Бекітілді ___________
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар
Тәрбие сағаты №32
|
«Жеңіс деген - шат күлкісі баланың»
|
Күні
|
|
Класс жетекші:
|
|
Класс:
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)
|
Салауатты өмір салты
Иммунитет
|
Сабақтың мақсаты:
|
Балаларға адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
|
Құндылықтарды дарыту
|
9 мамыр жеңіс күнін дәріптеу
|
Ресімдеу
|
Слайд,презентация, бейне жазба
|
Музыкалық және бейне көркемдеу
|
интерактивті тақта, слайд
|
Үлестірмелі материалдар
|
Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар, гүлдер, шарлар, батырлардың суреттері,
|
Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер
|
Ұлы Отан соғыс кезіндегі техникалар.
|
Дайындыққа арналған әдебиет
|
Интернет материалдары
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Ресурстар
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары
|
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)
|
Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескермейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бірі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетің батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес.
Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941 жылы маусымның 22 - де болған еді. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9 - мамырда Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 73 жыл мерзім уақыт өтті. Биыл Ұлы Жеңістің 78 жылдығы.
|
Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді,
мектеп партасындағы
қатарлары бойынша
орындарына отырады.
|
Компьютер
|
Сабақ басы (18мин)
|
Үнтаспадан тыңдау:
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! 1941 жылы 22 - маусымда таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді.
Халқымыз адам айтқысыз қиын - қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.
Соғыстың алғашқы күндерінен бастап - ақ Кеңес халқы жан тәнімен Отанын қорғады. Әрбір ауыл, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды. Қанішер неміс басқыншыларымен Кеңес азаматтары аянбай шайқасты.
Айбарыс
Соғыс жалмап аға - іні бауырды,
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.
Жалғызынан айырыпты ананы,
Әкесінен айырыпты баланы.
Алина
Сілкінтіп зеңбіректер жердің жүзін,
Оқ борап, снарядтар қаққанда ызың.
Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған
Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.
Сабыр
Тастар көкке атылды,
Орман шулап, тау құлап.
Жиырма сегіз батырды
Жеңе алмады жау бірақ.
Асылай
Оқ астында зулаған
Туған жермен бір болып.
Жау алдында тұрды олар
Жиырма сегіз шың болып. (Слайд 28 панфиловшы - батырлар)
|
|
презентация
|
Ортасы (15 мин)
|
Осы соғыста Кеңес одағының басқа республикаларымен бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамында 1 млн 366 мыңға жуық қазақстандықтар болған.
Бұл Қазақ халқының 20 %-ы. Оның 601 939-ы соғыс алаңында мәңгілікке қалып қойған.
Қазақстандық жауынгерлердің 528-і Кеңес Одағының батыры, ал 4 –уі Кеңес Одағының Екі дүркін батыры атағын алды.
Олар: Сергей Луганский, Талғат Бегельдинов, Леонид Беда және Иван Павлов.
Ат ауыздығымен су ішкен, ер етегімен су кешкен сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып, Отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз Шығыс жұлдыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметова ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапты.
Момышұлы Бауыржан (1910 - 1982) – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы.
«Шығыстың қос жұлдызы» әні.
Ел алдындағы борыштарын өтеп, еліміздің амандығын, жеріміздің тұтастығын қорғап қалған ерлерге тағзым етеміз. Олар еліміздің жарқын болашағын, жас ұрпақтың өмірін, халықтың бақыты мен қуанышын сақтап қалды. Ардагерлер ерліктері арқасында біз осы күнге жеттік.
Біздің өз қалауымызбен еркін өмір сүріп, мектепте алаңсыз білім алып жатқанымыз, шаттана күлгеніміз, жайраңдап күлгеніміз - бәрі де сол Ұлы Отан соғысы Жеңісінің жемісі. Әрине, соғыс болмасын! Біздер соғысқа қатысып батыр болмайық. Біз бейбіт күннің батырлары болуға тырысайық. Ел үшін аянбай еңбек етіп, білім алып, өз жеріміздің патриоттары болуға мүмкіндіктер бар.
Айбар
Азаттықты аңсаған еркін елміз,
Дос пейілді ұлттарға жаны - көлміз.
Ұшқан құстың қанаты талатұғын
Көк аспанбыз, көсілең - алтын төрміз.
Санжар Ж
Отаным бар, ордам бар мақтанатын,
Қазақстанымды сүйемін, мақтап атын.
Бізді осындай егемен ел болсын деп,
Қазақстанда шығарған жастар атын.
Айсезім
Шекарада солдат тұр.
Ел бақытын қорғап тұр.
Көңілденсін ағалар,
Амандық хат жолдап тұр.
|
Оқушылар венн диагаммасын толтырады
|
Компьютер
Плакаттар
|
Соңы
|
Ән: «Атамекен»
Осымен Ұлы Жеңістің 78 жылдығына арналған «Жеңіс деген - шат күлкісі баланың» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.
|
Оқушылармен қоштасу
|
Презентация
|
Бекітілді ___________
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар
Достарыңызбен бөлісу: |