Сабақтың тақырыбы: Жердің өз білігінен айналуы. Күн мен түннің ауысуы



Дата01.10.2019
өлшемі98.19 Kb.
#447110
Жердің өз білігінен айналуы

Сабақтың тақырыбы: Жердің өз білігінен айналуы.

Күн мен түннің ауысуы.

Мақсаты: Жердің өз білігінен айналуы арқылы күн мен түннің ауысатыны туралы түсінік беру.   Теориялық ойын ,сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту. Өз беттерінше тапсырма орындауға ,тиянақты болуға тәрбиелеу.



Пайдаланылған тәсіл: «Ойлан,жұптас,бөліс», «Инсерт». Ойын: «Биатлон».

Өту барысы:

Ұйымдастыру

Ойын: « Биатлон»

-Экватор сызығы Жер шарын қаншаға бөледі?

Екіге.

Олар қалай аталады?



Солтүстік жарты шар,оңтүстік жарты шар.

Параллельдер деген не?



Экваторға параллель жатқан сызықтар.

Меридиан деген не?

Солтүстік пен Оңтүстікті қосатын сызық.

Неше мердиан бар? 24

Жердің серігі –Ай.

Неше материк бар? 6 .

Неше мұхит бар?4.

Фишкалар жинау арқылы бағалау.

Қызығушылықты ояту.

Мәтінмен жұмыс

Қазір біз «Күн мен түннің ауысуы» туралы мәтін оқимыз.

« Ойлан,жұптас, бөліс»

Алдымен не білетіндеріңіз туралы ойланыңыздар. (үш минут).Талқылау үшін өзіңізге жұп таңдап алыңыз. Сонан соң бес минут ішінде жұбыңызбен күн мен түннің ауысуы

туралы не білетініңіз немесе не білемін деп ойлайтының туралы тізім жасаңыз. Күн мен түннің ауысуы туралы білетіндеріңіз көбірек жазғандарың маңызды.

Барлық жұптар өздерінің тізімдерін жасап болған соң, оны топта талқылайды, сонан соң:

Топтағы талқылау нәтижесінде пайда болған жалпы тізімді оқушылармен бірге, ішінде дау туғызған сұрақтарды қоса,қағазға түсіріңіз.

Мағынаны тану

Мәтінді оқу алдында тапсырма беремін: оқу кезінде сіз қосымша жұмыс жасауыңыз қажет болады. Оқи отыра, мәтіннің шетіндегі ашық жерге белгі қойып отырыңыз.Белгілер төмендегідей (тақтаға жазылады және сабақ соңына дейін сақталады):

«v» - егер сіз оқып отырғаныңыз, сіздің белгіңізбен сәйкес келсе немесе сіз білемін деп ойлағандай болса мәтіннің шетіне «v» (қанат) белгісін қоясыз.

«-» - егер оқып отырған ақпарат, сіз білген ақпаратпен сәйкес келмесе немесе басқаша болса , онда «-» (алу) белгісін қоямыз.

«+» - егер алынған ақпарат, сіз үшін жаңа, бұрын естімеген болса, онда «+»(қосу) белгісін қоямыз.

«?» - егер ақпарт, сіз үшін күдікті немесе сізді таңқалдырса немесе осы тақырып бойынша тереңірек білгіңіз келсе «?» белгісін қоясыз.

Сонымен оқу кезінде мәтіннің шетіне сіз біліміңізге және түсінігіңізге сәйкес төрт белгі қоясыз. Мәтіңдегі кез келген жолды немесе ойды белгілеу міндетті емес,ақпаратқа сіз жалпы тұрғыдан келе аласыз. Сіз әр абзацқа бір – екі белгі қойсаңыз жеткілікті, бірақ ол кейде көп болып кетуі мүмкін.

Ал енді белгі қоя отырып,оқуға кірісіңіз.

Оқушылардың барлығы оқып болғанда, келесі жұмыс түрі жасалады:

Сіз қазір ғана шыққан мәтін жөнінде ойланыңыз.Жұбыңызбен оқығандарыңыз туралы бөлісіңіз. Сіз қандай ақпаратқа тап болыңыз? Сізде қандай сұрақтар туындады? Нені білетін болып шықтыңыз? Не нәрсені білмейтін болып шықтыңыз? Сіз мәтінге қайта оралып, өз қағазыңыздағы қойған белгілеріңізді қарай аласыз.

Олар сіздің нені біліп, нені білмегеніңізді еске түсіреді, сондай – ақ жаңа білім алуға итермелейді. Топтарыңызда талқылаңыз.

Талқылау аяқталған соң, әркім өз бетімен дәптерінде кестені толтырғаны жөн:



V

-

+

?












Оқушылар өздік жұмыстарын бітірген соң, жұптарымен кестедегі жазғандарын талқыға салады. Келесі іс - әрекет - сыныптың ортақ кестесін құрастыру, мүмкіндігінше, барлық оқушылардың қатысқаны абзал.



Ой толғаныс

Топта ортақ кестені талқылаған соң, плакатта жазылған алғашқы ақпаратқа ораламыз - сәйкес келген пікірлерді анықтаймыз, мәтінді оқып болған соң, сәйкес келмеген ойлар шешімін тапты ма немесе қосымша материалдар керек пе деген сұрақты талқылаймыз.

Бағалау:

Карточканың барлық бағандарын толтыру - 1 балл

Кем дегенде, жоғары деңгейдегі 2 сұрақ – 4 балл

Кем дегенде, 2 көзқарас айту және оны дәлелдеу шеберлігі (ауызша) – 5 балл



Барлығы - 10 балл

Бейнебаян «Күн қайда ұйықтайды?»



Рефлексия.

1.Сұрақ - жауапқа қатыстың ба?

2.Мәтінмен жұмыс жасадың ба?

3.Жұптық жұмысқа қатыстың ба?



4. Топтық жұмысқа қатыстың ба?
Өзін - өзі бағалау.

« Бағдаршам»

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет