Сабақтың тақырыбы: Елорда



Дата30.06.2016
өлшемі93.05 Kb.
#167295
түріСабақ
Астана қаласы №53 мектеп- лицейінің

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Тусупбекова Сауле Айтбековна

Сабақтың тақырыбы: Елорда

Сабақтың мақсаты: білімділік – Ел ордасы – Астана туралы жан-жақты білімдерін кеңейту, алған білімдерін тапсырмалар арқылы бекіту. Сұрақтарға жауап беру, ойды жүйелеп айтудағдыларын қалыптастыру: дамытушылық – сөздік қорларын байыту, өз ойларын еркін жеткізе білугедағдыландыру, оқушылардың тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру,дұрыс сөйлеуге үйрету; тәрбиелік - өз Отанын, халқын, жерін сүюге, отансүйгіш, ұлтжанды азаматтар тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, флипчарт.

Әдіс-тәсілдері: интерактивтік оқыту әдісі, мәтінмен жұмыс, сұрақ-жауап, сөйлемдер құрастыру, мәнерлеп оқу.

Сабақтың барысы:



  1. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушыларды түгендеу.

ә) сабаққа дайындықтарын қадағалау.

2. Өткен сабақ бойынша сөздерді қайталап, сөзжұмбақты шешу:

Қазақ тіліне аудару.

Флипчарт (1-слайд)




1




























2
















3

























4






















5



















6













  1. памятник

  2. площадь

  3. гостиница

  4. музей

  5. торговля

  6. парк

Ортасында қандай сөз шықты? Елорда



  1. Жаңа тақырып

Оқушы тақтадағы тақпақты мәнерлеп оқиды.

Флипчарт (2-слайд)

Әсем қала - Астана

Фонетикалық жаттығу.

Тақпақты дауыстап оқу, буынға бөлу, буындарды ажырату.
Жа-са, жа-ңа Ас-та-нам,

Өр-кен жая бас-та-ған!

Ас-қақ-тай бер, Ас-та-нам,

Бе-ре-ке-ге бас-та-ған!

Астана – күн сайын өсіп келе жатқан әдемі, көрікті жерлері көп қала. Бүгінде Астананың аты әлемге әйгілі. Қазір біз Астана қаласыныңтарихын білуге тырысамыз.

Мәтінмен жұмыс (3-слайд )

Мәтінді оқу.

Қазақстанның астанасы – бұрынғы Ақмола қаласы.Ақмола қаласы 1953 жылдан бастап «Целиноград» деп аталған. 1955 жылдан бастап «Ақмола» атын қайтып алды. 1998 жылдың жазынан бастап Елбасының жарлығымен «Астана»деген атқа ие болды. Астана – біздің еліміздің бас қаласы. Отанымыздың астанасы. Қала солтүстік Қазақстанда орналасқан. Бұл - көрікті де үлкен қала. Астана – бейбітшілік және достықтың қаласы.

Астана жылдан-жылға көркейіп келеді. Жаңадан салынған ғимараттар мен әдемі алаңдары көз тартады. Қалада үш биге арналған ескерткіш бар. Ескерткіш орталық даңғылында тұр. Жаңа астанада көптегенқұрылыс жүріп жатыр.

Сұрақтарға жауап беріңдер. (4-слайд )



  1. Қазақстанның бұрынғы астанасы ?

  2. 1953 жылдан бастап қалай аталды ?

  3. 1998 жылдың жазынын қалай аталды ?

  4. Астана Қазақстанның қай жерінде орналасқан ?

  5. Астана қандай қала?

  6. Жаңа астанада не жүріп жатыр ?

  7. 2012 жылы Тәуелсіздігіміздің неше жылы тойланды ?

  8. Қазақстан Республикасының Президенті кім ?

  9. Еліміздің мемлекеттік тілі – қай тіл ?




  1. Астана қаласына саяхат (5-слайд)

Балалар, біз сендермен Астана қаласына саяхат жасаймыз. Қазір сендерге билет беріледі, ал ол билетте сөздер жазылып тұр. Сендердің мақсаттарың сол сөздерден сөйлем құрастыру. (интерактивті тақдада орындалады)

Мен Астанада тұрамын.

Астананың көшелері кең, таза.

Мен өз қаламды өте жақсы көремін.


Бірінші аялдамамыз – Астана –Бәйтерек монументі (6-слайд)

Оқушы Бәйтерек туралы өлең оқиды.



  • Балалар, Бәйтерекке көтерілу үшін бірнеше тапсырма орындауымыз керек.

Ең алдымен ертегіні тыңдап, тапсырманы орындаймыз.

Септік атаның жеті баласы болыпты, бірақ қайсысы бірінші туғаны есінде жоқ. Көмектесейік балалар. Септіктерді атау . Олардың немерелерін дұрыс табу керек. Немере сөзін септеу. (7-слайд)

Бәйтерек – бас қаламыздың символы. Монументтің биіктігі – 97 метр.

Бәйтерек – Есілдің сол жақ жағалауында бой көтерген алғашқы сәулет туындысы. Бәйтерек - әлемдегі ең соңғы үлгідегі кереметі. Мұндай әсем ескерткіш Түркия астанасы Анкара және Австралияның Сидней қаласында бой көтерген.

Келесі аялдамамыз – «Думан» ойын-сауық орталығы. (8-9 слайд)

Оған жету үшінбірнеше тапсырма орындауымыз керек

Біріншіден,

«Қайталау – оқу анасы,

Мақалдың бір данасы.

Өткенді еске түсірсең,

Ешкімнің жоқ таласы»- деп зат есімді еске түсірейік.

- Зат есім дегеніміз не ?

- Қандай сұраққа жауап береді?

- Мағнасына қарай нешеге бөлінеді?

(Мәтіннен жалқы зат есімді табу, дәптерлеріне жазғызу,интерактивті тақтада астын сызғызу) (10-слайд)

Мен Астана Қаласында тұрамын. Астанада қыс ұзақ болады. Есіл өзені қаланы екіге бөліп тұр. Ақорда, Үкмет үйң, Парламент, Жоғарғы сот, Министірліктер үйі, «Бәйтерек» монументі, Бейбітшілік пне ынтымақтастық сарайы Есілдің сол жақ жағалауында орналасқан. Астанаға шетелден қонақтар еөп келеді. Астана – біздің мақтанышымыз.

Тапсырманы жақсы орындадыңдар.

«Думан» ойын-сауық орталығы мұхитарал, кинотеатр, дәмханалар жүйесі ман залдардан тұрады.

Тапсырма: Интерактивті тақтада және дәптерлерінде «Думан» сөзін септеу және сөйлем құрастыру. (11-слайд)

Соңғы аялдама – «Бейбітшілік пен ынтымақтастық Сарайы»

Аялдамаға жету үшін мақал-мәтелдерді толықтырыңдар (12-слайд)

Туған ... ... болмас, туған ... ... болмас.

Отан ... да ыстық.

Осы мақалдарды қалай түсінесіңдер?

Тәрбиелік мәні: Өз Отанын, халқын, жерін сүюге, отансүйгіш, ұлтжанды азаматтар болуға тырысыңдар.



  • Міне ,балалар, Бейбітшілік пен ынтымақтастық Сарайына да келдік.

Астанадағы Бейбітшілік пен ынтымақтастық Сарайы сияқты сәулет нысандары бүкіл әлемде жоқ.


Астана қаласы №53 мектеп- лицейінің

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Тусупбекова Сауле Айтбековна
Сабақтың тақырыбы: Сүйінбай Аронұлы. «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері»

Сабақтың мақсаты:

а) білімдік: оқушыларды Сүйінбай Аронұлы туралы таныстыра отырып, өлеңнің мазмұнын меңгерту, өлеңнің идеясы мен тақырыбын түсіндіру;

ә) дамытушылық: оқушының өз ойын ашық білдіруге, пікірін қорғай білуге, шығармашылық ізденісін арттыруға дағдыландыру, тұлғалық қасиеттері қалыптасқан өнегелі жеке тұлға қалыптастыру;

б) тәрбиелік: өлеңді негізге ала отырып, оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді қалыптастыруға, жаман қасиеттерден алшақ болуға, жақсы мен жаман қасиеттерді ажырата білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап, талдау, мәнерлеп оқу.

Сабақтың көрнекілігі: ақынның портреті, интерактивті тақта, кеспе қағаздар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру:

1) оқушылармен амандасу;

2)оқушы зейінін сабаққа аудару;

ІІ. Өткен сабақты еске түсіру:

-Қай ақынның, қандай шығармасын білеміз?



ІІІ. Жаңа сабақ.

Интерактивті тақта бойынша жақсы мен жаман қасиеттерді көрсету.



Флипчарт №1

Ой толғау. Оқушылар өз ойларын айтады. Сонда бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:



Флипчарт №2

(Интерактивті тақтаға жаңа тақырып жазылады) Адамның жақсы және жаман қасиеттері.

Мақсат айтылады: өлеңді талдаймыз, автор туралы мәлімет аламыз.

Оқушылар екі топқа бөлінеді. Спикер сайланады.

Әр топтың оқушылары адамның жақсы және жаман қасиеттері туралы қағазға жазады.

(3 сөз жақсы, 3 сөз жаман қасиетке қатысты жазылады)

Әр топ өз ойларын айтып, бір түйін шығарады.


  1. Оқулықтарын ашқызып, өлеңді мәнерлеп оқу. Оқып отырып, «Түртіп алу» стратегиясы бойынша өздеріне таныс емес сөздерді қарындашпен белгілеп отырады. Тақтаға түсініксіз сөздер айтылып, сөздік жазылады:

Әмме – түгел, барлық, күллі

Парқы – бағасы

Ұңғы – балтаның сап салатын жері


  • Ақын бұл өлеңінде адам бойындағы мінез құлықтарға үңіледі. Жақсы жамандықтың қоғам тіршілігіненжәне жеке адамның өмір ағымындағы іс-әрекетінен туып отырғанын анық айтады. Ол өмірдің басты тұтқасы – адамның адамға жақсылық жасауы деп түсінеді. «Алысты жақын етер, елімнің ағасындай» жақсылар жарық дүниеге ізгілік үшін келеді деген ой түседі. Жақсылық пен жамандықты салыстыра отырып, жақсы істің артықшылығын көпке әкелер пайдасын атаумен бірге, жаман істің енді жамандыққа ұрындыратынын, зиянды екенін көрсетеді. Бұл арқылы адам баласы қай жағынан алып қараса да, таза, адал, ар иесі болу керек деген қорытындыға келеді (оқушылар өз ойларын айтады).

  1. Өлеңнің ұйқасын табу. Көркемдегіш құралдарды табу:

Теңеу – ел-жұртының қамасындай, әмме жұрттың анасындай (ережесін айтқызу)

Қорытындылай келе осы өлеңде ақын не айтқысы келді? Сендерге қандай әсер етті?

«Болжау» стратегиясы бойынша оқушыларға сұрақтар қойылады.

Сұрақтар интерактивті тақтаға жазылады.

Сұрақтар. Оқушылардың жауабы.

Қалай ойлайсыңдар, осы өлеңнің

авторы кім?

Қай заманда өмір сүрген ақын?

Автор қандай адам?

Дұрыс айтасыңдар, балалар, бұл өлеңнің авторы:

Флипчарт № 3

Слайд көрсетіледі


Сүйінбай Аронұлы

Сүйінбай – ХІХ ғасырдағы Жетісудың ірі ақыны. Ол әділетсіздікке жаны қас, шындықты бетке айта алатын батыл, халықты тілімен қорғаған өткір сыншы. Айтыскерлігімен көрінген азамат ақын. Сүйінбай 1898 жылы қайтыс болды.Бірақ ақынның үлгілі, өнегелі шығармалары бүгінгі күнге дейін жас ұрпақтарды тәрбиелеп, дұрыс жолға бағыттайды.



  1. Топпен жұмыс орындау. Сурет салу, өлең шығару.

І-топ тапсырмасы: «Жаныңда жүр жақсы адам».

ІІ-топ тапсырмасы: «Жирен жаман әдеттен».

Оқушылар жұмыстарын қорғайды, қорытынды шығарады. Спикерлер топтарды бағалайды.

ІV. Сабақты қорыту.


Не білем?

Не білдім?

Не білгім келеді?












V.Оқушыларды бағалау.
. Үйге тапсырма: «Жақсылық пен жамандық» тақырыбына шығарма жазу.

Астана қаласы №53 мектеп- лицейінің

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Тусупбекова Сауле Айтбековна
Сабақтың тақырыбы: Табиғат

Сабақтың мақсаты: оқушылардың табиғат жайында түсініктерін кеңейту; туған өлке табиғатын қорғау, туған жердің табиғи ор ындарымен танысу, оны оқушылардың өз беттерінше зерттеу дағдыларын қалыптастыру; лексикалық білімдерін молайту; туған табиғатты аялау, қорғау және қоршаған ортаны тану сезімдерін ояту.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру, салыстыра баяндау, ой қозғау, талдау, деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтың пәнаралық байланысы: география

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның картасы, талдау-салыстыру сызбасы ,

Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру: а) сәлемдесу, түгендеу; ә) сабаққа дайындығын қадағалау.

  2. Үй тапсырмасын сұрау, бекіту.

  3. Жаңа сабақ..

...Әлемде табиғаттай күрделі, құдіретті, бай нәрсе жоқ. Ол адамнан бастап, өлі-тірі заттың бәрін де жарата алады және шетінен жойып та тастай алады. Мысалы, жанды зат өледі, өсімдік шіриді, тас үгіледі, сөйтіп топыраққа айналады. Сондықтан да дүниедегі ең асыл зат топырақ десек, қателеспейміз. Өйткені әлемдегі бар затты бойына сіңіретін де,оны қайтаратын да топырақ, яғни Жер-ана.

    1. Сабақтың мақсатын айту. Сабақтың мақсаты интерактивті тақтадан көрсетіледі.

  1. Ассоциация

  2. Жаңа сөздермен жұмыс

  3. Ой толғау, талдау.

  4. Топпен жұмыс

  5. Шығармашылық жұмыс




    1. Ассоциация. «Табиғат» сөзіне тағы қандай сөздер ойларыңа келеді?





  1. Жаңа сөздермен жұмыс. Сөздердің аудармасын айту және синонимдерін, антонимдерін табу.

Қажет

өсиет


қастерлеу

лайлама


көзін аш

тоқтау сөздер


4. «Адам табиғатсыз өмір сүре ала ма және табиғат адамсыз өмір сүре ала ма?» - деген сұраққа толық жауап.

5. Мәтінді түсініп оқу. 108 бет «Сусыз тіршілік жоқ» Проблемалық сұрақ қою, оны әр түрлі жолмен шешу:


I топ Су – баға жетпес байлық.

II топ Су мәселесі.

III топ Шешу шаралары.
IV. «Жер –ана» тақырыбына ой толғау.

I топ Жер туралы қанша % жазық, орман, шөл, шөлейт.

II топ «Қазақстанның көркем жерлері» тақырыбына презентация жасау.

III топ «Қазақстан табиғатын қорғау»-деген ұғымды қалай түсінесіңдер?


V.Қорытындылау.

VI. Оқушыларды бағалау.



VII. Үйге тапсырма: Қазақстанның табиғаты туралы әңгіме

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет