1-тоқсан: Музыка және поэзия
|
Сабақтың тақырыбы: Құрманғазы жайлы бір толғау.
|
Күні:
|
Мұғалім:___________________________
|
Сынып: 5
|
Қатысқан оқушы:
cаны________
|
Қатыспаған оқушы
cаны________
|
Осы сабақтағы негізгі мақсаттары
|
Сабақтың мақсаты: Құрманғазы шығармашылығымен танысу.
Білімділік мақсаты:Құрманғазының «Балбрауын» күйінің тарихымен танысу.
Дамытушылық мақсаты: Ән айту өнерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Ұлттық өнерімізді қадірлеуге баулу.
Міндеті: Қазақ халқының музыкалық дәстүрін білуі.
Ән үйрену-орындау: «Дос туралы жыр» Әні: С. Бәйтерековтікі.
|
Сабақтағы музыкалар
|
«Қайран Нарын»—тыңдауға.
«Дос туралы жыр»—қайталау.
«Балбрауын» күй---тыңдауға.
|
Алдыңғы сабақтағы білімді тексеру:
|
Оқушыларға сабақтағы үйренген әндерін қайталатамын. Өз шығармашылықтарын көрсетуін сұраймын.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақ кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
0-5 минут
|
І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық .
|
Аудиожазба
|
Сабақтың ортасы
7-11 минут
12-14
15-20
21-35
|
А) Жаңа тақырыпты меңгерту, әңгіме әдісі арқылы.
1 Құрманғазы Сағырбайұлы (1806- 1879) – қазақтың күйші, композиторы,
домбырашы, халықтық аспаптық күй өнерінің классигі. Күйші қазіргі Батыс
Қазақстан облысының Жаңақала ауданындағы Жиделіде туған. Атақты
күйшілерден күйлерінің мазмұны туралы әр түрлі әңгіме тыңдаған.
Құрманғазының алғашқы ұстазы – белгілі күйші Ұзақ болған. Ұзақпен бірге
ел аралап, домбырашылық өнерін жетілдірген, өнер сайысына түскен.
Құрманғазының алғашқы күйлерінің бірі – «Кішкентай». Одан кейін «Ақбай»,
«Ақсақ киік», «Көбік шашқан», «Адай», т.б. күйлерін шығарған. Күйші
Астрахан облысының Володар ауданындағы Алтынжар ауылында қайтыс болған.
Сол жерде ескерткіш орнатылған және мұражай ашылған. Құрманғазының
музыкалық мұрасы өте бай. Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрі
Құрманғазының мұрасын өте берік сақтады. Бұл оркестр Қазақстанның барлық
жерлерінде, Мәскеуде, Санкт-Петербургте, Балтық жағалауында, Молдовада,
Орта Азия республикаларында өнер көрсетті. Оркестр Бухаресте 1953 жылы
тамызда болған дүниежүзілік фестивальда бірінші жүлдеге ие болды.
Музыка тыңдайық:
«Балбрауын» күйі. Не туралы? Күйдің шығу тарихымен танысады. Қазақтың Құрманғазы атындағы ұлттық аспаптар оркестрі орындайды.
Ән орындайық: «Дос туралы жыр» әні, Әні С. Бәйтерековтікі, (қайталау)
Әнді орындамас бұрын мәтінін мәнерлеп оқып беремін. Ән орындағанда, оқушылардың зейінін әннің сөзіне аударған жөн. Әсіресе ауыспалы кварта ноталарын таза орындалуын қадағалау.
|
Оқулық және суреттер
Аудиожазба
Нота жазбалары
Аудиожазба
«Балбраун»
(Құрманғазы)
«Дос туралы жыр» (С.Бәйтереков)
|
Сабақтың соңы
35-45
|
Сабақты қорытындылау:
Құрманғазы кім болды?
Құрманғазының қандай күйлерін білеміз.?
Қандай арнау күйлері бар.?
Балбрауын күйі қалай шыққан ?
Үйге тапсырма: Құрманғазы жайлы қосымша мәліметтер оқып, жинау. «Дос туралы жыр» әнінің сөзін жаттау.
Бағалау:
Тексерілді: ________
|
жазылған карталар
|