Сабақтың тақырыбы: Инерция. Сабақтың мақсаты



бет1/2
Дата17.07.2016
өлшемі0.79 Mb.
#205485
түріСабақ
  1   2


Мұханова Ардақ Қуандыққызы

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы

« №4 орта мектебі»мм

физика пәнінің мұғалімі


Сабақтың тақырыбы: Инерция.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік:Инерция құбылысының физикалық мағынасын ашу, инерцияның тұрмыстағы және техникадағы көріністерімен танысу.

2. Дамытушылық: Тақырыпқа байланысты жаттығулар арқылы оқушының ой-өрісін белсенділігін дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру.

3. Тәрбиелік: Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, шешендікке баулу, ұжымдық жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: буклеттер: «Физиканың даму тарихы», «Инерцияның маңызы», үлестірме қағаздар, «Орныңды тап!», «Сен қандайсың?» ойындары, приборлар: арбаша, көлбеу жазықтық, құм, қалың мата, шыны.

Сабақтың әдісі: Дәстүрлі емес сабақ.

Сабақтың түрі: Дебат-пікірсайыс сабағы.

Сабақтың жүру барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылардың, сынып бөлмесінің сабаққа әзірлігі тексеріледі.

II. Өткен тақырыптарды пысықтау. Өткен тақырып жалпы түрде тексеріледі. Тақтадағы бірқалыпты емес қозғалыс мысалдарына берілген суреттер бойынша сабақ тексеріледі. «Орныңды тап!» (формула құру), «Сен қандайсың?» (заттың күйі) ойындары ойналады.

III. Жаңа сабаққа кіріспе. Жаңа сабаққа кірісер алдында бірнеше мысалдар келтіруден бастаймыз. Инерцияның қозғалыстағы, тұрмыстағы, техникадағы маңызы айтылады. Жаңа сабақты түсіндіру үшін сыныптан алдын ала дайындалған 6 оқушы шығады.



I-топ жақтаушы. «Алғыр тобы».

II-топ даттаушы. «Жасұлан » тобы.

Сыныптан бір оқушы дебатты жүргізуші, екінші оқушы уақытты есептеуші-таймкипер болады. Сыныптың қалған оқушылары сайыс соңында өз дауыстарын берді. Ол үшін оқушыларға қызыл, жасыл дөңгелектер таратылады.

Пікірсайыстың қалай өтетіні түсіндіріледі.

IV. Жаңа сабақ.

Тақтаға пікірсайыстың тақырыбы ілінеді. Бастаушы ең алдымен сөзді жақтаушы топқа береді. Олар өз дәйектемелерін алға тартады.

Инерция (лат. іnertia-әрекетсіздік) инерттілік-механикада механиканың 1-ші және 2-ші заңдары бойынша бейнеленетін материялық дененің қасиеттері. Сыртқы әсерлер бір-бірімен теңгерілсе немесе басқа денелер әсер етпегенде, материялық денелер қозғалыстағы немесе тыныштықтағы күйін сақтайды. Осы заңдылық (Ньютонның 1-ші заңы немесе инерция заңы) орындалатын санақ жүйесі деп аталады. Демек, бірін-бірі теңгермейтін күштер түскенде инерция салдарынан дененің қозғалыстағы немесе тыныштықтағы күйі, яғни оның жылдамдығы кенеттен өзгермей, біртіндеп өзгереді. Дененің инерттілігі неғұрлым көп болса, оның жылдамдығы да баяу өзгереді. Дене инерттілігінің сандық өлшеуіші ретінде масса алынады. «Инерция» термині әртүрлі приборларға байланысты да пайдаланылады. Мысалы, өлшеуіш приборлардың өлшенетін шаманы біраз кешігіп көрсетуі, оның инерттілігі деп аталады. Оны Италияның оқымыстысы Галилео Галилей зерттеді, ал 1678 жылы Исаак Ньютон оны толықтырды.

Бастаушы енді даттаушы топқа сөз береді. Олар инерция құбылысына тоқтала отырып, оның жаман зиянды жақтарын айтады.

Кез келген дене сырттан әсер болмағанда өзінің Жермен салыстырғанда тыныштық күйін немесе бірқалыпты түзу сызықты қозғалысын сақтайды (тәжірибе көрсетіледі). Көлбеу беттен арбашаны әуелі құм төселген жолға, тегіс жылтыр шыны жолға түсірейік. Бұл жолдардың әрқайсысында арбаша түрліше қозғалады. Бұл инерция құбылылысына байланысты. (Инерция құбылысының анықтамасы айтылады).

Енді сөз жақтаушы топқа беріледі. Арасында екі топ бір-біріне тосылдыратын сұрақтар қойып отырады.

Инерцияның пайдалы жақтары:

● Кілем тазалағанда инерцияның пайдасы көп. Кілемді таяқпен ұрғанда, кілем орнынан қозғалады, ал шаң сол орнында инерцияның әсерінен қалып қояды.

● Велосипедшілер жарысында велосипедшілер үнемі педальды баса бермейді, оқтын-оқтын аяқтарын демелдатады, бірақ велосипед тоқтамайды. Осылай таулы жолдарда машиналар жанармай үнемдейді.

● Балға саптағанда балғаны үстелге ұрғанда, балға инерция әсерінен сапқа енеді т.б.

Жақтаушы жақтың қорытынды сөздері.

Егер инерцияның істеген істеріне дұрыс, әділ көзбен қарасақ, оның кемшілігінен пайдалы істері көп. Жақсы шофер инерцияның көмегімен бензин үнемдейді. Ал егер жаяу адам ұшқалақ, жол ережесін білмейтін болса, онда машина тежегенде тез тоқтай алмайды да, оны қағып кетеді. Бұған жаяу адам кінәлі. Сүрініп құлаған адам да өзін кіналауы керек. Егер инерция болмаса, барлық планеталар орбитасынан шығып кетер еді, Ай Жерге, Жер Күнге құлап түсер еді.

Инерцияның зиянды жақтары:

● Бір адам көшеден өтіп бара жатыр еді, бұрылыстан шыға келген машина оны қағып кетті. Машина инерцияның кесірінен тоқтай алмады.

● Теледидарда велосипедшілер жарысын көрсеткенде, бір велосипедші құлап еді, қалғандары инерцияның әсерінен тоқтай алмай үстіне құлады.

● Автобус тежегішін басқанда, адамдар инерцияның кесірінен алға қозғалып, бір-біріне соқтығысты.

● Мамам маған тамақ әзірле деді. Мен кеспені жайпақ ыдыспен әкеліп үстелге қойып едім, кеспе төгіліп, дастарханды дастарханды бүлдірді. Мамам маған ұрысты. Бірақ мен емес, кінәлі инерция.

● Менің әжем тайғақ жолда құлап, сол инерцияның кесірінен аяғын сындырып алды. т.б.

Даттаушы жақтың қорытынды сөзі:

Біз мұнда не үшін жиналдық? Инерцияның қылмысы көрініп тұр емес пе? Инерцияны жақтағысы келгендер табылып жатыр. Бұл инерция бізге не істемеді? Кім сүрініп құламады? Қанша апаттар болды, қанша машина істен шықты. Бұны жақтау дұрыс емес. Қанша адам жарақат алды.

Бастаушы сыныптың қалған оқушыларына сұрақ қойғызады.

-Биіктіктен секіріп түскен кезде адам неге тізесін сәл бүгіңкірейді?

-Көлік оңға немесе солға бұрылғанда ондағы жолаушы қалай қарай қисаяды? Неліктен?

-Не себепті желдеткіш ажыратылған соң, біразға дейін айналып тұрады?

-Аты сүрінсе, шауып келе жатқан салт аттыда қандай жағдай болады?

-Жаңбырлы күні даладан келіп, киімді шұғыл сіліккенде одан жаңбыр тамшылары ұшып түседі? Неліктен?

-Ордан жүгіріп барып секіру неге жеңіл?

-Қуып жүріп ұстау ойынын ойнағанда біресе оңға, біресе солға бұрылғанда неге ұстап алу қиынға түседі?

V. Қорытынды.

Оқушылардың салған суреті бойынша түсініктерін байқаймыз.

1. Көлбеу жазықтықтан сырғанаған арбаша қозғалысы.

2. Таудан шанамен сырғанаған бала.

3. Машинаның жолын кесіп өтуге тырысқан бала.

4. Машина жүретін жолда жүгірген адам.

5. Ағаш арасымен таудан жүгіріп түскен бала.

6. Кілт тоқтаған немесе орнынан кілт қозғалған вагондағы жолаушы.

7. Космос кораблі немесе космонавт.

Осыдан кейін әр топқа дауыс беріліп, жеңімпаз топ анықталады. Белсенді қатынасқан оқушылар бағаланады. Бастаушы мен мұғалім қорытынды сөз айтады.

Инерцияның пайдалы жақтарын ескеріп, оны қолдануды кеңейту керек, ал зиянды жақтарымен күресу жолдарын іздестіру керек, сондықтан физика заңдарын терең оқып үйреніп, оны адамзат үшін кеңінен пайдалану керек.



VI.Үйге тапсырма.

Сабақ қорытындыланады. Қатысқан оқушылар бағаланады.




Сыныбы: 7

Тақырыбы: Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс графигі. Инерция. Кеңістік және уақыт
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс графигі, инерция, кеңістік және уақыт туралы түсінік беру
Дамытушылық: Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс графигі, инерция, кеңістік және уақыт туралы түсінік беру барысында, оқушылардың танымдық деңгейін арттыру, ой-өрісін кеңейту.
Тәрбиелік: Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс графигі, инерция, кеңістік және уақыт туралы түсінік бере отырып, оқушыларды бірін-бірі тыңдауға, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: ойын сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, тест
Пән аралық байланыс: математика, тарих, сызу
Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу, түгелдеу.


2. Оқушылардың құрал жабдығын тексеру.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Оқушы білімін жан-жақты тексеру:
- Балалар, қазір қандай мезгіл?
- Күз.
- Дұрыс айтасыңдар, балалар. Қазір күз мезгілі. Табиғатта көз жүгіртсек қандай өзгерістерді байқаймыз?
-....
- иә, балалар, талдан жапырақтар сарғайып түсіп жатыр. Қазір онда біз түскен жапырақтарды жинау барысында «Жапырақтар» ойынын ойнаймыз.
1-жапырақ: Қозғалыс жылдамдығы дегеніміз не? Ол нені көрсетеді? Формуласын жаз.
2-жапырақ: Егер жол мен жылдамдық белгілі болса, қозғалыс уақытын қалай табуға болады?
3-жапырақ: Жылдамдық пен уақыт арқылы жүрілген жолды қалай өрнектейді?
4-жапырақ: Дененің жылдамдығы өзінің сан мәнінен басқа тағы немен сипатталады? Жылдамдық қандай жағдайда оң, ал қандай жағдайда теріс мәнге ие болады?
5-жапырақ: Егер жолаушы 5 км жолды 2сағатта жүріп өтсе, жолаушының жылдамдығы қандай болғанын тап.
6-жапырақ: км/сағ-пен берілген жылдамдықты м/с-пен қалай өрнектейді?
7-жапырақ: Орташа жылдамдық деп нені түсінеміз? Орташа жылдамдықты қалай есептеп табуға болады?
8-жапырақ: Дене қозғалысының белгілі бір уақыт аралығындағы орын ауыстыруын қалай есептеп шығаруға болады?

ІІІ. Жаңа түсінік беру:
Көрнекілік үшін қозғалысты график көмегімен сипаттауға болады.
Бірқалыпты түзу сызықты қозғалысты график түрінде бейнелеу тәсілін қарастырайық. Бастапқы t0=0 болған мезетте дененің координатасы x0, ал кез келген t уақыт мезетіндегі координатасы х болсын. Сонда орын ауыстыру l =х-x0 болады. Ал бірқалыпты қозғалыс кезіндегі орын ауыстыру l=v*t екені белгілі. Мұнда, v жылдамдық тұрақты шама болғандықтан, бірқалыпты қозғалатын дененің орын ауыстыруы қозғалыс уақытқа тура пропорционал. Осы екі өрнекті салыстыра отырып, былай жазуға болады: х-x0=v*t. Өрнектегі x0-ді теңдіктің оң жағына шығарып, былай өрнектей аламыз:


Бұл өрнек бірқалыпты түзу сызықты қозғалатын дененің немесе материялық нүктенің қозғалыс заңы деп аталады. Осы заңды қолдана отырып, дененің кез-келген уақыт мезетіндегі координатасын табуға болады.


Айталық, дене бірқалыпты қозғала отырып, әрбір секунд сайын 3 м аралықты жүріп өтсін. Уақыт қозғалыс басталған мезеттен есептеледі. Бұл жағдай үшін дене координатасының уақытқа тәуелділігі төмендегідей кесте түрінде беріледі:



t, c

0

1

2

3

4

5

х, м

0

3

6

9

12

15

Күнделікті тәжірибеден біз қандай да жылдамдық алған дене біраз уақытқа дейін қозғалысын сақтайтынын білеміз. Мысалы, Жерде жатқан допты аяқпен тепкеннен кейін ғана ол қозғала бастайды, әткеншек қолмен итергенде ғана қозғалады, т. б. Осы мысалдардың өзі – ақ кез келген дене сырттан әсер болмағанда өзінің Жермен салыстырғанда тыныштық күйін немесе бірқалыпты түзу сызықты қозғалысын сақтайды деген болжам айтуға мүмкіндік береді. Мұның дұрыстығына ғалымдар әр түрлі тәжірибелер жасай отырып көз жеткізген.


Басқа денелер әрекетін тигізбегенде дененің жылдамдығын сақтау құбылысы инерция деп аталады. (латынша инерция – қозғалыссыздық, әрекетсіздік).
ІV. Жаңа түсініктер мен іс-әрекеттер тәсілін қалыптастыру:
- қозғалыс заңының өрнегі

Басқа денелер әрекетін тигізбегенде дененің жылдамдығын сақтау құбылысы инерция деп аталады. (латынша инерция – қозғалыссыздық, әрекетсіздік).



V. Мұғалімнің проблемалық және ақпараттық сұрақтары:

«Қыстың қамын жаз ойла» деген қазақта мақал бар. Яғни алдымыз қыс болғандықтан, қыстық азық-түлігімізді жинап алу үшін қырманға барамыз, яғни «Қырман» ойынын ойнаймыз.


- Қозғалыс заңының формуласын жаз.
Бірқалыпты түзу сызықты қозғалатын дененің қозғалыс графигі қандай болады?
Дененің қозғалыс жылдамдығы оған тек басқа дене әрекет еткенде ғана өзгеретінін көрсететін мысалдар келтіріңдер.
Денеге еш нәрсе әрекет етпесе, ол қандай күйде болады?
Инерция деп нені айтады?
Кеңістік және оның негізгі қасиеттері, өлшемі туралы не білесің?
Уақыт және оның негізгі қасиеттері, өлшемі туралы не білесің?
Егер қозғалыстағы дененің жолындағы барлық кедергілер жойылған жағдайда, ол қалай қозғалар еді? – деген сұраққа мұқият зерттеулерінің барысында жауап берген кім болды?
VІ. Жаңа түсінікті тексеру: Дидактикалық тапсырмалар
VIІ. Жаңа сабақты бекітуге арналған жаттығулар (есептер, сарамандық жұмыстар, зертханалық жұмыстар, тесттік бақылаулар):
9-жаттығу: а), ә), б)
VIIІ. Жаңа сабақты қорытындылау:
Адамдар күнделікті өмірде инерциямен жиі ұшырасады. Мысалы, көліктің кез келген түрінде кетіп бара жатқан жолаушы көлік кенет тоқтағанда алға қарай еңкейіп, ал жылдамдығын күрт арттырғанда артқа қарай шалқая түседі. Міне, бұл мысалдардың бәрінде де дене өзінің инерциясы бойынша қозғалыс жылдамдығының бағытын сақтауға тырысады.
IХ. Оқушылар еңбегін бағалау:
Х. Үй тапсырмасы: (шығармашылық тапсырма):
1. §27. Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс жылдамдығы
§28. Инерция
§29. Кеңістік және уақыт
2. 9 жаттығу (2), (3)
3. Өздеріңді қоршаған ортадағы, микроәлемдегі, ғарыштағы инерция бойынша қозғалатын денелерге мысалдар келтіріңдер.
4. а) Галилео Галилей өмірбаянына реферат жазу.
ә) Галилео Галилей еңбектері жайлы мағлұмат жинау
б) Өтілген тақырыпқа байланысты сурет салу және сөзжұмбақ, ребус құрастыру.

Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: Зат құрылысы туралы алғашқы мағлұматтар.

Сабақтың мақсаты:

білімділік: зат құрылысы, молекула, заттың үш күйі, диффузиялық құбылыс  туралы ұғымды ойын элементтері арқылы түсіндіру.

дамытушылық: оқушылардың алған білімдерін жеткізе білуін, ойынның мәнін ұғынып, ерекшелігін түсіндіру.

тәрбиелік: ойын арқылы логикалық ойлау қабілетін шыңдау,шапшаңдыққа, өзін-өзі басқаруға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  қайталау, ойын түрі

Әдіс-тәсілдер:    баяндау, сұрақ-жауап, топтау

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, электрондық оқулық.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

Оқушылармен амандасу, сабаққа даярлығын тексеру.



ІІ. Негізгі бөлім.

Тарау бойынша ойын сабағын төмендегідей кезеңдерге бөлемін.

«Ойлан тап»    (жұмбақтар шешу)

Мақал-мәтелдердің физикалық мәнін түсіндіру

Қызықты тәжірибелер

«Қас қағым сәт» (логикалық сұрақтарға жауап)



І кезең

Ойын элементтерін тиімді қолдану сабақтың тартымды өтуіне әсерін тигізеді, осыған орай қайталау сұрақтарына жұмбақтарды пайдаланамын.

1.Зер ,зер кілем, зер кілім

Зерлері көп зор кілем                             (жер)

2.Кең әлемді кернейді,

Көзің бірақ көрмейді.                            (ауа)

3.Қабат-қабат қаттама

Ақылың болса аттама                           (кітап)

4.Өз еркіне жіберсең,

Дүниені бүлдірер                                    (от)

5.Жұрттың бәрі соны сүйеді,

Бірақ қарағысы келмейді                       (күн)



ІІ кезең

Қандай тақырыптарға келетінін физикалық тұрғыдан түсіндіреді, талдау жүргізеді.

«Сынған көсеуді жамауға болмайды»

(зат құрылысы)

«Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді»         (диффузия)

«Тау мен тасты су бұзады,

Адамзатты сөз бұзады»                                      (заттың күйі)

«Жұпарды жасырғанымен иісі білінеді»          (диффузия)

«Отқа салса темір де балқиды»                       (заттың күйлері)

ІІІ кезең

Оқушылар өз бетімен дайындалып келген тәжірибелерін көрсетеді.

1-тәжірибе. Температуралары әртүрлі бірдей мөлшерде суы бар стаканға бояу түйгіштер салынған.

2-тәжірибе. Жанған шүберек немесе сіріңке түтінінің иісінің таралуын көрсетеді.

3- тәжірибе. Таза суға, лимон қышқылы және қант араластырып дәмін келтіріп, түсін шығарады.

ІV кезең

Мұз, су және су буының молекулаларының айырмашылығы бар.

Азық түлік тұздау қанддай құбылыс?

Үш пар ат 30 км шапса, әр ат қанша км шапқан?                                      (30 км)

Төрт қойдың неше аяғы бар?                                                                       (16)

Бір көйлек жылы ма, әлде бір көйлектің қалдыңдығындай үш көйлек жылы ма?   (3 көйлек)

Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ неше бұрыш қалады?

(5 бұрыш)



ІІІ.Қорытынды

IV. Бағалау

Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: «Зат және оның құрылысы» тарауы бойынша қайталау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларды «Зат және оның құрылысы» тарау бойынша алған білімдерін нығайту, тиянақтау, бір жүйеге келтіріп қорыту, теориялық білімін практикамен ұштастыру.

Дамытушылық:Ойын түрлері арқылы оқушылардың тапқырлық, ізденампыздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, өз ойын тиянақты жеткізуін дамыту, сабаққа деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұжымшылдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Қайталау сұрақтары. «Кім жылдам?» Дұрыс жауабын берген оқушыларға жетондар беріледі.

-Қайсысы физикалық денеге жатады? Кітап, пышақ, болат, алюминий, ұшақ, балауыз, фарфор, шыны аяқ, қорғасын.

-Қайсысы затқа жатады? Сызғыш, дәптер, стақан, бұранда шеге, қаламсауыт, қарындаш.

-Қайсысы физикалық құбылыстарға, затқа, физикалық денелерге, құралға, физикалық шамаға, физикалық шаманың өлшемін білдіреді? Минут, оттек, ай, таразы, жел, температура.



Тестпен жұмыс (интерактивті тақтамен көрсету)

1)Химиялық элементтің қасиеттерін бойына сақтаған оның ең кіші бөлшегі қайсы?

А) атом В) молекула С) бактерия

2) Заттың химиялық қасиеттерін бойына сақтаған оның ең кіші бөлшегі қайсы?

А) атом В) молекула С) бактерия

3) Газдағы немесе сұйықтықтағы мөлшері кіші /1мкм/ бөлшектердің ретсіз қозғалыстары қалай аталады?

А) броуындық қозғалыс В) диффузия С)хаос

4) Көлемін сақтай отырып, пішінін өзгерту кезіндегі заттың күйі қандай?

А)қатты В)сұйық С)газ

5)Тұрақты көлемі мен нақты пішіні жоқ күйді қалай атайды?

А)қатты В)сұйық С)газ

6) Дененің жылулық күйін сипаттайтын шама?



А) А) броуындық қозғалыс В) диффузия С)температура

Практикалық тапсырма (жұптық). Физикалық аспаптардың құнын анықтау (мензурка, таразы, сағат, сызғыш, транспортир, динамометр, термометр)

Сөзжұмбақ шешу (интерактивті тақтамен жұмыс)
















4


































7

м

о

л

е

к

У

л

А
















е





































н













6













1

ф

и

з

и

к

а




Қ







2

д

и

ф

ф

у

з

и

я




А













3

т

е

р

м

о

м

е

Т

р










5

в

а

к

у

у

м




Т



















8

а

т

о

м




Ы








  1. Табиғат туралы ғылым.

  2. Молекулалар мен атомдардың ретсіз қозғалыстар саласынан жанасып тұрған әр түрлі заттар бөлшектерінің бір-біріне өтіп таралуы.

  3. Жылудың тепе – теңдігін анықтайтын құрал.

  4. Дененің көлемін өлшейтін құрал.

  5. Ауасыздық.

  6. Зат қай күйінде өз пішіні мен көлемін сақтай алады?

  7. Бірнеше атомдардың өзара байланысуы.

  8. Бөлінбейтін өте кішкентай бөлшек.

6. Релаксация.

Музыка әуені арқылы тамаша табиғат суреттері ашылып, өмірлік маңызды сөздер жазылған беттер көрсетіледі /Компьютер арқылы./



Оқушылар сол сөздер бойынша қорытынды жасайды.

  1. Бағалау, қорытындылау.

  2. Үйге тапсырма: Заттың күйлерінің молекулалық моделін макет түрінде жасап әкелу.

Сыныбы: 7

Тақырыбы: «Планеталардың қозғалысы. Күннің жылдық қозғалысы»

Мақсаттары:

Білімділік: Күн жүйесінің құрамы мен құрылысы туралы оқушыларға түсінік беру;

Дамытушылық:Планеталарды ерекшеліктеріне қарай отырып айыра алу дәрежесіне жеткізу;

Тәрбиелік:жұмысты орындаған кезде ұқыптылық пен жауапкершіліктің қажеттілігін оқушы ойына салу.

Сабақ түрі: аралас сабақ.

Сабақ әдістері: интерактивті әдіс, проблемалық оқыту әдісі және т.б.

Сабақ жоспары:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Үй тапсырмасын тексеру: өткен тақырыптар бойынша оқушылар білімдері тексеріледі.

1-тапсырма: Екі оқушы тақтаға шығарылады да, оларға практикалық тапсырма беріледі. Бірінші оқушыға күріш дәңдерінің, ал екінші оқушыға қарақұмық дәңдерінің диаметрін қатарлау әдісі арқылы анықтау қажет.

2-тапсырма: сөзжұмбақты шешу.






д

и

ф

ф

у

з

и

я




т

е

о

р

и

я













г

а

З










к

и

л

о

г

р

а

м

м




э

л

е

к

т

р

о

н







а

т

о

м







  1. Бір зат молекуласының екінші зат молекуласына ену құбылысын не деп атаймыз?

  2. Табиғатты зерттеудің ғылыми түрінің бірі:

  3. Пішіні де, көлемі де болмайтын заттың агрегаттық күйі.

  4. Массаның өлшем бірлігі.

  5. Теріс зарядты бөлшек.

  6. Заттың ең ұсақ бөлшегі.

3-тапсырма: Сөйлемдерді аяқтап, интерактивті тақтаға жалғасын жазыңдар.

  1. 10n пайдалана отырып жазуды –сандарды ______________жазу деп атаймыз

  2. Заттың агрегаттық күйлері______________

  3. Дене пішіні мен көлемі сақталатын агрегаттық күй______________

  4. Атомды құрайтын бөлшектер______________

  5. Элементар теріс заряд______________

  6. Неғұрлым дене температурасы жоғары болатын болса, соғұрлым диффузия____________

  7. Элемент атомының сыртында қанша электрон болса, сонша ____________болады.

  8. Аспан әлемін зерттейтін ғылым____________

  9. Бір зат молекуласының екінші зат молекуласына ену құбылысын ___________деп атаймыз

  10. Заряды нольге тең болатын бөлшек____________

3. Жаңа тақырып түсіндіру: Оқушылар назарына анаграмма беріледі, сол анаграмманы шешсеңде, бүгінгі сабақ тақырыбын анықтай аласыңдар. «Күн жүйесі»

Енді, балалар, сендер дүниетану курсынан білетің мағлұматтарды бүгін естеріңе түсіріңдер: Күн жүйесінде неше планета бар? Дұрыс тоғыз планета бар екен: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Плутон. Сонымен енді бүгін сендермен осы 9 планетамен жақыңырақ танысайық. Сендер естеріңе тез сақтап қалу үшін назарларыңа шағын ғана бейнематериалын ұсынып отырмын.(бейнематериал қойылады) Енді жеке –жеке планеталармен танысайық. Планеталар сипаттамалары беріледі. Сонымен қатар күн жүйесінің құрамындағы негізгі объект-КҮН. Күн өте қызып тұрған жұлдыз, Барлық жүйенің центрі болып табылады. Күнсіз ешқандай тіршілік болмас та еді. Сонымен Күн жүйесінде: 9 планета және күн бар екен. Енді алған білімді қорытындылап, бекіту жұмыстары кіріссек.



4.Бекіту.

1-тапсырма Берілген планеталардың аттарын жазу.

2-тапсырма: күн жүйесінің құрамына кірмейтін объктілерді алып тастаңдар.

3-тапсырма: Ерекше планетаны анықтау.

4-тапсырма: Сұрақтарға жауап беру және сәйкес келетін планетаны сұрақ жанына орналастыру.

5. Қорытындылау. Оқушылармен тест жұмысы жүргізіледі. Тест он сұрақтан тұрады.

6. Үй тапсырмасы:

  • § 17,18 оқу, дайындық сұрақтарына жауап беру.

  • Планеталардың шығу тарихын анықтап келу.

  • Планеталар жайында өлең жолдарын немесе жұмбақтар құрыстырып келу. (шығармашылық тапсырма)

7. Бағалау. Сабаққа белсенді қатысып оқушылар бағалагады. Тест жұмысының бағалары талданып келесі сабақта оқушыларға жарияланады.
Сабақтың  тақырыбы:Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыс.

Сабақтың  мақсаты.
Білімділік:Қозғалыс , бірқалыпты,бірқалыпсыз қозғалыс  ұғымдарын  айналадағы мысалдар арқылы түсіндіре отырып, олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын білуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып, қозғалыс туралы білімдерді жетілдіру.

Тәрбиелілік: Адамгершілікк,өзін-өзі ұстай білуге,өзгенің пікірімен санасуға тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар мен дидактикалық материалдар:

Электрондық оқулық,флипчарттар, карточкалар, тірек бетшелері, суреттер(жердің күнді айнала қозғалуы, жүрек, коньки тебушілер т.б) кубик,сөзжұмбақ,поездің макеті,сағат, физикалық касса т.б.



Сабақтың түрі: Жаңа білімді қалыптастыру.

Сабақтың әдісі: Әңгіме,сұрақ-жауап,тәжірибелік көрсетілімдер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

    а. сұрақтар:

Механикалық қозғалыс деп нені айтамыз?

Дене қандай денелермен салыстырғанда қозғалады? (сурет бойынша)

Қозғалыс траекториясы деген не?

Дененің жүрген жолы деп нені айтады?

Жол бірліктеріне не алынады?



 ә. Қосымша қайталау тақырыптар бойынша жеке сұрақтар:

1-оқушы: Заттар қандай күйде кездеседі? Үш күйде болатын қандай затты алуға болады?

2- оқушы Өлшес бірлікті СИ системасына келтір

1 км   =     м                  1 см    =     м               1дм     =     м           1мм      =      м

3-оқушы Кубиктің алты жағындағы 6 түрлі жазылған сұрақтарға жауап бер.

4-оқушы «Физикалық касса» толтыру

 

 

Заттың күйлері

Қасиеттері

Молекуласының орналасуы

 

Газ

 

 

 

Сұйық

 

 

 

Қатты

 

 

 

ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау

(Флипчарттағы сөзжұмбақтың жауабын дұрыс орналастырса ерекше тор көзден «Қозғалыс» сөзін оқуға болады)

1.Біз қандай жолдармен табиғат құбылыстары туралы білім аламыз?(Бақылау)

2.Белгілі уақыт аралығында дене қозғалған траекторияның ұзындығы не деп

аталады? (Жол)

3. Молекулалары алшақ орналасқан заттың күйі?  (Газ)

4. Молекулалардың бір-біріне тартылуын  қандай құбылыспен түсіндіруге

болады? (Жұғу)

5. Денені құрайтын не?     (Зат)

6. Газдың түсі қандай?  (Мөлдір)

7. «Диффузия» сөзі латынның қандай сөзінен шыққан? (Жайылу)

8. Аққыш нәрсе не? (Сұйық)

ІҮ.Жаңа сабақты түсіндіру

Интерактивті тақта арқылы жетелеуші сұрақтар бере отырып,оқушылардың жаңа тақырыпты өздері оқып-түсінуіне жағдай туғызу.

1.Алуан түрлі қозғалыстардың арасында ___________________________________

__________________________________бірдей орын ауыстыратын қозғалысы да кездеседі.

2.Дене тең уақыт аралығында ұзындығы бірдей жол жүрсе,ондай қозғалыс_______

____________________________ деп аталады.

3. Дене тең уақыт аралығында әр түрлі жол жүріп өтсе,ондай қозғалысты _________________________________________ атайды.

4. Қозғалыстардың  басты   айырмашылығы_________________________________

5.    Бірқалыпты қозғалыстарға мысалы: ____________________________________

______________________________________________________________________

6. Бірқалыпсыз қозғалыстарға мысалы:_____________________________________

 Ү.Жаңа сабақты пысықтау



(Жаңа тақырыпты «Ой қозғау» Венн диаграмасын толтыру арқылы пысықтау)

                        Бірқалыпты      Қозғалыс    Бірқалыпсыз                                             

ҮІ. Жаңа сабақты бекіту.

      ( флипчартқа жазылған тест сұрақтарына жауап алу)

ҮІІ. Жаңа сабақты қорытындылау

А.Поезд станциядан шыққанда,өзара тең уақыт аралығында барған сайын көбірек жол жүреді. Ол станцияға жақындағанда  өзара тең уақыт аралықтарында азырақ жол жүреді.

Б. Конькиші жарысқа түскенде ұзындығы бірдей жолды әр түрлі уақытта жүріп өтеді.

В. Арбаның бір қалыпсыз қозғалысын тәжірибе жасап бақылауға болады.

      Бірдей уақыт аралығында тамған тамшылардың іздерімен арбаның қозғалысы      

      бір қалыпты емес екендігі байқалады.

         Тамшылар бірдей уақытта тамады,бірақ арба қозғалғанда      ал тамшылардың іздерінің ара қашықтығы бірдей емес.

ҮІІІ. Үйге тапсырма.§ 24 Өзін-өзі тексеру сұрақтары


Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Заттың агрегаттық күйлері. Денелердің балқуы мен қатаюы.

Сабақтың мақсаты :Оқушыларды табиғаттағы заттың үш күйімен таныстырып, олардың бір-бірімен айырмашылығын ажырата білуге үйрету.

Білімділік: Заттың үш күйі қатты,сұйық ,газ тәрізді денелердің құрылысының ерекшеліктерін, негізгі қасиеттерін айқындай отырып балқу және қатаю құбылыстарының физикалық мағынасын ашу, балқу және қатаю ұғымдарын енгізу

Дамытушылық :Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту,ой-өрісін кеңейту ,білім-біліктілігін қалыптастыру.

Тәрбиелік:Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру ,теориялық білімін практикамен ұштастыра білуге тәрбиелеу,ұқыптылыққа

Сабақтың түрі : жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап,иллюстртивті экспериментті түсіндірме,оқулықпен жұмыс,логикалық есептер шығару

Сабақтың көрнекілігі:спиртшам, суы бар колба, тығыны бар шыны түтікше парафин, термометр, кристалл дене моделі, қатынас ыдыстар,мензурка, түсі боялған ыдыстағы су.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Жаңа сабақты түсіндіру

Балалар бүгін біз сіздермен судың қалай буға ,будың қалай суға айналатындығымен және су қатқан кезде мұздың пайда болатынын , табиғатта бұл құбылыстар қалай жүзеге асатындығымен танысатын боламыз.

І тәжірибе : Мензуркадағы судың көлемін өлшеп Қатынас ыдысқа құю,оны қайтадан төгіп алмай абайлап мензуркаға құйып тағы да көлемін өлшеу .

Қорытынды:Сұйықтардың белгілі бір пішіні болмайды ,оларды қай ыдысқа құйса сол ыдыстың пішінін алады ,бірақ көлемін сақтайды.Мензурка көмегімен сұйықтын көлемі өзгермейтіндігі дәлелденеді.

ІІ тәжірибе

Спиртшам көмегімен ішінде суы бар ,тығындалған тығыннан г тәрізді шыны түтікше өткізілген колбаны қойып ,суды қайнатып бу шығару.

Қорытынды: Бу судың газ тәріздес күйі,түссіз,иіссіз, белгілі бір пішіні болмайды ,көлемін сақтамайды.

ІІІ тәжірибе

Оқушыларға тұз,кеспек шекер,құм шекер сияқты қатты заттардың сырт пішінін лупа көмегімен анықтау.

Қорытынды:

Қатты денелердің өзінің белгілі бір пішіні болады,олардың молекулалары белгілі бір ретпен орналасады. Қатты денелер пішінін де ,көлемін де сақтайды.

Криссталдық тор көмегімен қатты денелердегі молекулалардың орналасуын түсіндіру. Затты бір агрегатттық күйден екінші агрегаттық күйге көшіру үшін оған не энергия беру қажет немесе одан энергияны алу керек.Сонымен денеге энергияны Бере отырып , оны қатты күйден сұйық күйге яғни еріткенде,сұйық күйден газ тәріздікүйгеайналдыруға болады.Керісінше энергияны бөліп алғанда,мысалы,газдансұйық, ал сұйықтан қатты дене алуға болады.

Заттың мұндай бір агрегаттық күйден екінші бір агрегаттық күйге айналуы практикада кеңінен қолданылады .Металлургияда әр түрлі қоспалар алу үшін металдрды балқытады.Электр станцияларының бу турбиналарында суды қыздырып ,алынған Буды пайдаланады.

Табиғатта агрегаттық күйлердің өзгеруі үнемі болып тұрады .Мұхит,теңіз,көл және өзендердің бетінен су буланады; су буы салқындағанда бұлт,шық ,тұман немесе қар пайда болады. Қыста өзендермен көлдер қатаяды, ал көктемде қар мен мұз ериді.

ІҮ тәжірибе: парафинді балқытып , балқу температурасын анықтау .

Қорытынды :Сырттан энергия Берген жағдайда дене қатты күйден сұйфқ күйге өтсе, бұл процесс балқу деп аталады.Парафин 45 С температурада балқиды

Ү тәжірибе

Парафин толық сұйық күйге ауысқан кезде пробиркадағы салқын суға салып қатыру.Парафиннің қату температурасын анықтау.

Қорытынды :Дене сұйық күйден қатты күйге өтсе , онда зат қатады , не кристалданады. Парафин 45 С қатады.

ІІІ Оқулықпен жұмыс :

І Ережелердің физикалық мағынасын ұғыну.

1.Заттың қатты күйден сұйық күйге айналу процесі балқу деп аталады

2.Заттың сұйық күйден қатты күйге айналу процесі қатаю деп аталады

3. Заттың балқу кезіндегі температурасын заттың балқу температурасы деп атайды

4. Заттың қатаятын кезіндегі температурасын заттың қатаю немесе кристалдану температурасы деп атайды .

5. Зат қай температурада балқыса, сол температурада қатаяды



ІІ Кейбір заттардың балқу температура көрсетілген кестемен жұмыс

 


  1. Мұз қай температурада ериді? Жауабы 0 С

  2. Сынап қай температурада қатады? Жауабы -39 С

  3. Күміс қай температурада балқиды? Жауабы 962 С

  4. 1064 С балқитын қай металл. Жауабы алтын

ІҮ. Бекіту: Логикалық есептер шығару физикалық мағынасын ашу.

1.Егер бір кесек болатты немесе вольфрамды балқытылған темірдің ішіне тастап жіберсе ,олардың қайсысы қатты күйде сақталады?

2. Неліктен суық аймақтарда сыртқы ауаның температурасынөлшеу үшін сынап емес спирт термометрін қолданады?

3. Суық күнде жылу батареялары істен шыққанда ,ондағы суды ағызып тастайды . Оны қандай мақсатпен жасайды.



Ү. Үйге тапсырма §13§14 8 –жаттығу
Пәні: Физика

Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Жылу құбылыстары тарауын қайталау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін жүйелеу, пысықтау, тексеру және бекіту.

Дамытушылық: Оқушылардың іскерліктерін қалыптастыру, белсенділігін, ойлау қабілеттерін арттыру, теориялық алған білімдерін практикамен байланыстыра білуге үйретуде эксперименттік есептер шығаруға көңіл бөлу, топ болып жұмыс атқаруға, ойларын тұжырымдап, жинақ ойлауға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, алғырлыққа, жинақы болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жарыс, ойын сабағы

Сабақтың типі: Ашық сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Мультимедия, электрондық оқулық, слайдтар.

Сабақтың барысы:

Сабақты ұйымдастыру:

- Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

- Құрметті оқушылар, бүгінгі «Жылу құбылыстар» тарауын қайталау сабағы «Ғарышқа» деген атпен сайыс түрінде өтеді. Бұл сайыста жылу құбылыстарына байланысты барлық білімдеріңізді ортаға салып көрсетуге тиіссіздер.

Сынып оқушыларын екі топқа бөліп, әр топқа атқойылады.

І топ – Цельсий

ІІ топ – Кельвин

Тақтаға екі топтың ұпайы жазылатын арнайы кесте ілінеді. Әрбір тиянақты дұрыс жауапқа 3 ұпай, тиянақсыз, бірақ дұрыс жауапқа 2 ұпай, ал әрбір жауапқа берілген толықтыруға – 1 ұпай. Жарыс соңында қай топ көп ұпай жинаса, сол жеңген болып саналады.

Ашық сабақ 7 бөлімнен тұрады. Жарыс барысында оқушылар жылу құбылыстарына байланысты сұрақтарға жауап беріп, есеп шығарып, тәжірибе жасайды.



І. «Кім шапшаң?»

Топ мүшелеріне кубик жақтарына жазылған физикалық шамалардың таңбалары бойынша формулалар жазу тапсырылады. 1 минутта кім көп жазса сол ұтады.



ІІ. «Кім көп біледі?»

Әр топ мүшелеріне төмендегідей сұрақтар қойылады. Сұраққа бірден жауап беру керек.




І топ: Цельсий

ІІ топ: Кельвин

  1. Қандай қозғалысты жылулық қозғалыс деп атайды?

  2. Температура нені сипттайды?

  3. Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдерін ата

  4. Жылу өткізгіштік деп қандай құбылысты айтамыз?

  5. Конвекция дегеніміз не?

  1. Броундық қозғалыстың себебі неде?

  2. Диффузия құбылысының мәні?

  3. Жүйенің ішкі энергиясы деп қандай энергияны айтады?

  4. Жылу берілудің түрлерін ата.

  5. Сәуле шығару дегеніміз не?



ІІІ. «Самғау»

Екі топтан бір-бір оқушы кезекпен тәжірибе жасап көрсетіп, тәжірибеге байланысты сұрақ қояды. Қарсы топ мүшелері жауап береді.

1. Тәжірибе: Температуралары әр түрлі, бірдей мөлшнрде суы бар екі ыдысқа бояу түйіршіктері салынады.

Сұрақ: Қай ыдыстағы судың салқын екендігін қол тигізбей-ақ анықтауға болады?

2. Тәжірибе: Екі ұшы картоппен теңестірілген сымның бір басын қыздырғанда не болады? Себебі неде?
IV. «Шарықтау»

Электрондық оқулықтағы тәжірибені көріп отырып физикалық құбылыстың мағынасын түсіндіру.



І топ. 1. Материалдың жылу өткізгіштігін салыстыру.

2. Қағаз картонды кастрөлде су қайнатуға бола ма?



ІІ топ. 1. Жұмыстың ішкі энергияға айналуы.

2. Қалайының балқуы.


V. Физикалық есеп.

Әр топқа денеге берілген жылу мөлшерін анықтауға арналған есеп беріледі. Топ мүшелері есепті шығарып болған соғң қарсы топқа тексеруге береді. Олар есептің дұрыс немесе қате шыққанын анықтап, бағалайды.

І топ: 250 гсуды 50С-қа дейін қыздыру үшін қанша жылу мөлшері кетеді?

Берілгені.



ХБЖ



Формула



Шешуі:



Жауабы: 5250 Дж


ІІ топ: 0,2 кг жезден жасалған бөлшектің температурасы 3650С. Ол 150С-қа дейін суытылғанда қоршаған ортаға қанша жылу мөлшерін береді?



Берілгені:



Формула



Шешуі:


Жауабы: 28000Дж




VI. «Физикалық эстафета»

Бір оқушы үлестірмелі қағазға жазылған есептің берілгенін және нені табу керек екенін жазса, келесі оқушы өлшемдерді халықаралық бірліктер жүйесіне көшіреді. Үшінші оқушы қажетті формуланы жазса, одан кейінгі оқушы формулаға есептің сандық мәнін қояды. Соңғы оқушы есепті шығарады. Қай топ есепті жылдам әрі тез шығарып, жауабын дұрыс тапса, сол топтың ұпайы жоғары болады.

1. 15 0С-тағы суды 1000С-қа дейін қыздырғанда, оның ішкі энергиясы 178,8 кДж-ге артты. Судың массасын анықтаңдар.

Берілгені:



ХБЖ

178800Дж


Формула





Шешуі:


Жауабы: 0,5 кг

2. 168кДж жылу мөлшерін алған 4л судың температурасы неше градусқа көтеріледі?



Берілгені.



ХБЖ



Формула





Шешуі:

Жауабы: 100С




VII. «Ғарыш төрі»

Тақырыптық тест. (компьютерде орындау)


Сабақты қорытындылау.

Тақтадағы кесте бойынша әр топтың ұпайы есептеліп, көп ұпай жинаған топ жеңімпаз аталады. Сабаққа белсене қатысқан оқушылардың білімі бағаланады.

Ашық сабақ өткен тарауды пысықтау кезеңін сапалы өткізуге, оқушылардың материалды толық меңгеруіне көмектеседі. Белсенділіктерін арттырып ойын дамытады.

Сабақты бағалау.

Сыныбы: 9

Сабақтың тақырыбы: Қисық сызықты қозғалыс.Материялық нүктенің шеңбер

бойымен бірқалыпты қозғалысы.



Сабақ мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға қозғалыстардың табиғатта ,техникада қолданылуын қарастыру;

Дамытушылық: Сөйлеу,есте сақтау қабілеттерін дамыту ,есеп шығару дағдысын қалыптастыру.Мысалдар келтіру арқылы тақырыпты меңгеру, қызығушылығын ояту;

Тәрбиелік: Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру;

Сабақтың типі: дәстүрлі

Құрал жабдықтар: графиктер,плакаттар,сызбалар,электронды оқулық.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасып, түгендеп алғаннан кейін, бүгінгі күн сабақ барысымен таныстыру. Сабақтан қандай мағлұматтар алып шығу керектігі туралы ескерту.



II. Қайталау,үй жұмысын сұрау.

  1. Еркін түсу үдеуі деп нені айтамыз?

  2. Еркін түсу үдеуі массаға тәуелді ма?

  3. Ал жылдамдық тәуелді ма?

  4. Еркін түсу кезіндегі формуласын атап көрсет,өлшем бірлігін көрсет?

  5. Қандай ғалым еркінтүсу үдеуін тәжірибе жүзінде дәлелдеді?

III. Жаңа сабақты түсіндіру

Дененің қисық сызықты траектория бойымен қозғалысы қисық сызықты қозғалыс деп аталады.Егер қозғалыс жылдамдығының модулі тұрақты болса,мұндай қозғалыс бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс деп аталады.Шеңбер бойындағы бірқалыпты қозғалыста нүкте бір уақыт аралығында өзінің бастапқы орнына ауық-ауық қайта оралып отырады.Сондықтан нүктенің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысын сипаттау үшін айналу периоды және айналу жиілігі деп аталатын шамалар еңгізіледі.

Айналу периоды (Т)-деп нүктенің шеңбер бойымен бір айналым жасауға кеткен уақытын айтады,яғни  айналу периоды (с) секундпен өлшенеді.Пе

Риодқа кері шама жиілік деп аталады. немесе  . Жиілік бірлігі ретінде 1с ішіндегі жасалған 1 айналым алынады. (1 с-1)



IV.Сабақты бекіту

  1. Қандай қозғалыс қисық сызықты қозғалыс деп аталады?

  2. Айналу периоды дегеніміз не?

  3. Қандай шаманы жиілік дейміз?

  4. Қисық сызықты қозғалыс кезінде үдеу мен жылдамдық өзгере ме?

  5. Формулаларды атап шық

V.Есептер шығару.

(1)

Бер: Шешуі:



 


T=?
(№2)

Бер: Шешуі:

c 




=?
(№3)

Бер: Шешуі:

t=10 c 

n=10 айн

T=?

(№4)


Бер: Шешуі:

t=5 c  

n=20 айн

T=? 


VI. Бағалау

VII. Үйге тапсырма беру



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет