Қорытынды
Қазіргі заманғы компьютерлердің басым бөлігінде алға қойылған мәселе әуелі математикалық терминдерде сипатталады, бұл кезде барлық қажетті ақпарат екілік жүйеде (бір және ноль ретінде) көрсетіледі, содан кейін оны өңдеу үшін қарапайым логика алгебрасы қолданылады. Іс жүзінде барлық математикалық есептерді бульдік операциялар жиынына айналдыруға болатындықтан, жылдам жұмыс жасайтын электронды компьютерді математикалық есептердің, сонымен қатар, ақпаратты басқару есептерінің көпшілігін шешу үшін қолдануға болады Сонымен, қорытындылай келгенде осындай логикалық шағын элементтер негізінде қазіргі замандағы есептеу техникасының интегралды микросхемалары дайындалады. Бұл мақалада Буль алгебрасы мен электрондық логикалық элементтердің арасындағы терең де принципті байланыс ашып көрсетілді. «ЖӘНЕ», «ЕМЕС», «НЕМЕСЕ» логикалық схемаларының көмегімен ЭЕМ-нің негізгі ИС-ларын қарастыруға болады.
4
|
Өтілген тақырыпты бекіту: (15 мин.): логикалық схемалар бойынша есептерді орындату
|
5
|
Бағалау (5 мин.):
Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
Осы сабақ барысында топ немесе жеке студент туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?
|
6
|
Үй тапсырмасы (3 мин.): Логикалық өрнектің логикалық схемасын жасау:F=A ∨B ∧ A.
1. Екі айнымалылар - А және В.
2. Екі логикалық операциялар: 1-∧, 2-∨.
3. Біз схеманы құрдық:
|
7
|
Рефлексия (7 мин.): Сабақтың соңында студенттерді әр кезеңде өз жұмысын табысқа жетелейтін қадамдар түрінде бағалауға шақырыңыз
|