Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік графика түрлері



Дата09.07.2016
өлшемі31.89 Kb.
түріСабақ
Сынып: 7

Күні: __________________
Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік графика түрлері

Сабақтың мақсаты: ақпараттық технологияны меңгерген, компьютерлік сауатты, интеллектуалды тұлғаны қалыптастыру.

Білімділік: Компьютерлік графикалық редакторлармен танысып, олардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін толық меңгеру.

Дамытушылық:

-практикалық дағдыларын дамыту

- өз бетінше жұмыс жасауда білімдерін пайдалана білуге, пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру

Тәрбиелілік: өз бетімен жұмыс жасауда ұқыптылық, еңбекқорлық, жинақылық, шапшаңдық қасиеттерін тәрбиелеу



Сабақ түрі: Аралас

Қолданылатын материалдар: Netop программасы, Mytest программасы, дәптерлер, тақта, оқулық, электрондық оқулық.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі

І. Оқушылармен сәлемдесу, журнал бойынша түгелдеу, сабаққа дайындау.



ІІ. а) Өткен материалдар бойынша сұрақтар, б) Тест арқылы тексеру: модель тақырыбы бойынша.
Жаңа сабақ. Компьютердің мониторы екі режімде: мәтіндік және графикалық режімдерде жұмыс істей алады. «Компьютерлік графика» деген сөз тіркесі қазіргі уақытта жиі қолданылады. Компьютерлік графика дегеніміз не? Қандай түрлерін білеміз?

Компьютерлік графика олар әр түрлі жарнама агенттігінде, әсемдеуші бюрода, редакция және баспаханаларда басқа да кәсіби бағыттарда қолданылады.

Графика арқылы өте күрделі суреттерді құрайды, электронды құжаттарда қолданады, объектілердің моделі мен құрылысын зерттейді.

Компьютерлік графика өте қарқынды дамып келе жатқан ғылыми индустрия. Сондықтан компьютерлік графика негізін кез келген жоғарғы білікті маман білуі керек.



Компьютерлер көмегімен құрылған кескіндер компьютерлік графика деп аталады.

Компьютерлік графиканың әр түрлі топтамасы бар.

Түс ерекшелігіне қарай: қара-ақ және түрлі-түсті болып ажыратылады.

Қолдану бағыты:

1)Инженерлік графика;

2)Web-графика;

3)Ғылыми графика

4)Iскерлік графика

5)Конструкторлық графика

6)Иллюстрациялык көрнектi графика

7)Көркем және жарнамалық графика (Художественная графика) т.б


Компьютерлік графика:

1)Растрлық графика.

2)Векторлық графика.

3)Фрактальдық графика болып бөлінеді.

Растрлық графика.

Дисплей экранында жекелеген нүктелерден (пиксельдер) тұратын графикалық бейнені кескіндеу түрі растрлық деп аталады. Растрлық гарфикалық редактордағы ең кіші (минималь) объект нүкте болып табылады. Растрлық графикалық редактор сурет, диаграмма жасауға арналған.

Растрлық кескіндер мозаика тәріздес

Растрлық кескін үлкеюге де кішіреюге сезімтал. Оны кішірейткенде ұсақ бөлшектердің айырмашылығы бұзылады.

Үлкейткенде: сатылы эффект пайда болады



Векторлық:

Бұл нүктелер, сызықтар, шеңберлер, төртбұрыштар және т.б геометриялық примитивті пайдаланып, компьютерлік графикада кескінді өрнектеу.

Құндылығы:

Сапаны жоғалтпайды. Шексіз үлкейтуге болады.

Айырмашылықтары:

Растрлық графикада кескіндердің базалық элементі - нүкте.

Векторлық графикада - сызық.

Пиксель - монитор экранындағы кескінінің минималды пішіні

Фрактальды графика:

Математикалық есептеулерде негізделген. Кескіндердің негізгі элементі - математикалық формула. Фрактальды детальді сипаттау жады талап етілмейді, ол кескіндердің бүтін бір бөлігін сипаттауға мүмкіндік береді.

Компьютерлік графикада фрактальдар табиғи құбылыстарды, мысалы: бұлттар, қар.
Компьютерлік кескіндерді өңдеу үшін арнайы программалар - графикалық редакторлар пайдаланылады.

Графикалық редакторлар - бұл графикалық кескіндерді құруға, редакциялауға, қарап шығуға арналған программалар. Қазіргі кезде компьютерлік графикамен жұмыс жасауға арналған көптеген программалық құралдар бар. Графикалық редакторларды да екі категорияға бөлуге болады: Растрлық, векторлық.

Растрлық редакторларға: Adobe Photoshop, Сorel PhotoPaint, Paint. Түсірілген суреттер мен жалпы суреттерді өңдеуге Растрлық редакторлар ыңғайлы

Векторлық графикалық редакторларға: Word мәтіндік редакторына құрамдас графикалық редакторды, CorelIDRAW, Adobe Illustrator, т/б .

Компьютерлік графиканың пайдасы:

1) Графикалық примитивтерді (сызық,төртбұрыш т.б) салу.

2) Кескіннің кез келген бөлігін кесіп алу.

3) Сурет салу, бояу.

4) Ұсақ бөлшектерді анықтап зерттеу.

5) Көркем хабарлама дайындау.

6) Сақтау. Редакциялау.


Растрлық бейнелер:






Бағалау: Күнделікпен жұмыс

Үйге тапсырма: Компьютерлік графика
Каталог: files -> lesson
lesson -> Оқулық. қамсыздандыру: Жұмыс дәптері
lesson -> ДӘріс №2 Ақпараттың өлшем бірлігі. Ақпаратты кодтау. Жоспар
lesson -> Оқулық. дидактикалық Жұмыс дәптері. қамсыздандыру
lesson -> ДӘріс №5 windows операциялық ЖҮйесінің негізгі функциялары мен оларды басқару жолдары. Жоспар
lesson -> Стратегический маркетинг
lesson -> Сабақтың мақсаты: «Файлдар», «қапшықтар», «таңбашалар»
lesson -> Сабақтың тақырыбы: Компьютердің сыртқы құрылғылары. Енгізу-шығару құрылғылары. Монитор. Пернетақталық тренажер
lesson -> Сабақтың тақырыбы: Windows 98-дің WordPad қолданбасымен танысу. Бағдарламалық оетс, Windows ож
lesson -> ДӘріс №21 интернет туралы жалпы ұҒЫМ. Жергілікті және ауқымды желілер жоспар
lesson -> Мерзімі сабақтың тақырыбы: Дербес компьютер. Компьютермен танысу. Компьютердің құрылымы. Компьютердің арналуы. Мүмкіндіктерін көрсету. Жүйелік блок. Компьютердің ішкі құрылғылары. Бағдарламалық


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет