Түзу мен нүкте – геометрияның негізгі ұғымдары.
Нүктелер: А, В, С, D, М, Е,
Түзулер : а, в, с, l, d,
немесе: AB, MN, LK, ОР.
Жазықтықтағы түзулер мен нүктелердің бейнеленуі мен белгіленуін көрсетемін:
Түзу сызып, оны кіші әріппен белгілейді. Түзуге тиісті және түзуден тыс бірнеше нүктелерді белгілеп, жазбаларды түсіндіремін. Мысалдар:
1-сурет
Тапсырма 1.
Математикалық белгілерді қолданып түзуге тиісті және тиісті емес нүктелерді жазып шығыңдар:
Тапсырма 2.
Бір нүкте арқылы қанша түзу жүргізуге болады?
Тапсырма 3.
Екі нүкте арқылы қанша түзу жүргізуге болады?
Тапсырма 4.
Бір түзудің бойында жатпайтын үш нүкте арқылы қанша түзу жүргізуге болады?
Топтық жұмыс
Топтық тапсырма (оқулықпен жұмыс, топтарға фломастерлер мен А3 форматты қағаз таратылады):
1-топ: кесінді, оның анықтамасы, белгіленуі, бейнеленуі.
2-топ: сәуле, оның анықтамасы, белгіленуі, бейнеленуі
3-топ: бұрыш, оның анықтамасы, белгіленуі, бейнеленуі
Тапсырма жауаптары:
1 топ Кесінді.
А және В нүктелері а түзуінің бойында жатсын (1-сурет). Онда а түзуінің А және В нүктелерінің арасында орналасқан нүктелерінің жиынын АВ кесіндісі деп атайды, яғни а түзуінің А және В нүктелерімен шектелген бөлігін АВ кесіндісі дейді. Кесіндіні шектейтін нүктелерді оның ұштары деп, ал екі нүктенің арасындағы нүктелерінің барлығын оның ішкі нүктелері деп атайды. Мысал: 2-суретте N және О нүктелері АВ кесіндісінің ішкі нүктелері, ал А және В нүктелері – оның ұштары.
2-сурет
АВ кесіндісінің ұзындығын А және В нүктелерінің арақашықтығы деп те атайды.
2 топ Сәуле.
Түзудің берілен нүктесінен оның бір жағында орналасқан нүктелерінің жиынын сәуле немесе жарты түзу деп атайды. Бұл берілен нүктені сәуленің бастапқы нүктесі деп атайды. Түзудің әрбір нүктесі оны екі сәулеге бөледі және олардың бастапқы нүктелері ортақ болып келген әр түрлі сәулелері бір-бірінің толықтауыш сәулелері деп аталады.
Сәулелердің белгіленуімен таныстыру
Достарыңызбен бөлісу: |