Сабақтың тақырыбы Химиялық элементтерді периодтық жүйедегі орны мен атом құрылысы тұрғысынан сипаттау



бет1/3
Дата18.10.2023
өлшемі0.97 Mb.
#481039
түріСабақ
  1   2   3
Ашық сабақ "Химиялық элементтерді периодтық жүйедегі орны мен атом құрылысы тұрғысынан сипаттау" 4


Бекітемін :__________________



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
8.3АХимиялық элементтердің периодтық жүйесі

Мектеп: №46 ЖОББМ

Күні: 20.01.2020

Мұғалімнің аты-жөні: Максотова А.Т.

Сынып: 8 б

Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:




Сабақтың_тақырыбы__Химиялық_элементтерді_периодтық_жүйедегі_орны_мен_атом_құрылысы_тұрғысынан_сипаттау'>Сабақтың тақырыбы

Химиялық элементтерді периодтық жүйедегі орны мен атом құрылысы тұрғысынан сипаттау

Осы сабақта қол
жеткізілетін
оқу мақсаттары (оқу
бағдарламасына сілтеме)

8.2.1.4 периодтық жүйедегі орны бойынша химиялық элементті сипаттау



Сабақ
Мақсаттары

  • Периодтық кестеге сүйене отырып, химиялық элементке сипаттама беру;

  • Периодтық кестеге сүйене отырып, химиялық элементке атом құрылысы бойынша сипаттама беру

Бағалау критерийлері

  • Периодтық жүйедегі орны бойынша химиялық элементке сипаттама бере алады

  • Периодтық жүйедегі орны бойынша химиялық элементке атом құрылысы бойынша сипаттама бере алады

Тілдік мақсаттар



Топта ядро заряды, энергетикалық деңгей саны, атом радиусы артады/ кемиді
Периодта солдан оңға қарай ядро заряды артады/ кемиді, энергетикалық деңгей саны ........ , атом радиусы өседі/азаяды.
Металдық/ бейметалдық қасиеттері топтарда жоғарыдан төмен қарай артады/кемиді, себебі .......
Металдық/ бейметалдық қасиеттері периодтарда солдан оңға артады/кемиді, себебі .......…

Құндылықтарды
дамыту

Өмір бойы оқу, патриотизм құндылықтары сабақ барысында насихатталады.

Пәнаралық байланыс

Физика, математика

Бастапқы білім



7.2.1.3 Периодтық кестенің құрылымын білу және сипаттау: топтар және периодтар
7.3В Химиялық элементтердің периодтық кестесі
8.1А Атомдағы электрондардың қозғалысы

Сабақ барысы

Сабақтың
жоспарланған
кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар



Сабақтың басы

3 минут


Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау. 3 түрлі карталар арқылы топқа біріктіремін.






Сабақтың ортасы

8 минут


5 минут

10 минут


8 минут

5 минут


«Мен кіммін?» ойыны
Оқушылардың өткен сабақ бойынша білімдерін тексеру мақсатында ойын ойнатылады
Мұғалімнің сөзі: - Сонымен оқушылар біз «Мен кіммін» деп жасырынып тұрған элементті табу арқылы сол элементтерге не бердік?
Оқушы: - Сипаттама
М: - Бәрекелді, жарайсыңдар. Сонымен біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Химиялық элементтерді периодтық жүйедегі орны мен атом құрылысы тұрғысынан сипаттау». Ендеше өткен білімізге сүйене отырып периодтық жүйедегі элементерді сипаттайық.

Сабақтың мақсатымен таныстыру:


М: Сонымен сабағымыздың мақсаты:

  • Периодтық кестеге сүйене отырып, химиялық элементке сипаттама беру

М: Ал енді осы бүгінгі сабағымызға сәйкес күтілетін нәтижеміз: - Периодтық жүйедегі орны бойынша химиялық элементке сипаттама бере алады
М: «Барлық оқушыларға сәттілік тілеймін!»


Жұптық жұмыс
ТАПСЫРМА: Жоспар бойынша №12 және №9 элементке сипаттама беріңіз

СИПАТТАМА



1 Химиялық элемент атауы және таңбасы







2 Элементтің периодтық кестедегі орны (период және топ нөмірі)



3 Химиялық элементтің атом құрылысы



4 Металл/бейметалл



5 Оттекті қосылыстарында жоғарғы тотығу дәрежесі, гидроксидтерінің формуласы және сипаттамасы



6 Элементтің сутекті қосылысының формуласы





Дескриптор:

  • Химиялық элементтің атауы мен таңбасын жазады;

  • ХЭ периодтық кестедегі орнын сипаттайды;

  • ХЭ атом құрылысын жазады;

  • Металл ма, бейметал ма екендігін анықтайды;

  • Э-тің жоғары тотығу дәрежесін және гидроксид формуласын жазады;

  • Эл-тің сутекті қосылыс жазады.

(Б) Дәптерін көршісімен ауыстырады, интерактивті тақтаға шығарылған дұрыс жауаптармен салыстырып тексереді, «Фигуралар сөйлейді» әдісі арқылы бағалайды. Дескриптордың 1-2 ғана дұрыс болса – үш бұрыш, 3-4 дұрыс болса – төрт бұрыш, 5-6 дұрыс болса жұлдызшаның суретін салып, бағалайды. Содан соң мұғалім ауызша кері байланыс береді.




Топтық жұмыс
Оқушылар топта химиялық элементке жан-жақты сипаттама беріп, мәліметтермен алмасып отырады.



Дескриптор:

  • Хлор мен Калийдің периодтық кестедегі орны бойынша сипаттайды;

  • ХЭ-дің атом құрылысы бойынша және де период пен топтың нені көрсете алатынын біледі;

  • ХЭ сипаттама береді және қосылыстарының формулаларын жазады.

(Б) Топтар тапсырмаларын қорғап болғаннан кейін бір-біріне «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі арқылы кері байланыс жасап, бағалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет