СабақТЫҢ тақырыбы: Жай механизмдер


Жоспар Сабақтың барысы



бет3/5
Дата16.04.2024
өлшемі3.32 Mb.
#498897
түріСабақ
1   2   3   4   5
Физика пәні бойынша ҚМЖ "Жай механизмдер" 7 сынып

Жоспар

Сабақтың барысы

Уақытты жоспарлау

Жоспарланатын іс-әрекеттер

Ресурстар

Ұйымдастыру.
0 – 1 мин

Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау






1-2 мин

Сыныпты шағын 3 топқа бөлу: Тұрмыстық құрал: 1- топ «Бұрауыш, 2- топ «Тістеуік», 3-топ,«Қайшы ».




2-7 мин

Үй тапсырмасын қайталау
1.Оқушылар өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.
2. Бұл сұрақтарға ИЯ немесе ЖОҚ деп жауап береді.
Өтілген тақырыптар бойынша парақта семантикалық карта беріледі.

Сұрақтар

Жауап

  1. Энергия деп дененің жұмыс істеу қабілетін нақты көрсететін физикалық шаманы айтады.

Ия

  1. Дененің қозғалу салдарынан туындайтын энергия потенциалдық энергия деп аталады

Жоқ

  1. Жерге тартылу күшін ауырлық күші деп атайды.

Ия

  1. Денелердің әрекеттесуінен туындайтын физикалық шама -күш

Ия

  1. Кинетикалық энергияны есептеу формуласы - +

ИЯ

  1. 1 киловатт (1кВт)=1000 Вт=103Вт-қа тең.+

Ия

  1. - Деформацияланған серіппенің кинетикалық энергиясы.+

Жоқ

  1. Дененің тірекке түсіретін күшті салмақ деп атйды.

Ия

  1. Күштің өлшем бірлігі – Джоуль

ЖОҚ

  1. Жұмыстың уақытқа қатынасы қуат деп аталады

ИЯ







Кіріспе
7-10мин

Жаңа тақырыппен танысу үшін, алдымен жұмбақтарды шешуді ұсыну:
1. Екі басты айдаһар
Бәрін қырып жояды.
Екі аяқпен жер тіреп.
Қағазды жеп қояды. (қайшы)
2. Артық кемдi теңестiрер,
Дәндi де өзi жемес бiрер. (таразы)
3. Жансыз жарады,
Жанды ұрады. (балта)
4. Жетпіс аяқ бауырында,
Екі қолы жауырында,
Тындырады істі ол,
Жеңілін де, ауырын да. (ара)

Осы құралдардың барлығын бір сөзбен қалай атауға болады?

Microsoft Power Point

Жаңа тақырып
10-25мин

1. 1.Жаңа сабақтың тақырыбын ашу: Қайшы , тістеуік, отвертка сияқты заттарды көрсетемін.
Сұрақ: Оқушылар! Мұндай құралдар не үшін пайдаланылады және артықшылығы неде?
Өз ойларын айтады.
Практикалық тапсырма:
Күш дегеніміз не?
Сұрақ 1. Кез келген денені бір орыннан екінші орынға орын ауыстырғанда не істеу керек? (күш жұмсау керек)
Сұрақ 2. Ауыр жүкті көтеру үшін біз қандай күш жұмсаймыз? (білектің күшін).
Сұрақ 3. Пластик бутылканың кесіндін аламыз.енді оны қолымен бөліп көріңдер.не байқалды. Енді қайшының көмегімен көріңдер. Не байқалды?
Сұрақ 4. Енді енді бұранданы қолымен алып көріңдер. Білектің күші жеткілікті болама? (Жоқ). Бұрауышты алыңдар. Не байқалды?
Сұрақ 5. Металл сымын қолмен майыстырыңдар. Не байқалды? Енді тістеуіктің көмегімен көріңдер? Не байқалды?
Сонымен не байқалды біз әртүрлі жұмысты істеу үшін құралдарды пайдаландық.
Мінеки құралдарды пайдаланып біз аз білек күшін жұмсап күшімізді арттырып отырмыз. Сондықтан біз бүгін сабақта аз күш жұмсап, бірақ көп күшті түдыратын жай механизмдермен танысамыз.

  1. Жаңа сабақты топтық жұмыс барысында өз бетімен меңгеру, топта талдау, формулаларды дәптерге жазу, постер жасау, қорғау.

1 – топқа: Мақсаты: Бастапқы ұғымдарды ажырата және түсіне білу: Жай механизмдерге түсінік.
Қозғалмайтын тіреудің немесе біліктің (осьтің) төңірегінде айнала алатын кез келген дене иіндік (рычаг) деп аталады.Тіреу нүктесінен күштер орналасқан түзулерге түсірілген перпендикулярдың ұзындығын күш иіні деп атайды. Түсетін күштің өз күш иініне көбейтіндісі күш моменті деп аталады: M=F*d. Өлшем бірлігі:1 Ньютон*1 метр=1Н*1м=1Н*м. Сіріңкені барынша ұсақ бөліктерге бөліңдер. Кішкене бөліктерін ұзындарына қарағанда сындыру қиын екеніне көңіл аударыңдар. Сіріңке сынуы үшін көп күш жұмсау керек екен.
Құрылыста, тұрмыста өте күрделі техникалық қондырғыларда жай механизм деген құралдарды ажырата білу керек. Күшті түрлендіріп, қозғалыс бағытын өзгерту үшін қолданылатын құралдар жай механизмдер деп аталады. Жай механизмдерді пайдаланып күшті қанша есе ұтуға болады? Бұл сұраққа жауап беру үшін иіндіктегі күш моменттерінің тепе- теңдік шартын пайдаланамыз: F1 жұмысшының жұмсайтын күші болсын., ал F2 – көтеретін жүктің ауырлық күші болсын. Сонда айнала алатын дененің тепе – теңдік шарты: F1 d1 =F2 d2 немесе d 1 /d2 = F2 / F1
2. 2 топтың тапсырма сұрақтары: Жылжымалы және жылжымайтын блоктардың қызметінің ерекшелігі қандай? Тәжірибелік тапсырма: жылжымайтын блокты қолданып күштен ұтыс аламыз ба?

3. 3 топтың парағының сұрақтары :
Тәжірибелік тапсырма: мақсаты– жүкті биікке әртүрлі тәсілмен көтергендегі жұмысты салыстыру 1. Тегіс тақтай, қысқышы бар тұрғыдан саты жасаңыз. 2. Білеушені тақтайша бетімен сүйрете отырып,тарту күшін ( динамометрдің көрсетуін) табыңыз. 3. Өлшеулер мен есептеулерді кестеге енгізіңіз:



h,м

l, м

F,Н

P=mg , Н

F:P

h:l

F:P=h:l

1






















2






















Қорытынды жасаңыз: жүкті тақтай бетімен, әлде тік көтеру оңай?
Атқарылған жұмыс қандай? Көлбеу жазықтықтың бойымен денеге әрекет ететін тарту күші оның ауырлық күшінен неше есе кем болса, көлбеу жазықтықтың биіктігінен сонша есе артық болады.
Тәжірибенің нәтижесі арқылы тексеріп,оқушылардың барлық жай механизмдердің айналдырушы күш негізінде жұмыс істейтіндігін және түсірілетін күштің шамасы олардың айналу осінен қашықтық артқан сайын азаятыны туралы қорытындыға келуі керек . Жай механизмдердің адамдарға аз күш жұмсауға көмектеседі: жай механизмдерді пайдаланып, күштен қанша есе ұтсақ, жолдан сонша есе ұтыламыз. Барлық жай механизмдерге ортақ қағида шығады: «механиканың алтын ережесінің» деп атайды.

слайдтар
http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/669b5266-e921-11dc-95ff-0800200c9a66/5_8.swf


Көлбеу жазықтықтар, сыналар, бұрандалар
https://www.twig-bilim.kz/film/planes-wedges-screws-5774/
Механизмдер:
https://www.twig-bilim.kz/film/machines-building-the-pyramids-5775/


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет