оңтүстік Америка. Қай өңірде болмасын картоптың мәдени түрі біржылдық өсімдік ретінде пайдаланылады. Оның жерасты бөлігінде түйнектері болады.Түйнек дегеніміз- өзгерген өркен, яғни жерсабақ (столон). Түйнектің өзгерген сабақ екенін дәлелдеу қиын емес. Түйнектердің топырақтан шығып қалғандары жарық әсерінен хлорофилл түзіп, жасыл түске боялады. Сондай-ақ түйнек ойықтарында сабақтағы тәрізді бүршіктер, яғни көзшелер орналасқан. Картоптың көзшелерімен қоса алынған түйнекті бөліктерін топыраққа ексе , одан жерүсті бөлігі өсіп шығады. Картоп гүлдеп , жасыл жидек береді.Бұл оның жемісі. Картоптың жемісі улы екенін есте сақтаңдар! Картопты өсімді мүшесі-көзшелі түйнек арқылы көбейтеді. Ал жаңа іріктеме алу мақсатында картоп тұқымы егіледі. Жаңадан шығарылған картоп іріктемелерінің саны 100-ден асады. Cолтүстік Қазақстан облысында картоп кең тараған ауыл шаруашылық дақылдары болып саналады. Адамдар оны бағалы тағам ретінде пайдаланады, себебі оның түйнегінде әр түрлі дәрумендер ( А,В,В1, В2,С,К) болады. Картопты ел арасында « екінші нан» деп атайды.



Картоп сонымен қатар құнды мал азығы. Малға жем ретінде түйнегі, сонымен қатар крахмал мен спирт өндірісінде қалған қалдықтары да пайдаланылады. Картоп жылу сүйгіш дақыл. Оның тұқымы өніп өсуі үшін топырақ қыртысында ең кем дегенде 7-8 С жылу болуы қажет.Бірақ мұндай температура +18-25 С болса , картоп 13-15 күнде өніп шығады.Картоптын сабағы күшті өсуі үшін қолайлы температура +17-22 С шамасында болуы қажет. Температураның жоғарлауы немесе төмендеуі өсімдіктің өсуі мен дамуына кері әсер етеді. Мысалы , температура +3-5 С-тан төмен, ал +35 С-тан жоғары болса, картоптың өсіп-өнуі тоқтатылады. Көктемде -3 С суықта картоптың жас өркені, ал күзде топырақтың температурасы -2 С болғанда, картоптың түйнегі үсіп кетеді. Картоп алғашқы өсу кезеңінде ылғалды онша көп қажет етпейді, бірақ осы мезгілде шамадан тыс құрғақшылық болса , оның тамырының дамуы нашарлайды, яғни өнімі төмендейді. Картоптың жақсы өсуіне ауа қажет. Топырақта ауа жетпеген жағдайда, әсіресе тығыз топырақта оның жер астыңдағы сабақтары бұтақтанып, түйнекті де кеш байлайды, баяу өседі әрі кеш піседі. Оның ойдағыдай өсіп – дамуы үшін ауа еркін өтетін кеуек топырақ қажет. Сондықтан қара, қызыл қоңыр топырақта жақсы өседі. Суармалы жерлерде картоптың жақсы алғы дақылдарына күздік дақылдар мен дәнді бұршақ ,көкөніс ( пияз, сәбіз, қияр ) жатады.Егер топырақ дұрыс өңделіп, органикалық және минералдық тыңайтқыштар жеткілікті мөлшерде берілсе, онда картопты бір орынға қатарынан 2-3 жыл бойы егуге болады.Дегенмен тұқымға арналған картопты ауыспалы егістерде өсіріп, бұрынғы орнына кем дегенде 3-4 жылдан кейін отырғызған жөн. Картоптың қоректік заттарға қоятын талабы да үлкен. Бір тонна өнім мен сол шамалас сабақ құрау үшін топырақтан 5 кг азот, 2 кг фосфор мен 9 кг калий элементтерін пайдаланады. Суармалы аймақтарда күзде жер жырту алдыңда әр гектарға 40-50 тонна көң, 6.5 центнер калий тыңайтқыштарын РУМ-5, РОУ-6 машиналарымен шашып , түренді соқалармен жыртып, топыраққа сіңіреді. Картоп түйнектерін отырғызар алдыңда сорттап, іріктеп алады. Солтүстік өңірде түйнектерді отырғызуға 5-6 күн қалғанда,оларды күнге қыздырады. Бір өлшем алаңнан жиналатын қоректік заттардың көлемі бойынша картоп өсірілетін дақылдардың арасыңда алдыңғы орындарда орналасады. Оның түйнегінің ңүрамында 25% құрғақ зат болады, оның ішінде 12-22% крахмал, 1,4-3% ақуыз және 0,8-1% күлді заттар бар. Көмірсулардан, ақуыздардан, кальций, фосфор, темір, натрий, хлор, калий тұздарынан, сондай-ақ микроэлементтерден басқа, түйнекте адамға қажет дәрумендердің бәрі дерлік және көптеген органикалық қышқылдар бар. Адам ағзасының ақуыздарын құрастыруға қажет 20 амин қышқылдарының 14-і картоп ақсылында болады. Егер тауық жұмыртқасының биологиялық қоректілік құндылығын 100% десек,бидай ақуызынікі 63-65% болса, картоп ақуызынікі 84-86% . Картоптың техникалық дақыл ретіндегі маңызы да зор. Ол крахмал сірке, декстрин өнеркәсібінің шикізаты болып саналады, глюкоза, спирт өндіруге қолданылады. Картоп мал азығына да көптеп пайдаланылады. Малға түйнегі, пәлегі және өңдеу өнеркәсібінің қалдықтары беріледі. Отамалы дақыл ретінде жаздық бидайға, жүгеріге, қызылшаға, арпаға, тарыға, т.б. жақсы алғы дақыл болып саналады. Ол екпе сүрі жерде де тиімді. Қазақстандағы картоп егістігінің көлемі 159,8 мың га(2002жыл), оның 54% жуығы Қазаңстанның Солтүстік облыстарында егіледі. Әр гектардың орташа өнімділік 117 ц/га құраса, Солтүстік облысындағы өнімділік - 74 ц/га. Картопты отырғызудың жақсы мезгілі – топырақтың 10 см тереңдікте +6-8 С-ка дейн қызған кезі болып есептеледі. Бұл мезгіл оңтүстік облыстарда сәуір айының үшінші онкүндігі мен мамыр айының басында.Отырғызуды қысқа мерзімде аяқтау керек, өйткені әрі қарай түйнектері өніп, сапасын жояды.Картоп түйнектерін егетін жері дайын болған кезде ,егудің екі тәсілін қолдануға болады. Өсімдік көктеп шыққан кейн шөптеп ,түптеу қажет.Өсу кезіңде картопты орташа есеппен 5-7 рет суарады.Күз кезіңде қазған картопты сорттап арнайы жерде сақтау керек.

Таным деректер:



  • Еуропалықтар картопты ең алғаш 1537 жылы білді.

  • Швейцариялық ботаник Бохен картопка 1595 жылы «соланум туберозум» деген ғылыми атау берді.

  • Картопты Голландиядан Петр І 1700 жылы шамасында Ресейге әкелді.

  • Картоптың құрамында массасы бойынша 60-80 % су, шикідей массасы бойынша 14-24 % крахмал болады.

  • Картоптан 200-ден жуық әр түрлі тағам әзірлеуге болады.


V.Сабақты қорытындылау.


Білемін

Білдім

Білгім келеді

Картоптың мәдени өсімдікке жататынын. Адамға қажеттілігін

өтейтін ол бағалы дақыл.



Жемісі улы жидек екенін.Картоптың жақсы өсуіне,көп өнім беруіне еңбекті және қолайлы жағдайды көп талап ететінін.

Картопты тұқым (семена) себу арқылы өсіруді.


VI.Сабақты бекіту.Тест алу.

Ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиясы.

1..Топырақты ғылыми түрде зерттеу қай ғасырда басталған?

а) ХV ғ ; ә) ХVI ғ. аяғы ; б) XVIII ғ. аяғы;

2.. Ауспалы егісте бұрынғы егілген орнына қайта төзбейтін дақыл?

а) жүгері ; ә) картоп ; б) қызылша .

3.. Орманнан тазартылған жерлерге 3-5 жылдай дәнді дақыл егілген жер егіншіліктің қандай жүйесіне жатады?

а) егіншіліктің экстенсивті жүйесі ; ә) егіншіліктің қарапайым жүйесі ;

б) егіншіліктің интенсивті жүйесі ;

4..Жүгері жер бетіне тегіс және тез көктеп шығу үшін оған қандай температура қажет?

а) +100 +120 ; ә) +20 +40 б) +50 +70 .

5..Өсу кезінде картопты орташа есеппен неше рет суару керек?

а) 5-7 ; ә) 10-12 ; б) 15-16 .

6а) СКС -4; ә) КТН -2Б ; б) СН -4Б ;

6. .Картоп жинайтын машинаны ата:

а) КТН -2Б ; ә) СН- 4Б ; б) СКС-4 .

7.. Картоптың отаны.

а) Солтүстік Америка ; ә) Евразия ; б) Оңтүстік Америка .

8..Картоптың жемісі .

а) түйнек ; ә) жидек ; б) дән .

9. Арамшөптерді отауға , тыңайтқыш шашуға , түптеуге арналған техника:



а) таптауыш ; ә) тырма ; б) культиватор .


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

б

а

а

б

ә

а

а

б

а

ә

б

ә

б

а

б














































V11 бөлім.

Сәйкестендіру тесті


Мәдени орталықтар

Өсімдік атаулары

Дұрыс жауап

1. Оңтүстік Азия

А. Картоп

1. Е, Ө

2. Шығыс Азия

Ә. Мақта, кокос

2. Д

3. Оңтүстік-Батыс Азия

Б. Банан

3. Г, Ғ

4. Жерорта теңізі

В. Зәйтүн ағашы

4. В

5. Абиссиния орталығы

Г. Бидай

5. Б

6. Орталық Америка

Ғ. Қара бидай

6. И, 3

7. Анд (Оңтүстік Америка)

Д. Соя, тары

7. А




Е. Күріш







Ж. Қант қамысы







3. Үрмебұршақ







И. Асқабақ





VII.Үйге тапсырма беру. Картоп бойынша қосымша мәлімет жинап келу.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет