Сабақтың тақырыбы: Н. А. Римский-Корсаков



Дата09.06.2016
өлшемі74.23 Kb.
#124987
түріСабақ
30.10.2014 жыл Саз әдебиеті 4 сынып

Сабақтың тақырыбы:

Н. А. Римский-Корсаков «Ақшақар»







Білімділік мақсаты:

Тәрбиелік мақсаты:


Дамытушылық мақсаты:

1.  Орыс халқының табиғатын музыка арқылы аша білу. Музыка сабағынан білімдерін шыңдау және әдебиет екеуінің ажырамас байланысын түсіндіру.

2.  Оқушылардың эмоцияларына әсер ету, ойлау қабілеттерін ояту.

Шығармашылық қабілеттерін дамыту.


Сабақтың типі:

Жаңа сабақ

Сабақтың әдістері:

Әңгіме, аудиобаспа тыңдату, көрнекілік













Көрнекіліктер:

Н. А. Римский-Корсаков пен А. Н. Островскийдің портреттері. Плакаттар. Ребустар.

Эпиграф:


«1879-80 жылдың қысында мен «Ақшақар» пьесасын тағы бір рет оқып шықтым, және оның таңғажайып және поэтикалық көркемдігін сезіндім».

Н. А. Римский-Корсаков



Оқушылармен амандасып, оқу құралдарын түгендеп отырғызу.

Үй тапсырмасын сұрау.

Мұғалім: -Ал, балалар, үйге берілген тапсырма не еді?

Оқушылар: -Симфония.



Симфония дегеніміз не екен?

-Симфониялық музыка симфониялық оркестрде орындауға арналған музыкалықықалық шығарма. С. м-ға хор, өнші-солистер қатысатын, алайда аспаптық жағы басым шығармаларда жатады. Симфониялық музыка деген түсінік жеке аспапқа немесе аспаптар мен оркестрге арналған шығармаларға да қолданылады. Симфониялық музыканың негізгі жанрлары: Симфония, увертюра (жеке концерттік пьеса немесе операға кіріспе), концерттер, сиюта, симфониялық поэма, фантазия, т.б. Сондай-ақ, Симфониялық музыкаға операның оркестрлік эпизодтары - симфониялық картиналар, интермеццо да жатады.

-Симфониялық оркестр деген не?

-Симфониялық оркестр — ішекті ысқылы, үрмелі және соқпалы музыка аспаптары тобынан құралған оркестр. Алғаш рет симфониялық оркестрдің осылай құрылу тәртібі 18 ғасырда Еуропада бой көрсетті.

Симфониялық оркестрдің құрамында қандай музыкалық аспаптар бар?

- Симфониялық оркестрдің құрамын дыбыс бояуы әр алуан жиырмадан астам музыка аспаптары (гобой, флейта, кларнет, фагот, валторна, литавра, тромбон, барабан, т.б.) құрайды. Сондай-ақ Симфониялық оркестр құрамына арфа, ксилофон мен фортепьяно да қосылады. Композитор осы аспаптардың дауыс-үнін еркін, кеңінен пайдалана отырып, симфониялық оркестр құрамының орындауына лайықты музыкалық шығармасын жазады.



- Симфониялық оркестрдің дамуына қандай композиторлар елеулі еңбек сіңірді.

Симфониялық оркестрлердің дамуына Ғ.Жұбанова, Н.Тілендиев,Б. Жұманиязов, т.б. композиторлар елеулі еңбек сіңірді. Қазақстанда 1958 жылы ұйымдастырылған ҚР-ның мемлекеттік симфониялық оркестрі жұмыс істейді.



Опера деген не?

Опера дегеніміз —театр сахынасында қойылатын музыкалық драмалық шығарма.Операның драматургиялық шешімі барлық музыкалық желілер, оркстр, хор, балет , әсіресе рөлдерді атқарушы әншілердің орындайтын жеке әндері арқылы айқындалады.

Римский – Корсаковтың тағы басқа қандай операларын білесіңдер.

Осы орайда өткен сабақты да еске түсіре отырайық.

Орыс халқының компоиторары дегенде есімізге бірден қай композиторлары түседі.

(Глинка, Чаиковский, Римский-Корсаков)

М.И.Глинка туралы не білесіңдер?

П. И.Чайковский туралы ше?

П. И. Чаиковскийдің қандай атақты балеттерін білесіңдер?


Иа, дұрыс айтасыңдар.

Ал сонымен біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:

А. Н. Островскийдің пьесасының желісімен жазылған орыс халқының композиторы Н. А. Римского-Корсаковтың «Ақшақар» операсы.

Авторларға қысқаша тоқтала кетейік. Александр Николаевич Островский 31 наурыз (12 сәуір) 1823 жылы в Мәскеуде дүниеге келеді.. 1870 жылдары – Островский «На всякого мудреца довольно простоты», «Бешеные деньги», «Орман», «Ақшақар», «Қасқырлар мен қойлар» атты пьесалар жазады.. Островский осы пьесасын «Қөктем ертегісі» деп атайды.



Николай Андреевич Римский-Корсаков

6.3.1844, Тихвин қаласы, Новгород губерниясы —21.6.1908, Любенск усадьбасы, Псков облысы] .

Ресей композиторы, дирижер. Теңізшілер кадет корпусында оқыған (1856- 62). 1858 ж. пианист Ф.А. Канилледен дәріс алған Р.-К. кейіннен М.Балакиревтің “Жасампаз топ” шығармалық үйірмесіне қатысты, муз. танымы, бағыты, эстетикалық көзқарасы қалыптасты. Ол Балакиревтің ықпалымен 1-симфониясын (1861-65) жазды. 1867 ж. “Серб қиялы” және “Садко” муз. суреттемесі мен бірқатар романстар жазған. 1868 ж. “Антар” 2-симфониясын, 1872 ж. “Псков қызы” операсын дүниеге әкелді. “Орыстың 100 халық әні” (1875- 76), “40 әуен” (1875- 82), “Мамыр түні” (1878-79), “Ақшақар” (1880-81) шығармалары жарық көрді. Кейіннен оркестрге арналған “Ертегі” (1879-80), фортепьянолық оркестрге арналған концерттер (1882-83), симфониетта (1884-85), сондай-ақ шығармашылық шыңы-“Испан коприччиосы” (1887) мен “Шехерезада” (1888) жазылды. “Рождество алдындағы түн” (1894- 95), эпик. “Опера-былина”, “Садко” (1893-96), камер. опера “Моцарт және Сальери” (1897), бір актілі “Бояр әйел Вера Шелога”, “Патша қалыңдығы” (екеуі де 1898), “Ажалсыз Кощей” (1902) опералары дүниеге келді. Р.-К. жазған “Оркестровка негіздері” және “Тәжірибелі Гармония оқулығы” атты еңбектері өзінің ғылыми-педагогикалық маңызын осы күнге дейін жоймай келеді.

1908 жылдың 8 [21] маусымында Любенск қаласында, қала сыртындағы қоныста қайтыс болды. Ол жерде қазір композитордың қайта құрастырылған екі қонысы – Любенсктегі үй мен 1907 жылға дейін тұрған Вечашадағы үйінің біріктірілген мемориалды мұражайлық комплексі орналасқан.

Римский-Корсаков композиторлық мектептің негізін қалаған, оның оқушыларының ішінде шамамен екі жүз шақты композиторлар, дирижёрлер, музыкатанушылар, солардың ішінде Фёдор Акименко, Николай Амани, Антон Аренский, Николай Арцыбушев, Мелитон Баланчивадзе, Семён Бармотин, Феликс Блуменфельд, Юлия Вейсберг, Язепс Витол, Александр Глазунов, Николай Лысенко, Анатолий Лядов, сынды тұлғаларды атап өтуге болады.

Сонымен біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:

А. Н. Островскийдің пьесасының желісімен жазылған орыс халқының композиторы Н. А. Римского-Корсаковтың «Ақшақар» операсы.

Көрініс:

Ақшақар: Өнербай Наерке.

Шал: Шайлібек Бегімжан

Кемпір: Асылхан Қымбат.

Ақшақар


Автор: Ерте ерте ертеде шал мен кемпір болыпты. Екеуі тату тәтті өмір сүрген екен. Бәрі жақсы сиақты, бір қайғылары перзент сүймепті.
Міне, ақ қылышын сүйретіп қыс та келді. Кішкентай балалар жүгіріп ойнап, аққала жасап, қуанып жүр. Ал шал мен кемпір болса терезеден қараса өздерінің қайғысы естеріне түседі....

- Кемпір жүр екеуіміз өзімізге қардан бала жасап алайық, – дейді шал..



  • Жасасақ жасап алайық, – дейді кемпір..Басына баскиімін кие салып шал мен кемпір далаға шығып, қардан аққала жасауға кірісіп кетті.

Шал басын жасап, мұрнын,

көзін жасады

Сөйтіп олар қыздан айнымайтын ақшақар жасап шықты. Екеуі тамсанып тұрғанда оның еріндері қызарып, көздері ашыла бастады. Қарияларға қарап күлімсіреп тұр. Сосын басын шұлғып, қолдарын қимылдатты. Аяқ қолдарымен қарды үстінен қағып тастап аққаланың ішінен тірі қыз шыға келді... Шал мен кемпір қызды үйлеріне әкеліп, тамсанып көздерін алмастан қарап

отырды


.
Күн санап шал мен кемпірдің қыздары өсіп жатты. Күн өткен сайын ажары кіріп, аппақ қардай, шашы беліне түсіп ақшақар қыз өсе берді..Шал мен кемпір қыздырына жаны қалмайтын. Қыздары ақылды,көңілді болатын. Барлық адамдарға кішіпейіл.Үйдің тіршілігін де жылдам орындап тастайтын

.

Қыс өтті. Күн жылына бастады. Шөптер қөгеріп, құстар сайрап, жылғалардан су аға бастады. Ақшақар кенеттен қайғыра бастады.
- Саған не болды қызым, неге қайғылысың? – деп сұрады қариялар..

«Бәрі жақсы», – деп жай ғана жауап берді қыздары...


Сөйтіп Ақшақар күннен күнге қапалана түсті, суық жер іздеп, күннің көзінен тығылып,. Жаңбыр жауса қуанып қалатын.



Көктем өтіп жаз келді. Құрбылары орманға қыдыруға шақырады. Жүр, Ақшақар бізбен бірге, орманға барамыз, ән айтайық, би билейік,- дейді.. Ақшақар қыздармен барғысы келмейді.



Бірақ апасы барып кел деп жібереді.


Қыздар орманнан гүл теріп, ән айтып көңілдерін көтеріп жүреді.

Сонда да Ақшақар бұрынғыдай көңілсіз болып жүреді.




Қас қарайған сәтте қыдар ағаш жинап от жағады, қатар-қатар тізіліп алып оттан секіріп ойнап жүреді.

.

Ақшақар да өз кезегі келгенде оттан секіре бергенде еріп, бұлтқа айналып кетеді.

Қыздар «Ауууу, Ақшақар» деп айқайлайды.. Оларға тек жаңғырық қана жауап береді..



Мұғалім: Сонымен балалар біз бүгін А. Н. Островскийдің пьесасының желісімен жазылған орыс халқының композиторы Н. А. Римский-Корсаковтың «Ақшақар» операсымен таныстық.

- Ертегі жылдың қай мезгілінде басталады?

- Қыс

- «Ақшақар» ертегісінде қандай кейіпкерлер ойнайды?

-Шал, кемпір, Ақшақар, құрбылары

-Ақшақар кімге айналып кетеді?

- Қызға айналып кетеді



Островский осы пьесасына не деп ат қояды?

-«Көктем ертегісі»



-Осы шығарманы жазар кезде екі автор да неге сүйенген?

-Ертегіге..



Қорытынды:

Сонымен, қорыта келе мынадай жайттарды айтқым келеді, барлық оқушылар бүгінгі сабаққа атсалысып біркісідей қатысты.



Барлығына баға қоямын.

Үйге тапсырма. Н. А. Римский-Корсаковтың «Ақшақар» операсы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет