Сабақтың тақырыбы Ж. Баласағұн. «Құтты білік»



Дата15.06.2016
өлшемі90.81 Kb.
#137032
түріСабақ
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Темірбек Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Қосжанова Салтанат Орынтайқызы

Сыныбы:8


Сабақтың тақырыбы

Ж.Баласағұн. «Құтты білік» дастанынан үзінді



Сілтеме

Ғаламтор, оқулық, МАН

Жалпы мақсаты

«Құтты білік» дастанының жазылу тарихы мен  қазақ тіліне аударылып баяндалу тарихынан мағлұматтар беру. Шығарманың құндылық мазмұндарын айқындау, идеясын ашу.


Күтілетін нәтиже

«Құтты білік» дастанының жазылу тарихы мен  қазақ тіліне аударылып баяндалу тарихынан мағлұматтар береді. Шығарманың құндылық мазмұндарын айқындап, идеясын ашады.


Негізгі идеялар

Сабақ барысында өзара әрекеттесу арқылы танымдық белсенділіктері артады.

Тапсырма көздері

1.Өз бетінше іздену жұмыстары

2.Өзара пікір алмасу

3.Бірін-бірі тыңдау арқылы өзара әрекеттестікте жұмыс жасау


Сабақтың көрнекілігі

Интерактивті тақта, слайд, постерлер

Мотивациялық кезең

Шағын топтарға бөлу

Үй тапсырмасын сұрау

Білу

І топ.


1. «Хас Хажып « атағының мағынасы не? (“бас уәзір” немесе “ұлы кеңесші”).
2. «Құтты білік» дастанының маңызы қандай? (дастан белгілі бір мағынада елдегі Ата заң (Конституция) қызметін атқарған. Ж. Б. дастанда патшалар мен уәзірлердің, хан сарайы қызметкерлері мен елшілердің, әскербасылар мен нөкерлердің, тәуіптер мен аспаздардың, диқандар мен малшылардың, т. б. қоғам мүшелерінің мінез - құлқы, білім дәрежесі, ақыл - парасаты, құқықтары мен міндеттері қандай болу керектігін жеке - жеке баяндап шығады).
3. “Құтты білік” дастаны қанша бәйіттен тұрады?( 6520 бәйіттен (екі жолдық өлең) тұрады).

ІІ топ.
1. Автор әділдіктің символдық бейнесі ретінде кімді көрсетеді? (Күнтуды патшаны көрсетеді)


2. Бақ – дәулет мәселесі кімнің бейнесі арқылы жырға қосылған? (патшаның уәзірі Айтолды бейнесі )
3.Ақыл - парасаттың бейнесі кім арқылы сомдалған? (Ұғдүлміш бейнесінде жырланады).

ІІІ топ.
1. «Құтты білік» дастанын кімге тарту еткен? ( “хандардың ханы” – Қарахандар әулеті мемлекетінің (942 – 1210) негізін салушы Сатұқ Қара Бұғра ханға (908 – 955) тарту етеді (қ. Әулие Ата).


2. Сол үшін хан өз жарлығымен Ж. Баласағұнға қандай атақ берілген? (“хас хажиб” – “бас уәзір” немесе “ұлы кеңесші” деген лауазым берген).
3. “Құтты білікте” елшіге қандай талаптар қойылған?( Елші ерекше зерек, өзі көрікті, көп тіл білетін, шешен, жақсы аңшы, құсбегі, жұлдызшы (астролог), түс жори білетін, музыкант сияқты көптеген қасиеттерге ие жан болуы қажет. Ақын сөзімен айтқанда, “елші ердің төрт құбыласы тең болсын, елде – кісі, сыртта – бүтін ел болсын!” – дейді).



Жаңа сабақ

Түсіну

І топ.


Жүрсін бектер бес нәрседен алыстап,
Есі болса, жұрнақ болса намыстан.
Ұшқалақтық - біір, екіншісі - сараңдық,
Үшіншісі - ашу,, оған егіз надандық.
Қырсығың – сор, бетті жер ғып жүргізер,
Бесіншісі - өтірік, жерге кіргізер.
Бек бесеуден бойын аулақ ұстасын,
Білсін сонда басынан құс ұшпасын.
Ең қорлығы – өзімшілдік, залымдық,
Олар жұқса, азғаны тек қаныңның,- деген үзіндіден адам бойындағы ғұлама көрсеткен адамгершілік, асыл қасиеттер мен азғындық жолға түсірер жағымсыз қылықтарды топтастыр. Ғұламаның айтпақ ойы қандай, түсіндір.
Адамгершілік, асыл қасиеттер
Жағымсыз қылықтар

2 - топ. Төмендегі үзіндіден адал достық пен амал достықтың сипаттарын анықтап, түсіндір. Ақыл, нақыл, өсиет сөздерін жинақта.


Екі түрлі достықтың бар есебі,
Сол үшін жұрт табысады, сенеді.
Бір достық бар Тәңірді алған араға,
Болмайды онда қалтарыс та, нала да.
Тағы бірі тек пайда үшін достасар
Мұнда адамдық болмас түбі қоштасар.
Достасыңдар Тәңірді алып ортаға,
Жүгін бөліс, ашуланба, шаршама.
Бұл дүниеде тілеме одан еш пайда,
Алда Құдай берер, кетпес ешқайда.
Егер пайда үшін дос боп табысса,
Қатынаспа, түйінін шеш қатысса.
Ақ жүректі туыс, жолдас, бауыр тұт,
Соларға сен, болмас қайғы, ауырлық.
Дос, туыс сол қуанышта қуанар,
Қайғы келсе, қасында боп уатар.

ІІІ топ. Төмендегі келтірілген үзіндіден ақыл, білім, тіл туралы айтқан ойларына анықтама беру.


Ақыл, білім, тілмашы – тіл, бұл кепіл,
Жарық төгіп, елжіретер тіл деп біл.
Тіл қадірлі етер, ерге бақ қонар,
Қор қылар тіл, кететұғын бас болар.
Тіл - арыстан есік баққан ашулы,
Сақ болмасаң, жұтар ерім, басыңды!
Не дейді ұққын, тілден жапа шеккен ер
Құлақ салып, амал қылып, есті елер.
«Тілімнен көп жапа шектім, есебім,
Бас кесілмес үшін тілді кесемін.
Сөзіңді бақ, басың кесіп алмасын,
Тіліңді бақ, тісің сынып қалмасын!»

Қолдану

І топ. Ж.Баласағұнның нақыл сөздерін қазіргі қолданылып жүрген мақал-мәтелдермен сәйкестендіру.

ІІ топ. Күнтудының Айтолдыға қойған сұрақтарына жауап беру.

ІІІ топ. Әңгіме жоспарын ретімен орналастыру.

І топ.



«Құтты білік» дастанында кездесетін мақал-мәтелдер

Қазіргі қолданылып жүрген мақал-мәтелдер

1

Ақыл қайда болса, ұлылық толады,

Білім кімде болса, сол білікті болады.



Білекті бірді жығар,  

Білімді мыңды жығар.



2

Тірі — өлер, ақыры жер жастанар,

Жақсы кісі өлсе, жақсы ат қалар



Жақсының аты өлмейді,  

Ғалымның хаты өлмейді.



3

Тіліңді бақ, басың аман қалады,

Сөзіңді қысқарт, жасың ұзақ болады.



Басқа пәле – тілден.  

4

Есік баққан тіл – арыстан, ашулы,

Сақ болмасаң, жұтар, ерім, басыңды.



Аңдамай сөйлеген ауырмай өлер.


5

Сабыр етсе, кісі өз тілегін табар,

Сабырмен тұрған ер ақ құс тұтар.



Сабыр түбі – сары алтын.

6

Таяқ еттен, сөз сүйектен өтеді,

Сөз қалады, таяқ табы кетеді.



Таяқ еттен өтеді.   

Сөз сүйектен өтеді,


ІІ топ. Күнтудының Айтолдыға қойған сұрақтарына жауап беру.

1. Қолбасы қандай болу керек?
Сөзсіз, бекке қажет мықты қолбасы,
Ұйқы қашып, сассын жаудың ордасы.
Қолбасыға жігіт керек құрыштай,
Жарқылдаған жалаң өткір қылыштай.

2. Елдің тізгінін кім ұстау керек?

Бірі – уәзір, екіншісі – қолбасы,
Қалам, қылыш екеуінің жолдасы.
Екеуі елді түзеп, қуар наласын,
Біріксе олар, кім үзеді арасын.

3. Хажыб қандай болу керек?

Хажыб ісі – қонақтарды қарсы алу,
Хажыб ісі – заң ісі үшін жан салу.
Кедей, жетім, жесірлерді елесіп,
Бәрін тыңдап, берсін ақыл-кеңесін.

4. Шежіреші қандай болу керек?

Жылнамашы бар сырды білгені жөн,
Бәрін түйіп ішіне жүргені жөн.
Шықпау үшін құпия жиған дерек,
Адал пейіл, қасиет, иман керек.

5. Қызметшілердің хақы қандай болу керек?

Қызметшімен бектердің қол ұзарар,
Қызметшімен елге билік құра алар.
Бектер ұлық болып туар тегінен,
Қызметші озық боп шығар елінен.

ІІІ топ.


1.Күнтуды патшаның әділ саясатымен жер-жаһанға есімі мәшһүр болуы

2.Айтолды деген данышпанның патшаны іздеп алыс жолға аттануы

3.Патшаның Айтолдыны жан-жақты әбден сынап көруі

4.Айтолды уәзір кезінде ел-жұрттың жағдайы жақсарып, бақ-дәулеті арта түсуі

5.Айтолдының жарық дүниемен қоштасуы

6.Өгдүлміш басқарған мемлекеттің жайқалған гүлстанға айналуы

7.Патша мен Одғұрмыштың ұзақ сұхбаттасуы

8.Одғұрмыштың ауыр науқастан дүниеден өтуі

9.Өгдүлміштің елді одан әрі басқаруы



Сергіту сәті

Логикалық тапсырмалар.

Кешке қарай көліктен түсіп, шатырымызды аршаның иісі аңқыған жұмақ секілді бір көлдің жағасына құрдық. Құстар ұшып, бақалар бақылдап, бірқазандар балық аулау үшін көлдің салқын суына шомып тұрған жер еді. Самал жел көл жағасына келген қонақтардың шаршағанын еріксіз ұмыттырады.

Тапсырма:

Мәтінде сезім мүшелерінің қайсысына қатысты көрініс болмағанын айтыңыз.




Кейінгі тапсырмалар

Талдау

І топ. Ж.Баласағұн мен Абайды салыстыру. Венн диаграмма

ІІ топ. «Фишбон» арқылы кейіпкерлерді талдау

ІІІ топ. «Сөздер банкісін» толтыру.

Келтірілген сөздердің қайсысы бүгінгі тақырыптың түйінді сөздері
Жинақтау

Эссе жазу

І топ. “Қанағат” туралы

ІІ топ. “Дос” туралы

ІІІ топ. “Тіл” туралы

Бағалау
Тест жұмысы


  1. Алып Ер Тоңаның қанша ұлы болған? А)2 Ә)3 Б)4

  2. “Алып Ер Тоңа” жырын қазақ тіліне кім аударған? А) М.Әуезов Ә)Н.Келімбетов Б) А.Егеубай

  3. Қорқыт атаның күйін табыңыз. А) Аққу Ә) Балбырауын Б)Жұмыр қылыш

  4. Оғыз қағанның анасы ның есімі. А) Рабиға Ә)Айқаған Б)Бегімай

  5. “Қат “ сөзінің мағынасы А) Темірқазық жұлдызы Ә) соғысу Б) тажал аң

  6. А.Иасауидің еңбегі. А) “Даналық кітабы” Ә)”Ақиқат сыйы Б)”Жүсіп пен Зылиха”

  7. Ежелгі дәуір әдебиетіне тән шығарма. А) «Құтты білік» Ә) «Алып ЕрТоңа» Б) «Хикметтер»

  8. А.Иасауидің қанша шәкірті болған? А) 80 мың Ә) 70 мың Б) 90 мың

  9. «Қашықтасың, туған жер» өлеңінің авторы А) Ж.Баласағұн Ә) Әл-Фараби Б)А.Иасауи

  10. «Өнегелі бала көрікті» нақыл сөзінің авторы А)Ж.Баласағұн Ә)М.Қашқари Б)Қорқыт




Қорытынды

Рефлексия «Де Бононың» 6 қалпағы

Бағалау

Формативті бағалау

Үйге тапсырма

Дастандағы әдеби-теориялық ұғымдарды табу.

Сабақ туралы жалпы ойың?

..........................................................................................................................................................................................................................................................................

..........................................................................................................................................................................................................................................................................


Не жақсы өтті?

..........................................................................................................................................................................................................................................................................

..........................................................................................................................................................................................................................................................................
Қайсы жақсы шыққан жоқ?

...................................................................................................................................................................

..........................................................................................................................................................................................................................................................................
Сіз нені дамытар едіңіз?

...................................................................................................................................................................

Нені өзгерткіңіз келеді?

.......................................................................................................................................................................................................................................................................


1.Ақыл қайда болса, ұлылық толады,

Білім кімде болса, сол білікті болады.

2.Тірі — өлер, ақыры жер жастанар,

Жақсы кісі өлсе, жақсы ат қалар

3.Тіліңді бақ, басың аман қалады,

Сөзіңді қысқарт, жасың ұзақ болады.

4.Есік баққан тіл – арыстан, ашулы,

Сақ болмасаң, жұтар, ерім, басыңды.

5.Сабыр етсе, кісі өз тілегін табар,

Сабырмен тұрған ер ақ құс тұтар

6.Таяқ еттен, сөз сүйектен өтеді,

Сөз қалады, таяқ табы кетеді.

1. Қолбасы қандай болу керек?


Сөзсіз, бекке қажет мықты қолбасы,
Ұйқы қашып, сассын жаудың ордасы.
Қолбасыға жігіт керек құрыштай,
Жарқылдаған жалаң өткір қылыштай.

2. Елдің тізгінін кім ұстау керек?


Бірі – уәзір, екіншісі – қолбасы,
Қалам, қылыш екеуінің жолдасы.
Екеуі елді түзеп, қуар наласын,
Біріксе олар, кім үзеді арасын.

3. Хажыб қандай болу керек?

Хажыб ісі – қонақтарды қарсы алу,
Хажыб ісі – заң ісі үшін жан салу.
Кедей, жетім, жесірлерді елесіп,
Бәрін тыңдап, берсін ақыл-кеңесін.

4. Шежіреші қандай болу керек?

Жылнамашы бар сырды білгені жөн,
Бәрін түйіп ішіне жүргені жөн.
Шықпау үшін құпия жиған дерек,
Адал пейіл, қасиет, иман керек.

5. Қызметшілердің хақы қандай болу керек?


Қызметшімен бектердің қол ұзарар,
Қызметшімен елге билік құра алар.
Бектер ұлық болып туар тегінен,
Қызметші озық боп шығар елінен.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет