Сабақтың тақырыбы: І.Есенберлин
(1915-1983)
Сабақтың мақсаты:
а)жазушының өмірінен мәлімет бере отырып ерлікке,адамгершілікке баулу;
ә) логикалық ойлау қабілеттерін,өмірге деген көзқарастарын дамыту; б) сабақ барысында оқушыларды мәнерлеп оқуға машықтандыру.
Сабақтың түрі: баяндау
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,хрон. кестені тол.
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау.
Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1.Соғыс кезіндегі қазақ әдебиеті жайлы не айтасыңдар?
2.Соғыстан кейінгі әдебиетке кімдердің шығармаларын жатқызасыңдар?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Әйгілі жазушы қазақ әдебиетін талай қырға шығарып тастаған,қала берді,алпысыншы жылдары қазақ санасында төңкеріс жасаған І.Есенберлин 1915 жылдың 10 қаңтарында қазіргі Ақмола облысының Атбасар қаласында дүниеге келген.Қазақ тау-кен және металлургия институтын бітірген.Жазушының алғашқы шығармалары баспасөз бетінде 1940 жылдан бастап жарық көреді.Поэзия,проза,драматургия,кинодраматургия саласында жемісті еңбек еткен жазушы алғашында ақын ретінде танылады. 1945 ж. «Сұлтан», «Айша» дастандары жарық көреді.
Бес поэма,төрт пьеса,үш киносценарий,он алты роман жазған қаламгердің берекелі таланты – қазақ халқы өмірінің ғасырлар панорамасын көрсетіп берді.Көпғасырлық тарих,ұлттық зиялы қауымның қалыптасу кезеңіндегі трагедиялар,колхоздастыру дәуірінің шындығы.Ұлы Отан соғысына қазақтардың қатысы,тың игеру жылдарының хикаясы,Маңғыстау майданы,геологтар,мүсіншілер,артистер,жазушылар тағдыры – Ілияс Есенберлиннің романдар сериясындағы өзекті тақырыптар.
Достарыңызбен бөлісу: |