Семантикалық картамен жұмыс: 1902 жылы дүниеге келді
1917 жылы оқуға түседі
1923 жылы Омбы қаласында оқиды
1928-1938 жылдары жауапты орындарда қызмет атқарады.
1938-1955 жылдары әдеби жұмыспен айналысады.
1956-1966 жылдары «Ара-Шмель» журналының бас редакторы болып қызмет атқарады.
Білімді бекіту:Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін
Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Үйге Ғ.Мүсіреповтың «Ұлпан» романын оқып келу.
Күні: 22.12.15ж Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11
Сабақтың тақырыбы: Ғабиден Мұстафин
Сабақтың мақсаты: а) оқушылардың ойлау қабілетін,сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;
ә) оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру;
б) сабақ барысында оқушыларды мәнерлеп оқуға дағдыландыру.
Сабақтың түрі:жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап баяндау.
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар,электрондық оқулық т.б.
Пәнаралық байланыс:тарих
а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау. Үйге берілген Ғ.Мүсіреповтың өмірбаянын,шығармашылығын сұраймын. 1.Ғ.Мүсіреповтың «Оянған өлке» тындысы қазақ әдебиетіне несімен жаңалық болып қосылды?
2.Ғ.Мүсірепов әдебиеттегі сөз құдіретін түсінген қазақ сөзін қадірлеп өткен қаламгер екені белгілі,бұған өзің қандай мысал келтіресің?
б) Жаңа сабақты түсіндіру: Қазақ әдебиетінде қарапайым еңбек адамының көркем бейнелерін сомдаған Ғ.Мұстафин 1902 жылы Қарағанды облысында туған. Ауыл молдасынан хат таныған соң 1916 жылы орысша-қазақша мектептің 4-сыныбына оқуға түсіп,бір жылдан кейін бітіреді.1918-1925 жылдары жаңа құрылған ауылдық кеңестің жұмыстарында қызмет етеді.Қазақстандағы жаңа құрылыс өзгерістері,заманның қилы кезеңдеріндегі адамда тағдырын көркем кестеге түсіру жазушы өмірінде Қызылорда қаласында жоғарғы сотта қызмет еткен кезеңінен басталады.Ғ.Мұстафин өзі куә болған,сотқа түскен қағаз беттеріндегі адамдар жайында хабарлама,очерк,фельетондарын «Еңбекші қазақ» газетіне жариялай бастайды.Алғашқы еңбегі «Ер Шойын» 1929жылы жарияланды.Жинаққа «Сәрсен мен Боқаш», «Ер Шойын», «Қан», «Қашқын» т.б. әңгімелері енген.Шығармалары еңбек,тап күресі тақырыптарын қамтыды.