Сабақтың тақырыбы: Карантин және обсервация туралы түсінік Сабақтың мақсаты: Уақыты: 45 минут



Дата05.07.2016
өлшемі109.47 Kb.
#178869
түріСабақ
«Бекітемін»

_____________

Мектеп директоры


  1. Сабақтың тақырыбы: Карантин және обсервация туралы түсінік

  2. Сабақтың мақсаты:

  3. Уақыты: 45 минут.

  4. Өткізілетін орны: 10 сынып

  5. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы.

  6. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.



ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.

1. Ауруды нелер тудырады?

2. Жұқпа қоздырғыштарының берілу механизмі дегеніміз не ?

3. Аса қауіпті жұқпаларға нелер жатады?

4. Бактериологиялық қару дегеніміз не?
б) Негізгі бөлім – 25 минут.

Жұкпа таратпау жөне жою үшін карантин жөне обсервация деп аталатын арнайы изоляциялык-шектеулік іс-шаралар кешені жүргізіледі. Ошак ішінде, сонымен бірге оның шектерінде жұқпа таралуының алдын алуға жөне пайда болған зақым ошағын жоюға бағытталған індетке қарсы, санитарлык-гигиеналық, емдеу жөне өкімшілік-шаруашылыктық іс-шаралар кешені карантиндеп аталады. Қарсыластың бактериологиялык кару қолданғалы отырғаны туралы болжам болған кезде дереу карантин жасалады да, қоздырғыш түрі аныкталғанша созылады, ал егер АҚЖ (аса қауіпті жұкпа) туындаса, онда карантин жалғаса береді.

Карантин төмендегідей режімдік іс-шаралардың жүргізілуін талап етеді: закым ошағын қоршау (күзету), алдын ала дезинфекция жасамай мүлікті тасуға, адамдарды кіргізіп-шығаруға тыйым салу. Ошақтарда мектеп, клуб, кинотеатрлар жөне тұрмыстық қызмет көрсетудің ұсақ мекемелері уақытша жұмысын тоқтатады. Жұмыстарын тоқтатуға болмайтын көсілорындар мен мекемелерде ауруларды дер кезінде анықтап, оларды окпіаулау, зауыт, цех аумағын залалсыздандыру, санитариялык өңдеу, шұғыл (профилактика) сактандыру жөне т.б. жүргізуді қамтитын жұмыстың індетке карсы режімі белгіленеді.

Егер қарсыластың АҚЖ коздырғыштарын қолдан-бағаны дөлелденсе, онда сыртқы ортаны дезинфек-циялағаннан кейін, карантин обсервациямен ауыс-тырылады.

Обсервация карантин зонасына іргелес жаткан аудан-дарда, сондай-ақ карантин зонасынан шығуға мұқтаж адамдарға бакылау жасау мақсатында ұйымдастырылады.

Обсервация кезінде режімдік іс-шаралар катаң жүргізіл-мейді; емдік-сақтандыру жөне қоғамдык тамақтану мекемелерінен басқа барлык көсіпорындар дезинфекция мен санитариялық өңдеуден кейін қалыпты қызметтеріне кіріседі.

Белгілі бір жұкпаға тән көбею кезеңі біткеннен кейін ғана карантин немесе обсервация токтатылады, ол соңғы ауруды оқшалау жөне ошакты дезинфекциялык өңдеуді аяқтау уакытынан бастап есептеледі.

Ошакка кірер алдында командир міндетті түрде санитариялык пост мүшелерінде жеке корғаныш күрал-дары, табельдік мүліктін болуы мен дүрыстығын тексереді.

СП негізгі міндеттері — биологиялык барлауға қатысу және халыкка эпидемиялық бақылау жасау. Жеке құрам нақты бір үйлерге, цехтарға бекітіледі және объектінің санитариялық жағдайына түрақты бақылау жасауға катысады. СП мүшелері аулалар мен пөтерлерге тексеру жасау арқылы ауруларды анықтап, ол туралы медицина кызметкерлеріне хабарлайды. Жергілікті халықтың шұғыл сақтандыру (дөрігер белгіленген емдік препараттар) және арнайы сақтандыру жүргізуін бақылау дезинфекция, су, азық-түлікті залалсыздандыру және санитариялык өңдеу жүргізу бойынша нұсқаулар береді, сактандыру байқау жөне егу жүмыстарын жүргізуге көмектеседі. СП мүше-лерінде шешпей-ак дезинфекция жасауға болатын қорғаныштык киім (жеке қорғаныштың табельдік күрал-дары немесе обаға карсы костюм) болуы керек.

СП мүшелері қорытынды дезинфекция жүргізетін дезинфекция бригадасы күрамында, көшіру тобында көмекші қызметші ретінде жүмыс жасайды; олар обаға қарсы немесе химияға қарсы костюмдер киюі тиіс. Ауруды көшіру үшін санитариялык көлік арнайы бөлінеді. Пөтерден алып шығар алдында ауруда жөтел белгілері болса, оған макта-дөке таңғышын кигізеді, зембілге жатқызады жөне жаймамен жабады, аяқкиімді лизолдың 5 пайыздық ерітіндісімен сүртеді. Бір машинада диагноз-дары бірдей ауруларды тасуға рұксат етіледі. Диагноз анықталған аурулар мен ауруы күдікті адамдарды бөлек тасиды. Ауруды алып шыкканнан соң СП мүшелері аяккиім мен қолғап киген қолдарын дезинфекциялайды, бүркеме мен халаттарын ауыстырады жөне ауысым аякталғаннан кейін толық санитариялық өңдеуден өтеді. Түсіру-тиеу жұмыс-тарына жүргізуші қатыспайды, ол есік-терезелері жабылған кабинада отырады, ауруды жеткізіп тастағаннан кейін автомобиль арнайы алаңқайда залалсыздандырылады.

СП мүшелері инфекциялық стационарлардағы жұмыс кезінде кіттті медициналык персонал ретінде пайдаланылады. Қабылдау-сұрыптау бөлімінде олар ауруларды тіркейді, шешіндіреді, ішінара санитариялық өңдеу жүргізеді.

Міндеттерді орындау барысында СП мүшелері үлкен санитариялық ағарту жұмыстарын жүргізеді (жұқпа ауруханаларынан сақтандыру шараларын түсіндіру, жеке гигиена ережелерін насихаттау).

Санитарлық дружиналар (постылар) жұщіа ауруларын анықтауға, шұғыл және арнайы алдын алу жұмыстарын жүргізуге, ауруларды ауруханаға жатқызуға жөне орын ауыстыру, дезинфекциялау іс-шараларына катысады.

Жұқпалы аурулар ошағында ауруларды дер кезінде анықтау жөне окшаулау, сондай-ақ барлық жергілдікті халықты тольщ қамти отырып сақтандыру шараларын шұғыл қолдану жұқпаның таралуын шектейді. Осы мақсатта ошақта түратын жөне өндірісте жұмыс істемейтін адамдарға аулалық тексеру жүргізіледі.

Ошақта СД жұмыс істеуі үшін санитариялық семкенің табельдік мүлкі кұрамында: термометр — 5 дана; макта-дөке таңғыштары, шұғыл профилактика үшін таблеткалар жөне есеп карточкалары — бекітілген халык санына сөйкес; бір төулікке; мақта дөке тампоны — 10 дана; ауру туралы хабарлама 20 дана, құрғақ дезинфекциялаушы ерітінділер: өлшенетін хлораліш — 30 г-нан, лизол — 50 г-нан, қағаз, кнопкалар, қарындаштар, бор, жабысқақ пластырь.

Көп қабатты үйлерде әр буын пөтерлерді подъезд бойынша тексереді. Буын командирі пәтерлерді бөліл береді де, өзі кірер есіғінде калады, оның жанында 5%-дьщ лизол ерітіндісі бар канистра, гидропульт немесе автомакс, 70%-дык спирті бар ыдыс, қорғаныш бүркемелері үшін клеенка қабы болады. СД-ның алғашқы және кайта тексеруі учаскідегі негізгі кірер есіктері мен өтпелерді дезин-фекцияланған соң жүргізіледі. Тексеру кезінде жеке құралдарын не обаға қарсы костюм киеді.

Тексеру кезінде СД мүшелері жергілікті тұрғындардың накты кұрамын анықтайды, ата-анасыз қалған балалардың

барлығын біледі, температураны өлшеу мен ауызша сұрау арқылы ауруларды аныктайды, тұрғындарды шұғыл сактандыру есеп карточкасын, температура қағазын толтыруға, ағымдаіы дезинфекция жөне ауру болған кезде күту ережелеріне, ауру пайда болған кезде жөне көшеде, үйде өзін ұстау режіміне үйретеді.

Қайта тексеру белгіленген шаралардын орындалуын тексеру жөне ауырғавдарды аныктау мақсатында жүргізі-леді. Ауырғандығы анықталған жағдайда СД жүкпа ауруларының негізгі белгі беруші — сұрыптау белгілеріне: бас ауыруы, калтырау, ысу, өлсіздік, көрудің бұзылуы, іш өту, құсу, сондай-ак тексеру кезінде байкалған бет түсінің өзгеруі, денедегі бөртпе, тамыр соғысының жиілеуі, тілдегі өңездер жөне т. б. сүйенеді.

СД анықталған ауруды пөтер мүмкіншілігімен пайда-лана отырып, уақытша оқшаулау үшін шаралар жүргізеді (бөлек бөлме немесе перде немесе жаймамен окшауланған бұрыш). Ауруға жеке төсек, сүлгі, ыдыс-аяк беріп, оларды жиі-жиі залалсыздандырып отырады.

Аурулармен катынаста болған адамдардың ауыз шырышты қуысын екі пайыз сода ерітіндісімен 1 пайыз сутегі аскын тотығымен немесе калий перманганатының өлсізерітшдасіменемдейді. Бөлмедегі шыбындар мен баска да жөндіктерді жояды. Аурудьщ бөлінісін (қакырығын) аузы тығыз жабылатын ыдысқа жинайды, үстіне хлораминнің 3 пайыз ерітіндісі немесе хлорлы ізбестің 20 пайыздық ерітіндісін құяды. Дезішфекциялау кұралдарын қолдана отырьт, бөлме ішіне ылғалды тазалық жұмысын жүргізеді. Аурумен карым-қатынасқа түскен бір пөтерде тұрушы адамдарға жұмысқа шығуға, баска пөтерлерге баруға тыйым салынады, пөтердің есігіне "Кіруге тыйым салынады, жұкпалы ауру!" деп жазылады.

Тексеру кезіндеСД жұмысыньщ індетке карсы режімін катаң сактауы тиіс. Егер жұқпалы ауру анықталса немесе ауьфу күдігі туса, онда сандружина мүшесіарнайы киімді ауыстырып немесе оны дезинфекциялап, басқа Іютерге кіруіне болады. Сандружина мүшесінің баяндауы бойынша, буын командирі ауру туралы хабарламаны толтырады, ал оны содан кейін СД командиріне жөне диспетчер пунктіне, ал аурудын пөтеріне учаскелік бригада дөрігерін жібереді. Тұрғындардьщ індетке қарсы режім ережелерін орындауынбақылауды КСК белгіленген санитариялық өкілетті адамдар жүзеге асырады, қайталап тексеруді СД төулігіне 2 рет жүргізеді.

Ауруды ауруханаға орналастырғаннан кейін онымен қатынаста болған барлық адамды дереу толык санитария-лық өңдеуге жібереді, осыдан кейін олар үй обсервация-сында немесе арнайы оқшаулауда болады, оларды бақылау медбикеге немесе СД мүшесіне жүктеледі. Пөтерлердін кірер есіктерінде тұрғындардын аты-жөні, тегі жазылған температура парактары ілінеді, оған күніне 2 рет температура өзгерісінің нөтижелері жазылады.

Шаруашылық объектілерінде ауруларды анықтауды СП жеке құрамы жұмысшылар мен қызметкерлердің денсаулығы туралы ауызша сұрау жөне жүмыс күшнің (ауысымының) басы мен аяғында 3 рет дене температура-сын өлшеу жолымен жөне нашар көңіл күйге шағымдану болған кезде жүргізеді. Нөтижелер арнайы журналға жазылады.

Биологиялық зақым ошактарында жүргізілетін бірінші кезектегі іс-шаралар катарына дезинфекция, дератизация жұмыстарын ұйымдастьфу жатады.

Дезинфекция дегеніміз — сыртқы ортаның өр түрлі субстраттары мен өр түрлі объектілерінде жұқпалы ауру қоздырғыштарын жою қүралдары мен төсілдері. "Дезин-фекция" түсінігі үш бөлімді біріктіреді; дезинфекция — залалсыздандыру, дезинсекция — жұқпалы ауруларды тасушы, буынаяқтыларды (жөндіктерді) жою жөне дератизация—бірқатар аурулардың коздырғыш көздері— кеміргіштерді жою.

Залалсыздандыру мақсатына байланысты: алдын алу, ағымдағы, корытынды (ағымдағы жөне корытынды дезинфекция эпидемиялық ошақта жүргізіледі) болып бөлінеді. Алдьш алу дезинфекциясы қоғамдык орындарда: асхана, монша, кір жуу, вокзал, шаштаразда жөне т.б жерлерді жүйелі түрде залалсыздандыру жолымен жергілікті жерлерді сауыктыру жөне жүқпалы ауру-лардың пайда болу немесе таралуының, олардың бар-жоқтьиына карамай, алдын алу мақсатында жүргізіледі.

Бүған бөлмені желдету, ылғалды тазалау, су тарткыш станциясындағы су күбырларының суын тазалау жөне хлорлау, сүтті пастеризациялау жөне қайнату, дөрет-ханаларды залалсыздандыру, жеке гигиена ережелерін сақтауға жағдайлар жасау жөне т.б. кіреді.

Жатақхана, пөтерлерде, бапалар мекемелерінде аурудьщ барльны аныкталса, онда ошактық дезинфекция жасалады. Қай кезеңде жүргізілуіне байланысты ол: ағымдағы жөне корытынды болып бөлінеді. Ағымдағы дезинфекцияны жұкпа ошағында, емдеу мекемелерінде немесе үйде ауру коздырғыштарын ауру ағзасынан бөлінгеннен кейін дереу жою үшін жүргізіледі, ол үшін ауру бөліністерін, төсек-жаймасын, ыдыс-аяктарын, колданған заттарын залал-сыздандырады, еден, кабырға, кереует, тумба, ойын-шыктарды жиі-жиі дезинфекциялаушы ерітіндшен жуады. Ағымдағы дезинфекцияның мақсаты — жұкпаның таралуы-ның алдын алу. Дезинфекцияны ауруды күтетін адамдар жасайды.

Қорытынды дезинфекция ауруды көшірген, ауруханаға орналастырған сон, айықканнан немесе өлгеннен кейін жүргізіледі. Оның мақсаты — ауру кол тигізген жиһаздар, тесек, бөлме заттарындағы жұкпалы ауру қоздырғыштарьш толық жою.

Дезинфекциялаушы кұралдар: механикалык, физика-лық жөне химиялык больш бөлінеді. Механикалык кұрал-дар — бұл бөлмені ылғалды тазалау, желдету, шаңын кағу, іш кшмдерді жуу, колды, денені жуу. Ол тек қосымша мөнге ие, өйткені жиналған кірмен бірге ауру қоздырғыштары ішнара ғана жойылады жөне толың залалсыздандыру қамтамасыз етілмейді.

Залалсыздандырудың физикалық күралдарынан: от, ыстьщ ауа, кайнаған су, сумен канықтырғыш бу, ультра-күлгін сөулелер колданылады.

Дезинфекцияның химиялық қүралдары өр түрлі объектілер мен қоршаған орта заттарының беткі қабаты мен ішіндегі, сондай-ақ өр түрлі субстрат (нәжіс, ірің, қақырық және т.б.) қоздырғыштарды жойып жіберетін (қатерлі) әр түрлі химиялық заттарды қолданудан тұрады. Кебіне хлорлы ізбес, хлорамин, лизол, спирт, әр түрлі сілтілер мен қьшщылдар, құрамында оттек бар препараттар, сутек асқьш тотығы (0,5—6 пайыздық ерітінді түріндегі); пластмасса мен әйнектен жасалған бұйымдарды стерилизациялау үшін 0,05—0,1 пайызға дезоксон 1 ерітіндісі колданылады.

Дератизация және дезинсекция алдын алу іс-шаралар мен жою жұмыстары негізінде жүргізіледі.

Пөтерлік ошақтарды залалсыздандыру үшін залал-сыздандыратын зат түріне байланысты өр түрлі төсілдер қолданылады. Тұрғын жайлар 0,2 пайыз хлорлы ізбестің тұндырылған ерітіндісімен дезинфекцияланады, өңдеуді пөтердщ кірер есігінен бастайды, біртіндеп барлык жайды, өсіресе ауру жаткан бөлмені ерекше өңдейді. Өңдеу үшін 0,2—1,3%-дық хлорамин ерітіндісш қолдануға болады. Ауру бөліністерін (қақырығын) залалсыздандыру үшін кұрғак хлорлы ізбес қолданады (бөлініс көлеміне қарай пре-параттың 1/5 бөлігін). Хлорлы ізбес бөлінген кезде еркін оттек пен хлорды бөліл шығарады, бұл микробты клетканы өлтіреді. Акжайманы, іш киімді 3%-дық хлорамин ерітіндісіне салады, сондай-ак сутек тотығы, лизол, сода және т.б. қолданады. Тағам қалдықтарьш, кокысты шелекке жинап, оған дезинфекциялаушы ерітінді күяды.

Жұмыста колданылатын препараттар мен ерітінді концентрациясын таңдауда қоздырғыштардың беріктігі (кейбіреулеріне қарсы дезинфекция жүргізіледі) анық-талады, сондай-ақ өңделетін беттін ластануы дәрежесі мен сипаттамасы ескеріледі. Оньщ тікелей шарты бетті толық жуу болып жабылады. Дезинфекциялаушы құралдардың 1 м2 залалданған ауданға дұрыс жүмсаудың маңызы зор. Өңделген беттегі микробтар бірден емес, белгілі бір уақыт өткен соң өледі.

Ылғалды дезинфекциялау арнайы аппараттар, автомакс жөне шлангілі гидропульт көмегімен жүргізіледі. Автомакс дезинфекциялаушы ерітінді кұйылатын резервуардан, ауа сорғыштан жөне ұшында екі мүйізді, шатыр орналаскан металл брандспойты бар шлангіден түрады. 1 сағ ішінде онымен 150—200 м2 ауданды өңдеуге болады. Автомакс сыйымдылығы — 8 литр, резервуар ішіндегі ерітінді 5—7 мин-қа жетеді. Автомакс — иық баулары көмегімен жұмысшы аркасына бекітілетін тасымалданатын аппарат. Шлангті гидропульт төменгі бөліктерден тұрады: металл корпус, түткасы бар поршень, соратын жөне лақтыратын жең (сызығында шашыраткыш бар), домалақ клапан, тірек аяқтары. АІшарат шелектен дезинфекциялаушы ерітіндіні сорып алады. Жұмыс кезінде гидропульт тірек аяқтарына қойылады. Осы калыпта аякпен ұсталады. Жұмыс аяқталғаннан кейін аппараттарды сумен жуады, ауамен желдетеді жөне сүртеді, кұрғак жерде сақтайды.

СП жөне СД халық шаруашылық объектілерінде құрылады, оларды объект басшылығы ҚК жөне ҚЖАҚ ұйымдарымен бірлесе құрады. Екі жөне одан да көп ауысымда жинақталады, СД 16—55 жас аралығындағы өйелдерден, 16—60 жас аралығындағы ерлерден жинақ-талады. СД жөне СП кұрамына медициналық білімі барлар, оның іпгінде, запастағы мешрбикелер кірмейді. Құрылған СД-ға тіркелу нөмірі беріледі. СД командирі мен СД бастығы болып оку бағдарламасы (АҚ курстары, жиындары) бойынша даярлықтан өткен адамдар тағайындалады.


в) Қорытынды бөлім – 10 минут.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Зақымданған халықты емдеу-орын ауыстыруын қамтамасыз ету туралы не білесіңдер?

  2. Азаматтық қорғаныс жүйесінде қандай медициналық көмек көрсету түрлері көрсетіледі?

  3. Медициналық орын ауыстыру дегеніміз не?

  4. Зақымданушыларды орын ауыстыру кезінде медициналық жәрдем көрсету қалай жүзеге асырылады?

  5. Медициналық сүрыптау дегеніміз не?

  6. Медициналық сүрыптау түрлері жайлы айтып беріңдер.


Бастапқы әскери даярлық пәнінің ұйымдастырушы оқытушысы: _____________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет