Ауғанстан соғысының ардагері Қалджанов Қошық Жүзбайұлы туралы мәлімет
Қалджанов Қошық Жүзбайұлы 1958 жылы 10 - қарашада Түркменстан республикасы Мары облысы Тахта - Базар ауданы Саража совхозында дүниеге келген. 1965 жылы Саража совхозындағы №20 мектепке 1 - сыныпқа қабылданып, 1975 жылы бітірді. 1977 жылы әскер қатарына шақыртылып алынды. Ресейдің Краснодар жерлерінде әскери борышын өтеді. 1979 жылы желтоқсанда Ауғанстанға соғысқа кетті. Соғыс 1989 жылы ақпан айында аяқталды. 1981 жылы отбасын құрған, бес баланың әкесі.(Ардагер туралы мәлімет оқылады, слайд көрсетіледі)
Қазақ жұрты не көрмеді десеңдерші, тарих беттеріне көз жүгіртсек, «Қазақ» хандығы құрылғаннан бері қазақтардың басынан түрлі қиын - қыстау кезеңдер мен адам төзгісіз жан түршігерлік жағдайлар өткені жайында сыр шертеді. Қазіргі таңда еліміздің жетістігі өте көп. Дегенмен, бұл жетістіктерге жетуде еліміз көп қиыншылықты көргенін ұмытпағанымыз жөн. Халқымыз бостандықты аңсап, тәуелсіздікке зарығып жетті
|
Сапқа тұр, ақ ниет адамдар
Кел қосыл бейбітшіл шеруге
Тыныштық жауларын жеңуге.
Бейбіт күн тулары самғасын
Тыныштық тулары шарласын,
Жетім боп ана мен балалар,
Ойран боп от басы қалмасын.
Жол берме соғысқа азамат
Сен ғана тыныштық қорғаны.
Сақтады олар елін, жерін, қонысын
Ақтады олар азаматтық борышын
Сол үшін де қолтығынан сүйейік,
Ардагерге - майдангерге
Иейік біз барлық жерде
Басымызды сол үшін.
|