Сабақтың тақырыбы :«Мектеп-білім тірегі,Ұстаз-оның жүрегі»



бет5/5
Дата02.01.2022
өлшемі24.76 Kb.
#453424
түріСабақ
1   2   3   4   5
Ұстаздар күні 04.10.2021

6-оқушы:
Өткізіп өз алдыңнан талай бала,
Бойына құйдың ақыл , ой мен сана
Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді,
Ақылшы, тәрбиеші, болдың аға
7-оқушы:
Атағым Алатаудай болып биік,
Тұрса да төбем өсіп көкке тиіп
Алдыңда әрқашанда тағзым етіп,
Тұрармын «Ұстазым!» деп басымды иіп.
1- жүргізуші: Құрметті қонақтар, сіздер салып кеткен сара жол-ұстаз жолы – ұлы жол. Өткен жолдарыңызға көз жіберіп, еске ала отырып, Оқушылардың өздеріңізге бірнеше сұрақ қоюға рұқсат етіңіздер.
«Сыр – сұхбат» сұрақтары:

* Ұстаздық өміріңіз сізге ұнай ма?

Кешегі өзіңіз оқыған мектебіңіз бен қазіргі мектепте қандай өзгерістерді байқайсыз?

«Ұстаз — мектептің жүрегі» деген сөзді қалай түсінесіз?

Сабағыңызда оқушыңыз ұйықтап қалған кезі болды ма?

Оқушы кезіңізде сабаққа кешігіп келген кезіңіз болды ма? Болса сол туралы есіңізде ме?

Неліктен осы мамандықты таңдадыңыз?

Жас кезіңіздегі армандарыңыз орындалды ма?

Ұстаздық өміріңіздегі жарқын белестер жайлы айтып берсеңіз.

Қазіргі өмірді жаңадан бастау мүмкіндігі туса, оны өзгертер ме едіңіз?

Егер сіз ұстаз болмасаңыз, басқа кім болуыңыз мүмкін еді?

2-оқушы: Көп рахмет сіздерге, біздің көкейіміздегі сұрақтарға жауап бергендеріңізге дән ризамыз. Олай болса, осы сыр-сұхбаттан қандай әсер алдыңыз, соны мына «смайликтер» арқылы көрстіп, қайталап берсеңіз дейміз.

2- Жүргізуші:  Мұғалімдер бізден емтихан алғанды жақсы көреді, осы сәтті пайдаланып, біз де ұстаздарымыздан сынақ алып көрсек қайтеді?


1-жүргізуші:, сен сонда ұстаздарымызбен орнымызды ауыстырып көрсек қайтеді дегің кеп тұр ма?
2- Жүргізуші: Иә, иә, тура солай, бүгін ұстаздар оқушы болсын, біз мұғалім болып емтихан алып көрейік.

1-Жүргізуші: -ендеше тыныштық сақтаңыздар! Мұғалімдерге арналған емтиханымызды бастаймыз. Шар ілінеді сол шарды мұғалімдер жарып ішіндегі сұрақтарға жауап берсе. Сұрақтар:
1-Жүргізуші: Енді, ұстаздар, кезек-кезек шарды жарасыздар да билет аласыздар. Сол билеттегі сұрақтарға дұрыс жауап берулеріңізді сұраймыз.
№1 билет. Сыныпта сіз үшін ең сүйікті оқушы болу керек пе?
№2 билет. Сабағыңызда оқушыңыз ұйықтап қалған кезі болды ма?
№3 билет. Сабаққа оқушыларыңыз жиі кешігіп келе ме?
№4 билет. Ата-аналарға балалардың тәртібі туралы хат жазасыз ба?
№5 билет. Сабаққа кешігіп келген кезіңіз болды ма?

Көп рахмет сіздерге, ұстаздар! Барлығыңыз да емтиханнан сүрінбей өттіңіздер.


Сіздерге көп рахмет, аяулы да мейірбан ұстаздар. Өздеріңізге арналған шағын сыйымызды қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қонақтар !
Бүгінгі Ұстаздар мерекесіне арналған «Мектеп-білім тірегі,Ұстаз-оның жүрегі » атты сынып сағатымызды жабық деп жариялаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет