Сабақтың тақырыбы: Ж. Аймауытов "Әнші" 2- сағаты Сабақтың мақсаты



жүктеу 213.99 Kb.
Дата29.06.2016
өлшемі213.99 Kb.


Сабақтың тақырыбы: Ж. Аймауытов “Әнші” 2- сағаты

Сабақтың мақсаты:


Білімділік: әңгіменің тақырыбын, жазушының идеясын мәтінге сүйене отырып ашу, композиция-лық құрылысына, көркемдік ерекшелігіне талдау жасау, ән құдіреті мен Әмірқанның бейнесін ашу;
Дамытушылық: өнер тақырыбының өміршеңдігі туралы ұғымды дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: өнер құдіретін құрметтеуге баулу, ұлтжандылыққа, ұйымшылдыққа, белсенділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.


әдісі: сұрақ-жауап, талдау, жинақтау.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, музыка.
Көрнекілік: презентация, портреттер,суреттер

Сабақтың барысы:


І Ұйымдастыру кезеңі:Сәлемдесу, түгелдеу.

Сабақтың барысы:


І Ұйымдастыру кезеңі:Сәлемдесу, түгелдеу.

Жоспар:
І Алғашқы кездесу әсері


1. Жетішатыр қаласындағы жексенбінің бірі
2. Қымыз ішуге аттану
3. Шәкет үйіндегі кездесу
4. Арсалаңдаған жігіттің өнері
5. Әмірқан туралы әңгіме
ІІ. Наурызда өнер көрсеткен әнші
1. Әмірқанды Наурыз сауығына шақыру
2. Сауық үстіндегі жағдай
3. Жұртты сүйсіндірген Әмірқан
ІІІ. Достық немесе Ақтамақ хикаясы
1. Әншінің жұпыны тұрмысы
2. Әмірқанның әнші мен әнге қоятын талабы
3. Басқа шаруаға олақтығы
4. Құс тауға аттану
5. Әмірқан әңгімесі:
а) Ормамбеттің Ақтамағына ғашық болуы
ә) Алып қашуы
б) Ұрыларға кез болуы
в) Құрықтан құтқарған өнер
г) Бір жұма дәурен
ғ) Аяқталмаған әңгіме немесе Ақтамақты аңсау.

2. Кесте құру.






Ж. Аймауытов

Ә. Қашаубаев

Кім?

Жазушы, драматург, аудармашы, ақын зерттеуші

Әнші

Қайда, қашан туған?

1889 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Қызылтау атырабында

1888 жылы Семей өңіріндегі Абыралыда

Немен шұғылданған?

Әңгіме, хикаят, роман, пьеса, өлең, мақалалар жазған.

Шет елде өнер көрсеткен алғашқы қазақ әншісі

Қандай тақырыптарды

Қозғаған?

Әлеуметтік мәселелерді қозғаған, педагогика, психология, әдістеме, тәрбие әдебиет, эстетика, сын туралы зерттеулер жазған.

Халықтың және белгілі композиторлардың әндерін насихаттаған, қазақтың алғашқы мамандандырылған театрын ұйымдастыруға қатысқан.

Әйгілі еткен туындылары.

«Қартқожа», «Ақбілек» романдары, «Күнекейдің жазығы»хикаяты, «Әнші»әңгімесі, «Ел қорғаны», «Шернияз»пьесалары.

«Жалғыз арша», «Ағаш аяқ», «Смет», «Балқадиша», «Дударай»,сияқты әндерді халық арасына таратты.




ІІІ Негізгі бөлім 1.Ғибратты ғұмыр.
Ж.Аймауытовтың «Әнші» әңгімесіндегі ән құдіреті, шығармадағы Әмірқан бейнесі.Жүсіпбек өнерінің көп қырының бірі – әншілік,  сахнагерлік. Демек Жүсіпбек халқының әншілік өнерін аса қадірлеп, өз де ән салған. Қазақтың ұлы әншісі жайлы «Әнші» деген классикалық әңгімесінен аңғарарымыз ән халықтың тарихын, өткен өмірін көрсетеді.
Халқымыздың мәдениеті, бабаларымыздың асыл мұраларынан сыр
шертеді. Ән замана тыныштығын қорғайды, туысқан халықтармен
біріктіреді, достыққа шақырады. Әңгімедегі Әмірқанның прототипі –
қазақтың біртуар, арқалы әншісі, Парижде(1925) өткен бүкіләлемдік этнографиялық концертте дүйім жұртты таңдай қақтырып, аузына
қаратып тамсандырған ұлы әншіміз – Әміре Қашаубаев. Ол Арқаның өнер тарландары Біржан, Ақан сияқты дарабоз әншілердің үздік дәстүрін
жалғастырушы шәкірті, ән дүлдүлі. Ә. Қашаубаев 1888 жылы ШҚО Абыралы ауданындағы Дегелең тауында дүниеге келген. 1927 жылы Германияға шақырылып Майндағы Франкфруттың Үлкен театрында 9 концерті табысты өткен. 1934 жылы 6 қарашада қайтыс болған.

Әңгімеге әдеби-теориялық талдау


2.Композициялық құрылысы

Оқиғаның басталуы

Байланысы

Дамуы

Шиеленісуі

Шарықтау шегі

Шешімі

Жетішатыр қаласында әншімен алғаш таныстық

Ән құдіреті

Наурыздағы ойын-сауық

Ақтамақ хикаясы

Өлімді жеңген өнер құдіреті

Ғашықтардың айырылуы

2. Әмірқанның мінездемелік сипаты

Әмірқанның мінездемелік сипаты

Әңгімеден алынған үзінділер арқылы дәлелдеу

1.Түр-түсі,сыртқы бейнесі

«Шәулі қаршығадай шап етер, киіктің асығындай тап етер» жігіт. Өзге шығарушылардан Әмірқанның киімі де, түрі де, жүріс-тұрысы да жат еді, қазақтың еркіндігін еске түсіруші еді.

2. Қарапайымдылығы.

Әмірқан қол ұстасып, сыпайы амандасып отырды. Әнеугі шәкеттігінде көрген Әмірқан емес, бұйығы, момақан жігіт.


3.Орындаушылық шеберлігі

Ұшатын құстай қымтанып, қомданып алды. Отырғандар аузын ашып аңырды. Әнші жіберді. Бір-бір ауыздан ән салды. Аз да болса бірегей болды. Сүмірейте, қылмита соқты; желдете, құтырта соқты. Лебізі құлаққа жағып кетті, жүректі тербетті, тамырды желпіндірді; бойыңды шымырлатты. ...Көңіл бір жадырап, шайдай ашылды. Топ көргенде Әмірқан әруақтнып, көтеріліп кетеді екен. Тағы да ескектете, желпіндіре, желіктіре, ышқындыра, құлшындыра соғып, тыңдаушының айызын әбден қандырды.

4.Өнерге сүйіспеншілігі


Ән салса, ол өзін- өзі ұмытады, әннің әуеніне төңкеріледі, оның дауысы көмейінен шықпайды, жүрегінен шығады. Ол әннің әр нақысын ұғады, әнді ғана сүйеді. Ол тәтті үнге, топқа болажаралған адам. Ән салса, рақаттанып, гүл- гүл жайнайды. Көзі де, аузы да, денесі де, қолы да бірге салады. Әмірқан кісі емес, әнге айналады. Оның ән салғандағы түріне қарап отырсаң, тоясың.


5. Ән мен әншіге деген көзқарасы

 


Әншілердің көбі түр шығарам деп, әуре болады.Жақсы әнді бұзып жібереді. Қиқылдай ма,шиқылдай ма, аупылдай ма мазарат… Есіл әнді бей- береке қылады. Бет- аузын тыржитып, зорланып, күшеніп отырып салған соң ән бола ма? Әнді еркіне жіберіп, қысылмай салған ғой қызығы. Әншілердің көбі не мақтан үшін, не мал табу үшін айтады. Зорланып айтқан ән дұрыс шыға ма? Ән салу көңілден ғой… Мен өзім көңілденбесем, жақсы айта алмаймын, айтқым келмейді.


6. Адамға үйірсектігі

Әмірқан кісіге тез үйір болатынжолдасқа жанын қиятын жігіт. Наурыздан кейін бізбен дос болып кетті. Бер жаққа шықса, бізге соқпай кетпейді.

7. қонақжайлылығы.

- Менің құжырамды да бір көріңдер,- деп қайта- қайта шақырып, үйіне қонаққа апарды.

    Қымыз, ет алып, тыраштанып, шабылып қалыпты.




8. Махаббатқа адалдығы


Сөйткен Ақтамақпен бір- ақ жұмадай дәурен сүрдім. Ой, дүние- ай!- деп, Әмірқан ауыр күрсінді де, дыбыссыз қалды. Бетіне қарасам, көзінің жасы парлап тұр екен. Жұбатайын деп:

  • Ой, саған не болды?!- дедім.

  • Әншейін… Көңілім бұзылып…

  • Бала болдың ба? Өткен іске өкіне ме екен…

  • Ақтамақтың қылығы бетер еді…- деп солқылдап келіп жылады.

9. Азаматтық тұлғасы

  (мәрттігі)

 


Ол “барды баламайды, жоқты санамайды”, өзінің бірдемесін сұрасаң, бере салады, кісінің нәрсесін, киімін өзі де киіп жүре береді. Ұят екен- ау демейді. Ол кісі алдауды, арын сатуды білмейді. Кім көрінгенге сенеді.  Өзін әркім талай алдап кетсе де, сенуін қоймайды.

Балалар, өздерің байқағандай , әңгіме барысында ұлттық салт-дәстүрге мән берілген. Атап айтсақ қандай салт-дәстүрге назар аударылған? (Үлкенді сыйлау, айт, күрес ойын, құдалық, Наурыз тойындағы ән құдіретіне ерекше мән берілген.)
--Ия, балалар, өнер—мәңгілік. Осыдан бір ғасырға жуық бұрын Әміре репертуарында қандай әндер болған?
“Балқадиша”, “Қанапия”, “Жалғыз арша”, “Дудар-ай”, “Екі жирен”.

Бұл әндерді кімдердің орындауында естіп жүрсіңдер?

ІV Көркемдегіш тәсілдерді табу.

Эпитет: ми дала, меңіреу шөл, күміс көлдер.


Теңеу: үйректей, қаздай қалқып, тұлпардай, шеріктей, ұшатын құстай.
Метафора: бұлбұлмын, тұлпармын.

Ү Сабақты бекіту. Тест сұрақтары:


1. Жүсіпбек Аймауытов Семейде оқыған кезінде:
А)күреспен шұғылданған В) зерттеу жұмыстарымен айналысқан  С) ән, күй шығарған   Д) домбыра тартып, ән салып, спектакльдер қойып, өзі басты рөлдерде ойнаған.
2. Жүсіпбектің поэмасын ата
А) “Әнші”   В) “Күнікейдің жазығы”  С) “Нұр күйі”   Д) “Ақбілек”
3. “Жетішатыр” қаласының екінші аты
А) Семей   В) Павлодар  С) Өскемен   Д) Қызылжар
4. “Бір шерік қымыз” деген қанша?
А) бір бөтелке  В) бір шелек  С) бір кесе  Д) бір тегене
5. Шәкеттікіне кіріп келген жігіт қайда отырды?
А) жерге  В) орындыққа  С) керуетке  Д) сандыққа
6. — Әмірқанды үйден ұстай алмайсыңдар. Ол – бір ….
А) көлеңке  В) сағым  С) елес  Д) тұман
7. Әмірқанды: “Ербең құлақ, едірек, талтиған тәпек асық” деп кім суреттер еді?
А) Жүсіпбек  В) Бек  С) Нармамбет  Д) Дәулетжан
8. Наурыз сауығын “басқарушы” кім?
А) Әбіжан  В) Жәлел   С) Рахымбек  Д) Жүсіпбек

9. Сахнада ән салғанда “әсем- әсем нақысы” қандай болды?


А) сыбызғының үніндей        В) айдынның сұлу қуындай
С) тас бұлақтың суындай       Д) Арқаның қоңыр желіндей

10. Әнші құжырасындағы ең асыл бұйымы не?


А) қызыл қоңыр домбыра   В) үлкен ақ сырнай
С) саз сыбызғы                     Д) үкілі сары домбыра

11. Әйелін қалай таныстырады?


А) жампоз  В) тұлпар   С) сұлу  Д) бастық

12. “Қорлан” әнін шығарушы кім?


А) Жаяу Мұса  В) Балуан Шолақ  С) Естай   Д) Мәди
13. Үшеуі қай жерге құс атуға барады?
А) Кенжекөл   В) Керуенкөл  С) Құркөл   Д) Алакөл
14. Ұрылар үшін ән салғанда арасында кімнің әні болған жоқ?
А) Иманжүсіп   В) Балуан Шолақ  С) Исақ- Ермек   Д) Жаяу Мұса
15. Ақтамақпен жақындасуына қандай ойын себеп болды?
А) орамал тастау  В) ақсүйек  С) алтыбақан    Д) сақина салу

VІ Үйге тапсырма: 1. “Ақтамақ хикаясын” аяқтау;


2. “Ән– өмірдің айнасы” шағын шығарма жазу.

ҮІІ Қорытынды: “Адам боп келіп өмірге, адам боп өту—көп қиын” екендігін біз білеміз, керемет дарын иесі болған Әміре Қашаубаев өмірде адами қасиеттерін жоғалтпаған. “Өнер таусылмас азық, жұтамас байлық” деп өнерге ғана бас иіп өткен біртуар дарын иесінің бойындағы жақсы мінез-құлықты өз бойларыңа үлгі етіп ала біліңдер. Өнерді бағалай білейік!

ҮІІІ Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: С. Мұратбеков «Қылау»

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, сын-тұрғысынан ойлау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: С. Мұратбековтің «Қылау» әңгімесінің мазмұнын ашу; шығарманы сын-тұрғысынан бағалауға баулу, ізденгіш қабілеттерін арттыру;шығармадағы бейнелі сөздерді табу. Өтілген тақырып бойынша білімдерін жинақтап бекіту.

Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын арттыру және шығармашылық жұмысқа баулу.

Тәрбиелілігі:Оқушыны адал достыққа, сыйластыққа, бауырмалдық, қайырымдылық қасиеттерге баулу.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау: 1) Ой шақыру үшін семантикалық картамен жұмыс.

Кейіпкерлер

Үзінділер



Сатай

Әкесі

Рабиға

Ертеңгі шайға дейін шананы алып кел










Сібірдің аязы да алмайды.










Ағай мені жас математиктердің конкурсіне жіберемін деп жүр.










2) Жазушының шеберлігі (жазу тәсілі)

---Баяндау ---Монолог

---Әңгімелеу ---Диалог

---Суреттеу


Астын сызу.

3) А. Оқушылардың түсінгенін сұрау, мазмұндау.

Ә.Театрлық көрініс, әңгімені инсценировкалау.

4) Жоспарларын тексеру.

Таң азанғы әке даусы.

Әке ақылыныңСатайды ызаландыруы.

Өмір мен өлім жайлы ойлар.

Жолда.


Сатай мен Рабиғаның әңгімесі.

Рабиға жайлы ойлар.

Рабиғаның мәрттігі.

ІІІ Негізгі бөлім


  1. Әңгімені құрылысына қарай компазициялық талдау.

Әңгіменің басталуы

Өрбуі

Байланысы

Шиеленісуі

Шарықтау шегі

Шешімі

Әке тапсырмасы

Сатайдың жолға шығуы

Қыздың кездесуі

Мұғалімдер жайлы ойлар

Рабиғаның соңынан іздеу

Кітап алу, үйіне қайту.

2. Жазушының көркем тіл шеберлігіне талдау. Бейнелеуіш сөздерді табу.

А) Теңеу дегеніміз не? Бір затты екінші бір затпен салыстыра суреттеуді теңеу дейміз. Оқулықтан іздеу. Теңеу: дарылдай сөйлеген, шақырған тауықтай, темірше қариды, айнадай етіп сыпырған, тұқыл таяқша, тауы қаңбақтай тасы бұршақтай.

Ә) Пейзаж дегеніміз не? Көркем шығармада суреттелетін табиғат көрінісін пейзаж дейміз. Кітаптан тауып оқу. Тақтамен жұмыс.

Б) Мінездеме. Тақтамен жұмыс.



Мейірімді

Қатал

Жылы сөйлейді, қабағы ашық, ақ көңіл, жылы сөзді, адамға өзінің шуағын шашады.

Қабағы түйілген, сұсты, өзінің айтқанын ғана орындатады, қатал талап қояды.

Сабырлы

Көп сөйлемейді, жұмысын асықпай тиянақты орындайды, салмақты, қорғасындай ауыр мінезді.



Жеңілтек

Сөзінде, уәдесінде тұрмайды, жұмысын аяғына дейін жеткізіп орындай алмайды, тұрақсыз қу жақ.



Сыпайы

Қатты сөйлемейді, үлкенді сыйлайды, құрметтейді, кішіге қамқор, біреудің алдын кесіп өтпейді, кезексіз сөйлемейді, кішіпейіл, ақ жүрек, сыбызғыдай нәзік мінезді.



Дөрекі

Төбелескіш айыр сөздер айтады, артық сөйлемейді, менмен тек қана өзін сүйеді, алаяқ, қызылкөз.


Осы берілген мінездерге байланысты көркемдегіш сөздерді пайдаланып Сатай мен Рабиғаға мінездеме беріп, венн диаграммасын жасау.




Сатай
Жайдары, қайырымды, сезімтал, қиялшыл.


Оқушы, құрбы, қайырымды.



Рабиға
Ашық мінезді, сыпайы, адамгершілігі мол, мәрт.

ІV Сабақты қорыту: Бекіту үшін сұрақтар:

1.Таң азанғы әке даусы неліктен Сатайға жағымсыз естілді?

2. Өлім мен өмір туралы Сатайдың ойлауына не түрткі болды?

3. Сатайдың орынсыз мақтанды сүймейтіндігіне қай әрекеті дәлел?

4. Рабиғамен келе жатып қасқырды көргенде Сатайдың айқайға басуы батылдығы ма, мақтаны ма, не деуге болады?

Сабақтың тақырыбы: Шылаулардан өткенді қайталау

Түрі: ойын

Әдісі: сатылай комплексті талдау, деңгейлік тапсырма.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Морфология саласы бойынша өтілген материалды талдау; бір сөйлемге морфологиялық талдау жасау.

Дамытушылық: Сөз таптарынан өткен материалдаоды шығармашылық жұмыспен ұштастыру; қатесіз, тез, ұқыпты талдауға баулу.

Тәрбиелік: Оқушыларды өзіндік жұмыстарға баулу, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: плакат, суреттер

Пәнаралық байланыс: Бейнелеу өнері, әдебиет.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастру бөлімі: Сәлемдесуден соң сынып оқушыларын үш топқа бөлу. «Жалғаулықтар», «Демеуліктер», «Септеуліктер».

ІІ Өткен сабақты пысықтау:

1 344-жаттығу. Шылауларды табу.

2 Шығармашылық жұмыс. «Менің әжем»

ІІІ Негізгі бөлім:

345-жаттығу. Сатылай комплексті талдау. Сабақтың мақсатын ,ойын шартын түсіндіру. Тақтада бірнеше суреттер ілінген. Тапсырманы дұрыс орындаған топ таққа ие болады.

Ол үшін бірнеше кедергіден өту тиіс. Әр кедергіден өткен оқушының деңгейіне орай бағалау.




І кедергі

ІІ
ІІІ



Шылауды табу

Мәні мен атқаратын қызметіне

Қарай бөлінуін анықтау.

Емлесі

І деңгей

Бағасы «3»



ІҮ

Ү

ҮІ



Тұлғасына қарай талдау

Сө таптарына ажырату

Шылау жайында түсінік


ІІ деңгей

Бағасы «4»



ҮІІ

Сұрақтар.

ІІІ деңгей

Бағасы «5»


7 кедергінің суреті: 1)Өзен 2)Тау 3)Көл 4) Құз, жартас 5) Терең ор

6)Ну орман 7)Қыл көпір

І топ Бармаймын деген жоқ-ау, осы қиқы-жиқы тіршілікпен қолы босамай қалды.

ІІ топ Биыл да Нағиділләнің жалқаулығынан тамдарының төбесіне лай құя алған жоқ-ты.

ІІІ Нағиділләні да өзі жаман үйреткен.


ІҮ Пысықтау сұрақтары:

Шылаулардың басқа сөз табынан қандай айырмашылығ бар?

Шылаулар қандай сипатына қарай септеулік, демеулік, жалғаулық, болып бөлінеді?

Қандай шылаулар қандай грамматикалық тұлғалармен ұқсас келеді, олар қалай жазылады?

Қандай жағдайдасұраулық шылаулар –мы, -мі, -бы, -бі, -пы, -пі болып өзгереді және қалай жазылады?

Септеуліктер мен жалғаулықтардың бір-бірімен ұқсастықтары мен айырмашылығы?

Не себепті шылаулар сөйлем мүшесі бола алмайды?

Ү Үйге тапсырма: Шылауларды қатыстырып, «Біздің атамыз» тақырыбында шығарма жазу.

ҮІ Қорыту: Дефис арқылы жазылатын шылауға мысал келтіру. Орнын жаңа тауыпты-ау.

ҮІІ Бағалау: Жеңімпаз топты анықтап, бағалау.

Сабақтың тақырыбы: А.Құнанбаев «Қыс»

Сабақтың білімділік мақсаты: А.Құнанбаевтың ақындық шеберлігін

таныту; Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқуға, айтуға машықтан-

дыру; Өлеңнің тақырыбын, көркемдік ерекшелігін меңгерту

Дамытушылығы: Оқушылардың шығармашылық жұмыс істеуіне

Ықпал ету, танымдық көзқарасын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты: Өлеңнің мазмұны арқылы табиғаттың әсемдік,

әдемілік, эстетикалық сипаттарын тануға, туған жерді, таби-

ғатты қорғауға әдеттендіріп, экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сын тұрғысынан ойлау, дамыта оқыту.

Көрнекілігі: Потрет, өлеңдер жинағы, табиғатқа қатысты суреттер.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, бейнелеу өнері.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, зейіндерін сабаққа аудару. Ой шақыру мақсатымен Абай кім сұрағы арқылы «Топтастыру» стратегиясы.

Ақын кемеңгер


философ Абай дана
сазгер аудармашы

ІІ Жаңа сабақ:

Абай қазақ халқының ұлы ақыны. Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында, Шыңғыс тауында туылған. Ақын Семейдегі Ахмет Ризаның медресесінде оқыған. Абайдың көп жырлған өлеңдерінің бір үлгісі табиғат лирикасы.

«Абайдың табиғат лирикасы, әсіресе жылдың төрт мезгілін суреттейтін өлеңдері—күшті ақындық шеберлікпен, зор мәдениетпен жазылған аса сұлу, сырлы жырлар».

Бүгінгі өтілетін тақырып «Қыс» өлеңі. Өлеңде қыста шидем мен тондарын қабаттап киіп, оранып алса да, долы боранға, «бет қарауға шыдамай, сырт айналып,» тағы да мал соңында қар жамылып, мұз жастанған жылқышылар, титығы құрыан жылқыларға ауыз салуға аранын ашып, айдалада шоқақтап жортып жүрген аш қасқырлар көз алдымызға келеді. Мұның бәрі—көшпелі қазақ аулының тұрмыс-тіршілігі екендігін түсіндіре отырып, өлеңді жатқа оқу.

ІІІ Сабақты пысықтау:

1 Қыстың көріністерін дербес алып, жоспарлау. Жоспар:

А) Кейпі (портреті)

Ә) Әрекеті

Б) Қыстағы балалар

В) Малшы күйі

Г) Жылқышылар күйі

2 Көркемдегіш бейнелі сөздерді табу.

Теңеу: ұшпадай, бурадай, бұлттай.

Кейіптеу: Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті-басы – ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

3 Сөздікпен жұмыс.

Ұшпа –шөкімдей бұлт

Домбығу—үсік шалу

Антұрған—қарғыс атқыр

Қондыбай, Қанай—ауыл адамдарының аттары.

Сонымен «Қыс» өлеңінде қай мезгіл туралы айтылған?

Қыс мезгілі.

Олай болса осы «қыс» сөзін басқа сөздермен тіркестіре, салыстыра отырып, мән- мағынасын ашып көрейік.

«Қыс» мағынасы қандай?

Мезгілдік.

Туынды мағынасы не?

Бірінші—мезгіл, екінші--әрекет.

Қарама-қарсы мағынасы?

Жаз



Жаз

Жылы


Жаңбыр

Жел


Жыл

мезгі-


лі

Қыс

Суық


Қар

Боран

Енді венн диаграммасы арқылы қыс пен жаз мезгілін салыстыру.

Дебат ойыны

Жаз ұнайды Жаз ұнамайды


ІҮ Қорыту:

Өткен сабақта табиғат лирикасына жазылған өлеңдер оқыдық па? Кімдікі?

Ия. Ы.Алтынсаринның «Өзен» өлеңі.

Венн диаграммасы




Абай




Ыбырай

Ортақ қасиеті: Өнерге, оқу-білімге шақырушы.

Табиғат лирикасынажазған.

Ү Бағалау.

ҮІ Үйге тапсырма:

І деңгей «Қыс» тақырыбына сурет салу.

ІІ деңгей Жаттау

ІІІ деңгей «Табиғат сенің өз үйің» эссе жазу.

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Қансонарда бүркітші шығады аңға»

Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, ізденіске жетелеу, белсенділігін ояту.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың тіл байлығын, өз ойын еркін айтуға дағдыландыру, табиғат пен адам арасындағы үйлесімділікті таныту, танымдық көз-қарасын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты: Өлең арқылы аңшылық өмірді таныту.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, сын тұрғысынан ойлау

Көрнекілігі: Абай суреті, «Абай музейі» кітапшасынан иллюстрация, бүркіт суреті.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, бейнелеу өнері.

Жоспары:


І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Үй тапсырмасн сұрау

ІІІ «Топтастыру стратегиясы

ІҮ ЖигСО- 1стратегиясы

Ү Сэккуэй

ҮІ Үйге тапсырма

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгелдеп, зейіндерін сабаққа аудару, «теңеу», «метафора», «эпитет» топтары етіп үшке бөлу.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау:

Махамбеттің «Тарланым» өлеңінен көркем сөз образдарын жасау. Көркем тіл шеберлігіне тоқталу.





Көркем тіл

Мысалдар

Метафора

Тауда мұнартып ұшқан тарланым,

Арыстаным, көп болды-ау

Саған да менің арманым!

Арыстан еді-ау Исатай

Арыстан одан кім өткен?!


Теңеу

Керіскедей, құландай, құлжадай, қырмызыдай, хиуадай, теңіздей, өгіздей мөңіреткен, қанды ауыздай.

ІІІ Жаңа сабақты меңгерту:

Ой шақыру. Топпен жұмыс. Әр топқа дайын қағаз беріледі, «Абай» тақырыбы беріліп ойларын жинақтайды.

«Топатастыру» стратегиясы бойынша тақтаға жазу.

Дастаншы


Сыншыл ақын

Философ сазгер

Зере Абай аудармашы

Ұлжан Қарасөз шебері

Ғұлама ойшыл аудармашы

Ағартушы шыншыл

Қазақтың кемеңгер ақыны Абай Құнанбаев туған әдебиетіне жаңа өрлеу дәуірін әкелді. Абай қазақтыңкөркем жазба әдебиетінің негізін салды,әдеби тілн құлпыртып, оны небір айшықты, бейнелі сөздермен байытты.Ақын тек қазақ емес, әлем әдебиетіндегі жеке дара тұлға болды. Абай поэзиясы—имандылық, терең адамгершілік, ойшылдыққа баулитын поэзия.

Абай—халықшыл, шыншыл, сыншыл ақын болды. Қазақ әдебиетіне сыншыл реализм бағытын алып келді.

«Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңін мәнерлеп жатқа оқу, мазмұнын ашу. Аңға шығудың қыры мен сыры қансонарда екендігін, қансонар—жаңа жауған қардың үстіндегі ізі екендігін түсіндіру.

ІҮ Сабақты пысықтау: 1) Терең ұғыну үшін сұрақтар беру.

А) Қансонар дегеніміз не?

Ә) Қыран мен түлкінің кезігуін сипаттайтын қандай көркем суретті аңғардың?

Б) Аңшы қағушы, оның достарының көңіл-күйі, сезімі қандай?

2) Сөздікпен жұмыс

3) «ЖигСО-1» стратегиясы. Отбасы тобын құрамыз. Әрбір «Теңеу» «Эпитет» «Метафора»тобының бір мүшесіне тапсырма беру.


о/м

Көркем тіл

Мысалдар

«Т»

Теңеу, шендестіру

Жеке батыр шыққандай, таудан жиде тергендей,; Қар—аппақ, бүркіт—қара,

Түлкі –қызыл.



«Э»

Эпитет, мақал-мәтелі

Сегіз найза, үйірімен үш тоғыз

«М»

Метафора, басқа тілден енген сөздер

Біреуі-- көк, біреуі—жер тағысы, қаса сұлу

Ү Сэккуэй (5 жолды қорытындылау тақпағы)

1 Ақын зат есім1

2 Өр, дарынды сынесім2

3 Толғанады, ойлайды, тебіренеді етістік3

4 «Қан сонарда бүркітші шығады аңға» мағыналы сөйлем

5 Ақын, қаламгер, қайраткер, синоним

Тума талант, дастаншы

ҮІ Үйге тапсырма: 1Өлеңді жаттау

2 Тақырыпқа сурет салу

3 Жоспарлау

А Бүркітші

Ә Қыран

Б Қыранның көзіне түсті



В Айқас

Г Түлкі алғанда

ҮІІ Бағалау.

Қызылорда облысы

Қармақшы ауданы

121 орта мектеп


Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:

Алшымбекова Сымбат Оспанқызы


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет