Сабақтың тақырыбы Әртүрлі механикалық қозғалыстардың графиктері(Пр№3)



бет5/7
Дата27.09.2022
өлшемі213.91 Kb.
#461431
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
қмжӘртүрлі механикалық қозғалыстардың графиктері

1

Ауырлық күші







2

Серпімділік күші







3

Үйкеліс күші







4

Тіректің реакция күші







5

Теңәрекетті күш









1.Қозғалып келе жатқан велосипедші қандай санақ жүйемен салыстырғанда тыныштық күйде қай кезде қозғалыста екенін санауға болады?

2. Велосипедтің ободының Б нүктесі Жермен салысырғанда қандай траектория сызады сурет арқылы көрсетіңіз,ободпен салысырғанда қандай траектория сызады.
3. Велосипедтің ободының А нүктесі қандай траектория сызады жермен cалыстырғанда сурет арқылы көрсетіңіз.
4.Доп 4 м биіктіктен төмен түсіп жерден ыршып қайтадан 1,5 м жоғары көтерілді. Доптың жүрген жолы мен орын ауыстыруын анықтаңыз.


Дескрипторлар

Тапсырма№


Критерийдің сипаттамасы

Балл

Қайталау
Тапсырма№1

Кесте толтырылған

2



Жаңа тақырыпты меңгеру
Тапсырма№2
Тапсырма№3




Сабақтың күні мен тақырыбы жазылған, Қозғалыстың анықтамасы жазылған

1



Сұрақтарға жауаптар дұрыс жазылған, физикалық шамалар әріптермен көрсетілген.





1


Санақ денесі , санақ жүйесі ерекшеліктері жазылған
.

1

Формулалар дұрыс жазылған

2

Математикалық есептеулер дұрыс .

2

Жауап дұрыс жазылған.

1




Барлығы:

10

Қысқа мерзімді жоспар



Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Мектеп: Дауан атындағы жалпы орта мектебі


Күні: Мұғалімнің аты жөні: Сайлауова А


Сынып :7 Қатысқандар : Қатыспағандар:

Сабақтыңтақырыбы



Механикалық қозғалыс және оның сипаттамасы. Санақ жүйесі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.1.1 келесі терминдердің физикалық мағынасын түсіндіру ( траектория, жол, орын ауыстыру )



Сабақтың мақсаты

1.Траектория, жол, орын ауыстыру шамаларының физикалық мағынасын білу

2.Траектория, жол, орын ауыстыру ұғымдарының ұқсастығы мен айырмашылығын білу



3.Траектория, жол, орын ауыстырудың белгіленуі мен
олардың ХБЖ өлшем бірліктерін білу және оларды қолдану
тәсілдерінің ерекшеліктерін түсіну



Бағалау критерийі

1.Траектория, жол, орын ауыстырушамаларының
физикалық мағынасын біледі
2. Денененің санақ денесімен салыстырғандағы қозғалысы
кезінде қалдырған іздерінің жағдайларға қарай түрліше
аталуын біледі.
3. Дененің кез келген уақыт мезетінде бастапқы орны мен
соңғы орнын қосатын кесіндінің және жолдың ұқсастығы мен
айырмашылығын ажырата алады.
4.Олардың белгіленуі мен өлшем бірліктерін жаза алады.



Тілдік мақсаттар



Термин: Траектория, жол, орын ауыстыру
Терминология

қ\с

қазақша

орысша

ағылшынша

1

траектория

трактория

trajectory

2

жол

путь

distance

3

Орын ауыстыру

перемещение

movement



Құндылықтарға
баулу

Еңбек өнімділігін арттыру үшін өнеркәсіпте біз траектория, жол, орын ауыстыруды үнемі өзгертіп отыруымыз керек



Пәнаралық байланыс

Математика, бейнелеу(Сызбаларды математика мен бейнелеу өнері пәндерінде салып көрген)



Алдыңғы білім



Математика,бейнелеу пәнінен ғылыми жаратылыстану пәндерін оқу обьектілерімен таныс(жүрілген жол,қалдырған із т.б )




Сабақтың барысы




Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері



Ресурстар




Сабақтың басы
(12 мин)



І. Ұйымдастыру
1.Сәлемдесу
2.Оқушыларды түгелдеу
3.Траектория, жол, орын ауыстыру деп түрлі түсті қағаздарға жазып үш топқа бөлу
4.Жағымды ахуал туғызу әрі үй тапсырмасын тексеру
5.«Физика мұнарасы» әдісі бойынша
А Қозғалыстың қарастырылып отырған
бөлігінде өлшемдерін елемеуге болатын
дене………..
Ә Санақ жүйесі ………
Б Қозғалыс салыстырмалылығы……
( Ойлау,тыңдалым.саралау,нәтижеге жету,
көрсетілім,есте сақтау дағдыларын қалыптастыру )

Сөздер жазылған қима қағаздар




Сабақтың ортасы
(25 мин)

Жаңа сабақты түсіндіру

Бұл суретте А нүктесінен В нүктесіне қарай қозғалған жаяу адам мен автомобиль кескінделген.Олар В нүктесіне әр түрлі сызықтардың бойымен қозғала отырып жетеді.
Траектория-дененің немесе материялық нүктенің санақ денесімен салыстырғандағы қозғалысы кезінде сызық түрінде қалдырған ізі
Жол және орын ауыстыру - Қандай да бір уақыт аралығында дене жүріп өткен траекторияның ұзындығы осы уақыт ішінде жүрілген жол деп аталады. Оны s әрпімен белгілеу келісілген.
Қозғалыстағы дене әрқашанда белгілі бір бағытта қозғалады. Мысалы, дененің бастапқы орны А нүктесі болсын .Осы дененің белгілі бір Уақыт тан кейінгі В жаңа орнын, бізде В нүктесін табу үшін, оның бастапқы орнын соңғы орнымен қосатын кесіндінің бағытын да білу керек. Дененің бастапқы және соңғы орнын қосатын осы бағытталған кесінді дененің орын ауыстыруы болып табылады. Орын ауыстыруды S әрпімен белгілейді және ол бастапқы нүктеден соңғы нүктеге қарай бағытталған деп есептеледі.Сонымен, дененің (немесе материялық нүктенің) орын ауыстыруы деп дененің бастапқы орнын оның келесі орнымен қосатын бағытталған кесіндіні айтады.
Дененің орын ауыстыруын оның қозғалыс траекториясынан ажырата білу керек. Қозғалыс траекториясы мен орын ауыстыру бір-бірімен дәл келмеуі мүмкін. Мысалы, дене А нүктесінен В нүктесіне орын ауыстырғанда орын ауыстыру қозғалыс траекториясымен дәл келмейді. Әдетте, жүрілген жол орын ауыстырудың ұзындығынан үлкен болады, тек түзусызықты қозғалыс кезінде ғана орын ауыстыру мен траектория дәл келеді, яғни жолдың ұзындығы орын ауыстырудың ұзындығына (модуліне) тең болады.
Сонымен, дененің кез келген уақыт мезетіндегі орнын табу үшін оның бастапқы орнын және сол уақыт мезетіне дейінгі орын ауыстыруын білу керек.[1]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет