Сабақтың тақырыбы: «Мұзафар Әлімбаевтың өмірбаяны, шығармашылығы»



жүктеу 38.4 Kb.
Дата05.07.2016
өлшемі38.4 Kb.
Сыныбы: 4 «А»

Пәні: Әдебиет

Күні: 07. 04. 2015
Сабақтың тақырыбы: «Мұзафар Әлімбаевтың

өмірбаяны, шығармашылығы»

Білімділігі: жаңа сабақтың тақырыбын балаларға меңгерту, білімдерін аттыру

Тәрбиелілігі: ізгілікке, имандылыққа, елжандылыққа, адамгершілікке,отан сүйгіштікке тәрбиелеу

Түзету міндеті: оқушылардың ойлау,есте сақтау қабілеттерін аттыру

а. Сөздік қорын дамыту: ақынның өмірбаянын оқыту арқылы балалардың сөздік қорын дамыту

б. Сөйлеу тілін дамыту: ақын шығармаларынан алған әсерлерін баяндау арқылы сөйлеу тілін дамыту
Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап

Көрнекілігі: Мұзафар Әлімбаетың суреттері, қанатты сөздері

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі сәлемдесу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ Жаңа сабақ «Мұзафар Әлімбаевты өмірбаяны, шығармашылығы»

  Мұзафар Әлімбаев 1923 жылы 29 қазанда Павлодар облысы Шарбақты ауданындағы Маралды ауылында дүниеге келген. ҚазМУ-ді тәмамдаған. Тырнақалды өлеңі он бес жасында Павлодар облыстық «Қызыл ту» газетінде жарық көрген. Соғыс жылдарында республикалық, облыстық және майдандық газеттерде басылып тұрды.


1948 жылы Армиядан оралған соң, «Пионер» журналында поэзия бөлімін басқарады. 1956–1958 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, Бас редактордың орынбасары. 1958 жылы «Балдырған» журналы ашылған күннен 1986 жылға дейін журналдың Бас редакторы болды.
Алғашқы кітабы – «Қарағанды жырлары» 1952 жылы басылып шықты. Содан бері бірнеше ондаған кітабы, бірнеше дүркін таңдамалылары, туысқан халықтар тілінде көптеген жинағы шықты.
Жүз сексен әнге өлең жазды. 64 төл тума және аударма кітаптардың авторы.
Шығармалары: Қарағанды жырлары. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1953; Жұмбақтар. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1954; Лирика. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1958; Алатау баурайында. Өлеңдер мен поэмалар. А., ҚМКӘБ, 1960; Менің Қазақстаным. Поэма. А., ҚМКӘБ, 1960; Таңдамалылар. Өлеңдер мен поэмалар. А., ҚМКӘБ, 1961; Шынықсаң, шымыр боласың. А., ҚМКӘБ, 1962; Жолдар – жырлар. Өлеңдер мен поэмалар. А., ҚМКӘБ, 1964; Жүрек лүпілі. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 1967; Өрнекті сөз – ортақ қазына. Монография. А., «Қазақстан», 1967; Көңіл күні. Таңдамалы. Өлеңдер мен дастандар. А., 1972; Балдәурен шіркін, балалық. Таңдамалы. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 1973; Тәрбие туралы әңгімелер. Эссе. А., «Қазақстан», 1972; Ер еңбегі – айнасы.

Енді Мұзафар атамыздың нақыл сөздеріне байланысты сайысымызды бастайық.Әрбір бала өз тобына көп ұпай жинау үшін менің сұрақтарыма ойланып, дұрыс жауап беруге тырысады.


Бірінші топ атамыздың аңдарға байланысты нақыл сөздерін , екінші топ құстарға байланысты нақыл сөздерін жатқа айтады.

Құстар:
• Қазым, қазым, қаңқылда,


Суда жүзіп, салқында.

Балық ілгіш шағала,


Көк теңізді жағала.

• Жарғақ қанат жарғанат,


Қалбалақ та қаңғалақ.

• Хат тасиды көгершін,


Сол хаттарды ел алсын!

• Түйе құсты кем көрме,


Аттан озар желгенде.

Аңдар:
Аю-туа бал құмар,


Тәттіні іздеп қаңғырар.

• Ұрланып кеп Шибөрі,


Өлексені сүйреді.

• Май басқан Борсық-


Қампиған торсық.

• Бұлан –орман тұрғыны,


Қораңа келер бір күні.

Нақыл сөздер жарысы осылай жалғаса береді.
ІІ. Мақал-мәтелдер.

Жүргізуші бала: Қазақ халқы үлгі-өнегеге бай салт-дәстүрі өте көп. Олар халқымыздың ғасырлар бойғы тұрмыс-тіршілігін бойында сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп келеді. М.Әлімбай аталарың халық аузынан жинаған және тәрбие туралы ой елегінен өткізіп түйіндеген төл мәтелдері дерлік туындылары мақал-мәтелдері өте көп. Балалар, мен сондай мақал-мәтелдердің бірнешеуінің алғашқы бір жұбын ғана айтамын, ал сендер оны ары қарай жалғастырып, екінші жұбын тауып айтасыңдар. Ал, қане, кім тапқыр екен?
Ақынның төл мақал-мәтелдерінен:
Түзу болса өз ісің
Қисықтардың тезісің.

Көп сөйлеген мылжың емес,


Көкіп сөйлеген-мылжың.

Елдікті баяндау,


Ерлікке даярлау.

Тәтті жеміс бұтақта,


Құттың құты кітапта.

Отауың тар болса да,


Отаның кең болсын.

Жалқау аға, жасық іні.


Жасытады асылыңды.
ІҮ Сергіту сәті

Құшақ жайып қыр жатыр,

Ал, ұйқыңнан тұр батыр.

Ертеменен оянар,

Көптеу болса кімде ақыл.
Атам солай айтқасын,

Белгілі ғой жатпасым.

Түске шейін ұйықтайтын,

Маубастықтан сақтасын.


Ү Сабақты қорытындылау

Шығармалары 20 тілге аударылған. Соның ішінде орыс тілінде 6 кітабы, түрікмен тілінде «Мен – түрік мейманы» (1963), қырғыз тілінде «Жолдар. Ойлар. Жырлар» (1966) жинақтары жарық көрген.

Көркем аударма саласында Сағдидың «Бостанын» («Жәннат» деген атпен), Петефи мен Тоқтағұлдың, Аполлинердің таңдамалы өлеңдер жинақтарын, Ю.Фучиктің «Дар алдындағы сөзін», Орбелианидің «Ғибратнамасын» және Пушкин, Лермонтов, Маяковский, Ғ.Тоқай, М.Жәлил, Фирдоуси, Х.Әлімжанның өлең-жырларын қазақ тіліне аударған.

1982 жылы «Аспандағы әпке» жинағы үшін республикалық Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығына ие болды.

ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1978), Қазақстанның Халық жазушысы, Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлықтың иегері (1996). Қазақстан Республикасының Әнұраны авторларының бірі.

Отан соғысының бірінші және екінші дәрежелі ордендерімен, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, «Отан» орденімен марапатталған.



ҮІ Үйге тапсырма

«Мұзафар Әлімбаевтың өмірбаяны, шығармашылығы»

Мазмұндап келу


ҮІІ Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатыстарын қадағалай отырып бағалау



Мұзафар Әлімбаев





©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет