«Кинематика негіздері. Механикалық қозғалыс» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Оқу мақсаттары 7.2.1.1. келесі терминдердің физикалық мағынасын
түсіндіру - материялық нүкте, санақ жүйесі, қозғалыстың салыстырмалылығы, траектория, жол, орын ауыстыру
7.2.1.4. қозғалыстағы дененің жылдамдығы мен орташа жылдамдығын есептеу
7.2.1.7 - бірқалыпты қозғалған дененің орын ауыстыруының тәуелділік графигінен жылдамдығын анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
Қозғалыстағы дененің жылдамдығы мен орташа жылдамдығын есептейді
Бірқалыпты қозғалған дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділік графигінен жылдамдықты анықтайды
Траектория, жол, орын ауыстырудың физикалық мағынасын анықтайды.
Ойлау дағдыларының
деңгейлері білу, түсіну, қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырмалар
Төменде берілген сөйлемдердің шындық немесе жалған екенін анықтаңдар.
1.Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс кезінде жылдамдық өзгермейді.
|
Шындық/Жалған
|
2. 108 км/сағ=25 м/с
|
Шындық/Жалған
|
3.Дененің бастапқы орны мен соңғы орнын қосатын түзу сызық – орын ауыстыру
|
Шындық/Жалған
|
4.Траектормяның ұзындығы – жүрілген жол, жол- скаляр шама.
|
Шындық/Жалған
|
[2]
Жылдамдықты өлшейтін құрал
А) секундомер Б) мензурка В) таразы Г) спидометр
[1]
Достарыңызбен бөлісу: |