Сабақтың тақырыбы: Құмдағы құпия Сабақтың мақсаты



Дата12.07.2016
өлшемі55.74 Kb.
#195111
Сабақтың тақырыбы: Құмдағы құпия

Сабақтың мақсаты:


  • Мәтінді оқып, оның мазмұны арқылы қоршаған табиғаттағы сан алуан құбылыстар мен жұмбақтарды білуге деген қызығушылығын арттыру;

  • Өз бетімен ізденуге, ойлануға мүмкіндік беру, дүниетану, денешынықтыру пәндерімен байланыстыру;

  • Әсемдікті көре білуге, ести білуге, сақтай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: мақал-мәтелдер, слайдтар, АКТ.

Барысы:

Топтастыру:

Қайырлы күн, бүгінгі ашық сабағымызға келген қонақтарымыз!

Сағатымызды бастамас бұрын топтасу стратегиясы бойынша топтарға бөлініп алайық. Ол үшін сендерге сапқа тұруларыңды сұраймын. Сап түзел, тік тұр! 1,2-ге сал. Біріншілер бір қадам алға бас. Біріншілер «Зеректер», екіншілер «Білгірлер» тобы болып 2 топқа бөлініп орындарымызға отырайық. Бүгінгі сабақтың 2 топ ережесін құрып алайық.

Енді осы ережені есімізден шығарып алмайық сабақ барысында.

Тағы да айтакететін бір жайт. Ол екі топ бір-бірін сумативті оқытуды бағалау стратегиясы (жиынтық) бойынша бағалап отырады. Кестені толтырып отырып.

Психологиялық дайындық! Өзіміздің көңіл күйімізді табиғат құбылыстарымен байланыстырып айтайық. Мысалы: менің көңіл-күйім күдей жарқын.

Ұйымдастыру кезеңі:

Сабақтың мақсаты:

Үй тапсырмасын тексеру:

Үйге қандай тапсырма берілді?

Бір, екі балаға мәнерлеп оқыту өлеңді.

Жазған шығармаларын оқыту.



Кіріспе.

  • Балалар, айналамыздағы табиғатта өзіміз күнде көріп жүрсек те, кейде

әдемілігіне мән бермейтін құбылыстар болады екен. Бізді қоршаған табиғат қандай ғажап! Сендер дүниетану сабағынан жер беті бедерінің қандай болатынын оқығанбыз. (тасты жер, құмды жер, таулы жер, орманды жер). Бүгін біз құмды жердегі табиғат

құпияларын оқимыз. Яғни бүгінгі ашық сабағымыздың тақырыбы «Құмдағы құпия». «Құмдағы құпия» атты мәтіннің авторы жайлы аздап мәлімет айтып өтейін. Бекжігіт Баймаханов 1965 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазіргі заманның тарихшысы, филология ғылымының докторы. Ғылыми зерттеулер топтарының басшысы. Жалпы зерттеулерді құптайтын азамат.

Құмды жер тіршілігі қандай болады деп ойлайсыңдар? «INSERT» стратегиясын алға қоя отырып 2 топқа кесте берем сабақ барысында осы кестені толтырып отырамыз. «Білемін» бөлімі бойынша осы құмды жер жайлы не білетінімізді жазамыз. Ал құмды жер туралы не білгілерің келеді деенді екінші бағанға жазамыз. Жауаптарын оқып отыру.

Келесі кезекте құмды жерде тағы қандай құпиялар бар екенін білгіміз келе ме?

Олай болса оқулыққа назар аударып мәтінмен танысайық. Екі топ мүшелері тізбектеп оқып шығады.

Мәтіннің мазмұнын кім айтып береді?

Бізге таныс емес сөздер бар ма екен?

Олай болса сөздікпен жұмыс жасайық.

«Білгірлер» тобына тапсырма мәтіндегі геологтар жайлы тауып оқу.

- Қазақстанның алғашқы геологы кім екенін білеміз бе?

- Иа

- Сәтбаев Қаныш Имантайұлы (1899-1964) — аса көрнекті қазақ геологы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, қазақстандық металло-гения мектебінің негізін қалаушы. (суреті)



«Зеректер» тобына биологтар жайлы мәтіннен тауып оқу.

Мынбаев Карим (1906-1948) – ғалым-биолог, қоғам қайраткері, биологиялық ғылымдарының докторы. Қарағанды облысының тумасы. (суреті)


Экспедиция
деген ол кез келген жерді зерттейтін ұжым.

Селеу астық тұқымына жататын көпжылдық кейде біржылдық өсімдіктер. Биіктігі 30-40 см, бұтағы қабыршақты, қауырсын тәрізді, масағы шыққанша мал азығы, мамыр, маусым айларында гүлдейді. Масағының ұзындығы 2 см.

Сәкілер ағаштан жасалған орындықтар.

Оқушыларға сұрақ қоюдың үлгісі бойынша «бастама-жауап-кейінгі әрекет» (БЖӘ) стратегиясын пайдаланып отырдым.

Бастама (мүғалім) : Темір анасымен құмды далаға қашан барды?

Жауап (оқушы): былтыр.

Кейінгі әрекет (мұғалім): дұрыс

Бастама (мүғалім) : Темір қандай оқиғаның куәсі болды?

Жауап (оқушы): бозторғайдың ұясын көрді, жұмыртқасын көрді.

Кейінгі әрекет (мұғалім): жарайсыңдар

Бастама (мұғалім): Құс ұясы неден жасалған екен?

Жауап (оқушы): селеудің үлпілдек шашағынан.

Кейінгі әрекет (мұғалім): жарайсыңдар.

Бастама (мұғалім): құмда қандай жәндік бар екен?

Жауап (оқушы): тасбақа

Кейінгі әрекет (мұғалім): тағы құмды далада тіршілік ететін қандай жәндіктерді білесіңдер?

Бастама (мұғалім): бозторғайдың жұмыртқасы қандай екен? Суретін көрсеті 8-13 слайд

Жауап (оқушы): теңбіл-теңбіл

Кейінгі әрекет (мұғалім): дұрыс айтасыңдар

Бастама (мұғалім): Мысалы тауықтың жұмыртқасымен салыстырғанда, екеуінің айырмашылығы бар ма?

Жауап (оқушы): пішіні, түсі

Кейінгі әрекет (мұғалім): дұрыс

Ендеше барлығымыз тақтаға назар аударайықшы. (бозторғайдың суреті мен видеосын көрсету).

«Үйрендім» бөлігін толтыру. Яғни бозторғай жайлы, құмды дала жайлы не біліп отырмыз осы уақытқа дейін соны жазайық.



«Миға шабуыл» стратегиясын негізге ала отырып келесі сұрақтарға жауап берейік:

- Бозторғай жұмыртқалары мен ұясын қалай, қайда алып кетуі мүмкін?

-Бұл әрекетін қалай түсінуге болады?

- Бұл біз үшін құпия ма?

- Балалар, бозторғайға ұясын көшіру, жұмыртқаларын тасу оңай шаруа ма?

- Ал сендер Темірдің анасы мен оған қандай мазмұнда хат жазар едіңдер?

«Кейіпкерге хат» жазайық.

Хаттарды оқу.

1 Бағалау.

«Тиісуге болмайды!» деген ойды білдіретін сурет салу 2 топқа тапсырма. 2 Бағалау .

«Құстарға қиянат жасауға болмайды» деген идеяны алып шығу керек. Міне, мәтін идеясының тәрбиелік құны осында жатыр. Темір де , шешесі де білмегендіктен, бозторғайдың тыныштығын бұзғанын өздері де білмей қалды. Егер олар осындай тағы да құстардың ұясын көрсе, алдында жасаған қателіктерін жасамайды деп ойламыз.

«Сергіту сәті»

5 жолды өлең жазып көрейік «Бозторғай» сөзіне.

5 жолды өлең жазу. «слайд»

1. Зат есім (1 сөз) бозторғай

2. Сын есім (2 сөз) кішкентай, қамқоршы

3. Етістік (3 сөз) қорғайды, шиқылдайды, жылдам ұшады

4. Сезімді білдіретін сөйлем (4 сөз) Бозторғай қандай шапшаң құс!

5. Синоним (1 сөз) құс



3 Бағалау

Шығармашылық тапсырма:

«Болмасаң да ұқсап бақ» деп Абай атамыз айтқандай

2топқа тапсырма құстарды қорғау тақырыбында 1 шумақ өлең шығару.



4 бағалау

«INSERT» стратегиясы бойынша жазғандарын оқып шығайық.

Мына мақалды оқып шығайық. Мағынасын қалай түсінеміз?

Жақсыдан үйрен,

Жаманнан жирен, яғни әр адам жақсылық жасап, жаман әдеттерден аулақ болуы керек.

Рефлексия «2 жұлдыз, 1 тілек» Бүгінгі сабағымызды қортындылау үшін. Таратқан стикерлерге 2 жұлдызға ұнаған сәттерін, 1 тілек досына, сабаққа, т.б. жазуға болады.

Сабақ соңында екі топтың жиынтық бағалары есептелінеді.



Бағалау

Үйге тапсырма: Ізденуге «Бозторғай жайлы қосымша мәлімет» жазып келі.

Ақжал негізгі мектебі

Ашық сабақ

Әдебиеттік оқу пәнінен
Тақырыбы


Өткізген: Жиенбаева Г.К.

2013-2014 оқу жылы


Ақжал негізгі мектебі

Ашық сабақ

Дүниетану пәнінен
Тақырыбы


Өткізген: Стамкулова Ж.К.

2013-2014 оқу жылы



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет