Абайдың білім туралы айтқан ойлары.
Болмасақ да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.
Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көрсеңіз.
Әсемпаз болма әрнеге, өнер паз болсаң ар қалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге кетігін тап та бар қалан.
Жасымда ғылым бар деп ескермедің, пайдасын көре тура тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Мұғалім. Бұл жобада білім жүйесін ақпараттандыру, таланттылыққа, бірлікке ынталандыру туралы айтылған, әр бір заңды біліп жүру басты парызымыз.
1 жетекші. Ата салты ардақты, әр бір сөзі салмақты.
2 жетекші. Сол сөздерді ұқпасаң, тістерсің бір күн бармақты.
3. білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез(көрініс).
Бүгін, балалар біз сендерге адам үміріндегі ең қымбат ғажайып жағдайларды таныстырамыз.
Ол үшін Байлық, Бақыт, Ақыл, Данышпанды шақырайық.
1- оқушы. Достар, адам өміріне қажет не? Оларды ортаға шақырайық.
2- оқушы. Ертеде, Байлық, Бақыт, Ақыл үшеуі бас қосады. Осы кезде үшеуі адм баласына тигізетін пайдасы жайында таласып қалады.
Байлық. (әдемі шапан, тақия киген бала) Менің арқамда ғана адам баласының төрт түлігі сай, үйі дүние мүлікі бай ішіп жемі тоқ болады.
Бақыт. (шаттана былай дейді) Мен бақытпын, кімнің басына қонсам, соның атақ даңқын шығарамын, мансабын аспанға көтеремін. Ақ дегенімді алғыс, қара дегенімді қарғыс етемін.
Ақыл.(екеуінің ортасына келіп) О, достарым, мен сендердің таластарыңа қосыла алмаймын. Мен ақылмын. Адам баласы менсіз өмір сүре алмайды. Келіспеңдер, данышпанға барайық дейді.
1 оқушы. Олар данышпанның әлемі шаҺарына келеді. Данышпан үшеуінің дауын тыңдап, алғаннан кейін, былай дейді. Өмірімнің өзі сабақ. Байлық бір жұрттық, бақыт баянсыз, ақылдың еңбек, білім деген сүйеніші, тіреуі, тұтқасы бар. Сондықтан да ақылды болып, еңбек ете білген адам баласы байлыққа да, бақытқа да кенеліп, мәнді де, сәнді де өмір сүре алады.
Мұғалім. Сөйтіп олар табысып, қайта достасты.
Данышпанға алғыстарын айтып, адам өмірінің әділдік жолында қызмет ететінін білесіңдер, олардың әрқайсысының өз орнымен болуы тиіс. Сондықтан ақыл, білім болған жерде байлық та, бақыт та болады.
4 сайыс. Мақал -мәтел.
Бір минутта қай топ көп мақал мәтел айтады екен. Қане кім айтады?
|
Оқушылар мақал-мәтел,нақыл сөз айтады.
Көрініс қояды
|
слайд
қоржын
асық
|
Соңы
|
Міне, оқушылар, сендер тәлім-тәрбие аларлық "білімдіден қалған асыл сөздер" өте көп екен. Сондықтан да үлкендердің әр сөзіне зер сала қарап, әр сөзінің астарына үңіле білу керек. Әсіресе үйдегі ата-ананың, қария адамдардың ақылын, өсиетін есте сақтаңдар.
Кері байланыс:
Ендеше, білім пирамидасын құрастырайық.
|
Әр топ өз қалаулары бойынша білім пирамидасын құрастырады.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |