Сабақтың тақырыбы: Жарық кванттары туралы Планк гипотезасы Мақсаты



Дата07.11.2019
өлшемі45.75 Kb.
түріСабақ

Сабақтың маршруты 9 сынып

Сабақтың тақырыбы: Жарық кванттары туралы Планк гипотезасы

Мақсаты: 9.6.1.2 Планк формуласын есептер шығаруда қолдану

Пәндік лексика және терминология:

Жарық, квант, энергия, фотон, жиілік

Свет, квант, энергия, фотон, частота

Light, quantum, energy, photon, frequency



Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері:

Сәуле арқылы тарайтын немесе жұтылатын бір үлес энергия квант деп аталады.

Абсолют қара дене энергияны үздікті шығарады және жұтады.

Квант – порция энергии при распространении и поглощении.

Абсолютно черное тело выделяет и поглощает энергию прерывно, отдельными порциями (квантами).

Quantum - a portion of the energy during propagation and absorption.



An absolutely black body releases and absorbs energy intermittently, in separate portions (quanta).

Сабақтың барысында

  • Жаңа материалды игеру – 12 мин

  • Есептерді топпен және жұппен шығару – 10 мин

  • Жеке жұмыс – 8 мин

  • Қалыптастырушы бағалау – 6 мин

  • Рефлексия

(W) Жаңа материалды игеру – 12 мин

  • Планк гипотезасы – 1900 жыл

  • Абсолют қара дене жылулық сәулелерді үздіксіз шығара да, жұта да алмайды; оларды тек үзікті (дискретті) үлес – квант түрінде ғана шығарады немесе жұтады. Сәуле арқылы тарайтын немесе жұтылатын бір үлес энергия квант деп аталады.

  • Планк формуласы

  • - квант энергиясы (фотон энергиясы)

  • сәуле шығарудың жиілігі, толқын ұзындығы

Ультрафиолет апат, кванттық физикаға кіріспе

  • https://www.youtube.com/watch?v=GbwehbE8TtQ 1:30-4:20

(G) Есептерді топпен және жұппен шығару – 10 мин
Есепті топпен шығару

Сынып екі топқа бөлінеді, әр топ бір есепті шығарады, кейін бөліседі




  1. (№38-1) Фотонның энергиясы 2,8·10-19 Дж. Электромагниттік сәуленің толқын ұзындығы қандай?



  1. (№38-3) Қуаты 100 Вт жарық көзі 1 секундта 5·1020 фотон шығарады. Сәуленің орташа толқын ұзындығы қандай?



Есепті жұппен шығару

Әр жұп бір есепті шығарады, кейін бөліседі




  1. Фотонның энергиясы 4,1375 эВ. Толқын ұзындығы қандай?



  1. 6·10-7 м толқын ұзындығына сәйкес келетін фотонның энергиясы қандай?



  1. Жиіліктері 5·1015 Гц және 1,5·1016 Гц фотон энергияларын қатынасын тап.




  1. Қуаты 200 Вт жарық көзі 2 минут ішінде жиілігі 3·1015 Гц сәуле шығарады. Осы жағдайда неше фотон шығарылады?




(I) Бекіту – Кесте толтыру – 8 мин

Әр оқушы берілген кестені толтырады, өзін-өзі бағалайды



Фотондар саны

Жарықтың жиілігі, Гц

Жарықтың толқын ұзындығы, м

Бір кванттың энергиясы, Дж

N кванттың энергиясы, Дж

1000

2·1015










1020




6,5·10-7
















8·10-19

120





(f) Қалыптастырушы бағалау – 6 мин

  1. Ультракүлгін, рентген немесе инфрақызылсәулелердің қайсысы электромагниттік энергияны басқалардан көп тасиды?



  1. Қуаты 150 Вт жарық көзі 5 минут ішінде 7·1022 фотон шығарады. Сәуленің толқын ұзындығын табыңыз.



Рефлексия




+

-

Планк формуласын білемін







Планк формуласын қолдана аламын







Осы сабақты жақсартуда бір ұсыныс






Үй жұмысы: п.48 оқу

Келесі тақырыпты алдын алу – видео қарау, сабақты өту



https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/kvanttyq-fizika/zharyq-kvanty/lesson/fotoehffekt-foton-foton-ehnergiyasy


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет