Сабақтың тақырыбы: Міржақып Дулатұлы «Шешенің балаларын сүюі»



Дата04.07.2016
өлшемі42 Kb.
#178528
түріСабақ
Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы

2 орта мектебі



Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Р.Қ.Нұрмағамбетова

Сабақтың тақырыбы: Міржақып Дулатұлы «Шешенің балаларын сүюі»

Сабақтың мақсаты: білімділік – Міржақып Дулатұлы туралы, оның шығармашылығы туралы сын тұрғысынан ойлау, талқылауға үйрету;

дамытушылық – оқушының осы сабаққа дейінгі және одан кейінгі білгенін ақпараттармен ұштастыру, жинақтау;

тәрбиелік- оқушыларды ананы сүюге, құрметтеуге, қамқорлық көрсетуге , сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Жаңа сабақты меңгертуде пайдаланылатын стратегиялар:

Алма кезек оқу әдісі, топтастыру, «әсер бөлісу хаты»

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың түрі: дамыта оқыту технологиясы.

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, қазақ тілі.



Сабақтың әдісі: оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту.

Сабақтың өтілу барысы.

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, оқушыларды түгелдеу.

  2. Үй тапсырмасын тексеру. Үйге «Батыр Баян» поэмасындағы Абылай ханға мінездеме беру, Баян мен Ноянды салыстырып келу тапсырылған болатын.

Үй тапсырмасында берілген тапсырманы тақтаға шығып, дәлелдеп қорғайды.

ІІІ. Өткен білімді бекіту.

Сонымен балалар , біз өткен сабақта Мағжан жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасынан бойымызға не алдық?

Ерсін: Бойымызға Баянның батырлығын, намысқойлығын, елі үшін, елінің намысы үшін өзін құрбандыққы шалатын қасиеттерін алдым.

Темір: Жақында ғана «Батыр Баян» киносын көрдім. Үлкен әсер алдым.

ІV. Жаңа сабақ. а) Қызығушылығын ояту.

ХХІ ғасыр ақыны





драматург қаламгер


публицист жазушы

аудармашы

Тақтаға шығып өздері қорғайды.

ә) Мағынаны тану.

«Сен маған, мен саған» оқу әдісі бойынша Міржақып Дулатұлының өмірбаянын 3 топ оқушылары абзац негізінде бөліп оқып, оқығанын талдап түсіндіреді.

Міржақып Дулатұлы 1885 жылы 25-қараша да Қостанай облысы жангелдин ауданы Қызбел деген жерде дүниеге келген.

Міржақып әуелі ауыл мектебінде оқыған. 1897 жылы Торғай қаласындағы орыс-қазақ мектебіне түсіп, 1902 жылы ойдағыдай бітіріп шығады. Алты-жеті жыл ауыл мектебінде мұғалім болады. Мұғалім бола жүріп, өлең жазды. Міржақып 1904 жылы Омбы қаласына барады. 1909 жылы Уфа қаласында «Оян қазақ» өлеңдер жинағы басылып шығады. «Бақытсыз Жамал» романын жазады.

Поэзия минутына кезек береміз.

«Алма кезек оқу әдісі бойынша «Шешенің балаларын сүюі» өлеңін өзім мәнерлеп оқып беремін.

Кім сендерді, балалар, сүйетұғын?

Қуанышыңа қунаып, қайғыңа күйетұғын?

Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,

Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.

Кім сендерді, балалар, тербететін,

Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?

-Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,

Қамқор анаң көз жасын көлдететін.

Бұдан кейін өздері оқиды.

-Ал, балалар, өлең қандай үлгідегі жазылған?

-Сұрақ-жауап түрінде жазылған.

Ақын өзң сұрақ қояды да, өзі жауап береді.

-Жақсы, балалар, енді дәптерімізді ашып бүгінгі күнді, тақырыпты жазайық.

Өлең құрылысына талдау жасау.

Кім сендерді, балалар, сүйетұғын,

Қуанышыңа қунаып, қайғыңа күйетұғын?

Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,

Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.

Бұл өлең 4 шумақты, 4 тармақты, 3 бунақты, 11 буынды, қара өлең ұйқасы түрінде жазылған.

-Балалар,-

«Қамқор анаң көз жасын көлдететін,

Бетін жуған жасымен сорлы анаңа,

Төбесі көкке жетсін» деген өлең жолдарында әсірелеу (гипербола) кездесіп тұр. Адам бетін сумен жуады ғой, жаспен жумайды. Төбе ешқашан көкке жетпейді, бұл жерде аса қатты қуанған адамның түрін келтіреді.

Пікіралысу.

1.Біздің қоғамға қарттар үйі қажет пе?

2.Қарттар үйін жою үшін не істер едің?

3.Бала анасынан немесе ана баласынан неліктен бас тартады?

Мұғалім сөзі.

Ана туралы толғанбаған жан кімде-кім. Данышпан да, ғалым да, жан да, қара да ана алақанынан түлеп ұшады. «Пейіш ананың табанының астында» деген сөз тегін айтылмаған.

Хадистен алынған реуаяттың өзінде мынадай тәрбиелік мәні зор әңгіме бар. Мәдинада тұратын бір асқан бай Мұхаммед пайғамбарымызға келіп, «Мен құдайдың ризашылығына бөленіп, о дүниеге барғанда жәннатқа кіргім келеді. Сол үшін не істеуім керек? Кімге жақсылық жасаймын?» деп сұрайды.

-Анаң бар ма? – депті пайғамбар бар.

-Онда жақсылықты анаңа жаса, - депті. Сол күннен бастап әлгі бай анасына қызмет етеді, құрмет көрсетеді.

Біршама уақыт өткен соң әлгі бай пайғамбарға қайта барып, «Анама жақсылық жасадым, енді кімге жасаймын? » деп сұраса, «Тағы да анаңа!» деп жауап беріпті. Бай анасына бар қызметін жасайды. Төрт әйеліне де «Анама қараңдар» деп тапсырады. Араға біраз уақытты салып, пайғамбарға тағы келіп, «Анама бар жақсылығымды жасадым, енді маған ол риза шығар, иенді кімге жақсылық жасасам екен?»дейді. Сондда пайғамбар, «Тағы да анаңа жаса!» деген екен. Бай анасына жалықпай қызмет жасап күтеді. Мәдинадан Меккеге дейін анасын жаяу арқалап барып, жаяу арқалап қайтады. Сөйтіп «Мен сияқты анасына ешкім жақсылық жасамаған шығар» деп пайғамбарға қайтып келеді. Сонда пайғамбар, «Сен ананың бір түнде бір-ақ рет оянып емізген еңбегін ғана ақтай алдың. Әрі қарай анаңа қызмет жасауды жалғастыра бер» деген екен.

Демек, дүниеде ана алдындағы парызды өтеу мүмкін емес. Сондықтан анамызды мәңгілік құрмет тұту міндетіміз екенін есімізден шығармайық, балалар.

V. Сабақты бекіту. –Өздерің осы өлеңнен қандай әсер алдыңдар? Әсер бөлісу хатын жазыңдар. (7 минут уақыт беріледі)

Алина: Мен өз анамды жарқыраған күнге теңеймін. Себебі күннің нұры жылы, шуақты, сәулелі. Біз ашық әдемі күнде көңіліміз де көтеріліп жақсы көңіл күйде жүреміз. Олай болса, анамыз да, ананың құшағы да жылы, шуақты, нұрды, ол жерден біз пана табамыз. Кейбір анасы жоқ балаларды аяймын. Пана болатын ата-ана табылса екен деп тілеймін.

Айдана: Мен анамды аққуға теңеймін. Аққу киелі, қасиетті құсқа саналады ғой, сондықтан мен өз анамнан тек сол көлдегі жүзіп жүрген аққудың бойында қандай қасиет болса, соны көремін. Аққуды әрі сұлулықтың, әдеміліктің рәмізі дейміз. Анам да әдемі, сұлу болып жүргенін қалаймын.

VІ. Сабақты қорыту. –Бүгін біз не үйрендік?

-Білім қорымыз қандай мәліметтермен толықты? Ана, шеше, бала деген сөздердің мағынасын аша алдық па? Олай болса, балалар, анамызды құрмет тұтуды азаматтың міндетіміз деп ұғына отырып, Шәмшінің «Ана туралы жыр» әнімен сабағымызды аяқтаймыз.



VІІ. Білімдерін бағалау.

VІІІ. Үйге тапсырма. Өлеңді жаттау, бейнелі сөздерді жазу.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет