Топтық жұмыс
10 минут
Жұптық жұмыс 5 минут
Жеке жұмыс
13 минут
|
«Шағын зерттеу» әдісі Топтарға тапсырма беріледі. Берілген заттардың өлшемдерін анықтайды.
топ. Бір парақ қағаздың қалыңдығын анықтау
топ. Тоғызқұмалақ тастарының өлшемін анықтау
топ. Қаламсаптың диаметрін анықтау
«Бізден – сұрақ, сізден-жауап» әдісі
Зертханалық жұмысты орындау
«Кішкентай денелердің өлшемдерін анықтау»
Қажетті құралдар мен жабдықтар: бұршақ, тары, күріш дәндері, моншақ, жіп, жіңішке сымдар.
Жұмысты орындау барысы:
Сызғыштың бойына бірнеше дәнді (бұршақ, күріш, сөк) бір- біріне түйістіріп, қатарластыра орналастырыңдар. Осы қатар- дың L ұзындығын анықтаңдар. Бұл ұзындықты N бұршақтар санына бөліп, бұршақтың орташа диаметрін табыңдар:
d=L/N
Дөңгелек қарындашқа сымды (жіпті) ораңдар. Орамдар бір- біріне тығыз орналассын. Сызғыштың көмегімен оралған бөліктің L ұзындығын табыңдар. Бұл ұзындықты N орам санына бөліп, жіптің орташа қалыңдығын (диаметрін) аламыз:
d=L/N
|
Топ мүшелері топ ішінде кішкентай денелердің өлшемін қалай анықтау жөнінде топтық талқылау жүргізеді.
Эксперименттік жұмысты жүргізіп, қорытындыны дәптерге жазады. Кесте толтырып, нәтижесін таныстырады.
Оқушылар жұппен тақырып бойынша 2 сұрақтан қояды және сұрақтарға жауап береді.
Оқушылар зертханалық жұмысты жеке орындайды. Берілген құралдар мен жабдықтардың көмегімен 1-2 дененің өлшемін қатарлау тәсілімен анықтап, нәтижесін кестеге толтырады. Қорытынды жасайды.
|