Сабақтың тақырыбы: Жусан. Бас әріппен жазылатын сөздер Мақсаты



жүктеу 32.68 Kb.
Дата17.06.2016
өлшемі32.68 Kb.
Ақтөбе облысы, Темір ауданы,

Кеңқияқ орта мектебінің

Бастауыш класс мұғалімі

Тулешова Гүлжан Шапековна

Сабақтың тақырыбы: Жусан. Бас әріппен жазылатын сөздер

Мақсаты:

1.Оқушыларға жер-су аттарының бас әріппен жазылуын меңгерту.

Жусан туралы мағлұмат беру.Оқу дағдысын жетілдіру,Сауатты жазуға үйрету.

2.Сөздік қорын молайту, ойлау қабілетін, байланыстырып сөйлеуге дамыту.

3.Туған жерді сүюге , қадірлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, плакат,суреттер.

Түрі: саяхат сабақ.

Сабақ барысы.



1.Ұйымдастыру бөлімі.

Психологиялық дайындық: Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

2. Өтілген сабақты пысықтау.

«Мақтаншақтар» мазмұнын сұрау.

«Жалғастыр» ойыны.

Бекіту сұрақтары ақылы сөзжұмбақ шешіледі.

Балалар, бүгінгі сабағымызда саяхатқа шығамыз. Шықпас бұрын сөзжұмбақ шешеді.


  1. Ж

  2. У

  3. С

  4. А

  5. Н

1.Не тәтті? Мәтіндегі кейіпкер?

2.Ә.Қастеев кім?

3.Беріктің ағайыны кім?

4.Сүзбеден жасалған уақ құрт?

5.Заттың атын білдіретін сөздердің сұрағы?


Жаңа тақырыпты хабарлау.

3.Жаңа сабақ: Жусан.

Жусан қайда өседі?Ауылымызда өсе ме?


О, алақай, туған жер!

Жақсы-ау орман бауларың.

Көзге ыстық көрінер,

Сенің асқар тауларың.


Туған жердің жырларын,

Жүректерге терейік.

Кең өлкенің қырларын

Жүр аралап көрелік.


1-слайд.

Кеңқияқ – қойнауы қара алтынға толы, киелі, қастерлі мекен. Талай ел тұтқасы дананы , ұлт қорғаны болар батырды, ақындар мен жырауларды,сазгерлер мен өнерпаздарды тәрбиелеп ұшырған туған жер.

Ауылымыздың табиғаты қандай әсем! Туған жердің осы атаумен , Кеңқияқ аталуы «Кең»-мол,көп, «Қияқ»-шөптің аты.Ауылымызда өсетін қандай шөптерді білесіңдер? Жусан ,алабота,жыңғыл,қоға...т.б.

Ауылымызда өсетін мына бір жусанның иісі мұрныңды жарады.(Балаларға иіскетіп,ұстату)

Жусан- шөптің бір түрі.Шөптің тамыры, сабағы, жапырағы, гүлдейтін бөлігі болады.Жусан көпжылдық,біржылдық боп бөлінеді.Құнарлы мал азығы.Оның төменгі жағы жуан, жоғары жағы жіңішке болады,түсі ақ,сұр болады.Биіктігі 10-60 см-дей болады.Жусанның 100ден астам түрі бар.Оны халық кейде «емшан» деп атайды . Жусанның емдік қасиеттері көп. Одан түрлі дәрі-дәрмектер ,сусындар,бояулар жасайды.Құм жусаны құм тоқтату үшін қолданылады.

Оқулықпен жұмыс.

«Жусан» өлеңін оқу.

Оқу түрлері: а)тізбектеп ә)тауып оқу (жер-су аттарын тауып оқу)

(Алакөл,Арал,Арқа,Орал)

Ереже шығару: жер-су аттары бас әріптен басталып жазылады.


3-слайд. Жаңажол,Сарыкөл,Келінтөбе.

Дәптермен жұмыс.

225-жаттығу

Өлеңнің соңғы шумағын көшіріп жазу.

Алакөлде,Аралда,

Арқада һәм Оралда

Жаздыгүні құм тұсап,

Қар тоқтатар боранда.


Сергіту сәті: «Жас дәуірдің түлегіміз» әні
2-слайд.Темір өзені.

Темір өзені Кеңқияқтың оң жағында орналасқан. Ені 3-10 км , суы егістік, мал суаруға пайдаланылады.

Жаңа жол кеніші 1978ж ашылды.

1965-1966ж.ж Кеңқияқ мұнай кенішін игеру басталды.Бұл кеніш Темір өзенінің төменгі жағында орналасқан еді.Темір өзені мұнай кенішін екіге бөліп тұр.

226-жаттығу.Шығармашылық жұмыс.
3-слайд.Ребус шешу. А’’’(асық)тау.(сөйлем құрау)
Ақтау әдемі қала.(тақтамен жұмыс)

Ақтау қаласында атам тұрады.

№2 ана тілі дәптерімен жұмыс. «Топтан оз»

(ауызша)


1.Қала аттары …

Кісі аттары …

Өзен аттары…

Жазу ,оқу.

2.Көркем жазу.

Жетісу


Жезқазған

Екібастұз

Көкшетау

Темір,Кеңқияқ,Жаңа жол,Сарыкөл.


4.Бекіту.

Саяхаттан мектебімізге оралу.Алған әсерлерімен бөлісу.

Кеңқияқтың картасы салынған плакатқа немесе мектеп суретіне ағаш көшеттерін отырғызу (Ағаш көшеттерінде сұрақтар жазылған)


  1. Жусан деген не?

  2. Жусанды қандай мал жақсы көреді?

  3. Жер-су аттары қалай жазылады?

  4. Қандай сөздер бас әріппен жазылады?

  5. Тілектер айту.


5.Қорытындылау:

Сабақты сұрақтармен қорытындылау.



6.Бағалау:

Белсенді оқушылар бағаланады


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет