Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру
Сабақтың басы
10 минут
Өткен білімді еске түсіру
Жаңа білім
10 минут
Бекіту
10 минут
Кері байланыс
Сабақтың соңы
10 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Сабақ тақырыбын және оқу мақсатын таныстыру
Тест тапсырмасы
1. Жарық көздері нешеге бөлінеді?
А)дербес және шағылған жарық көздері
Б)шағылу және сыну
С)жылулық және плазмалық
Д)люминесценциялық және плазмалық
Е)жарық сәулесі және көлеңке
2.Шағылу бұрышы дегеніміз не?
А)Жарық көзінен келген жарық энергиясы бойымен тарайтын сызық
Б)Шағылған сәуле мен түсу нүктесіне тұрғызылған перпендикуляр арасындағы бұрыш
С)Екі ортаны бөлетін шекара арқылы өткенде таралу бағытының өзгеруі
Д)жарық шығаратын денелер.
Е)толқынның екі түрлі орта арасындағы шекарада бағытын өзгертіп,алғашқы ортасына қайтып келуі
3.Айналық бет деп
А) жарық шығаратын денелер
Б) Жарық көзінен келген жарық энергиясы бойымен тарайтын сызық
С)түскен жарық энергиясының басым бөлігін шағылдыратын, яғни жарықты ол түскен ортаға қайта бағыттайтын бетті айтады
Д)түсу бұрышына тәуелді емес және тек шекаралық ортаның оптикалық қасиеттерімен анықталады.
Е)Шағылған сәуле мен түсу нүктесіне тұрғызылған перпендикуляр арасындағы бұрыш
4.Екі ортаны бөлетін шекара арқылы өткенде таралу бағытының өзгеруі
А)Жарықтың шағылуы
Б)жарық сәулесі
С)жарықтың сынуы
Д)көлеңке
Е)жарық табиғаты
5. n әрпі ненің шартты белгісі:
А)түсу бұрышы
Б)жарықтың ортадағы жылдамдығы
С)жарықтың ауадағы жылдамдығы
Д)сыну көрсеткіші
Е)сыну бұрышы
6.Жарықтың шағылуы 2-ге бөлінеді:
А)жарық сәулесі және көлеңке
Б)диффузиялық және айналық
С)люминесценциялық және плазмалық
Д)шағылу және сыну
Е)диффузиялық және жылулық
|