І.Ұйымдастыру кезеңі :
психологиялық ахуал тудыру.
ІІ.Үй жұмысын пысықтау
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Жаңа материалды оқыту. өткен сабақтан байланыстыру мақсатымен оқушыларға бірнеше сұрақ қоямын:
1. Заттың құрам тұрақтылығы дегеніміз не?
2. Темір сульфидінде темір мен күкірттің тұрақты масса қатынасы қанда?
Оқушыларға ұнтақтар 4 г. күкіртте күкірттің қанша атомы болса, 7 г. темірде темірдің сонша атомы болатынын түсіндіреді. Демек, әрбір темір атомы күкірттің бір атомымен қосылысады деген тағы бір тұжырымды оқушы өз бетімен жасайды.
Бұрын алған білімін еске түсіріп, талдау нәтижесінде жасаған қорытындыларына сүйене отырып, заттардың атомдары мен молекулаларының қажетті санын алу іс жүзіне мүмкін еместігін айтады. Сондықтан химияда «зат мөлшері» деген физикалық шама қолданылады.
Ал зат мөлшері сол заттың құрылымдық бөлшектерінің санымен анықталады, яғни атом, молекула немесе басқа бөлшектер саны. Зат мөлшерінің өлшем бірлігі – моль. Моль–берілген заттың құрылымдық бөлшектері 12г көміртегіндегі атом санына сәйкес келетін зат мөлшері. ν (ню) әрпімен белгіленеді, құрылымдық бөлшектер саны Na әрпімен белгіленеді.
Заттың керекті мөлшерін қалай өлшеп алуға болады?
Осы жерде молярлық массаны пайдаланатындығын айтып, оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру. Зат мөлшерін моль арқылы өрнектеген сияқты молярлық масса зат массасын грам арқылы көрсетеді. Демек, «Заттың молярлық массасы М зат массасының зат мөлшеріне қатынасына тең шама» деген анықтаманы айтып, оқушылардың дәптеріне жазғызады.
Молярлық масса г/мольмен, яғни граммен алынған мольмен өрнектеледі: М=m / ν Мысалы: 1) M(H2)= 2 г/моль; 2) M(O2) =32 г/моль; 3) M(H2O) =18 г/моль
Оқушылардың өздігінен шығаруына берілетін есептер:
-
Массасы 112г темір неше моль болады?
-
Массаса 132г көміртегі(IV) оксиді неше моль болады?
-
Массасы 272г мырыш хлориді неше моль болады?
-
Мөлшері 0,3 моль көміртегі(IV) оксидінің массасын есептеп шығарыңдар;
-
Мөлшері 0,2 моль мыс (ІІ) оксидінің массасын есептеп шығарыңдар;
-
Мөлшері 0,5 моль судың массасын есептеп шығарыңдар;
Оқушылардың шығарған есептерін тексеріп, қателерін түзеткеннен кейін, жаңа тақырып бойынша қорытынды жасалады.
Сабақ соңында төмендегі сұрақтар көмегімен оқушыларда жаңадан қалыптастырылған ұғымдарды бекітуге болады:
-
Заттың молярлық массасы дегеніміз не?
-
Заттың молярлық массасының өлшем бірлігі не?
-
Қай формуланың көмегімен заттың молярлық массасын, массасын, мөлшерін анықтауға болады? Зат мөлшерінің өлшем бірлігі не?
-
Зат мөлшері қалай белгіленеді?
-
a) ν (C) = 4 моль деген жазу нені білдіреді?
б) ν (H2O)=2 моль деген жазу нені білдіреді?
-
Үш молекула су қанша моль болады?
Үйге тапсырма. § 17. (5-6)
Химия 8 сынып
Күні
Сабақтардың тақырыбы: Химиялық реакцияның типтері :қосылу,айырылу № 2зертханалық тәжірибе /2.1,2.2/
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қосылу, айырылу реакциялары жөніндегі ұғым, оларды химиялық теңдеулері бойынша ажырата білу білігін қалыптастыру.
Дамытушылық: Химиялық реакцияның типтері бойынша есептер шығара отырып ойларын тереңдете дамыту.
Тәрбиелік: Өз еркімен жұмыс жасауға, ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.
Құрал– жабдықтар: Суды айыруға қажетті құрал, сынауықтар, спиртшам, мыс, мырыш, темір, мыс (II) хлоридінің ерітіндісі.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс – тәсілі: есептер шығару, оқулықпен жұмыс.
Тірек білім мен біліктері: Зат массасының сақталу заңы , валенттілік , жай және күрделі заттар жөніндегі білім; заттың химиялық формуласын, химиялық теңдеуді құрастыра білу біліктері .
Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі :
психологиялық ахуал тудыру.
ІІ.Үй жұмысын пысықтау
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Зат массасының сақталу заңына сүйеніп, химиялық реакцияларды бастапқы және алынған заттардың белгілері бойынша бірнеше түрге бөлуге болады. Солардың бірі қосылу, айырылуы, орынбасу және алмасу реакциялары.
Оқушыларға реакцияның химиялық теңдеуін жазуды тапсырамын.
Бұл сабақта химиялық реакцияның төрт түрі – қосылу, айырылуы, орынбасу және алмасу реакциялары. талданады . мыстың валенттілігін, оттегі молекуласында қанша атом бар екенін еске түсіреді. Келесі мысалды тәжірибе жасап , түсіндіруге болады . Көрнекі көрсету: мыс хлоридінің ерітіндісіне мырыш түйіршіктері салынады. реакция өнімі түзілу үшін элемент атомдары бірінің орнын бірі басатынын тәжірибе нәтижесінен көрсетеді. Одан әрі реакцияға түскен және нәтижесінде түзілген заттар санының тұрғысынан жоғарыдағы екі теңдеуді салыстыра отырып, оқушыларды орын басу реакциясының анықтамасымен таныстырам, дәптерге жазғызам. Одан әрі мыс (ІІ) оксиді мен тұз қышқылы әрекеттестіріледі. Реакция нәтижесіндегі өзгерістер түсіндіріледі. Тақтаға жазылған теңдеулерді оқушылардың өздері теңестіреді:
2Cu + O2 = 2CuO А + В = АВ
2H2O = 2H2 + O2 АВ = А + В
СuCI2 + Zn = ZnCI2 + Cu АВ + С = СВ + А
CuO + 2HCI = CuCI2 + H2O АВ + СД = СВ + АД
Оқушыларға оқулықтағы (50бет) реакция типтеріне мысалды дәптерлеріне жазып алуды тапсыру.
Үйге тапсырма беру: §18. 6-9 жаттығулар.
Химия 8 сынып
Күні
Сабақтардың тақырыбы: Химиялық реакцияның типтері
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Қосылу, орын басу, айырылу және алмасу реакциялары жөніндегі ұғым, оларды химиялық теңдеулері бойынша ажырата білу білігін қалыптастыру.
Дамытушылық: Химиялық реакцияның типтері бойынша есептер шығара отырып ойларын тереңдете дамыту.
Тәрбиелік: Өз еркімен жұмыс жасауға, ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.
Құрал– жабдықтар: Суды айыруға қажетті құрал, сынауықтар, спиртшам, мыс, мырыш, темір, мыс (II) хлоридінің ерітіндісі.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс – тәсілі: есептер шығару, оқулықпен жұмыс.
Тірек білім мен біліктері: Зат массасының сақталу заңы , валенттілік , жай және күрделі заттар жөніндегі білім; заттың химиялық формуласын, химиялық теңдеуді құрастыра білу біліктері .
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі :
психологиялық ахуал тудыру.
ІІ.Үй жұмысын пысықтау
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Зат массасының сақталу заңына сүйеніп, химиялық реакцияларды бастапқы және алынған заттардың белгілері бойынша бірнеше түрге бөлуге болады. Солардың бірі қосылу, айырылуы, орынбасу және алмасу реакциялары. Мұғалім оқушыларға реакцияның химиялық теңдеуін жазуды тапсырады.
Бұл сабақта химиялық реакцияның төрт түрі – қосылу, айырылуы, орынбасу және алмасу реакциялары. талданады . Мұғалім мысал ретінде мысты ауада қыздырып көрсетеді. Оқушылар реакцияға тек мыс қатысты деп қателесуі мүмкін. Сондықтан сұрақ қойылады: реакцияға мыстан басқа тағы қандай зат қатысады?
Сабақты бекіту мақсатында оқушыларға химиялық реакция типтерін анықтай білуге, және теңдеулерді коэффициент қойып теңестіруге өздік тапсырмалар беру:
1-нұсқа. 2-нұсқа
1.Төмендегі реакция теңдеулерін теңестіріп таяқша орнына теңдік белгісін қойыңдар:
а) Mg + O2 — MgO а) Fe + O2 — Fe2O3
ә) Ag2O — Ag + O2 ә) P + O2 —P2O5
б) N2O5 + H2O — HNO3 б) KCIO3 — KCI + O2
в) AI + S — AI2S3 в) ZnO — Zn + O2
г) CuO + AI — AI2O3 + Cu г) Fe3O4 + AI — AI2O3 + Fe
д) CH4 + O2 — CO2 + H2O д) Na + H2O — NaOH + H2
2. Реакция теңдеулеріне тиісті коэффициент қойып, қай типке жататынын анықтаңдар:
а) МgCO3 = MgO + CO2 а) KCIO3 = KCI + O2
ә) Mg + HCI = MgCI2 + H2 ә) AI + HCI = AICI3 + H2
б) Na + O2 = Na2O б) N2 + H2 = NH3
в) KOH + H2SO4 = K2SO4 + H2O в) AI2O3 + HBr = AIBr3 + H2O
3.Мына оксидтердің айырылу реакциясының теңдеулерін құрыңдар:
а) Hg2O = ? + ? a) CuO = ? + ?
ә) HgCI2 + Cu = ? + ? ә) FeS + HCI = ? + ?
б) MgO + HCI = ? + ? б) CuO + H2 = ? + ?
Үйге тапсырма беру: §18. Темірболатова есептер жинағы
Химия 8 сынып
Күні
Сабақтың тақырыбы: Химиялық формула бойынша есептеулер.
Сабақтың тақырыбы:
Білімділік: Заттың сандық және сапалық құрамын білдіретін химиялық формула жайлы білімді қалыптастыру.
Дамытушылық: Заттың Мr,күрделі зат құрамындағы элементтің массалық үлесін табуды есептер шығара отырып үйрету және логикалық ойларын дамыту.
Тәрбиелік: Өз еркімен жұмыс жасауға, ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: есептер шығару.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақты үй жұмысын тексеруден бастау.
-
Төменде берілген заттарда элемент жайлы айтыла ма: а)оттек демалу үшін қажет; ә)оттек судың құрамына кіреді;
-
Оттек, натрий, күкірт, сутек, калий, көміртек элементтерінің таңбаларын жазып, оны оқып беріңдер.
-
Таблицаны толтыру:
-
Формулалар
|
4H2
|
3CH4
|
3FeCI3
|
2H3PO4
|
Коэффициенттер
|
|
|
|
|
Индекстер
|
|
|
|
|
Әр атомның жалпы саны.
|
|
|
|
|
Жаңа сабақ тақырыбы тақтаға жазылады: Оқушыларға белгілі заттардың химиялық формуласын және сол арқылы салыстырмалы молекулалық массасын, күрделі заттағы әр элементтің массалық үлесін табуға есептер шығарып үйрету.
1. Заттың формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық массасын есептеу.
Мr(H2O) = 2Ar(H) + 1Ar(O)= 2•1+16=18
2. Күрделі зат құрамындағы элементтердің массалық қатынастарын есептеу.
1-есеп: Алюминий гидроксидіндегі А1(ОН)3 алюминий, оттек және сутек атомдары массаларының қатынасын есептеңдер.Шешуі: Әр элементтің атом санын оның салыстырмалы атомдық массасына көбейтіп алюминий, от- тек, сутек массаларының қатынастарын тауып, сосын қысқартамыз:
m(А1) ׃ m(О) : m(Н) = Ar(А1) : 3Аг(O) : 3Ar(Н) = 27 : 48 : 3 = 9׃16:1 =15
Жауабы: Алюминий гидроксидінің қүрамындағы алюминий, оттек, сутек атомдары массаларының қатынасы: m(AI) : m (H) : m(O) = 9 : 16 : 1.
3. Күрделі зат құрамындағы элементтердің массалық үлестерін есептеу
2-есеп: Алюминий гидроксиді А1(ОН)3 құрамындағы элементтердің массалық үлестерін есептеңдер. Есепті екі тәсілмен шығаруға болады:
1) массалық үлестің дайын формуласын пайдалану;
2) пропорция арқылы.
2) Оттектің массалық үлесін у деп пропорция қүрамыз:
78 - 100 %,
3 •16 – у
3) Сутектің массалық үлесін z десек: 78 - 100 %,
3 • 1- z
Жауабы. ω(АІ) = 34,6%, ω(0) = 61,5%, ω(Н) = 3,9%.
Жаңа материалды бекіту мақсатында жаттығулар мен есептер жинағы бойынша есептер беріліп шығарылады.
Үйге тапсырма беру:§ 10. 1-63,1-64,1-65,1-77,1-111,1-112, 1-110. Есептер жинағы
Бағалау.
Химия 8 сынып
Күні
Сабақтың тақырыбы: Химиялық элементтердің валенттілігі.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Валенттілік туралы түсінік беру. Екі элементтен тұратын заттың берілген формуласы бойынша валенттіліктерін анықтауға үйрету. Дамытушылық: Валенттілік құра отырып ойларын тереңдетіп дамыту. Тәрбиелік: Ұжымдық жұмысқа, таза жазуға тәрбиелеу.
Құрал − жабдықтар: Химиялық таңбалар және элементтердің салыстырмалы атомдық массасы берілген кесте. Сабақтың түрі: аралас сабақ. Әдіс-тәсілі: өзіндік жұмыс.
Тірек білім мен біліктер: Элементтердің химиялық таңбасын білу, салыстырмалы молекулалық массаны анықтау, индекс, коэффициент, ең кіші ортақ еселік.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі :
психологиялық ахуал тудыру.
ІІ.Үй жұмысын пысықтау
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Білім мен біліктерін тексеру: Оқушылардың салыстырмалы молекулалық массаны есептеу біліктерін химиялық формула туралы түсініктерін тексеру және бекіту мақсатында құрастырылған 10−15 минутқа есептелген өзіндік жұмыс ұсынылады.
1 – нұсқа.
1.Химиялық таңбалар арқылы өрнекте: оттегінің бес молекуласы; оттегінің екі жеке атомы; оттегінің бір молекуласы; екі молекула оттегі;
2.Na2CO3 химиялық формуласы нені көрсетеді?
2 – нұсқа.
1.Төмендегі белгілер нені көрсетеді: 5Н; Н2; 7Н2;
2.HNO3 химиялық формуласы нені көрсетеді?
3 – нұсқа
1.Химиялық таңбалар арқылы жазып өрнекте: күкірттің бес атомы; сутегінің бір ,молекуласы; судың үш молекуласы; сутегінің үш молекуласы;
2.Н3РО4 химиялық формуласы нені көрсетеді?
4 – нұсқа
1.Төмендегі химиялық формулалар нені көрсетеді? 3О2; 5О; О;
2.Күкірт қышқылының химиялық формуласы – Н2SO4. Осы формула бойынша ,,,,,,,,,,,,қышқылдың сандық және сапалық құрамын көрсет.
Жаңа материалды оқыту:
1. Оқушыларды бейметалдардың сутекті қосылыстарының мысалында атом валенттілік терінің жаңа қасиеттерімен таныстыру. HBr, H2S, PH3, SH4, CH4, H2O, NH3. Валенттілікке анықтама бергеннен кейін, жоғарыда көрсетілген заттардың формулалары жазылып, оқушыларды бромның, күкірттің, фосфордың, кремнийдің, көміртегінің, оттегінің және азоттың валенттіліктерін осы элементтер мен қосылған сутегі атомдарының жалпы саны бойынша анықтауға жаттықтыру жұмысы жүргізіледі.
2. Егер бір элементтің валенттілігі белгілі болса екінші элементтің валенттілігін табуға болатындығын Al2O3 мысалымен түсіндіреміз.
Оның алгоритмі ұсынылады. (мұғалім бұл алгоритмді кесте түрінде тақтаға іліп қоюына болады)
1. Қосылыстың формуласы жазылады: Al2 O3 ; ІІ
2. Қосылыстағы оттегі атомының валенттігі белгілі, оны рим санымен үстіне жазу: Al2O3 ;
3. Оттектің валенттігін оның индексіне көбейтіп, алюминийдің индексіне бөлу:
ІІ * 3 = 6; 6 : 2 = III; ІІІ ІІ
4. Қосылыстағы алюминийдің валенттігі үшке тең, оны рим санымен үстіне жазу: Al2O3;
Тұрақты және ауыспалы валенттілік туралы түсінік беріледі. Оқушыларға дәптеріне тұрақты валенттілік сақтайтын элементтерді жаздырамыз.
I - валентті Na, K, Ag, H; IІ – валентті Mg, Ca, Ba, Zn, O; III – валентті Al
Элементтердің ауыспалы валенттілік көрсететіндігін дәлелдейміз. FeCl2, FeCl3, SO2, SO3, PbO2, CO, CO2 қосылыстарын мысалға ала отырып, бұл заттардың аталуындағы ерекшелікті түсіндіреміз. Мысалы, көміртегі (II) оксиді, көміртегі (IV) оксиді.
Жаңа материалды бекіту: Формуласы бойынша химиялық элементтердің валентілі гін табуды үйрету мақсатында төмендегі жаттығулар орындатамыз. Төмендегі сутегі мен оттегінің үстіне рим цифры арқылы валенттілігі қойылған, қосылыстағы қалған элементтердің валенттілігін рим цифрымен жазып көрсетіңдер.
І нұсқа: H2, MgO, Al2O3, HCl, P2O5,
ІІ нұсқа: SiH4, Na2O, BaO, Ag2O, H2O,
ІІІ нұсқа: N2O5, NH3, MnO2, ZnO, N2O,
Егер бұл жұмысты оқушылар сабақта үлгере алмаса, үйде аяқтау тапсырылады.
Үйге тапсырма беру: §11. (1-10) Жұмыс дәптері.
Химия 8 сынып
Күні
Сабақтың тақырыбы: Элементтердің валенттіліктері бойынша химиялық қосылыстардың формуласын құру.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Белгілі валенттілігі бойынша екі элементтен тұратын заттың формуласын құрастыруға үйрету. Дамытушылық: Химиялық қосылыстардың формуласын құруға есептер шығара отырып ойларын терең дамыту. Тәрбиелік: Өз еркімен жұмыс жасауға, ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.
Құрал − жабдықтар: Химиялық таңбалар және элементтердің салыстырмалы атомдық массасы берілген кесте.
Сабақтың түрі: жеке жұмыстар.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: өз еріктерімен жұмыс жасау.
Тірек білім мен біліктер: Элементтердің химиялық таңбасын білу,салыстырмалы молекулалық массаны анықтау, индекс, коэффициент, ең кіші ортақ еселік.
Сабақтың барысы І.Ұйымдастыру кезеңі :
психологиялық ахуал тудыру.
ІІ.Үй жұмысын пысықтау
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Оқушылардан валенттіліктің анықтамасын және бір, екі, үш т.б. валентілік, ауыспалы валенттік көрсететін элементтерді сұраймын. Содан соң оқушыларға химиялық элементтердің валенттілігін формуласы бойынша анықтау білігін бекіту мақсатында төмендегі жұмысты орындатамыз.
Төменде екі элементтен тұратын формулалар берілген, формулаларды көшіріп, осы қосылыстағы әрбір элементтің валенттілігін көрсетіп жаз.
І нұсқа: I) SiH4, HCl, H2S; 2) MgO, H2O, N2O3,
ІІ нұсқа: 1) PH3, HI, H2O; 2) N2O5, Na2O, CaO,
IІІ нұсқа: I) HBr, CH4, NH3; 2) Cu2O, BaO, NO2,
Мұнан кейін екі химиялық элементтен тұратын қосылыстың формуласын валенттілігі бойынша құрастыру алгоритмін ұсынамыз:
1. Элементтердің таңбаларын жазу: FeO; CІO; III II VII II
2. Әрбір элемент белгісінің үстіне валенттігін қою: Fe O; Cl O;
3. Валенттік мәндерінің ең кіші ортақ еселігін табу: 3*2=6 7*2=14
4. Қосылыстағы элементтер атомдарының қатынастарын табу: 6:3=2 14:7=2
6:2=3 14:2=7
5. Элементтердің индекстерін жазу: Fe2 O3 ; Cl2 O7 ;
6. Қосылыстың формуласын жазу: Fe2O3, Cl2O7
Оқушыларды осы алгоритм бойынша валенттілігі белгілі қосылыстардың формулаларын құрастыра білуге дағдыландыру үшін тапсырмаларды орындатамыз.
Мына элементтердің оттегімен қосылыстарының формуласын құрастырыңдар
І нұсқа: Na, Cl (V), S(VI), Mg, ІІ нұсқа: Zn, H, Ba, S (IV),
IІІ нұсқа: N (V), AI, C (IV), P (V), IV нұсқа: Ag, Mn (IV), Fe (III), Ca.
1.Төмендегі формулалардан бір,екі,үш,төрт,бес, валентті элементтерді бөліп жазыңдар:
Na2O, HCI, CI2O5, PH3, Fe2O3; CrO3, MgO, ZnO, SiO2, As2O5.
2.Натрийдің, магнийдің оттегімен, сутегінің хлормен (І), азотпен (ІІІ), қосылыстарының формулаларын жазыңдар.
3.Мына металдардың хлормен (І) қосылыстарының формуласын жазыңдар: алюминий; калий; мыс;
4.Натрийдің: күкіртпен (ІІ); азотпен (ІІІ), хлормен (І) қосылыстарының формулаларын жазыңдар.
5.Рим саны арқылы элементтердің валенттігің көрсетіңдер.
а) хлоридтерде, егер хлор бір валентті болса: AICI3, BaCI2, KCI;
ә) сульфидтерде, егер күкірт екі валентті болса: Na2S, ZnS, Cr2O3;
б) иодидтерде, егер иод бір валентті болса: AIJ3, CaJ2, KJ,
6.Темір – ауыспалы валенттілік көрсететін химиялық элемент. Темірдің (ІІ),(ІІІ) оттегімен, күкіртпен (ІІ), хлормен (І) қосылыстарының формуласын жазыңдар.
7.Азот оттегімен қосылысында бірден беске дейін валенттілік көрсете алады. Азот оксидтерінің формулаларын жазыңдар.
8.Марганец оттегімен қосылыстарында 2,3,4,6,7 валенттілік көрсетеді. Марганец оксидте- рінің формулаларын жазыңдар.
9.Хлор оттегімен мынадай қосылыстар түзеді: СІО3, СІ2О, СІ2О7, СІО2. Әрбір қосылыстағы хлордың валенттігің есептеңдер және ең жоғары валенттігін анықтаңдар.
Үйге тапсырма беру: §12. (1-7) .
Химия 8 сынып
Күні
Сабақтың тақырыбы: Химияның стехиометриялық заңдары.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Атомдардың бір-бірімен белгілі қатынаста қосылатынын, оның анықтамасын, мазмұнын айтып беру. Дамытушылық: Оқушының өз ойын түсіндіріп,тақырыптың мәнін аша білуге дағдыландыру.Тәрбиелік: Өз еркімен жұмыс жасауға, ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: Күкірт ұнтағы, келі, прабирка, штатив, магний, суы бар ыдыс,химиялық элементтер таңбасы жазылған кесте.
Тірек білім мен біліктер: Атом, малекула, масса, физика курсынан атом- малекулалық ілімінің негізгі қағидалары.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың білім мен біліктерін тексеру үшін тапсырмалар беру:
-
Валенттілік деген не?
-
Валенттіліктің түрі қандай болады?
-
Бинарлы қосылыс деген не?
-
Молекула және атом деген не?
-
Оксид деген не?
Мысалы: Молекуласында екі атом фосфор және бес атом оттек тұрса, ондағы фосфордың валенттігін табыңдар.
Жаңа материалды оқыту: Оқушыларға бірнеше сұрақтар қойылады.
-
Неге темір сульфидін алатын тәжірибені жасағанда массасы 4г күкірт пен массасы 7г темір өлшеп алады?
-
Неге 9г темір алмайды?
Атом, малекула деген ұғымдарды пайдалана отырып, темір сульфидінің бір молекуласы түзілу үшін темірдің бір атомы мен күкірттің бір атомы әрекеттесетініне көңіл аударады. Демек темір сульфиді түзілу үшін кез келген массасын алғанда темір мен күкірттің бірдей атом саны қатысады. Егер Ar/Fe/=56, Ar/S/=32, онда олардың массаларының қатынасы мынадай: 56:32=7:4
Массасы 7г темірде болатын атом саны, массасы 4г күкіртте де болады. Темір сульфидін қандай әдіспен алса, оның құрамы бірдей. Темірдің (Fe) 7 массалық бөлігіне, күкірттің (S) 4 массалық бөлігі сәйкес келеді. Массасы, суда 8 массалық бөлік оттегіне 1 массалық бөлік сутегі келеді.
Атом - малекулалық ілім тұрғысынан алғанда заттың құрам тұрақтылық заңы былай түсіндіріледі: химиялық элемент атомдары бір-бірімен әрекеттескенде кез келген мөлшерде емес, түрақты бөліктері ғана әрекеттесіп, жаңа зат түзеді.
Бұл заңды 1806 жылы француз ғалымы Ж.Л.Пруст ашқан. Оқушыларға оқулықтан құрам тұрақтылық занының ережесін табу тапсырылады. Заттың (сапалық және сандық) құрам тұрақтылығына басқа да мысалдар келтіріледі. Химиялық формуланын көмегімен жай және күрделі заттардын құрамын қалай білу керек екеніне тоқталады.
Жаңа материалды бекіту:
1. Төменде екі элементтен тұратын формулалар берілген, формулаларды көшіріп, осы қосылыстағы әрбір элементтің валенттілігін көрсетіп жазыңдар:
I нұсқа: CaCl2 , ZnS , N2O3.
II нұсқа: Cu2S , NO2 , ZnO
III нұсқа: H2S , SO2 , CuO
2. Қосылыстың сандық және сапалық құрамын біле отырып, формуласын құрыңдар және ондағы элементтердің валенттіліктерін анықтаңдар:
а) бір атом күкірт пен үш атом оттегі;
ә) екі атом азот пен бес атом оттегі;
б) екі атом сутегі, бір атом көміртегі, үш атом оттегі;
3. Егер мыс пен оттегінің массалық қатынасы бірінші жағдайда 4:1, ал екінші жағдайда 8:1 болса, онда мыс оксидтерінің тиісті формуласын құрыңыз,
4. Формуласы СаСО3, кальций карбонатындағы элементтердің массалық қатынастарын анықтаңыз. 5. Күкірттің әр түрлі SO2 және SO3 оксидтеріндегі күкірт және оттегі элементтерінің массалық қатынасын есептеңіз.
Үйге тапсырма беру. §13 1-8 жаттығулар.
Бағалау.
Химия 8 сынып
Күні
Сабақтың тақырыбы: Атом – молекулалық ілім.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың атом және молекула жайлы білімін бір жүйеге келтіру ол ұғымдарды жинақтай білу. Дамытушылық: Заттар жайлы ұғымды түсіну ғылымда атом - молекулалық ілімнің рөлін көрсету.Тәрбиелік: Өз еркімен жұмыс жасауға, ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.
Құрал – жабдықтар: М.В.Ломоносовтың, Д.Дальтонның портреттері.
Тірек білім мен біліктер. Атом молекулалық негізгі қағидалары.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі :
психологиялық ахуал тудыру.
Достарыңызбен бөлісу: |