Сабақтың тақырыбы: «Жасындай жарқылдап өткен ғұмыр»



жүктеу 48.11 Kb.
Дата03.07.2016
өлшемі48.11 Kb.
Алпамыс батыр атындағы

№40 гимназия – мектебі


Тақырыбы:


«ЖАСЫНДАЙ ЖАРҚЫЛДАП

ӨТКЕН ҒҰМЫРЫ»

Пән мұғалімі: Ж.Байтемірова


Шымкент-2010ж.



Сабақтың тақырыбы:

«Жасындай жарқылдап өткен ғұмыр»
Сабақтың мақсаты:

А) білімділік жағынан:

Әдебиеттің адамзат қауымы ғасырлар бойы жолаған өнердің бір түрі екендігі, өнер болғанда сөз екендігі туралы ұғымдарын қалыптастыру; әдебиет пәнінің өзіндік ерекшелігі де сол өнер пән болғандығы, «Өнер алды-қызыл тіл» деп халық даналығы айтқандай, әдебиеттің сөз, тіл өнері екендігі туралы білімдерін қалыптастыру.

Өз пікірі эстетикалық талғамы бар сауатты, мәдениетті оқырман дайындау ( өз беттерімен оқи алатын). Ауызша да жазбаша да еркін, шешен, көркем сөйлеуге, жаза білуге үйрету, осы мәселелердегі машықтарын дамыту.

Ә) Тәрбиелік мақсат:

Эстетикалық сезімдерін, талғамдарын тәрбиелеу, адамгершілікке, имандылыққа, ізгілікке-адамдық барлық жақсы қасиеттерге баулу. Туған халқының тілі, оның әдебиетіне деген ұлттық сезімдерін тәрбиелей отырып, бүкіл адамзат қауымының тілі, әдебиетіне деген қызығушылығына әсер ету.



Сабақтың тиімділігі:

Әдебиет сабағын «өнер» деп танып білу, әсіресе, шығармашылық жұмыстарға баулу, көркем мәтінмен жұмыс істей білу дағдыларын жетілдіру, ынтасы, танымы, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.



1.Баяндама.

«Махамбет Өтемісұлының өмірі»

Оқыған: Жүндібаева Мақпал.

2. Баяндама.

«Махамбет Өтемісұлының жырлары»



3. Баяндама.

«Махамбет жырындағы Исатай бейнесі»

Баяндама «Махамбет Өтемісұлының мұрасы».

Көрініс: «Махамбеттің ауған қызымен қоштасуы».



  • Еліңе қайтамысың? – деді қыз.

  • Ия, - деді ол.

  • Мені бірге әкетемісің?

  • Жоқ.

  • Падишаһқа қайтарып бересің бе?

  • Жоқ, жоқ деймін, жоқ!...

  • Кешір мырзам,- деді қыз. – Алдыңа ашық келіп, қымсынбай сөйлеуге үйреткен өзіңсің. Мен дегенде есігіңді ашық ұстадың. Қысым-қақпай көргенім жоқ. Қалғым келмейді сенен... Әйелдің ұяңдығы ер жігітке жүк болмас. Әйелің әміршім болсын, айтқанын екі етпесін...

«Ереулі атқа ер салмай».

Ереулі атқа ер салмай,

Ереулі найза қолға алмай,

Еңку – еңку жер шалмай,

Қоңыр салқын төске алмай.
Тебінгі терге шірімей,

Терлігі майдай ерімей,

Алты малта ас болмай,

Өзіңнен туған жас бала.



Көрініс

- Құлағым сенде Жәңгір!- деді дауыстап.

- Қасыңнан хан тағының мұрагері, Жас мырзаңды көре алмай тұрмын ғой-деді хан ызасын ішіне тығып.

- Ол Орынборда қалды.

- Ал сен неге мұндасың? Әлде сен өзіңді мынау сұлтандардан мықты сынаймысың?

- Хандығың да, жарлығың да өзің, Жәңгір!

- Махамбеттің дауысы темірдей қатқыл естілді.

- Сен халық қарғысына ұшырадың, Жәңгір хан!-

Махамбеттің зор үні сай-салаға саңқылдап, көмейіне көптен бері тығып жүрген сөздері ағыл-тегіл ақтарылып кетті.

Жауап бер ендеше:

Алтын тақты хандардың

Хандығынан не пайда?

Қарып пенең қасерге

Туралық ісі болмаса?

... Ханнан қырық туғанша

Қарадан бір-ақ тусайшы,

Халықтың кегін қусайшы...


  • Тарт тіліңді, тілің кесілгір!-деп ақырып жіберді есін жиған хан.

  • Қайдағы кек, кімді айтып тұрсың?

  • Ей, Жәңгір!-деді оған шөмекейлердің басшысы.

  • Сабыр ет.

Соғыс (үзінді)

Әскер жиып аттандық,

Бекетай еді тұрағым,

Айқайлап жауға тигенде,

Ағатай-Беріш ұраным.
Бекетай құмға ел қонып,

Байбақты Жүніс аттанды,

Қосылуға дем болып.

Құдайлады хан ұлы.


Күй «Көш керуен».
Махамбеттің Байғамбет сұлтанға айтқаны (үзінді)
Алайма, сұлтан, алайма,

Астыма мінген арғымақ,

Аяңдай түсіп, Марай ма?!

Арғымақ дейтін жылғылар,

Найза бойы жер келсе,

Жабындайын жалтаңдап,

Түсер жерін қарай ма?

Арғымақ атқа айдай таға қақтырса,

Кілегей қатқан Еділдің

Көкше мұзынан таяр ма?!

Ата ұлының баласы,

Асыл ерге малың бер,

Малың бер де; Басың қос,

Басыңа тарлық түскенде

Ардақтаған әділ жанын аяр ма?!
Көрініс
Махамбеттің өлімі.

- Бәріңді ... бәріңді де қарғыс атсын... Сендер оны өздерің... өздерің өлтірдіңдер... кәпірлер емес, - деді Мақпал ерні әрең қыбырлап. Қансырап, әлсіреп қалыпты. Жусаннан ұстап тырмысып, сүйретіле жылжып, үйіне әрең жетті. – Қашаннан бері өздеріңді... өздерің өлтіріп келесіңдер... О,Құдай, Махамбетім дұрыс айтады, дұрыс! Ел болмай кеткір ездер-ай» Құтылмассың құлдықтан...


Махамбет Өтемісұлының өлеңдері.

  1. Мұнар күн.

  2. Тарланым.

  3. Тайманның ұлы Исатай.

  4. Айныман.

  5. Қызғыш құс.

  6. Махамбеттің Жәңгірге айтқаны

  7. Нарында.

  8. Күн қайда?

Күй.
Баяндама «Ел үшін еңіреген ерлер»
Қолданылған көрнекіліктер:


  1. Портреттер.

  2. Кітаптар.

  3. Хаттамалар.

  4. Баяндамалар.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет