Білімді бекіту, бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Т.Ахтановтың шығармашылығын оқып келуге беремін.
Күні: 26.01.16ж Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11
Сабақтың тақырыбы: Тахауи Ахтанов «Шырағың сөнбесін»
Сабақтың мақсаты:
а)жазушының өмірінен мәлімет бере отырып ерлікке, адамгершілікке баулу;
ә) логикалық ойлау қабілеттерін, өмірге деген көзқарастарын дамыту. Шығармашылық белсенділіктерін шыңдау, көркем мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
б) туған жердің табиғатын сүйе білетін, оған құрметпен қарай алатын көзқарасқа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру т.б.
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.
Үйге берілген Т.Ахтанов шығармаларын, өмірбаянын сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
Т.Ахтановтың қызмет еткен журналдары мен алғашқы жарияланған өлеңдері .
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Жазушының соңғы туындысы «Шырағың сөнбесін» романы (1981).
«Шырағың сөнбесін» романы соғыс шындығы арқылы адам өміріндегі ең үлкен алапатты суреттей отырып, адамның өзі, тіршілігі үшін күресі жалғасып, жаңа өмір үшін күреске ұласатынын көрсетеді. Қамқа әженің аузынан айтылған «Шырағың сөнбесін» деген екі сөзде «өмірің жалғаса берсін», «ұрпағың өшпесін» деген мағына барын романның бас кейіпкері Нәзира соғыс үстінде ұғынады. Қанша қиындық көрсе де, екіқабат жас әйел ішіндегі нәресте туралы ойласа, осы сөзді еске алады.
Роман оқиғасы майданда емес, майдан мен елдің шекарасында өтеді. Кейіпкерлері әскери адамдар емес – кеңес офицерлерінің елге қайтарылған әйелдері, бала-шағасы. Соғыс басталып кеткенде кейін көшірілген адамдардың көрген, бастан кешкен қиындықтары арқылы жазушы соғыспен оған тікелей қатысып жүрген солдаттардың ғана емес, олардың отбасы мүшелерінің де бетпе-бет кездесуін суреттейді.
Роман кейіпкерлері көп емес. Бүкіл оқиға Нәзираның естелігі арқылы өрбиді.
Қазақ ауылынан бірінші рет Қасымбекке еріп, алысқа ұзап шыққан он тоғыз жасар келіншек - өмірде де көп нәрсені көріп үлгірмеген адам. Бұйығы, нәзік. Өзі жүкті. Соғыс басталып кетеді де, кейін қайтады. Асығыс жүктерін машинаға тиеп, жаяулап станцияға жету, вокзал басындағы қарбалас, жүрісінен тұрысы көп қызыл вагондағы қысылшаң өмір, аштық, жолшыбай жау бомбасы астында қалу, вагонның өрттенуі, көпірдің бұзылуы, кейін қарай жаяу шұбыру, фашистермен бірінші кездесу, алғашқы көрген өлім, бет-бетімен тарау және т.б.
Осы оқиғалардың бәрі жас адамның өмірдің ауыртпашылықтарымен бірінші рет кездесіп, ол туралы толғанысы, ойлану үлгісінде суреттеледі.Достық, қайырымдылық, қысылғанда біріңе-біріңнің көмекке келуің, қиындыққа мойымай қажырлылық көрсету – Нәзираның жолдас әйелдері бойынан тапқан жақсы мінездері.
Таныс емес ортада адам аярлық қиыншылық кешкен қазақ әйелі Нәзираның ішкі сезім дүниесіне үңілу арқылы Тахауи оның бойындағы адамдық қылықтарды жолдастық, достық қарызы дегендердің негізгі төркінін ұтымды ашады.
Достарыңызбен бөлісу: |