Сабақтың тақырыбы мен мазмұны Сағат саны Өтілетін мерзімі Қолданылатын әдіс-тәсілдер



бет1/15
Дата13.06.2016
өлшемі2.16 Mb.
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 10 сәуірдегі №187 бұйрығының №1 қосымшасы негізінде

бекітілген

Әдебиет

I тоқсан

аптасына: 2 сағат барлығы: 68 сағат

аптасына: 2 сағат барлығы: 18 сағат





Сабақтың тақырыбы мен мазмұны

Сағат саны

Өтілетін мерзімі

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

1

Асыл сөз

1







2

Батырлар жыры «Қобыланды батыр» жыры

1







4

Жырдың композициялық құрылысы

1







Жырдағы кейіпкерлер

1







5

«Алпамыс батыр» жыры

1







6

Жырдың композициялық құрылысы

1







7

Жырдағы кейіпкерлер

1







8

Әдебиет теориясы

1










VII-VIII ғасыр әдебиеті










9

«Күлтегін» жыры

1







10

Тіл ұстарту

1










XIX ғасыр әдебиеті










11

Дулат Бабатайулы «0, Ақтан жас, Ақтан жас...»

1







12

Сүйінбай Аронулы «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері»

1







13

Абай Құнанбайүлы «Шоқпардай кекілі бар қамыс қулақ»

1







14 15

Абайдың қара сөздері. Отыз бірінші қара сөз

1







«Қүлақтан кіріп бойды алар», «Әсемпаз болма эрнеге»

1










XX ғасыр әдебиеті










16

Шэкәрім Құдайбердіұлы «Жолама қулар маңайға»

1







17

«Адамдық борышың»

1







18

Тест тапсырмалары

1







Оқулық: Әдебиет жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған К.Ісләмжанұлы, С.Тілешова, Б.Әрінова, Р.Баттал —Алматы: Атамұра, 2006. - 320 бет.

1. Сабақтың өтілетін мерзімі:

Сабақтын тақырыбы: Асыл сөз Сабақтың максаты:

а) білімділік: оқушыларға сөз қүдіреті, эдеби сөйлеу, эдебиеттің оқырман
алдында алатын орны жайлы түсінік беру.


ә) дамытушылық: ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігі, тіл мэдениетін дамыту, шығармашылыққа баулу.

б) тәрбиелік: оқушыларды елін, жерін, Отанын қадірлей білуге,
адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, тэрбиелеу.


Сабақтың түрі: кіріспе сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, эңгімелеу, сүрақ-жауап, бекіту, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бүктемелер, рефераттар, бейнелі суреттер. Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жүмыс жүргізу. Сабақтың типтері: үйымдастыру кезеңі, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, қорытындылау. Сабақтың барысы:

1) ¥йымдастыру кезеңі.

а) Оқушылармен сэлемдесу.
э) Кезекші мэлімдемесі.


б) Журнал бойынша түгелдеу.

2) Жаңа сабақты түсіндіру.

а) Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға сөз қүдіреті, эдебиет пэнінің өзгешеліктері, шығармалар тарихы жайлы түсіндіремін.

Балалар!

Сендер сыныптан сыныпқа аттаған сайын сөз өнерінің тылсым сырына дендей еніп келе жатырсыңдар. Әдебиет оқулығы - бүл орайда сендерге бағыт-бағдар сілтеп, кеңесші болатын көшбасшы пэн. Байқап отырғандарыңдай, жыл сайын сендерге үсынылатын шығармалардың аукымы да үлғайып, түр-сипаты да күрделеніп келеді. Сонымен бірге сендер окулық материалдарымен ғана шектеліп қалмай, өздеріңе үнаған шығармаларды іздеп жүріп күмарта оқып жүрген де боларсыңдар. Көркем әдебиетпен шынайы достасқан адам өзіне мэңгілік ақылшы дос тапқандай, бар ынты-шынтысымен кітапқа беріледі. Ол бейне бір сиқыр-лап алғандай өз қүдіретіне табынта тарта береді. Оның әсер-қуаты шексіз де шалқар...

Өлең оқыған кезде сендер ерекше елітіп, көркем де көрікті элемге енесіңдер, ақынның жүрек лүпілімен бірге толқып, дэл бір өз көкейлеріңдегі сыр шертіліп жаткандай эсерленесіңдер; жақсыға сүйініп, жаманға күйінесіңдер; сөзбен салынған суретке көзбен көргендей тэнті боласыңдар; ақынның арман-мүңы ел мүратымен үласып, қиялдарыңа қанат бітіреді. Кекіректеріңде өзің оқып түйсінген, өзіңе ғана таныс ғажайып элем пайда болады. Одан алатын әсер-қуатты қарапайым тілмен жеткізудің өзі қиын.

Ал небір қызғылықты, шытырман, тарихи оқиғаларға қүрылган эңгіме, повесть, романдарды оқығандағы әсерлерің ше? Бар дүниені үмытып, сол оқиғалардың ішінде жүргендей етене араласып кетпейсіңдер ме? Өздеріңмен пікірі, ой дүниесі, іс-эрекеті үйлесетін сырлас достар табасыңдар, олардың жақсылықтарына куанып, ағаттыктарына капаланасыңдар. Сол сиякты бар болмыс-бітімімен жиіркендіретін жағымсыз бейнелермен де жүздесіп, олардың эрбір эрекетіне іштей күрес ашасыңдар. Жаксылык пен жамандықтың мэңгілік күресіне күрылған тіршіліктің жанды суреттерінен түратын көркем эдебиет күрделі табиғатымен сендерді бірде күлдіріп, бірде жылата отырып, өмірді өнер арқылы тануға баурайды.

Көркем эдебиет үгіт-насихат айтпайды; неден жерініп, неден ғибраттану жөнінде нұсқау да бермейді; ол өмірдің мөлдірген жанды көрінісін сендердің алдарыңа жайып салады да, одан алатын тағылымды эркімнің өз талғам-таразысына қалдырады. Көркем әдебиеттің құдіреттілігі де осында. Осы қүдіретімен ол өнердің барлық түрінен жоғары түрады.

Мэселен, сэулет, сурет, мүсін өнерлерінің туын-дыларын тамашалап, көз сүйсіндіруге болады. Немесе музыка өнерінің небір ғажап шығармаларын тыңдап, сезім күйіне бөленесіңдер. Бүлардың барлығы да өнер туындылары, барлыгы да өзінше қүдіретті. Бірақ олардың ешқайсысы сөз өнеріндей өмірдің толыққанды көркем бейнесін сомдай алмайды. Сөз күдіреті арқылы сендер небір тамылжыған табиғат суретін, келісті түлғаны, эсем ғимаратты көз алдарыңа елестете аласыңдар, эн мен күйдің эуені қүлақтарыңда түрғандай сезімге де бөленесіңдер. Тарихтың терең қойнауына саяхат жасап, өткен бабалар ғүмырына қанығып, бүгінгі замандастарыңның тыныс-тіршілігіне үңіліп, арман-мүңын бөлісе аласыңдар.

Суретші өз ойын бояу арқылы қүбылта жеткізсе, сазгер эуен аркылы сезім қылын шертеді. Әдебиетте мүның барлығы тілдің қүдіреті арқылы жасалады. Тіл - көркем әдебиеттің бірінші кұралы. Тіл болғанда, ол - шешен тіл, әсем де әсерлі көркем тіл. Тілдің мүндай қүдіретін сарқа пайдалану тек талантты ақын-жазушылардың ғана талайына жазылған. Сондықтан халық ондай асыл сөзді ерекше құрмсттеп, қадір түтады, ү.рпақтан үрпаққа өнеге етеді. Әрине, дарынды сөздің көркем әдебиетке айналуының өзіндік қыр-сыры, ішкі заңдылықтары болады. Көркем әдебиетті басқа ғылыми эдебиеттерден, тіпті оған бір табан жақын келетін пэн - тарихтан да өзгешелейтін ерек сипаттары бар. Әдебиет тарихи окигалардың жылнамасы да емес, өмірдің немесе элдекімнің басынан өткен шытырмаи оқиғаның көшірмесі де емес. Ол — өмір шындығының қаламгер жазушы қиялымен, дүниетанымымен байы-тылғаи көркем суреті. Жазушы өмірде болган кандай тарихи оқиганы суреттемесін, оны ең алдымен өз ой елегінен өткізеді, олардың ең басты сипаттарын анықтап, өз пайым-парасатының көрігіне сала отырып, қайта қорытады, жаңа мэн-мағына үстейді, көркемдік нэр береді, сөйтіп, оқырманға үсынатын дүниесінің мазмүны мен көркі астасқан жанды бейнесін жасайды. Былайша айтқанда, шьшдықты образ аркылы бедерлейді. Яғни көркем әдебиеттегі өмір суреті, адам келбеті - көркем бейне (образ) арқылы сомдалады. Көркем бейне жасауда суреткер эрқилы тэсілдерді қолданады. Оны эдебиеттану ғылымы зерделейді. Оқулықтағы материалдармен таныса отырып, сендер эдеби-теориялық үғымдар жөнінде (эсірелеу, шендестіру, өлең, эңгіме, повесть, баллада, т. б.) алғашқы мағлүмат аласыңдар. Бұлар сендерге көркем эдебиетті тереңірек түсініп, байыптай үғынуға жолбасшы болады.

Нағыз көркем эдебиетті тума дарын, қас шебер, сөз зергері туғызады. Шынайьт дарын — ілуде біреудің ғана маңдайына жазылатын тэңірдің сыйы. Жазушы дарыны өз халқының үлттық мэдениетінің нэріне суарылып, ана. тілінің кэусарынан сусындап, еңбекпен шыңдалып барып кемелденеді. Оқырман жүрегіне жол тауып, халық көңіліне мәңгіге үялайтын болады. Ңуатты ой, өрнекті тілден бас қүраган қүнарлы өнер шыгармаларын ел мэңгіге есінде үстап, үрпақтан үрпаққа аманат етіп жеткізіп отырған. Сендерді сол асыл сөз әлемі шақырады.

Міне осылайша эдебиеттің рөлі жайлы айтып болған соң мынадай тапсырма беремін:

1. Өздерің оқыған шығармадан алган әсерлерің жөнінде эңгімелеңдер. Ондағы
суреттелген оқиғаларды күнделікті өмірмен салыстырыңдар.


2. Әдебиеттен алган эсерлеріңді сурет, музыка шығармала-рымен салыстырыңдар.

3. Жазғы демалыс кезінде оқыған шыгармала-рыңның кейіпкерлері жөнінде эңгімелеңдер, олар саған несімен үнады?

4. Оқыған шығармаларыңда қандай жаңа сөздер мен сөз тіркестерін кездестірдіңдер? Өздеріңе үнаган шумақтарды, суреттеулерді көшіріп жазып, жаттап алыңдар.

5. «Өнер алды - қызыл тіл» дегенді қалай түсінетіндеріңді өз сөздеріңмен баяндаңдар. Сабақтың қорытындысы:

І.Сабақ соңында сүрақ қою арқылы жаңа тақырыпты қорытындылаймын.

  1. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

  2. Үйге тапсырма: Жазғы демалыста оқыған шығармаларыңның біріне талдау жасап,
    жазып келіңдер. Тексердім:


2. Сабақтың өтілетін мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Батырлар жыры. «Қобыланды батыр» жыры Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға батырлар жыры, олардың өзге жырлардан
айырмашылығы, "Қобыланды батыр" жыры жайлы толық түрде түсінік беру..


ә) дамытушылық: ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шебер-лігі, тіл мәдениетін дамыту, шығармашылыққа баулу.

б) тәрбиелік: оқушыларды елін, жерін, Отанын қадірлей білуге,
адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, тэрбиелеу.


Сабақтың түрі: қалыпты сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, эңгімелеу, сұрақ-жауап, бекіту, қорытындылау, бағалау, сөздікпен жү_мыс.

Сабақтың көрнекілігі: көркем эдебиеттер, бүктеме, бейнелі суреттер, реферат.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жүмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: кіріспе, үйымдастыру кезеңі, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың барысы:

а) Үйымдастыру кезеңі.

а) Оқушылармен сэлемдесу.
э) Кезекші мэлімдемесі.


б) Журнал бойынша түгелдеу.

ә) Үй тапсырмасын сү_рау. 1 Сөз қүдіреті жайлы сүраймын.

  1. Қосымша сүрақтар қою арқылы өткен тақырыпты қорытындылай-мың

  2. Окушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Батырлар жыры - көлемі жағынан да, мазмұн-мэні жағынан да қазақ фольклорында ауқымды орын алатын аса көрікті жанрлардың бірі.

Батырлар жырының басты тақырыбы - ерлік, батырлық, елді сыртқы жаулардан қорғау. Елді, жерді сүю, Отан қорғау мөселесі - кай жырдың болмасын алтын арқауы. Онда ел басынан өткен елеулі оқиғалар нақты бейнеленбегенмен де, тарихи кезеңдердің табы айқын байқалып отырады. Елдің эрідегі ескілігін жырға қосатын көне эпостарда («Құламерген», «Жоямерген», «Дотан батыр», «Қүбығүл», т. б.) тарихи оқиғалар тым көмескі тартып, киял-ғажайыптық сипат басым болса, одан беріректе туған қаһармандык эпостарда («Алпамыс», «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Едіге», «Қамбар», т. б.) тарихи оқиғалар сілемі нақтырақ көрініс береді. Ал аты мэлім тарихи түлғаларды (Абылай, Қабанбай, Бөгенбай, Кенесары, Наурызбай, Ағыбай, Есет, Жанқожа, т. б.) жырға қосатын шығармаларда тарихи деректілік тіптен басым. Яғни батырлар жыры - елдің азаттықка ұмтылган күрес жолының ерлік шежіресі. Халықтың елге қорған болған айбынды адал үлдарына созден соққан ескерткіші.

Батырлар жыры елдің сан ғасырлық тарихын, ерлік дэстүрін, кезеңдік оқигаларға деген халық бағасын, алдан күткен үміті мен аңсар-мұратын көркем жинақтап бейнелейді. Ол тарихтың салқар кешінде жиі қайталанатын соғыстар мен шайқастардың жылнамасы емес, ел есінде ерекше қалган елеулі оқиғаларды жинақтай бейнелейтін көркем туынды. Халықтың оны ерекше қастерлеп, сүйсіне жырлап, ұрпақтан үрпақка мұра етуінің тағы бір сыры ондағы отаншылдык идеяның ерекше асқақтығында. Халықтың арман-мұңының үнемі алдыңғы ксзекте түратындығында.

Батырлар жырын фольклордың басқа эпикалық жанрларынан өзгешелейтін өзіне төн белгілері бар.

Ең алдымен оның басты каһарманы - батыр. Батырлар жырының барлығында ол эдеттен тыс жағдайда дүниеге келеді. Бір балага зар болған ата-анасы оны тэңіріден тілеп

алады. Ғайыптан туған ол жастайынан алып күштің иесі жэне тез ер жетеді. Алғашкы ерлігін өзіне жар таңдау сапарында көрсетеді. Оның жары да өзіне сай ер мінезді, ақыл-парасатка бай, сезімтал, айнымас жолдас болып келеді. Жырда батырмен ажырамастай бірлікте сипатталатын бейненің бірі — оның аты. «Ат — ердің қанаты» деген нақылға берік халық жырларында ат -батырдьщ ең жақын серігі. Батырдың аты жырда ерекше әсірелене суреттеледі. Ол «алты ай жорытса арымайтын» жауга мінетін тұлпар ғана емес, қысылған жерде батырға ес қосатын ақыл иесі болып көрінеді. Сол сияқты батырлар жырында "Қобыланды сонда сөйлейді, сейлегенде бүй дейді», «Қорамсаққа қол салды, бір салғанда мол салды» деген сияқты түрақты кайталаулар болады.

Батырлар жырының сюжеттік желісі батырдың балалық шағынан басталып, түрлі жорықтарын, ерлік істерін баяндайтын қызгылықты оқиғаларға қүрылады. Олардың жаумен шайқасы аса тартысты, жау батырлары кейде оның өзінен де кайратты болып келеді. Бірақ азаттық, эділдік жолындағы батыр күресі эрқашан жеңіспен аяқталады. Жыр ағымымен келетін батырлық эпостардың тілі аса көркем, айшықты шектен тыс кішірейтіп суреттейтін эсірелеулер мол. Батырлар жырын жыршылар сазды мақаммен апталап жырлайтын болған. Қазақ батырлар жырының ішінде «Алпамыс», «Қобыланды» сияқты жеке жырлармен қоса, «Қырымньщ қырық батыры» сияқты батыр үрпақтарын бірінен-бірін туындата жырлайтын циклді жырлар да бар. Мүндай жырларды жыраулар күнді-күнге, таңды-таңға үрып жырлайтыи болған, ондай жырлардың әлемдік үлгісі -қырғыз халқының «Манас» эпосы. Оны манасшылар айлар бойына тынбай жырлаған. Халық арасында батырлар жырын айтуды өнер түтқан талантты адамдар көп болған. Оларды «жыршы» деп атап халық ерекше қүрметтеген. Бүгінгі сендер сүйсіне оқып жүрген батырлар жырының нүхкалары Марабай, Мүрын Сеңгірбайүлы, Майкөт Сандыбайүлы, Сүлтанқүл Аккожаев, Әбдірайым Байтүрсынов, Рахмет Мөзқожаев сияқты жыршылардан жазылып алынган қастерлі мүралар.

Батырлар жырының өзгешелігі, композициялық қүрылысы жайлы эңгемелеп болғаннан кейін қосымша сүрақтар қоямын.

1. Ертегілер мен батырлар жырларын салыстырыңдар, қандай

айырмашылықтар байқайсыңдар? 2. Батырлар жырында ерлік, батырлық, ел қорғау мэселесінін, алдыңғы кезекте болатындығы неліктен деп ойлайсыңдар? 3. Батырлар жырына тэн сипаттар қандай? 4. Ба-тырлар жырының кейіпкеріне айналған қандай тарихи тұлгаларды білесіңдер? Олар тарихта қандай ерліктер көрсеткен?

Міне осы сүрақтарға жауап алып болған соң, "Қобыланды батыр" жырының жалпы мазмүны жайлы түсіндіремін.

Сабақтың қорытындысы.

а) Сабақ соңында сүрақ қою арқылы қорытындылаймын.

ә) Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

б) Үйге тапсырма: "Қобыланды батыр" жырын оқып келу.

Тексердім:

3. Сабақтың өтілетін мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: «Қобыланды батыр» жырының композициялық қүрылысы Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға батырлар жыры, олардың өзге жырлардан айырмашылығы, "Қобыланды батыр" жырының композициялық қүрылысы жайлы толық түрде түсінік беру

ә) дамытушылық: ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігі, тіл мэдениетін дамыту, шығармашылыққа баулу.

б) тәрбиелік: оқушыларды елін, жерін, Отанын қадірлей білуге, адамгершілікке, енбексүйгіштікке, тэрбиелеу.

Сабақтың турі: қалыпты сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, эңгімелеу, сүрақ-жауап, бекіту, қорытындылау, бағалау, сөздікпен жұмыс.

Сабақтын көрнекілігі: көркем эдебиеттер, бүктеме, бейнелі суреттер, реферат.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жүмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: кіріспе, үйымдастыру кезеңі, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың барысы:

а) Үйымдастыру кезеңі.

а) Оқушылармен сэлемдесу.
э) Кезекші мэлімдемесі.


б) Журнал бойынша түгелдеу.

ә) Үй тапсырмасын сұрау.

  1. «Қобыланды батыр» жырының жазылуы жайлы сүраймын.

  2. Жырдың жалпы мазмүны жайлы сүраймын.

  3. Қосымша сүрақтар қою арқылы өткен тақырыпты қорытындылай-мын

    Каталог: 2015
    2015 -> Конференция жұмысының бағыттары: Лингвомәдени концептология және ұрпақтың мәдени сабақтастығы
    2015 -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институты ф 15-38-1/ 2-006
    2015 -> Правила вида спорта «горнолыжный спорт» Общие положения для всех соревнований
    2015 -> Документация для пользователей (администраторов) Заключение договора об оказании услуг регистрации доменных имен
    2015 -> Республики казахстан
    2015 -> E. in Шығару файлының аты / Имя выходного файла: E. out


    Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет