5. Місrosoft Excel – құжаты ... болып табылады.
А) аты xls түрінде берілген ерікті кеңейтілулі файл.
Б) аты dос түрінде берілген ерікті кеңейтілулі файл.
В) аты mdb түрінде берілген ерікті кеңейтілулі файл.
Г) аты txt түрінде берілген ерікті кеңейтілулі файл.
6. Місrosoft Excel жұмыс кітабы неше жұмыс парағынан тұруы мүмкін?
А) 1 ден 6536 Б) 1 ден 255
В) 1 Г) 1 ден 65536
7. Місrosoft Excel электрондық кестесі ... тұрады
А) 24 қатар және 16384 бағанадаи
Б) 24 қатар және 16384 баганадан
В) 24 қатар және 16384 бағанадан
Г) 24 қатар және 16384 бағанадан
Сабақты бекіту сұрақтары:
Microsoft Excel бағдарламасы қызметі қандай?
Жауап: Сандық кестелермен жұмыс істеуге арналған бағдарлама. Microsoft Excel-дегі ыңғайлы аспаптардың көмегімен алынған сандық мәндерді талдауға, сонымен қатар олардың нәтижесін кесте түрінде беруге болады. Есептеу кезінде 400-ден аса арнаулы функцияларды, әр түрлі кестелердің өзара байланыстарын қарастыруға болады.
Microsoft Excel бағдарламасын қай салада қолданамыз?
Жауап: 1979 жылы екі экономист студент Дэн Бриклин және Боб Френкстон үй тапсырмасын тез орындауға көмектесетін және уақытты үнемдейтін әдіс ойлап табуды шешті. Олар тарихта бірінші рет электронды кесте бағдарламасын жазған. Сол студенттердің арқасында Microsoft Excel бағдарламасы жүзеге асып, оны математикада, статистикада, экономикада, қаржыда пайдаланады.
Microsoft Excel бағдарламасының мүмкіндіктері қандай?
Жауап:
Кесте құруга және оларға ат қойып, дискіге сақтауға;.
Сақталган кестелерді ашуға және оларға түзету жасауға;
Кестеге жол, баған, немесе ұяшықтар қосуга;
Кестеден жол, баған немесе ұяшықтарды алып тастауга;
Жол, баған немесе ұяшықтар ішіндегісін көшіруге немесе орнын ауыстыруға;
Ұяшықтар ішіндегісін өсуі немесе кемуі бойынша сұрыптауға;
Формулалар бойынша есептеулер жүргізуге;
Диаграмма тұрғызуға;
Графикалық объектілер кірістіруге;
Баспаға шығаруға мүмкіндік береді.
Оқушылады бағалау:
Үйге тапсырма: Microsoft Excel бағдарламасының мүмкіндіктері туралы реферат жазу
Достарыңызбен бөлісу: |