Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін
Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Қазіргі қазақ әдебиеті тақырыбын оқып келуге беремін.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11
Сабақтың тақырыбы: Қазіргі қазақ поэзиясы
Сабақтың мақсаты: а) логикалық ойлау қабілеттерін өмірге деген көз қарасын дамыту. Шығармашылық белсенділіктерін шыңдау;
ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;
б) оқушылардың ойлау қабілеттерін,ауызша және жазбаша пікір айту дағдыларын қалыптастыру;
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру т.б.
Сабақтың көрнекілігі: бүктемелер,кітаптар т.б.
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Қазақ әдебиетіндегі ірі өзгеріс тап сол 60 жылдардан басталғандай.Бұған тікелей әсер еткен – сол қоғамның ішіндегі өзгеріс.20 жылдардан әдебиеттегі жаңашылдыққа революция себеп болып,бұған дейінгі әдебиет жарамсыз деп,сан қилы айдар тағылып,тізімнен шығарылып тасталып,орнына жаңа ағым,тіпті соның ішінде поэзияда жаңа форма,жаңа тармақ қолданылғаны белгілі.Сөзімізге В.Майковский,С.Сейфуллин,С.Мұқанов жырларының құрылысы куә бола алады.Яғни 60-жылдардағы әдебиеттегі,өлеңдегі жаңа түр,соны ізденістерге негізгі арқау болған Кеңестер Одағы Компартиясының ХХ съезіндегі «Жеке басқа табынушылықты» әшкерелеген баяндама еді.Демек,60-80 жылдар поэзиясының өзгеруіне бұрынғы сораптан шығып басқа түр,сипат алуына,тармақтардың еркін кестелеуіне қатып қалған қасаң қағидалардан шығуына басты себеп – қоғамдағы «жылымық» еді.
Екінші себеп,осымен сабақтасып кетеді.Өйткені бұл мезеттерде қазақ әдебиетінде ХХ ғасырдың маңдай алды ақындары С.Сейфуллин,І.Жансүгіровтер оралды.Көп күрес,теке тіреспен С.Торайғыров еңбектері өзінің шын бағасын алды.Тіпті Шәкәрім мұрасын да кейіндері ақтамаққа қадам жасалды.Тарих сахнасының пердесі бүтіндей ашылмаса да,арғы жақтан Шәкәрім,Мағжан сұлбалары байқалғанымен оқырманға жетпесе де Сәкен,Сұлтанмахмұт,Бернияз,Ілияс жырлары үлкен олжа еді.Осының өзі-ақ – қазақ өлеңінің дәрежесін көтеріп,қыр асырып тастады.Сәкен өлеңдерінің биік пафос 60-жылдар ақындарына ауысты. «Сыр сандық» сияқты сыршыл өлеңдер туа бастады.Бірақ Сәкеннің Маяковскийден әкелген баспалдақты тармақтарын да әсіре қолданып,форма қуушылыққа салынып кету де байқалды.Бұл үрдіс Т.бердияров,О.Сәрсенбаев, Ж.Қыдыровтардың шығармаларында көрініс берді.Есесіне Ілияс жырындағы қара өлеңнің айнымас қалыбы М.Мақатаев,Т.Молдағалиевтерден көрінді.Тіпті тақырып ұқсастығының бар екеніне көз жеткізугеболады.Б.Күлеевтің «Қайың» өлеңіндей М.Мақатаевта «Сен адам бола бастасаң,мен қайың бола бастайын» секілді тіркестері,Сәкеннің «Аққудың айрылуы» поэмасында сабақтастық бар екендігі күдік тудырмаса керек.
Үшінші себеп,Ұлы Отан соғысы фашистерге қарсы кекпен бірге әрбір солдаттың ішкі әлемінің нәзік қылына қол созғызды.Бұл орыс әдебиетіндегі А.Твардовскийдің Василий Теркиндей бейнесін сомдатты.Бірақ Б.Майлиннің жоқтығынан Мырқымбай бұл соғысқа қатыса алмады.Есесіне Қ.Аманжаолвтың Абдолла бейнесі жасалды,майдангер жүрегіне желкен салған «Дариға,сол қызы» дүниеге келді.Ж.Саиннің «Есімде Айдар өзені»,Д.Әбілевтің «Жылама», Ғ.Ормановтың «Гүлі», «Орамалы», орыс ақындары О.Лебедев-Кумач,К.Симонов, М.Исаковскийдің,А.Сурков,А.Твардовский шығармаларымен үзеңгілес,теңдес келе алады.Осының бәрі 60-жылдар ақындарына тікелей әсер етті.Лирикалық қаһарман бейнесін ашу үшін соны үрдіске,әр қырлы тармақ,бунақ,ұйқасқа жүгінуге алып келді.
.
Достарыңызбен бөлісу: |