Музыка саласындағы зерттеу еңбектерінде Фараби музыканың емдік қасиетін, жағымды әсерін дәлелдеді, сондай-ақ оның тәрбиелік мәні зор екенін баса айтты. Адамның музыка шығару қабілеті дарындылығы дәрежесінің әртүрлі сатысын көрсетіп, адамның жан-жақты дүниесіне жағымды, жағымсыз әсер ететін музыкалық жанрларға талдау жасады. «Музыканың үлкен кітабы», «Музыка өнеріне кіріспе», «Музыка өнерінің негіздері», «Музыкалық аспаптар», «Музыкалық композиция» деген үлкен-үлкен тараулардан тұрады. Фарабидің бұл еңбегі XV ғасырда-ақ латын тіліне аударылып, Еуропа музыка ғылымы мен өнерінің дамуына үлкен әсерін тигізді. 1930-1935 жылдары француздың белгілі музыка зерттеушісі Р.д’Эрланже «Музыканың үлкен кітабын» француз тіліне аударған. Әл-Фарабидің бұл еңбегі – музыка саласы бойынша жазылған аса қымбат тарихи және мәдени мұра. Ендеше бізге Аристотельден басталып, әл-Фараби, Құрманғазы, Абай, Шәкәрім, Мұхтар, Шәмші т.б. жалғастырған қуатты мәдени-философиялық, музыкалық дәстүр туралы білмеуге болмайды. Біздің ұлттық ой-санамыздың, мәдени өнеріміздің төл бастауы да осылар. Әл-Фарабидің бұл еңбегі – музыка саласы бойынша жазылған аса қымбат тарихи және мәдени мұра. Ендеше бізге Аристотельден басталып, әл-Фараби, Құрманғазы, Абай, Шәкәрім, Мұхтар, Шәмші т.б. жалғастырған қуатты мәдени-философиялық, музыкалық дәстүр туралы білмеуге болмайды. Біздің ұлттық ой-санамыздың, мәдени өнеріміздің төл бастауы да осылар. Ж.Алтаев Дескриптор Өзіңді тексер! Жоспар: - Әл-Фарабидің «Музыканың үлкен кітабы» атты еңбегі
- Ғалымның музыка саласындағы еңбектерінің мазмұны
- Еңбектің музыка өнерінің дамуына әсері
2-тапсырма Мәтін мазмұнына сүйене отырып, дұрыс-бұрысын дәлелдеңіздер. Дескриптор
Достарыңызбен бөлісу: |