Сабақтың тақырыбы: «Ұлпа және оның құрылысы, қызметі»



Дата11.07.2016
өлшемі25.48 Kb.
#192463
түріСабақ
«Биология» сабағы, 8-сынып

«Биология 8-сынып» электрондық оқулығы

Ә.Ахметов атындағы орта мектебінің

Биология пәні мұғалімі Тауарбекова Г.Ө.

Сабақтың тақырыбы: «Ұлпа және оның құрылысы, қызметі»

Сабақтың мақсаты: 1. Адам өмірінде ұлпаның маңызы зор екенін оқушылар жаңа сабақ барысында толық түсінік алады.

2. Берілген тапсырмаларды орындай отырып, оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру, қосымша материалдарды пайдалануға дағдыландыру, ойлау қабілеттерін дамыту. Алған білімдерін жетілдіреді.

3. Шапшаңдыққа, төзімділікке, дұрыс және нақты жауап беруге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: Жаңа сабақты түсіндіру, меңгерту.

Сабақтың түрі: Жарыс сабақ

Сабақтың барысы



І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа дайындап, үш топқа бөлемін



І топ Білімділер ІІ топ Зеректер ІІІ топ Тапқырлар

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Жасушаның құрылысы және қызметі тақырыбы бойынша

«Білімділер» тобынан жасушаның тіршілік әрекеті туралы, «Зеректер» тобынан жасушаның химиялық құрамы жайлы, «Тапқырлар» тобынан жасушаның қасиеттері туралы сұралды.

Электрондық оқулықтан жекелеген оқушыларға кестелермен жұмыс жүргізілді.

№1 тапсырма

ІІІ. Жаңа сабақ

Электрондық оқулықты пайдалана отырып, жаңа сабақта ұлпалардың топтары, маңызы, эпителий ұлпасының құрылысы, дәнекер ұлпасының құрылымдық ерекшелігі, бұлшық ет ұлпасының тобы және олардың атқаратын қызметі, аксон және дендрит, рецептордың қызметтері.

Оқушылар электрондық оқулықтан қосымша түсіндірме алады.

Жаңа сабақ түсіндірілгенен кейін, 3 топқа тапсырмалар берілді.

Интерактивті тақта арқылы әр топ тапсырманы орындайды.

І білімділер тобына топтастыру әдісі.

Жүйке ұлпасы

Бұлшық ет ұлпасы Эпителий ұлпасы

Дәнекер ұлпасы



ІІ зеректер тобына ұлпаларды салыстыру.

Дәнекер ұлпасы Бұлшық ет ұлпасы

Венн диограммасын толтыру

ІІІ тапқырлар тобына топтастыру әдісі.



Оқулықпен жұмыс кезінде барлық топқа жұйке жасушасы құрылысының сызба нұсқасымен танысу тапсырмасы берілді.

Қорытынды бөлім.

Оқулықтағы кестемен жұмыс





Ұлпалар түрі

Қызметі

1

Дәнекер ұлпасы




2

Бұлшық ет ұлпасы




3

Эпителий ұлпасы




4

Жүйке ұлпасы




Сабақты бағалау

Сабаққа толық қатысқан оқушыларды мақтап, мадақтап баға қою.



Үй тапсырмасы: Ұлпа тақырыбы бойынша тест құрастыру, берілген сұрақтарға қосымша материалдар қарау.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет