Реглан және тұтас жеңдерді өңдеу. Реглан пішімді жеңі бар бұйымдардың конструкциялық ерекшелігі болып, алдының иық бөлігін және артқы бойын жеңдерімен бірге пішілуі есептеледі. Реглан жеңдер бір тігісті, қос тігісті және үш тігісті сирек болады. Жеңіл киімдердің ішінде сыртқы және ішкі тігісті, бір тігісті және екі тігісті
жеңдер кеңінен тараған. Реглан пішімді жеңді бұйымдарды әдетте иық жиегін
төмендетіп жасайды. Реглан пішімді жеңді бұйымдардағы бүкпелерін, алдындағы
түймеліктерін, жағаларын, қалталарын, артқы бойын және басқа бөліктерін
өңдеудің қондырма жеңді бұйымдардағы осы бөліктерді өңдеуден ешқандай
айырмашылығы жоқ. Жеңдерін, алды мен артқы бойының иық шетін, жеңдері мен
иық шетін қосудың ерекшеліктері бар. Реглан пішімді бір тігісті жеңнің міндетті түрде үстіңгі бүкпесі болады, ол бұйымның иық формасы бөлігін алу үшін қажет. Жақсы форманы алу үшін бір тігісті жеңді қиғаш жіп бойынша пішеді. Бүкпені өңдеуді алды мен
артқы бойындағы бүкпелерді өңдеген сияқты жасайды. Жеңіл киім бұйымдарында ұзындықтары әр түрлі тұтас пішілген жеңдерді: қысқа, ұзын ¾ және 78 ұзындықты қолданады. Жеңдері тұтас пішілген бұйымдардың бір ерекшелігі болып жеңнің алдыңғы бөлігін – өңірімен (алдымен) бірге, ал шынтақ бөлігін артқы бойымен бірге пішеді. Жеңніңсыртқы (орташа) және ішкі (астыеңғы) тігісі бар. Сыртқы тігіс – иық
тігістің жалғасы, ал ішкі тігіс бүйір тігістің жалғасы болып есептеледі.
Қол еркін өту үшін бұйымның бүйір тігістеріне және жеңдерінің астыңғы
тігістеріне ендірме салып тігеді. Формасы және өлшемдері бойынша ендірме
салып тігу түрліше болуы мүмкін. Жеңіл киім бұйымдарын жеңдері аралас пішілген болуы мүмкін. Мұндай жағдайда жеңдері алдыңғы бойы жағынан қайып тігілген, ал артқы бойы жағынан тұтас пішілген немесе реглан және керісінше болуы мүмкін.
Үтіктеу мен созып тарту шамаларын техникалық шарттарында (ТШ) көрсетеді, ал жек заказдар бойынша дайындаған кезде оны пішуші анықтайды. Бұл шама негізінен бұйымның конструкциясына, матаның құрылымына және заказ берушінің дене тұлғасына байланысты.
Жеңдердің ұштарын манжеталармен өңдеу.
Манжеталар тік немесе әшекейлі, тұйық немесе жиектері өңделген,
түймелігі запонкалы немесе түймелі, сырып тігілген немесе қайырма болуы
мүмкін. Тік сырып тігілген манжеталар тұтас пішіледі. Тұйық манжетаны өң
жағымен ішіне қарай ортасынан көлденең салады, қималарын теңестіреді және
оларды қайып тігеді. Тігістің ені 0,5 – 0,7 см. Жүн және жібек маталары
бұйымдарында тігісті үтіктейді, ал мақта мата бұйымдарында екі жағына
жатқызады, манжетасын өң жағына айналдырады, теріс жағын ішіне қаратып
ортасынан бойлай салады және үтіктейді.
Егер моделі бойынша манжеталардың жиекткрі ілгекке және түймеге
түймеленуге тиіс болса, жөрмеу ілгегін манжетаның бір жиегінің үстіңгі
жағында өңдейді. Манжетаны өң жағын ішіне қаратып ортасынан бойлай салады,
қималарын теңестіреді және жиектерін жөрмейді, моделіне байланысты сырып
тігілген немесе өрілген баудан ілгек салады. Тігістің ені 0,5 – 0,7 см.
Бұрыштарындағы тігістерін қиып кеседі, манжетаны өң жағына айналдырады,
тігістерін жазады және үтіктейді.
Екі бөліктен тұратын манжетаны жөрмеу тігісімен өңдейді. Әуелі
манжетаның жиектерін және астардың жиектерін жеке ені 0,5 – 0,7 см тігіспен
қайып тігеді. Жүн және жібек маталары бұйымдарында тігістерін үтіктейді, ал
басқа маталар бұйымдарында жайып салады. Манжетаның ішіне астар салады, өң
жақтарын және жиектерін қайып тігу тігістерін сәйкестендіреді, қималарын
теңестіреді және үстіңгі қималарын жөрмеп тігеді. Үстіңгі жиектері әшекейлі
болатын манжеталарда иілген жерлеріндегі тігістерді қысқартып кеседі,
манжетасын өң жағына айналдырады, тігістерін жазады және үтіктейді, астар
жағына қарай төңкерме жасайды.
Қимасы жоқ манжетасы бар жеңдерінде қол еркін өту үшін манжетасын
сырып тікпейтін жер қалдырады. Бұл жерді жабық қимасы бар иілме астындағы
тігіспен өңдейді.
Манжетасы жоқ жең ұштарын өңдеу. Манжетасы жоқ жең ұштарын жөрмеумен өңдейді. Тез тарқатылатын маталар бұйымдарында жең ұшын жөрмеудің ұшын жөрмеудің ішкі қималарын арнайы машинамен көктеп тігеді немесе бүктеп тігілген тігіспен қайып тігеді. Жаппай өндірісте жөрмеуді жең ұшының өң жағына ке,лтіреді және жеңіне жөрмеу қимасын ішіне қарай 0,5 – 0,7 см бүктей арнайы тетіктің көмегімен
қайып тігеді. Арнайы тетік болмаған кезде жөрмеуді өң жағын ішіне қаратып,
қималары қиылмаған жеңнің өң жағына келтіреді, қималарын теңестіреді және
жеңнің ұшын жөрмеу жағынан жөрмеп тігеді. Тігістің ені 0,5 – 0,7 см.
Тігісін жөрмеу жағына бүктейді және жиегінен 0,2 см қашықтықта жөрмеудің өң
жағын қайып тігеді. Жөрмеудің ішкі жиектерін әрбір 4 – 5 см сайын қолдан жасырын
тігістерімен бекітеді, әрбір бекітуде бес-алты қабу жасайды немесе жөрмеудің бүкіл ұзындығы бойы жасырын тігіспен арнайы машинамен жапсырып тігеді. Қималары бар жеңдерде қиылған немесе өрілген баудан жасалған ілгектерді қиманың жиектеріне бекітеді, ілгектердің жиектерін қима жағына орналастырады. Жеңдеріне арналған қималары бар жөрмеудің астын қиманың жөрмеуімен бірге пішеді, сондықтан қима жиегін жөрмеуді жеңдерінің қималарын қайып тіккеннен кейін жең ұшын жөрмеумен бір мезгілде жүргізіледі.
Манжеталары бар жең ұштарында түймелікті өңдеу. Манжеталары бар жеңдерде түймелік жең тігісінің жалғасында және қимасы бар бөлікте өңделуі мүмкін.
Тұтас бөліктегі. Түймелікті жөрмеусіз өңдеген кезде әуелі көмекші лекалмен қима сызығын белгілейді және белгіленген сызықпен бөлікті арқау жіп бойынша қатаң кеседі, қиманың соңында 0,5 – 0,7 см шамасына тік бұрышпен кесеулер жасайды. Түймелік қимасына параллель, көлденең кесулерден 0,5 – 0,7 см шегініп қималарды бүктейді. Түймеліктің үстіңгі жағын жасайтын жиегімен қиманы теріс жағына, ал түймеліктің астыңғы жағын жасайтын жиегімен өң жағына бүктейді. Қималарын ішіне қарай 0,5 – 0,7 см бүктейді және жабық қимамен тар бүктеп тігу тігісімен қайып тігеді. Түймеліктің үстіңгі жағының өңделген жиегін астыңғысына келтіреді, қатпар жасайды, мұнда өңделген бір жиегінің екіншісіне ену шамасы 2 – 2,5 см-ге тең. Қатпарды қайып тігетін машинамен тікбұрыштың формасы бойынша тігіспен түймеліктің үстіңгі қималары бекіту тігістері арасында орналасатын етіп бекітеді. Түймелікті дайын түрінде үтіктейді.
Қимасы жоқ манжетасы бар жеңдерде қол еркін өту үшін манжетаны қайып тікпеген жер қалдырады. Бұл жерді жабық қимамен бүктеп тігілген тігіспен өңдейді.
ІҮ. Бекіту сұрақтары:
Қондырма жеңді өңдеу?
Манжетасы бар жеңді өңдеу?
Манжетасы жоқ жеңді өңдеу?
Реглан жеңді өңдеу?
Тұтас жеңді өңдеу?
Қондырма жеңді өңдеу?
Ү.Қорытынды: Сабаққа белсене қатысып отырған оқушылардың ынтасын бағалау, мадақтау , мақтау сөздер айту
ҮІ.Үйге тапсырма: «Жең түрлерін жасау технологиясы» 178-184 бет.
Достарыңызбен бөлісу: |