Сабақтың тақырыбы: Жуан дауысты дыбыстар. Сиыр Сабақтың мақсаты: Жуан дыбыстар туралы білімдерін жетілдіру



Дата17.07.2016
өлшемі23.13 Kb.
#205728
түріСабақ
Ақтөбе қаласы.

Благодар орта мектебі

Бастауыш класс мұғалімі Ахаева Бакыт Шаяхметовна

Сауат ашу 1 - сынып

Сабақтың тақырыбы: Жуан дауысты дыбыстар. Сиыр

Сабақтың мақсаты: Жуан дыбыстар туралы білімдерін жетілдіру.

Білімділігі: «Сиыр» өлеңінің мазмұнын таныстыру. Сиыр малы туралы түсініктерін кеңейту. Сиырдың ерекше қасиеттері мен пайдасын айту. Жаңылтпаш, мақалдар, ырым-тыйымдар айту, мағынасын ашу.

Дамытушылығы: Өлеңді мәнерлеп оқуға, мазмұнын айтуға төселдіру. Оқушылардың сөздік қорларын, танымдық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі: Малды сүюге , малға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Әдемі, таза, сауатты жазуға баулу.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтастыру.

Көрнекілігі: Қадыр Мырза Әлидің суреті, сиыр, бұзау суреттері

Түрі: Аралас сабақ

Пән аралық байланыс: дүниетану

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Өткен сабақты пысықтау

-Балалар, біз қандай тарауды өтіп жатырмыз?

-Төрт түлік. Дауысты, дауыссыз дыбыстар

-Кім маған дауысты дыбыс әріптерін жазып береді?

-Кім жуан дауысты дыбыс әріптерін жазып береді?



«Дыбысынан таны» ойынын ойнату.

Төрт түліктің дауыстарын ажырату./Үнтаспадан түлік дауыстарын тыңдау/



1-слайд

Жылқы, сиыр, түйе, қой, ешкі суреттері

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

«Бұзау» өлеңін мәнерлеп оқыту.



Бұзау сөзін тақтаға жазып, жуан дауысты дыбыс әріптерінің астын сызу.

-Бұзау қай түліктің төлі?

-Сиыр

-Сиыр туралы не білеміз?



2-слайд Топтастыру


Жаңа сабақ

Ендеше .біздің жаңа сабағымыз сиырдың пайдасы туралы білімімізді толықтыру.

Оқулықпен жұмыс

«Сиыр» өлеңі

Авторы Қадыр Мырза Әли туралы қысқаша мәлімет
1.Өлеңді оқу ,мағынасын ажырату

Топпен жұмыс

Жеке жұмыс

4-слайд

Сөздік жұмысы

Шүйгін-құнарл,отты ,шөбі мол жер.

5-слайд

Мүйізі сүйір-деген жол кездесті .Осы жерде сиыр мүйізінің пайдасы туралы айту.Мүйізден жасалған бұйым - тарақ түрлерін слайдтан көрсету

Мамандық ойыны:«Сиырдың пайдасы»



6-слайд-Аспаз-сүттен жасалатын тағамдар туралы айтады.

7-слайд-Шебер-сиыр терісінің пайдасы туралы айтады.

8-слайд-Дәрігер-сүт пайдасы туралы кеңес береді.

Сергіту сәті

Дәптермен жұмыс

Көркем жазу

Мм Мм Мм мүйіз маман май

30-жаттығу Көшіріп жазып,жуан дауысты дыбыс әріптерінің астын сызу


Жаңылтпашты жаңылмай айт!

Оқушыларға жеке-жеке оқыту

Мақалдарды оқу

10-слайд

Сөздік жұмысы

Шара-ағаштан жасалған сүт құятын ыдыс.

Төрт түлік туралы:

1-қатар -ырымдар

2-қатар-мақалдар

3-қатар –тыйымдар
Қорытынды

-Бүгінгі жаңа сабағымыз не туралы екен?

-Сиырдың қандай пайдасы бар?

-Жуан дауыстыларды атаң


Үйге тапсырма:Сиыр өлеңін жаттау 31-жаттығу

Бағалау


Ойын «Жүрісінен таны»

-Жылқының жүрісі

-Биылғы келген жыл қандай жыл?-Жылқы

-Олай болса мен сіздерді Тұлпар және Құлын суреттерін таратып бағалаймын



«5»-Тұлпар

«4»-Құлын

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет