Сабақтың тақырыбы: Эстрада өнері Мақсаты: Эстрада өнерінің бүгінгі тынысын таныстыру,шығармашылыққа баулу. Міндеттері



Дата20.06.2016
өлшемі3.51 Mb.
#149137
түріСабақ
Айгүл Жұбаназарова Бертайқызы
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы,

Т. Жаманмұрынов атындағы орта мектебінің

музыка пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Эстрада өнері

Мақсаты: Эстрада өнерінің бүгінгі тынысын таныстыру,шығармашылыққа баулу.

Міндеттері

1.Эстрада өнері тарихын баяндау,музыкалық білімдерін толықтыру.

2.Эстарада жанрында ән айту қаблеттерін шыңдау.

3.Эстрада жанрындағы патриоттық әндерді орындата,тыңдата отырып,елін,жерін сүюге тәрбиелеу.



Көрнекілігі: Суреттер,гүлдер,көбелек қағаз

Әдіс-тәсілдер:Сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтерін пайланау.сұрақ-жауап,түсіндіру,миға шабуыл,ән орындау,

Сабақтың түрі:аралас

Сабақтың типі: дәстүрлі

Сабақатың барысы.

І.Ұйымдастыру

Ән орындау. «Біз-бейбіт ел ұланы»

\Оқушылар тақта алдында екі қатар боп сап түзеп тұрып, Н.Тілендиевтің әнінен,Т.Молдағалиевтің сөзіне жазылған «Біз-бейбіт ел ұланы» атты әнді орындайды.\

Психологиялық дайындық. «Гүлдерден сый» трененигі

Үй тапсырмасы. \Гүлге қонған көбелектерде үй тапсырмаларының сұрақтары беріліп,сол арқылы оқушылар үй тапсырмасын айтады \

1. «Біз-бейбіт ел ұланы» әннің авторлары кім?

2. «Біз-бейбіт ел ұланы» әнінің мазмұны қандай?

3. «Біз-бейбіт ел ұланы» әні қай кинода орындалады?

4.Киномузыка дегеніміз не?

6.Қазақ киноларына музыка жазған тағы қандай сазгерлерді білеміз?

7.Қазақ киносының алтын қорынан орын алатын «Қыз Жібек» киносына кімдер қандай музыка жазды?

8.1935 жылы шыққан «Амангелді» киносының музыкасын кім жазды?

9. Кинофильмдерге түскен қандай әншілерді танимыз?

Жаңа сабақ. «Миға шабуыл» әдісі арқылы тақырыпқа кіріспе сұрақтар

\Интеркативті тақтадан Ә.Молдағұлованың суреті көрсетіліп тұрады\

1.Оқушылар назарымызды экранға салайық,бұл кім?

2.Ә.Молдағұлова қандай тұлға?

3.Ә.Молдағұлова туралы тағы не білеміз?

4.Батыр қызға арналған қандай ән бар?



Музыка тыңдау.

«Әлия» \С.Бәйтереков,Ш.Сариев\ орындайтын Р.Рымбаева \бейнежазбадан көрсетіледі.\



Музыкалық сауат ашу. Р.Рымбаева дүниежүзілік эстарада әншілері сайысында алғаш рет қазақ халқын әлемге танытты.Ол қазақ қызының батырлығын баяндайтын «Әлия» әнін орындап,сол сайыста бас жүлдені жеңіп алды.Р.Рымбаеваның қазақ эстрадасына сіңірген еңбегң зор,ол Қазақстан Республикасының халық артисі.Әліде болса әсем әндерімен қазақ халқын қуантуда.

Сұрақтар

1.Р.Рымбаеваның қандай әндерін білесіңдер?

2.Ол қандай әнші?

3.Ол қандай киноларда ән салды? \ «Қош бол,Медеу»к\ф басты рөлде ойнады\



Жаңа тақырыпты әңгіме әдісі арқылы түсіндіру:

\Тақырыпты түсіндіру барысында әнші,композиторлардың суреті экраннан көрсетіліп тұрады\

-ХХ ғасырдың ортасынан бастап қазақ музыка өнерінде эстрада әндері дүниеге келді.Эстрада әндері тыңдауға жеңіл,бір ырғақта жүреді.Ал мазмұны жағынан әр түрлі болады.Мысалы,табиғатқа,махаббатқа немесе Отан,туған жерге арналады.Әндердің музыкасын композитор жазса,ал ақын сөзін шығарады.Ал мұндай әндерді ел арасында эстрада әншілері орындайды.

Қазақ эстрада жанрын жасауда зор еңбек еткен әйгілі композиторлар Шәмші Қалдыаяқов болды.Ол көптеген әсем әндер жазды.Соынң бір дәлелі Ш.Қалдыаяқовтың Ж.Нәжімеденовтың сөзіне жазылған «Менің Қазақстаным» әні Қазақ елінің әнұрны болып тағайындалды.Жігерлі,елге рух беретін әнге елбасы Н.Назарбаев заман талабына сай толықтырулар енгізіліп,орындалып жүр.Ал Шәмшінің әндерін елге танымал еткен даңқты қазақ әншісі Роза Бағланова. Роза Бағланова Шәмші әндерінің алғашқы орындаушысы.

Ол Шәмшінің «Ақ маңдайлым»,«Ақ сұңқарым» секілді әндерін нақышына келтіріп орындап,халыққа жеткізді.

Бұл әндер әлі күнге дейін елдің ықылысына бөленіп жүрген әншілердің ән қоржындарынан ерекше орын алған.Шәмші әндерінің шебер орындаушылары брі Бибігүл Төлегенова.Опера әншісі бола тұра Шәмшінің

«Қайықта» әнін құйқылжыта орындайды. Сонымен қатар Алтынай Жорабаева.Халықаралық байқаулардың жүлдегері.Шәмшінің «Өмір өзен» әнінің бағын ашқан,эстарада әнішісі.

Қазақ эстрадасының дамуына үлес қосқан сазгерлер.

Алтынбек Қоразбаев,сазгер,әнші,ұстаз. «Сағындым Алматы», «Үшқоңыр»секілді көптеген әндердің авторы. Қалдыбек Құрманәлі,сазгер,ұйымдастырушы «Кірмеші жиі түсіме», «Шәмші аға»секілді көптеген әндердің авторы.

Нұрғиса Тілендиев Атабайұлы- дирижер, композитор,домбырашы, Қазақстанның халық артисі.

П. И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының дирижерлік факультетін бітірген.

1981 жылы “Отырар сазы” қазақтың мемлекеттік фольклорлық - этнографиялық оркестрін құрып, өмірінің соңына дейін соған жетекшілік етті. “Ата толғау”, “Аққу” оркестрлік поэмасының, 40 шақты ән мен романстардың авторы.

Жаңа сабақты бекіту.

Дәптермен жұмыс. ХХ ғасырдың ортасынан бастап қазақ музыка өнерінде эстрада әндері дүниеге келді.Эстрада әндері тыңдауға жеңіл,бір ырғақта жүреді,мазмұны жағынан әр түрлі болады.

Төрт жол өлең құрастыру.

Елін сыйлап,тамсандырған

Сыңғырлаған үндері.



Әнші аға,апалармен,

Жаса қазақ әндері.



Музыка тыңдау. «Анаға сәлем» \Е.Хасанғалиев\ орындайтын: «Музарт» триосы

\Әннің авторы,орындаушылары таныстырылады \

Ескендір Хасанғалиев эстардының шоқтығы биік сазгерлерінің бірі,оның көптеген әндері халыққа таныс.Әлі күнге дейін сазгер әндер шығарып,өзіде орындайды.Жыл сайын шығармашылық есеп беру концерттерін өткізеді. «Атамекен» , «Атамекен» әнін халық өте жақсы қабылдап,жиі орындайды.

«Анаға сәлем» әнін «Музарт» триосы халықтың жүрегіне жеткізе орындай білді. «Музарт» троисы қазақ эстрадасындағы алғашқы трио құрған топтардың бірі және орындаған әндерін халық сүйіп тыңдайды.



«Жүректен жүрекке»

1.Балалар бізде қазір қандай мезгіл?

2.Қандай мезгіл келе жатыр?

3.Көктем мезгілінің ерекшедіктері қандай?

4.Көктем мезгіліндегі алғашқы мереке қандай?

- Дұрыс айтасыңдар 8-наурыз халықаралық әйелдер күні,аналарымыздың мерекесі! Ана барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді,өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды Ана -ұлы адам ,Ана- құдіретті жан, ендеше АНАларымыздың келе жатқан мерекесі құтты болсын.Баршамыз шаттық шеңберіне тұрып,аналарымызға,ұстаз апайларымызға арналған жүректен шыққан ақ тілектерімізбен сабағымызды аяқтайық.



Бағалау.

Белсенді оқушылар мадақталып,бағаланды.

\Қызыл,көк,сары түстерге боялған сегіздік нота арқылы бағаланады\

Қызыл нота-5, көк нота-4, сары нота-3



Үйге тапсырма.

1. «Менің сүйікті әншім» ойтолғау жазып келу.

2. Дәптердегі анықтаманы жаттау.

3. «Ана өмір шуағы» тақырыбында сурет салып келу.

Бүгінгі әдемі сабақ үшін рахмет,балалар.

Сау болыңдар,балалар!







«Эстрада өнері» тақырыбындағы ашық сабағынан көріністер....

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет