Сабақтың тақырыбы: Химиялық элементтер- адам ағзасында Білімділік мақсаты



жүктеу 50.69 Kb.
Дата13.06.2016
өлшемі50.69 Kb.
Джумагазиева Карлыга Тулеуқызы

Химия пәні мұғалімі

Қ. Сәтбаев атындағы№19 орта мектеп

Атырау қаласы

Сабақтың тақырыбы: Химиялық элементтер- адам ағзасында
Білімділік мақсаты:

Адам ағзасындағы химиялық элементтердің үлесі, ағзада алатын рөлі жөнінде түсінік беру


Дамытушылық:

Өз бетінше іздену, пікір айту, шығармашылық қабілетін дамыту


Тәрбиелік:

Адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру


Сабақтың көрнекілігі:

Интерактивті тақта


Сабақтың түрі:

Аралас сабақ


Сабақтың әдісі:

Сұрақ жауап, кестемен, мәтінмен жұмыс


Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Сұрақтар беру:

  1. Химиялық элементтердің периодтық жүйесі қай жылы ашылды? Кім ашты?

  2. Периодтық жүйеде неше период бар? Период нешеге бөлінеді?

  3. Периодтық жүйеде неше топ бар? Топ нешеге бөлінеді?

  4. Период қай металдардан басталады?

  5. Период қандай элементтермен аяқталады?

  6. Жаттығу жұмысы. 3 химиялық элементке сипаттама



ІІІ. Кестемен жұмыс.

Химиялық элементтердің биологиялық рөлі




Химиялық элемент

Химиялық элемент кездесетін зат

Химиялық элементтердің маңызы

Көміртек, сутек, оттек, азот

Ақуыздар, көмірсулар, т.б.органикалық заттар

Органикалық заттар түзу үшін қажет

Кальций

Кальций фосфаты, кальций карбонаты

Қанның ұюы, сүйекте, тіс эмалінде кездеседі

Калий, натрий

Na+ ағзаның сыртындағы ион K+ағзаның ішіндегі ион

Жүйке импульсін реттейді

Магний

Хлорофилл

Фотосинтез процесінде кездеседі. Ферменттің жұмысын жақсартады.

Күкірт

Ақуыздар, көмірсулар, т.б.органикалық заттар

Ақуыз құрылысын түзі үшін қажет

Фосфор

Нуклеин қышқылдары

Нуклеин қышқылдарын түзу үшін керек және сүйекте болады

Темір

Гемоглобин

Оттек тасымалдайды

Фтор

Кальций фториді

Сүйекте, тісте болады

Йод

Тероксин

Қалқанша безде кездеседі

Хлор

HCl

Асқазан сөлінде болады


IV. Мәтінмен жұмыс
Мәтін №1

Адам ағзасында 1000-1200гр кальций болады, 99% сүйекте, тісте, 1% жасушада, қан құрамында маңызды рөл атқарады. Магний күніне адамға 400 мг қажет. Магний жетіспесе адам ашуланшақ, жылауық болады, ұйқысы нашарлайды, қан қысымын реттеп отырады. Барий - бұл да осы топ элементі. Бірақ, ағзаға қауіпті, тұздары улы. Бауыр, сүйек, қан тамырларына зиянды.


Мәтін №2

Мырыш ІІ топтың қосымша топшасында орналасқан. Ол ферментпен гормондардың түзілуіне қажет элемент. Кадмий биологиялық рөлі теріс элемент. Ол қоқысты және пластмассадан жасалған заттарды жаққанда түзіледі. Темекінің 1 данасын тартқанда 1-2 микрограмм кадмий өкпеге барады. Сынап көп мөлшерде өте зиянды, жүрек жұмысын нашарлатады.

Мәтін №3

Бор ІІІ топтың негізгі топшасында орналасқан ағзаға қажет элемент. Өсімдіктердің өсуіне, тыныс алу процесіне, зат алмасуға оң әсер етеді. Талий күшті улы зат. 1995 жылы Пекин университетінің студенті аяқ астынан ауырып, шаштары түсе бастаған. Ауруханада тексерістен өткен кезде талий элементінен уланғанын анықтаған.


Мәтін №4

IV топ элемент көміртек – өмір негізі, ал қорғасын және оның қосылыстары улы, рак ауруын тудырады. Ертеде Рим әскери қолбасшының ұрпағы біртіндеп құрып кеткен. Себебі, үйдегі ыдыстармен су құбыры қоғасыннан жасалған. Аз мөлшерде үнемі сумен адам ағзасына жиналып, жүйке жүйесін улаған.


Мәтін №5

V топ элементі азот пен фосфор тірі ағзада кездеседі. Оларға ұқсас мышьяк тері рагын тудырады. Көмірдің күлінде, мыс өндіретін зауыт қалдықтарында кездеседі.


V. Тест

1. Өмір элементтері, бұлар:

А) H, C, N, O, P, S

Б) C, N, S, P, Cu, Fe

В) F, Zn, Co, Cl, J, Ca
2. Рим әскери қолбасшыларының ұрпағының құрып кетуіне олардың үйіндегі ыдыстарымен су құбыры кінәлі деген болжам бар. Олар қай заттан жасалған?

А) күміс


Б) қорғасын

В) мыс
3. Темір гемоглобин құрамында кездеседі, қанға қызыл түс береді. Темір жетіспесе адамның басы ауырып, тез шаршайды. Темір қай затта көп?

А) сәбіз

Б) қарбыз

В) алма
4. Алюминийден жасалған ыдысты кедейлердің ыдысы деп атайды. Себебі:

А) ұмытшақ ауруын тударады

Б) арзан

В) дүкенде өте көп


5. Пекин университетінде оқитын студент қыз аяқ астынан ауырып, шашы түсіп қалған. Қай элементпен уланған?

А) Таллий

Б) Бор

В) Галлий


VI. Есеп шығару

Есеп:


  1. Массасы 48 гр магний оттекпен әрекеттескенде түзілетін магний оксидінің массасын есептеңдер

  2. Зат мөлшері 2 моль кальций оттекпен әрекеттескенде түзілген кальций оксидінің (CaO) массасын есепте.


VII. Үйге тапсырма

§59.Қайталау


Есеп: Массасы 100 гр натрий оксидін алу үшін қанша грамм оттегі жұмсалады?

Шығармашылық тапсырма: «Темірдің биологиялық рөлі»


VIII. Бағалау


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет