Сабақтың тақырыбы: Минералды сулар: Сарыағаш шипажайы. Сабақтың мақсаттары



жүктеу 65.26 Kb.
Дата19.06.2016
өлшемі65.26 Kb.
Кадиша Сагындыковна Сыздыкова

Бастауыш сынып мұғалімі

Павлодар қаласы, №33 ЖОМ


Сыныбы: 4 «Б»

Пәні: дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Минералды сулар: Сарыағаш шипажайы.
Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік мақсаты: Минералды сулар, Қазақстанның минералды су көздері туралы және Сарыағаш, Қапаларасан, Алмаарасан, Мойылды шипажайы туралы түсінік қалыптастыру. Минералды су көздерінің маңызын түсіндіру.

2. Дамытушылық мақсаты: Минералды су көздерінің оқушылар білім сапаларына сәйкес ерекшеліктерін, географиялық орналасуын, маңызын айтуына байланысты пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ойлау қабілеттері мен білімдерін дамыту.

3. Тәрбиелік мақсаты: Қошаған орта мен табиғатты аялауға, өсімдіктер мен жануарларды қорғауға, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: репродуктивті, түсіндірмелі – иллюстративті,

интерактивті тақтамен жұмыс,

сұрақ – жауап, өзіндік ізденіс, қорытынды шығару,

интерактивті, көз елес, тест жұмысы.



Көрнекіліктері: интерактивті тақта, карточкалар, суреттер.

Пән аралық байланыс: қазақ тілі

І. Мотивациялық кезең:

а)Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, түгендеу, кезекшілікті анықтау, балалардың сабаққа назарын аудару.



ІІ. Операциялық кезеңі:

Сабақ кезеңдері:

І. Ой толғау

ІІ. Өзіндік жұмыс

ІІІ. Интерактивті тактадағы тапсырмаларды орындау

ІV. Тест тапсырмасы
І. Ой толғау.

Тамаша ғой бүгін біз,

Табиғатқа жүгінсек.

Құлақ түріп көз тігіп,


Төңірікке үңілсек

Еріп бұлттың ырқына

Жоқ болады бір күн-ай!

Табиғат та бір кітап

Оқи алсаң шіркін-ай!

Қ. Мырза Әли



ІІ. Өзіндік жұмыс

1.Мәтінмен жұмыс

Минералды сулар – түрлі ауруларға шипа болатын табиғисулар. Ол жербетінен сіңген сулардан, шөгінділермен бірге көмілген теңіз суларынан,метаморфизм мен жанартау процестері нәтижесінде босаған сулардан қалыптасады. Минералды сулар құрамында азототтеккөмірқышқыл газы болады. Судың шипалық қасиеті ондағы барлық еріген заттар мен арнаулы биологиялық әсері бар құраушылар мөлшеріне қарай анықталады. Сондай-ақ көмірқышқылдысулар қан тамырларының қабілетін жақсартып, жүрекке әл береді. Кремний қышқылдыкүкіртсутектісулар ревматизмбруцеллезрадикулитжүректері, т.б. көптеген ауруларға ем. Минералды сулар Қазақстан жерінде, таулы және жазық аймақтарда көп кездеседі. Қазіргі кезге дейін олардың 100-ден астам алабы зерттеліп, шипалық қасиеттері анықталған. Мысысалы, “Алмаарасан”, “Қапаларасан”, “Сарыағаш”, “Мерке”, т.б. көптеген емдеу-сауықтыру орындары бар.

  1. Минералды су деп қандай суды айтамыз?

  2. Минералды сулардың құрамы қандай?

  3. Минералды сулардың қандай қасиеті бар?

  4. Минералды сулар қандай аймқтарда кездеседі?

ІІІ. Тақтамен жұмыс Танымдық қабілеттерін арттыру

Интерактивті тақтада:



  • «Сарыағаш» шипажайы;

  • «Алмаарасан» шипажайы;

  • «Қапаларасан» шипажайы;

  • «Мойылды» шипажайы.

ІІ.Өзіндік жұмыс.

2.Сөйлемді аяқта.

І топ: 1. Алмарасан минералды суы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 26 км жерде орналасқан.

2. Сарыағаш суының температурасы – 42-450С.

3. Мойылды тұзды көлінің жиегіндегі Құлынды даласында орналасқан.

ІІ топ: 1. Алмаарасан минералды суының температурасы – 33-380С.

2. Сарыағаш минералды суы ұңғымалардан секундына 5 л су арындап шығадыұзды көлдің шипалы сазы мен суы күрделі сырқаттарды.

3. Мойылды шипажайы өз қызметін 1922 жылдан бастап атқарып келеді.

ІІІ топ: 1.Алмаарасан санаторийі 1932 жылдан бастап жұмыс істейді.

2. Қапаларасан суы жер бетінен 0,2-5,5 биіктікке дейін көтеріледі.

3. 1975 жылға дейін Мойылды шипажайы маусымдарға ғана қызмет көрсететін.

IV топ: 1.Алмарасанның шығатын су көздерінің тәуліктік шығымы 48 м3.

2. Толқып жатқан еңізден қалған Мойылдыдағы тұзды көлдің шипалы сазы мен суы күрделі сырқаттарды емдей алады.

3. Минералды сулар құрамында азот, оттек, көмірқышқыл газы болады.

3. «5 жолды өлең» стратегиясы.

1. Зат есім (1 сөз)

2. Сын есім (2 сөз)

3. Етістік (3 сөз)

4. Қорытынды ой (4 сөз)

5. Зат есімге жуық мәндес сөз (1 сөз)



ІV. Білім деңгейлерін қорытындылау тест (интерактивті тақтада)

Оқушы зеректілігі, жылдамдылығы, тақырыпты қаншалықты меңгергендігі анықталады.

1.Минералды сулар дегеніміз не?

А)тыңайтқыш алынатын шөгінді тау жынысы

Ә)нығыздлып, қатталып қалған теңіз балшықтарынан түзілген кеуекті тас

Б)түрлі ауруларға шипа болатын табиғи сулар*

В)мыс пен мырыштың қоспасы

2. «Сарыағаш» курорты қай жылы ашылды?

А)1956 ж*

Ә)1948 ж


Б)1951 ж

В)1953 ж


3.Алмарасан минералды суының орналасуы қай жерде?

А)Алматы облысы Талдықорған қаласы,Қапал ауылы

Ә)Павлодар қаласынан Солтүстік-Шығысқа қарай

Б)Келес артезиан алабы

В)Алматы облысы Қарасай ауданы*

4.1886 жылы Қазақстанда қандай емдеу орны ашылды?

А)Қапаларасан*

Ә)Сарыағаш

Б)Мойылды

В)Алмаарасан

5.Мойылды курртының негізгі емдік қасиеті қандай?

А)таза ауа

Ә)тұнбалы балшық

Б)шипалы су

В)ә және б жауаптары*
Бағалау

Үйге тапсырмалар беру. 21 бет оқу

"Табиғат - біздің ортақ үйіміз " шағын ЭССЕ жазып келу. 12-15 сөйлем.

Сөйлемді аяқта.

І топ: 1. Алмарасан минералды суы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай ..... км жерде орналасқан.

2. Сарыағаш суының температурасы – ........

3. Мойылды тұзды көлінің жиегіндегі ..................... даласында орналасқан.
Сөйлемді аяқта.

ІІ топ: 1. Алмаарасан минералды суының температурасы – ..............

2. Сарыағаш минералды суы ұңғымалардан секундына ....... л су арындап шығадыұзды көлдің шипалы сазы мен суы күрделі сырқаттарды.

3. ....................................шипажайы өз қызметін 1922 жылдан бастап атқарып келеді.

Сөйлемді аяқта.

ІІІ топ: 1.Алмаарасан санаторийі ........................ жылдан бастап жұмыс істейді.

2. Қапаларасан суы арынды жер бетінен .................... биіктікке дейін көтеріледі.

3. ........................... жылға дейін Мойылды шипажайы маусымдарға ғана қызмет көрсететін.

Сөйлемді аяқта.

IV топ: 1.Алмарасанның шығатын су көздерінің тәуліктік шығымы .........м3.

2. Толқып жатқан теңізден қалған ................................. тұзды көлдің шипалы сазы мен суы күрделі сырқаттарды емдей алады.

3. Минералды сулар құрамында ........................................................... болады.
Мәтінмен жұмыс.

І топ: Минералды су деп қандай суды айтамыз?

Мәтінмен жұмыс.

ІІ топ: Минералды сулардың құрамы қандай?

Мәтінмен жұмыс.

ІІІ топ: Минералды сулардың қандай қасиеті бар?

Мәтінмен жұмыс.

ІV топ:

Минералды сулар қандай аймақтарда кездеседі?




«5 жолды өлең» құрастыру.

1. Зат есім (1 сөз)

2. Сын есім (2 сөз)

3. Етістік (3 сөз)

4. Қорытынды ой (4 сөз)

5. Зат есімге жуық мәндес сөз (1 сөз)



«5 жолды өлең» құрастыру.

1. Зат есім (1 сөз)

2. Сын есім (2 сөз)

3. Етістік (3 сөз)

4. Қорытынды ой (4 сөз)

5. Зат есімге жуық мәндес сөз (1 сөз)




«5 жолды өлең» құрастыру.

1. Зат есім (1 сөз)

2. Сын есім (2 сөз)

3. Етістік (3 сөз)

4. Қорытынды ой (4 сөз)

5. Зат есімге жуық мәндес сөз (1 сөз)



«5 жолды өлең» құрастыру.

1. Зат есім (1 сөз)

2. Сын есім (2 сөз)

3. Етістік (3 сөз)

4. Қорытынды ой (4 сөз)

5. Зат есімге жуық мәндес сөз (1 сөз)



І топ:

«Сарыағаш»


ІІ топ:

«Алмаарасан»


ІІІ топ:

«Қапаларасан»


ІV:

«Мойылды»


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет