Сабақтың тақырыбы: «Жай бөлшектер»



Дата04.03.2016
өлшемі280 Kb.
#39567
түріСабақ
Сүгірбаева Қарлығаш Серікқызы

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Алтай ауылы

А.С.Пушкин атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: «Жай бөлшектер»
Сабақтың мақсаты:

1. Оқушылардың сандар туралы ұғымын кеңейту, өмірмен байланыстыра отырып бөлшек сандарды ұғындыру.

2. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, танымдық қабілетін дамыту

3. Оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту

Көрнекілігі: Электронды оқулық, интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушыларды сабақ бастауға бейімдеп, сабаққа дайындаймын. Онан соң жаңа тарауды бастағалы отырғанымызды және оның бірінші тақырыбы «Жай бөлшектер. Жай бөлшектерді оқу және жазу» екенін айтып, бүгін осы тақырыпты өтетінімізді айтамын.


ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Жаңа сабақты электронды оқулық арқылы түсіндіремін.

а) Жай бөлшек ұғымын енгізу.

Дөңгелекті тең 4 бөлікке бөлейік. Тең бөліктер үлестер деп аталады. Әрбір үлес – дөңгелекті өзара тең 4 бөлікке бөлгендегі 1 бөлігі. Жазылуы дөңгелектің -і; -дің оқылуы: «төрттен бір». Демек, 1:4 дегеніміз ; , мұндағы – сызықша – бөлшек сызығы. 1-бөлшектің алымы, 4- бөлшектің бөлімі.



1-сурет


Бөлшек сызығының астындағы сан неше тең бөлікке бөлінгенін көрсетеді, сондықтан оны бөлшектің бөлімі деп атайды, бөлшек сызығының үстіндегі сан ол бөліктердің нешеуі алынғанын көрсетеді сондықтан оны бөлшектің алымы деп атайды.

Бұдан соң интерактивті тақтадан электронды оқулықтағы тапсырмаларды орындатамын.


ІІІ. Жаңа сабақты бекіту

а) Интерактивті тақта арқылы тапсырмалар орындату

1-тапсырма бөліндіні бөлшек түрінде жазу.

m : n = ;

Жай бөлшек: m- алымы

n- бөлімі

Бөлінгіш бөлшектің алымына жазылады да, бөлгіш бөлшектің бөліміне жазылады. Электронды оқулықтағы 3 тапсырманы орындатамын.
- жетіден бір; - он бірден сегіз; -он алтыдан бес;
- жеті жүз жетпіс бірден жүз тоғыз
2-тапсырма. Оқулықпен жұмыс

№ 393


Боялған бөліктерді бөлшек түрінде жаз.




№ 402

Боялған бөліктерді бөлшек түрінде жаз.






№ 397


1) Бөлшек түрінде жазыңдар:
1) ; 2) ; 3) .
2) Бөлшектердің әрқайсысын бөлінді түрінде жазыңдар:
1) ; 2) ; 3) .

№ 399.


1) Бақтағы 120 ағаштың -і шырша ағаштары. Бақта неше шырша ағаштары бар.



Қосымша тапсырма:

Өлшем бірліктері арасындағы байланысты пайдаланып, х-тің орнын үлестермен мәндерін қойыңдар:

1 м=10 дм; 1 дм=x м; м.
1 м=100 см; 1 см=x м; м.

1 кг=1000 г; 1 г=x кг; кг.

1 доллар=100 цент; 1 цент=x доллар; доллар.

б) Математикалық лото

Әр партадағы 2 оқушы ретімен барып жауапты тауып фигураны құрастырады. Дұрыс жауапты тапса фигура дұрыс құрастырылады.



1-қатарға. Бөліндіні жай бөлшек түрінде жазу:

1) ; 2) ; 3) ;

4) ; 5) ; 6) .

Дұрыс құрылса, «Білім - теңіз» деген жазуы бар теңіздің суреті шығады.



2-қатарға. Бөлшекті бөлінді түрінде жазу

1) ; 2) ; 3) ;


4) ; 5) ; 6) .
2-қатар дұрыс құрса, «Мектеп-кеме» деген жазуы бар мектеп үйінің суреті шығады.
3-қатарға.

1) Бөлінгіші 9-ға, бөлгіші 25-ке тең,


2) Бөлінгіші 42-ге, бөлгіші 41-ге тең,
3) Бөлгіші 89-ға, бөлінгіші 59-ға тең,
4) Бөлінгіші 200-ге, бөлгіші 27-ге тең,
5) Бөлгіші 92-ге, бөлінгіші 65-ке тең,
6) Бөлінгіші 15-ке, бөлгіші 73-ке тең,

3-қатар дұрыс құрса, гүл шоғы бар сурет шығады



ІҮ. Қорытындылау:

Білім теңіз тәрізді тұңғиық, жұмбағы көп түбіне жетіп зерттеу үшін көп еңбек қажет, теңіз түбіндегі асыл тастар алу, теру көп тер төгуді қажет етсе, білім де дәл солай. Неғұрлым тереңдеп сүңгіген сайын ғылым қызығына бойлай бересің. Әр оқушыны осындай ғылым теңізінде жүзгізіп, білімнің асыл тастарын тергізетін кеме «Мектеп» болып табылады дей келіп 3-қатардың құрастырған гүл шоғын бүгінгі сабаққа жақсы қатысқанымыз үшін алған сыйлығымыз дей отырып, сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалап, сабағымды аяқтаймын.



Ү. Үйге тапсырма: № 400, 407

Сабақтың тақырыбы: Натурал санның бөлгіштері. Натурал санның еселіктері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Берілген натурал санның бөлгіштері мен еселіктері тақырыбын оқушыларға тереңірек меңгерту үшін есептер шығарып үйрету.

Дамытушылық: оқушылардың зейінін кеңейту, есепті шапшаң, әрі дұрыс шығару қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, өз ойын еркін дәлелдеп жеткізе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: бекіту сабағы

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, тақта, бор, кітап, білімін бағалау парағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес - жарыс сабақ

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: Сыныптағы оқушылардың сабаққа даярлықтарын анықтау, сыныптағы оқушыларды 3 топқа бөлу.

2.Үй тапсырмасын тексеру:

№147(2). 8,11,15,25,40 және 100 сандарының әрқайсының еселіктерінің алғашқы төртеуін жазыңдар;

8-дің еселіктері: 8,16,24,32 11-дің еселіктері: 11,22,33,44

15-дің еселіктері: 15,30,45,60 25-тің еселіктері: 25,50,75,100

40-тың еселіктері: 40,80,120,160 100-дің еселіктері: 100,200,300,400

№149(1) 5 саны 45-ке бөлгіш болады. 45:5=9

№153. Сатушы 35 түп қалампыр гүлін әкелді. Ол әрбір гүл шоғындағы гүлдер саны бірдей етіп, неше тәсілмен гүл шоқтарын даярлай алады? Әр гүл шоғында неше гүлден болуы мүмкін?

Шешуі: 1) 35:1=35 2) 35:5=7 3) 35:7=5 4)35:35=1

Жауабы: 4 тәсілмен даярлауға болады. 1-тәсілде 35 гүлден, 2-тәсілде 7 гүлден, 3-тәсілде 5 гүлден, 4-тәсілде 1 гүлден болады.

3. Сабақтың жүргізу тәртібі: жарыс 4 турдан турады:

1-тур: тас қақпаның сұрақтарына жауап беру, әр топқа бір сұрақтан, сұраққа толығымен дұрыс жауап берген топқа 5 балл қосылады, ал жауап бере алмаған топтың сұрағына келесі топ жауап беруіне болады.

2-тур: күміс қақпаның есептерін шығару, әр шығарылған бір есепке 10 баллдан қосылады:

3-тур: алтын қақпаның есептерін шығару, әр есепке 20 баллдан баға қосылады.

1-тур: алтын сандықтың есебін шығару, шығарған топқа 50 балл қосылады.

(жауаптары слайдта көрсетілген)



1) Тас қақпаның сұрақтары:

1. Қандай санды берілген натурал а санының бөлгіші деп атайы?

2.45 санының алғашқы барлық бөлгіштерін атаңдар.

3.Қандай санды берілген натурал а санының еселігі деп аталады?

4. 9 санының алғашқы 7 еселіктерін атаңдар.

5.Берілген натурал санға еселік сандарды қалай табамыз?

6. Берілген натурал санның бөлгіштер жұптарын қалай табады?

2)Күміс қақпаның есептері:

150. 3,7,10,15,18,30 және 84 сандарынан:

3) 2-нің еселіктері 4) 5-тің еселіктері:

151. 1) 2 және 3 сандарна; 3) 9 және 12 сандарына;

2) 6 және 8 сандарына; 4) 15 және 21 сандарына

Еселік болатын ең кіші натурал санды жазыңдар.

154. 65 түп ағаш көшеттерін, әр қатардағы көшеттер саны бірдей етіп, неше қатарға отырғызуға болады?

155. Бала себетті толтырып қояндарға сәбіз әкелді. Ол себеттегі сәбіздерді 4 қоянға, 6 қоянға немесе 8 қоянға тең бөліп бере алады. Бала қояндарға кем дегенде неше сәбіз әкеледі?

158. 1) 45-ке бөлгіш және 5-ке еселік;

2) 92-ге бөлгіш және 23-ке еселік;

3) 120-ға бөлгіш және 30-ға еселік санды жазыңдар.

3) Алтын қақпаның есептері:

159. 1183:91=13 және 1183:7=169 теңдіктерін пайдаланып, 1183 санының бөлгіштерін жазыңдар.

162. Шарлар тізбесін дайындау үшін 12 қызыл шар, 16 көк шар және 8 сар шар сатып алынды. Шарлар тізбелеріндегі әр түсті шарлар санын бірдей етіп, неше тізбе дайындауға болады? Есептің неше шешімі бар?

4) Алтын сандықтың есебі:

161. Сыйымдылықтары 10 л және 8 л екі шелекті пайдаланып, суаттан 6 л суды қалай құйып алуға болады?



4. Қорытындлау және бағалау: оқушыларға қайсы топ қандай дәрежеде қатысқандарын айтып өту және жіберілген кемшіліктері талдау, оқушылардың шығарған есептерін бағалап оқушылар жұмысына баға беру.

5. Үйге тапсырма:№163

Күні: 22.01.2014ж

Уақыты: 14:50

Пәні: алгебра

Сыныбы: 7

Тақырыбы: Екі өрнектің кубтарының қосындысы мен айырымы

Мақсаты:;

  1. Екі өрнектің кубтарының қосындысы мен айырымының формулаларын, толымсыз квадратын және оларды түрлендіре білуге үйрету;

  2. оқушыны ұқыпты тыңдауға, сұрақтарды нақты жауап беруге, практикамен ұштастыруға, тез шешім қабылдай білуге, өз білімін көрсете алу және шығармашылық қабілеттерін ашуға үйрету;

  3. оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа, тапқырлыққа үйрету


Сабақтың әдісі: баяндау, деңгейлік есептер шығарту

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақтада слайдтар, үлестірмелі карточкалар.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру

  2. Үй тапсырмасын тексеру

  3. Қызығушылығын ояту «Мен білемін»

  4. Мағынаны тану (жаңа сабақ)

  5. Математика – зерттеудің құралы. (оқулықпен жұмыс)

  6. Ой толғаныс. Қателесіп кетпе!

  7. Үйге тапсырма беру

  8. Сабақты бекіту.

  9. Қорытындылау

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру: оқушылармен амандасу, түгендеу.

  2. Үй жұмысын тексеру (ауызша) № 210

  1. (1-3у)3 – 3(у+3)3 + 10у(у2 – 2)=1 – 9y+27y2-27y3 – 3y3-27y2-81y-81+10y3-20y=-20y3-110y-80=-20*8-110*2-80=-160-220-80=460

№ 211

  1. (х+5)3 – (х+1)3= 4(3х2 – 5)

x3+15x2+75x+125 – x3 – 3x2 – 3x – 1=12x2 – 20

12x2+72x+124+20=0

72x=-144 , x=-2


  1. (y+4)3+(3y+1)3 – 7y2(4y+9)=-24y2+8

y3+12y2+48y+64+27y3+27y2 +9y+1-28y3-63y2=-24y2+8

-24y2+57y+65=-24y2+8

57y=-57 , y=-1

Мен білемін. Оқушылардың теориялық білімдерін тексеру.

Екі өрнектің квадраттарының айырмасы. а2 - b2 = (a-b) (a+b)

Екі өрнектің айырмасының квадраты. (a - b)2 =a2 - 2ab + b2

Екі өрнектің қосындысының квадраты. (a + b)2=a2 + 2ab + b2

Екі өрнектің қосындысының кубы (a + b)3=a3 + 3a2b + 3ab2 + b3

Екі өрнектің айырмасының кубы. (a - b)3=a3 - 3a2b + 3ab2 - b3


Жаңа сабақ.

Бүгін біз «Қысқаша көбейту формулалары» тарауының тағы бір және соңғы формуласын өткелі отырмыз. Сендер қысқаша көбейтудің көптеген формулаларын білесіңдер. Қысқаша көбейтудің кейбір ережелері осыдан 4 мың жыл бұрын белгілі болған екен. Ол кезде бұл ережелерге анықтама берілген немесе оларды геометриялық түрде бейнелеген. Енді бүгінгі формуламыз: Екі өрнектің кубтарының қосындысы мен айырымы. Оны осы екі топ:

1-топ. Екі өрнектің кубтарының қосындысын

2-топ. Екі өрнектің кубтарының айырымын дәлелдеп, қорғап шығуы керек.

Олай болса 5 мин уақыт беріледі.

Оқулықпен жұмыс.



«А» деңгейі: № 213 2) 1-топ № 214 2) 1-топ 4) 2-топ 6) 1-топ 8) 2-топ
4) 2-топ 6) 1-топ 8) 2-топ

«В» деңгейі: № 218 1) 1-топ 2) 2-топ

«С» деңгейі: № 224 1) 1-топ 2) 2-топ
5. Қателесіп кетпе! (Слайдпен тест жұмысы)

1) Кубтарының қосындысын тап: а3+13

А) (а-1)(а2+а+1) Ә) (а+1)(а2 - а+1) Б) (а+1)(а2 - 2а+1) В) (а+1)(а2 + 2а+1)

2) Бос орынды толтыр: 0,008+а3 = (?+а)(0,04 - ?а+а2)

А) 0,4 Ә) 0,02 Б) 0,2 В) 0,8

3) Көбейткіштерге жікте: t3-27

А) (t-3) (t2+3t+9) Ә) (t+3) (t2-3t+9) Б) (t-3) (t2+6t+9) В) (t+3) (t2-6t+9)

4) (m+2a)(m2- 2am+4a2) өрнегін ықшамдау

A) m3-(2a)3 Ә) m3+(2a)3 Б) m3+2a3 В) m3+(4a)3

5) Өрнектің мәнін табу: а3+23 (мұндағы а=1)

А) 7 Ә) 8 Б) 10 В) 9

Үйге: № 214 1,3,5,7 № 216

Бекіту: Берілген есепті шығарып, 2030 жылдың 1-ші қаңтары қай күн болатынын білу. 2030 01 02

203020302 - 19282

2030 – 10001+1928



Қорытынды: Сонымен балалар біз қысқаша көбейту формулаларды толық меңгердік. Олай болса бізге ол не үшін қажет екен, қандай жағдайда қолданамыз? Онда бұл формулаларды әрдайым есте ұстап, қолданып жүріңдер демекпін.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет