ІІ.Үй жұмысын пысықтау
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың бас кезінде жалпы жаттығу жұмысын өткізу. Оның мақсаты оқушылардың валенттілікке сүйеніп заттың формуласын құра білуін тексеру.
1 – нұсқа
1.Мына элементтердің: Mn(VII), Cr(VI), Na(I) оттегімен түзетін қосылысының формуласын құр.
2.Мына элементтердің: K(I), AI(III), Pb(II)фтормен F(I) түзетін қосылыстарының формуласын құр.
2 – нұсқа
1.Мына элементтердің: Hg(II), Ba(II), Ag(I) хлормен CI(I) түзетін қосылысының формуласын құр.
2.Мына элементтердің: Fe(II), K(I), Cr(III) күкіртпен S(II) түзетін қосылыстарының формуласын құр.
3 – нұсқа
1.Мына элементтердің: Cu(I), Fe(III), Ca(II) оттегімен түзетін қосылысының формуласын құр.
2.Мына элементтердің: Na(I), Zn(II), AI(III) хлормен CI(I) түзетін қосылыстарының формуласын құр.
4 – нұсқа
1. Мына элементтердің: AI(III), Ag(I), Pb(II) күкіртпен S(II) түзетін қосылысының формуласын құр.
2. Мына элементтердің: P(V), S(VI), Zn(II) оттегімен түзетін қосылысының формуласын құр.
Жаңа материалды оқыту. Жаңа материалды оқыту мынадай жоспармен жүргізіледі:
-
Мұғалімнің ежелгі грек ғалымдарының атом туралы көз қарастары және атом деген атау қалай берілгендігі туралы хабары.
-
М.В.Ломоносов атом - молекулалық ілімінің негізгі бағыттары, оны ағылшын ғалымы Джон Дальтон дамытуы және сол кездегі белгілі болған элементтердің атомдық массасын табуға арналған жұмыстар.
-
Карлсруэ (1860) қаласында өткен халықаралық химиктер съезінде атом молекулалық ілімді түпкілікті бекіту және атомның бөлінбейтіндігі туралы көз қарасты өзгерту, молекула және атом ұғымдарының анықтамаларын қабылдау;
-
Атом – молекулалық теория негіздерінің жаңа көзқарастарынан алған қағидалары.
-
Физикалық және химиялық құбылыстарды атом – молекулалық көзқарас тұрғысынан түсіндіру (диффузия,физикалық және химиялық құбылыстар).
Мұғалім қазіргі күнге дейін маңызы зор атом – молекулалық ілімнің химиядағы негізгі теория екенін түсіндіру. бастайды. Атом – молекулалық ілімді алғаш химияға пайдаланып, оны әр қарай дамытқан ғалым М.В.Ломоносов еді. Ілімнің негізгі қағидалары төмендегідей:
1.Барлық заттар «корпускуладан» тұрады.(молекулшаны Ломоносов солай деп атаған)
2.Молекулалар элементтен тұрады. (атомды Ломоносов солай деп атаған)
3. Бөлшектер – молекула және атом үнемі қозғалыста болады.
4.Жай заттың молекулалары бірдей атомдардан, ал күрделі заттың молекулалары әр түрлі атомдардан тұрады. Одан ары қарай заңды оқып үйрену жоғарыда берілген жоспармен жүргізіледі.
Жаңа материалды бекіту. Жаңадан оқып үйренген тақырыпты есте сақтау үшін оқушылар төмендегідей сұрақтарға жауап береді:
а) атом – молекулалық ілімнің негізгі мәнін түсіндір;
ә) тәжірибелер нәтижесіне сүйене отырып, газдар мен сұйықтық молекуласындағы қозғалысты түсіндір.
б) атом – молекулалық теория тұрғысынан физикалық және химиялық құбылыстардың мәнін түсіндір;
в) тәжірибелер нәтижесіне сүйене отырып, газдар мен сұйықтың молекуласындағы қозғалысты түсіндір;
Егер уақыт жетсе сабақ соңында заттың құрамын анықтауға және валенттілікті біле отырып, заттың формуласын құруға төмендегідей тексеру жұмыстарын өткізуге болады.
1.Берілген жалпы оттегі қосылыстарының ішінен сәйкес келетіндерін таңдап ал. Егер фосфор (V), хлор (VII) валентті болса: R2O, R2O5, R2O7, RO, R2O3;
2.Берілген формулалардың WO3; Cr2O3; N2O5; Ag2O; Fe2O3; ішінен оттегі қосылыстарын таңдап ал. а) элемент бір валентті болса; б) элемент үш валентті болса;
3.Формуласы берілген: NO; H2S; FeCI3; AICI3; AI2O3; Mn2O7; Fe2O3; NaCI; N2O5; заттардың сәйкес аттарын тап: азот (V) оксиді; алюминий оксиді, темір (III) хлориді; күкірт (VI) оксиді; темір (III) оксиді; алюминий хлориді;
Үйге тапсырма беру: §16. (1-9) Жұмыс дәптері.
Химия 8 сынып
Күні
Сабақтардың тақырыбы: Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Химиялық реакция типтері мен реакция теңдеулерін теңестіру ұғымдарын қалыптастыруды одан әрі жалғастыру. Дамытушылық: Реакция теңдеулері бойынша сандық есептер шығаруды үйрену.Тәрбиелік: ұқыптылыққа, өз еркімен жұмыс жасауға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: деңгейлеп оқыту.
Тірек білім мен біліктер: Зат мөлшері, заттың салыстырмалы молекулалық массасы, зат мөлшерінің өлшем бірлігі, заттың салыстырмалы молекулалық массасын есептеу.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі :
психологиялық ахуал тудыру.
ІІ.Үй жұмысын пысықтау
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Өзіндік жұмыс орындау арқылы реакция теңдеулерін теңестіруді еске түсіру, оны орындатуғатүрлі тәсілдерді ұсыну:
1-тапсырма: Төмендегі реакция теңдеулерін теңестіріңдер.
-
1-нұсқа
|
2-нұсқа
|
3-нұсқа
|
Ca + CI2 =
Na + O2 =
P + O2 =
|
AI + CI2 =
K + S =
Zn + O2 =
|
Ca + S =
AI + S =
H2 + O2 =
|
Жаңа сабақ: Зат массасының сақталу заңын қайталай отырып, реакция теңдеулеріне сүйеніп сан есептерін орындау заңды іске асырудың бір жолы екеніноқушылар есіне салу.
Оның практикалық мәні зор. Ең алдымен оңайырақ теңдеулерді пайдаланып, есеп шығаруды дағдыландырады. Одан әрі күрделірек есептерді беруге болады.
Оқушыларға теңдеуге сүйеніп зат мөлшерін, содан соң массасын табуға арналған есепті талдап, кітаппен жұмыс жасауды ұсынуға болады.
Есеп: 1 моль магний реакцияға түсу үшін қанша моль оттек қажет және қанша магний оксидінің зат мөлшері түзілетінін есептеңдер.
Берілгені: Мұндағы басты мақсат реакция теңдеуіне сүйеніп, есептеулер жасау.
ν(Mg)=1моль
Т/к: ν(О2)-? 1 моль х моль у моль
ν(MgO)-? 2Mg + O2 = 2MgO
2 моль 1 моль 2 моль
Енді есепті ауызша шығаруға болады. Жауап: 1 моль магний жану үшін 0,5 моль оттек қажет болса, 1 моль MgO түзіледі. Енді оның массасын табу үшін m=Mν формуласын пайдаланып, m(O2)= 32г/моль • 0,5 моль=16г; m(MgO)= 40г/моль • 1моль = 40 г.
Есептерді екінші сабақта жалғастыру.
Химиялық реакция теңдеулерін жаза білу және ол бойынша есептер шығаруды қорытын- дылап жүйеге келтіру.
Сабақты бекіту мақсатында шығарылатын есептер:
-
8г мыс(ІІ) оксидін алу үшін қанша грамм мыс реакцияға түседі?
-
Нәтижесінде 4 моль сутек алу үшін қанша грам суды айыруға болады?
-
Массасы 6,5г цинк оттекпен әрекеттессе цинк оксидінің қанша зат мөлшерін алуға болады?
-
1 моль алюминий күкіртпен реакцияға түсу үшін қанша күкірт қажет және түзілген алюминий сульфидінің массасын есептеңдер?
-
Оттегінде 54г алюминий жанған кезде, алынған алюминий оксидінің массасы қандай?
-
Массасы 360г алюминий сульфидін алу үшін, оған жұмсалған алюминий мен күкірттің массасын есептеп шығар.
-
8г мыс(ІІ) оксидінен мысты жеке бөліп алу үшін, қанша грамм сутегі жұмсалады?
-
8г сутегі жанғанда түзілетін судың массасы және зат мөлшері қанша?
-
Реакцияға 16г оттегі түскенде судың қандай зат мөлшері шығады?
-
Реакциядан 9г су түзіледі. Реакцияға түскен оттегінің массасын және зат мөлшерін табыңдар.
Үйге тапсырма беру: §19 Есептер жинағы.
Химия 8 сынып
Күні
Сабақтың тақырыбы: Бастапқы химиялық ұғымдар тақырыбы бойынша бақылау жұмысы №1.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың осы тақырып бойынша алған білімде- рін жүйелеу, алған білімдерін тексеру барысында үш нұсқада бақылау жұмы сын жүргізу.
Сабақ барысы:Ұйымдастыру кезеңі. Бақылау жұмысын екі нұсқада жүргізу:
1 нұсқа
-
Мына қосылыстардағы элементтердің валенттілігін анықтаңдар:
III I V II VI II I II VI II
NH3, P2O5, CrO3, H2S, SO3
-
Массасы 6,5 г мырыш оттекпен әрекеттессе мырыш оксидінің қанша зат мөлшерін алуға болады?
Бер: 2Zn + O2 = 2ZnO
m (Zn)=6,5 г. Ш: М(ZnO) = 65+16=81 г/моль
т/к: υ (ZnO)-? υ= = = 0,08 моль (ZnO)
-
Төмендегі химиялық реакция теңдеулерін теңестіріп, типін анықтаңдар.
а) 2 Fe(OH)3 = Fe2O3 + 3H2O айырылу реакциясы
ә) 2 Na + CI2 = 2NaCI қосылу реакциясы
б) 4 Na + 4H2O = 4 NaOH + 2H2 орынбасу реакциясы
-
Төмендегі қосылыстардың формуласын құрыңдар:
а) кальций мен хлор;
ә) азот (V) пен оттек;
б) алюминий (III) мен оттек;
в) натрий мен күкірт (II);
Ж: CaCI2, N2O5, AI2O3, Na2S.
-
Мыс (II) оксидіндегі элементтердің массалық үлестерін есептеңдер.
Бер: CuO Шешуі: Ar (Cu) = 64
т/к: ω (Cu)% - ? Ar (O) = 16
ω (O)% - ? Mr (CuO) = 64+16=80
ω (Cu)%= = = 80%
ω (O)% = = = 20
2 нұсқа
-
Мына қосылыстардағы элементтердің валенттілігін анықтаңдар.
VI II III II I I III I IV I
SO3, P2O3, NaCI, Fe(OH)3, CH4
-
0,8 кг мыс (II) оксидінде неше моль бар?
Бер: m(CuO) = 0,8 г. M(CuO) = 80 г/моль = 0,080 кг/ моль
т/к: υ (CuO) - ?
υ= = = 10 моль (CuO)
3. Төмендегі химиялық реакция теңдеулерін теңестіріп, типін анықтаңдар.
а) 2Mg + O2 = 2MgO қосылу реакциясы
ә) AI + 2HCI = AICI2 + H2 орынбасу реакциясы
б) 2KMnO4 = K2MnO4 + MnO2 + O2 айырылу реакциясы
4. Төмендегі қосылыстардың формуласын құрыңдар:
а) калий мен хлор;
ә) азот (VI) пен оттек;
б) алюминий мен оттек;
в) күкірт (II) пен оттек;
Ж: КCI, NO3, AIO, SO.
5. Кальций оксидіндегі элементтердің массалық үлесін есептеңдер.
Бер: CaO Шешуі: Ar(Ca) = 40
Ar(O) = 16
т/к: ω(Ca)%-? Mr (CaO) = 56
ω (O)% - ?
ω (Ca)%== =71,5%
ω (O)% == =28,5%
1-нұсқа:
-
Мына қосылыстардағы элементтердің валенттігін анықтаңдар:
NH3, P2O5 , CrO3 , H2S , ,SO3;
2. Мыс (І) және мыс(ІІ)оксидтерінің құрамындағы мыстың массалық үлестерін пайызбен есептеңдер.
-
Төмендерілген химиялық реакция теңдеулерін теңестіріп, типтерін анықтаңдар:
а) AgCI = Ag +CI2; ә) K + O2 = K2O; б) Fe + HCI = FeCI2 + H2;
4. 7H, 3CaO, 5H2 белгілері нені көрсетеді?
5. Массасы 6г магний жанғанда қанша грамм магний оксиді түзілетінін есептеңдер.
2-нұсқа:
1. Төмендегі қосылыстардың: а) кальций мен хлор; ә) азот(V) пен ,оттек; б) алюминий мен ,оттек; в) натрий мен күкірт (ІІ) формуласын құрыңдар.
2. Мына әктастың CaCO3 құрамындағы әр химиялық элементтің ,массалық үлесін табың дар.
3. Төмендерілген химиялық реакция теңдеулерін теңестіріп, типтерін ,анықтаңдар:
а) Fe(OH)3=Fe2O3 + H2O; ә) Na + CI2 = NaCI; б) Na+H2O = NaOH + H2;
4. Бір атом темір мен үш атом хлордан, екі атом алюминий мен үшатом оттектен, бір ,атом фосфор мен бес атом хлордан тұратын күрделі заттардың молекулалық формуласын құрыңдар.
5. Массасы 6,2г фосфор жану үшін қанша моль оттек газы О2 қажет болатынын есептеңдер.
3-нұсқа:
1. Валенттіктері 1-ден 7-ге дейін өсу ретімен орналасқан мына: Na,Mg, AI, Si, P, S, CI ,,элементтердің оттекпен қосылысының формуласын құрыңдар.
2. Ас содасының құрамы 27,38% Na, 1,19%H, 14,29%C және 57,14% оттектен тұрады. Осы заттың молекулалық формуласын табыңдар.
3. Төмендерілген химиялық реакция теңдеулерін теңестіріп, типтерін анықтаңдар: а) Mg + O2 = MgO; б) Ai + HCI = AICI3 + H2;
4. Мына атомдар санын мольмен өрнектеңдер: а) 12,24•1023 атом кальций; ә)3,01•1023 ат,ом оттек; б) 6,02 •1023 атом көміртек;
5. Массасы 4,4г азот (І) оксиді бар. Осы заттың: а) мөлшерін; ә) молекула санын есептеңдер.
Химия 8 сынып
Күні:
Сабақтың тақырыбы: «Бастапқы химиялық ұғымдар» тақырыбын қорытындылау.
Сабақтың мақсаты: Осы тарау бойынша алған білімдерін тереңдету. Химиялық формула, теңдеу құру дағдыларын, есеп шығару химиялық тәжірибе жасау біліктерін дамыту. Осының бәрін атом – молекулалық ілім тұрғысынан дәлелдеу,ғылымға, пәнге қызығуға тәрбиелеу.
Құрал– жабдықтар: Химиялық және физикалық құбылыстарға тәжірибелер, керекті химиялық ыдыстар және реактивтер.Сабақтың түрі: дәстүрлі емес. Сабақтың әдіс-тәсілдері:топпен жұмыс, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларға ойын сабағының жоспары хабарланады. Тақтаға жазылады.
Сабақ девизі: «Пысықтау оқу - анасы». 1.Бақытты сәт – ойыны.
2. Деңгейлік есептер 3. Қызықты тәжірибелер.
4. Полиглот – ыдысы. 5.Тестілермен жұмыс.
Оқушыларды 2 ұғымдық топқа бөлетін. Топ басшысы осы ұжымның ұпайын есептеп отырады. Оған кесте алдын ала беріледі.
1-кезең. Сұрақтар (Дұрыс жауап берген оқушыға жетон беріледі)
1 ұжымдық топқа қойылатын сұрақтар.
1.Физикалық денелерді құрайтын нәрсе? (Зат) 2. Құрамына кіретін заттардың бөлшектері микрос коп арқылы да көрінбейтін қоспа қалай аталады? (Біртекті) 3. Шынының балқуы қай құбылысқа жата ды? (Физ.) 4. Бөлінбейтін ең кішкентай бөлшектер. (Атомдар) 5. Атомдарының әр түрінен түзілген заттар...(күрделі) 6.Оттектің салыстырмалы атомдық массасы.(16) 7.Мыстың латынша атауы. (купрум) 8. Плюмбум – (қорғасын) 9. О әрпімен белгіленетін элемент.(оттегі) 10.Таңбалар және формулалар арқылы шартты түрде жазылған реакциялар (Химиялық теңдеулер)
2-ұжымдық топқа қойылатын сұрақтар.
1. Заттардың агрегаттық күйлері.(Қатты,сұйық,газ)
2. Құрамына кіретін заттардң бөлшектерін жай көзбен көруге болатын қоспалар қалай аталады?(Әр текті)
3. Темірдің тот басуы қандай құбылысқа жатады?(хим.)
4. Атом-молекулалық ілімді жасаған орыс ғалым.(Ломоносов)
5. «Эн» таңбасы (Азот)
6. Кремнийдің латынша аты?(силициум)
7. Сутегінің таңбасы.(Н)
8. Химиялық теңдеуді теңестіру үшін қойылатын сандар?(Коэфф-р)
9. Феррум...(темір)
10. Азоттың салыстырмалы атомдық массасы.(14)
2-кезең. Деңгейлік есептер шығару. Тапсырма жауаптары тақтаға жазылады. 1-2 ұжымдық топтарға таратылып беріледі.
3-кезең. Демонстрациялық тәжірибелер: Оқушылар өздері орындайды.
а)Тұз бен құмның қоспасы берілген тұз бен құмды бөліп алу керек.Бұл қандай қоспа? Қоспалардың тағы қандай түрлерін білесің. (1 ұжым тобына)
ә)Темір мен күкірт қоспасы берілген. Бұл қандай қоспа? Күрделі зат пен қоспаның айырмашылығы неде?
4-кезең. Үй тапсырманы тексеру үшін «Полиглот» ойыны ойналады. Сұрақтарда кездесетін элементтер дің атын қазақ, орыс, латын тілінде айту керек. Дұрыс жауапқа 10 ұпай, жартылай 5 ұпай. Қай ұжым дық топ жылдам, білімділігін көрстеді.
1.Сұйық металл (Нg, сынап,ртуть-гидраргирум )
2. Ауаның негізгі құрам бөлігі? (О-оттек-кислород-оксигениум)
3.Қай элементтің жетіспеуі тіс ауруына ұшыратады? (Ғ-фтор-фтор-фторум)
4. Ой және өмір элементі. (Р-фосфор-фосфор-фосфорус)
5. Қай элемент бактериялырды өлтіріп, денсаулығымызды қорғайды?(ll, хлор-хлор-хлорум)
6. Ақыл арымас, алтын шірімес. (Аи-алтын-золото-аурум).
7. Темірді қызған кезінде соқ (Ғе-темір- феррум-железо).
5-кезең.Тестілермен жұмыс. Екі ұжымдық топқа тест кітапшасы бойынша деңгейлік тапсырма беріледі.Екі ұжымдық топ бір-бірін тексереді. 9 жұмыс. (тест) 1-2-3 деңгейде орындау Хим. фор-лар бой. есептеулер. Сабақ соңында топ басшыларыұпай санын санап, оқушыларды бағалайды.Қай топтың білімі басым болғанын анықтау.
Сабақты қорытындылау.
Оқушылардың аты жөні
|
1 кезең
|
2 кезең
|
3 кезең
|
4 кезең
|
5 кезең
|
Қорытынды ұпай саны
|
1.
2.
|
|
|
|
|
|
|
Үйге тапсырма: Қайталау.
Химия 8 сынып күні:
Сабақтың тақырыбы: Атомның құрамы мен құрылысы
Сабақтың мақсаты: Атом құрылысы туралы білімді нақтылайды.. Химиялық элементтердің периодтық жүйедегі рет нөмірінің физикалық мәнін түсінеді. Атом құрылысының күрделілігіне байланысты периодтық заңның қазіргі кездегі тұжырымдамасын айта білуге үйренеді.
Өзіндік пікірге негізделген материалдың маңыздылыңын бағалайды
Құрал – жабдықтары: Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі,есептер жинағы ,үлестірмелі материалдар.
Сабақтың түрі: дәстурлі
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ- жауап, «ыстық орындық», «Жиксо»,
»ойлан-жұптас-талқыла».
Сабақ барысы:,
І.Ұйымдастыру кезеңі :
психологиялық ахуал тудыру.
Жылулық сезімі» (оқушылар бір-біріне ыстық тілектерін жолдайды.)
ІІ.Қызығушылықты ояту.
Ой қозғау Оқушылардың периодтық заң туралы білімін тексеру мақсатында тапсырмалар беру:
-
Кейбір элементтердің сутегі мен және оттегімен қосылыстарының жалпы формулалары қандай:RH3,R2O,RO2,RH,RH4. Осылардың қайсысы көміртегі мен мышьяктың сутекпен қосылысы мен жоғары оксидінің формуласына сәйкес келеді?
-
Мына қосылыстардың формуласы дұрыс болу үшін қажетті индекстерді қойыңдар: РН, Н, СН, NH .
-
Жоғары оксидтерінің формуласы дұрыс болу үшін қажетті индекстерді қойыңдар: CIO, SbO, PbO, SiO.
2 тапсырма өздік жұмыс
Оқушыларға төмендегі сұрақтар қойылады:
-
Салыстырмалы атомдық массаларының өсуіне қарай орналасқан элементтердің химиялық қасиеттері не себепті периодты өзгереді?
-
Период дегеніміз не?
-
Периодтық заңның тұжырымдамасы қандай?
-
Неге кей жағдайларда (Ar–K, Co–Ni, Te–I) элементтер атомдық массаларының өсуіне байланысты орналаспаған?
-
Заңды өзгерістер болатын элементтердің және олардың атомдарының қандай қасиеттерін білесіңдер?
Осындай проблемалық сұрақтар кезінде Менделеевті де ойландырды. Өмірінің соңғы жылдарында мұның сыры атомдардың күрделі құрылысында болар деген болжам жасады. Оқушылар бұл сұраққа жауап беру үшін физикадан өткен атом құрылысы туралы білімдерін қолданады.
3 тапсырма презентация «Атом құрылысы»
ІІІ. Жаңа сабақ Мағынаны тану
-
Атом құрылысы туралы не білесіңдер?
-
Атомдар қандай негізгі екі бөлшектен құралған?
Топпен жұмыс . Джиксо әдісі бойынша мәтінмен танысып,бір –бірлеріне түсіндіру
Тағы басқа сұрақтар бере отырып, атомның күрделі құрылысы туралы әңгімелеу.
Оқушылардың жауабы 1911 жылы ағылшын физигі Резерфордтың атом ортасында оң зарядты ядро, ал оның айналасында электрон бұлтын түзе қозғалатын электрон бар деген теориямен толықтыру.Американ физигі Милликен электрон теріс заряд көрсете- тінін тәжірибе жүзінде дәлелдеп,оны бірге тең деп қабылдады. Атом жалпы электр- бейтарап болғандықтан, электрондар зарядының жалпы саны ядро зарядына тең.
Ал 1913 жылы Резерфордтың шәкірті Г.Мозли атом ядросындағы зарядтардың шамасы элементтің периодтық жүйедегі рет нөміріне тең болатындығын анықтады.
Мозлидің ашқан жаңалығынан кейін Менделеевтің жасаған периодтық жүйесіндегі
Ar–K,Co–Ni,Te–I элементтердің орындарының алмасуы заңды екені анықталды.Осыған байланысты,элементтердің реттік нөмірі атом ядросындағы оң зарядтың санын,сол сияқты ядро айналасында қозғалатын электрондар санын көрсетеді.
Реттік нөмірдің физикалық мәні осында.Элементтердің реттік нөмірі – оның атом ядросының заряды. Атомның ядро заряды химиялық элементтердің қасиеттерін сипаттайтын маңызды шама. Атом құрылысын одан әрі зерттеу кезінде құрамына протондар мен нейтрондар деп аталатын бөлшектер кіретіні анықталды.
2 тапсырма кестені толтыру
Атомның элементар бөлшектері:
Бөлшектер
|
Белгісі
|
Салыстырмалы заряды
|
Салыстырмалы массасы
|
Протон
|
р
|
+
|
1
|
Нейтрон
|
п
|
0
|
1
|
Электрон
|
е
|
−
|
0
|
Достарыңызбен бөлісу: |