Сабақтың тақырыбы: Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы. Сабақтың мақсаты



Дата24.02.2016
өлшемі25.5 Kb.
#15805
түріСабақ
7а сынып ____________________

Сабақтың тақырыбы:

Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы.


Сабақтың мақсаты:


  1. Білімділік мақсаты: Оқушылардың таным қабілетін арттыра отырып, тақырыптың мазмұнын ашып түсіндіру.

  2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.

  3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.


Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, Паскаль шары.
Сабақтың барысы:
І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың көңілін сабаққа аудару.


ІІ. ДК. Жаңа сабаққа дайындық.
А)Қысым деген не?

Ә) Қысымға мысал келтір.


ІІІ. ДК. Жаңа сабақты түсіндіру:
Электронды оқулықты пайдаланып түсінік беру. Оқушылар қарап отырып түсінеді.

§ 36. Паскаль заңы

Бөлме бұрышындағы үстелге кітаптар бумасын қойсаңыз оның еденге түсіретін қысымын өсіресіз, ал үстелге тиіп тұрған қабырға оны “байқамайды”. Ал егер поршеннің көмегімен ыдыстағы сұйыққа немесе газға қысым түсірсек, нәтиже мүлдем басқаша болады.

Тәжірибе жасайық. Поршеньді түтікке тесігі көп шар жалғайық. Шарды суға толтырып поршеньді сықсақ, ондағы қысым артады да, шардың тек күштің бағытындағы тесігінен емес, барлық тесігінен су шашырайды (95-сурет). Бұл кезде сыртқы тесіктен атқылаған судың қысымы бірдей болады. Осындай нәтиже, судың орнында түтін болғанда да байқалады (96-сурет).

Осы және басқа тәжірибелер сұйықтар мен газдар



өздеріне түсірілген қысымды барлық бағытта бірдей таратынын дәлелдейді.

Бұл заңды 1653 ж. француз ғалымы Б. Паскаль ашқан, сондықтан оның атымен Паскаль заңы деп аталады.

Сұйықтар мен газдардағы қысымның берілуі, олар құралатын бөлшектердің жоғары қозғалғыштығынан жүзеге асады (97-сурет). Онда поршеннің асты ыдыстағы газ молекулалары нүктелермен кескінделген. Поршеньді түсіргенде, оның астындағы газ сығылып, газ бөлшектері, төмендегіге қарағанда, тығызырақ орналасады (97, б-сурет). Біршама уақыттан соң бейберекет қозғалыстағы бөлшектер араласып, барлық көлемдегі қысым теңеледі, бірақ газдың тығыздығы артады (97, в-сурет). Бұл кезде молекулалардың ыдыс түбіне де, бүйірлеріне де соқтығысу саны бірдей мөлшерде артады. Бұл поршеннің қысымы газбен барлық бағытта беріліп, әр нүктеде бірдей шамаға артатынын білдіреді.
ІV. ДК.Жаңа сабақ бойынша түсінігін тексеру:

Заттың үш күйінің қасиеттері.

Сұйыққа немесе газға түсірілген қысым.

Қысымның барлық жаққа бірдей тарауы.
V. ДК.Жаңа сабақты бекіту.

97, 98 сурет бойынша оқушылардан сұрау. Олар нақты қысымның қасиетін біледі. Білген оқушылар ауызша жауап береді.


VI. ДК. Үй тапсырмасын тексеру:

20-жаттығу, 14 тапсрыманы тексеру. Әрқайсысы жекелей тапсырады.


VII.ДК. Оқушылардың білімін жан-жақты тексеру:


  1. Паскаль шарын көріп, жұмыс істеп танысу.

  2. Оқушылардың өздері көптеген мысалдар айту.

  3. Карточкамен жұмыс.

1 К. Паскаль заңы қалай айтылады.

2 К. Қысымның формуласы. Өлшем бірлігі.



3 К. Қысым сұйықтар мен газдарда қалай тарайды.

  1. Сұрақ-жауап ойыны.

А) Қысым деп нені айтады?

ә) Қысымды қалай анықтайды?

Б) 96-суретпен жұмыс істеу?
VІII.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §44, Өзін-өзі тексеру сұрақтары.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет